Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Алматы облыстық білім басқармасы» мм



бет14/24
Дата08.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#119273
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ
Педагогика – тәрбие туралы ғылым., Сыныптан тыс сабақ, құмырсқа мен бидай, құмырсқа мен бидай, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, Шәріпхан Парзина Курстық жұмыс слайд 400 топ, курсовой слайд 2
Ертегімен жұмыстану алгоритмі.
Дайындық жұмысы (музыкалық сүйемелдеу, слайд-шоу суреттері, балалардың жорамалы, лексикалық жұмыс).
Мәтінді алғашқы қабылдау (мұғалімнің мәнерлеп оқуы, дискіге жазылған ертегі тыңдау).
Ертегіні талдау (тест мазмұны бойынша сұрақтар).
Мәтінді екіншілік қабылдау (балалар бірінен соң бірі дауыстап оқиды, жұппен оқиды, өздігінен оқиды).
Басты кейіпкерлерге сипаттама, ертегінің негізгі идеясы, ертегінің жанрлық ерекшеліктері бойынша жұмыс (мәтінмен диалог).
Мәнерлеп оқу (жұппен жұмыс, рөлдік оқу).
Шығармашылық жұмыс (жоспар құру, парталас көршісіне сұрақтар дайындау, түсінгенін айту).
✓Жұмыстың нәтижесі (оқушыны ертегіден не үйренді?)
Ертегімен жұмыстанудың әдіс-тәсілдері
1) Түсіндіру – иллюстративті әдіс. Бұл оқушының ертегіні алғашқы қабылдауы, бұл тәсілді мұғалімнің мәнерлеп оқуы немесе сахна шеберлерінің орындауымен дискідегі ертегіні тыңдату түрінде ұйымдастыруға болады. Оқулықта берілген мәтіндік сұрақтар балаларға ертегіні мұқият әрі мағынасын түсініп оқуға көмектеседі.
2) Проблемалық әдістерді мұғалім ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін, гипотезаларын талдауда қолданады. Мәселен, «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мысық сүтті төкпесе болар ма еді? Мәтінді қайта оқу кезінде туындайтын проблемалық сұрақтар. Жалпы сипаттағы сұрақтар проблемалық жағдайды қалыптастырады. Мысалы, ертегілердегі таңғажайып көлік түрлерін атаңыз (білімді жалпылау сабағы).Оқушылар ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін бағалауды үйренеді, мұғалім жағымды, жағымсыз кейіпкерлер мен көмекші-кейіпкерлерді анықтауға көмектеседі. Кейіпкерлерді сипаттауда арасында демалып оқу әдісі көмектеседі.
3) Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша танымдық сипаттағы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізуде ішінара іздеу әдістерін балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты 3-ші және 4-ші сыныптарда қолдану тиімді болып табылады. Мысалы, қиял-ғажайып ертегілері негізінде викториналық сұрақтар дайындау, сабаққа басты кейіпкері түлкі болатын жануарлар туралы ертегілер дайындау, әр түрлі түркі халықтарының ұқсас ертегілерін (патша туралы, сараң бай туралы) табу. [19]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет