Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


Оқуға ҧсынылатын кітаптар



Pdf көрінісі
бет28/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
Ақ бата. - Алматы: Ӛнер, 1992. 
2.
Ақ сандық, кӛк сандық. - Алматы: Жазушы, 1988. 
3.
С.Ахметов. Қуыр-қуыр, қуырмаш. - Алматы: Ӛнер, 1993. 
4.
Соқыр теке. - Алматы: Ӛнер, 1990. 
5.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы:
Мектеп, 1980. 
6.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 1 -кітап. –
Павлодар: Арман, 2004. 
7. Қазақтың кӛне эпосы. – Алматы: Аруна, 2008 
8. Қамбар батыр. –Алматы: Жалын, 1981.
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


58 
2 тарау. ЖЫРАУЛЫҚ ПОЭЗИЯ
Асан қайғы. 
Асан қайғы Алтын Орда, Қазан, 
Әбілқайыр, Ноғай, Астрахань хандықтары заманында ӛмір 
сүрген. Атамекені Еділ, Жайық, Ойыл, Сағыз, Жем 
ӛзендерінің аймағы болған. Ғұмырының соңғы шағын 
Астрахань хандығында ӛткізген. 
Жыраулар поэзиясындагы дәстүрлі сарындар Асан 
шығармаларында да молынан кездеседі. Мысалы, хандык 
ӛкіметті нығайту, елдің корғаныс қабілетін арттыру
адамның ӛмірі мен ӛлімнің мәні айналасындағы толғаулар. 
Ш.Уәлиханов «кӛшпенділер философы» атаған Асан 
қайғы ӛз заманының ойшылы, ақылшы би болған. 
Толғаулары ақыл-кеңес, ӛсиет, нақыл түрінде кӛрінеді. 
«Қырында киік жайлаған», «Ай, хан, мен айтпасам
білмейсің» толғауларында Асан ел іргесі берік болуын 
үндейді. Ел-жұртының амандығын, бейбіт тыныш ӛмірді 
кӛздейді. Хандар арасындағы қақтығыс, сыртқы басқыншы 
күштің қаупі жырауды қайғыға салады. «Қырында киік 
жайлаған» толғауында Жәнібек ханға кӛрегендік болжамын 
айтады. Ханның халық қамын ойламай отырғандығын 
бетіне басады. «Жемнен, Ойылдан, тыныш мекен, жайлы 
қоныстан елді кӛшірдің, Еділ деген тар жерге тығылдың» 
деп кінәлайды. 
«Ай, хан, мен айтпасам, білмейсің» толғауында Еділ 
ӛңірінде елге тыныштық болмайтынын болжайды. 
Толғаудан Асанның қилы кезең табиғатын жыға танығаны 
кӛрінеді. Қонысың тарылып барады, жерден айрылатын 
болдың, сол себепті аулақ кӛшу керек дегенді айтады. Бірақ 
Жәнібек Астраханнан қозғала қоймайды. Асан қайғы 
Жәнібек ханнан ат құйрығын үзеді. 
Ай, Жәнібек, ойласаң, 
Қилы-қилы заман болмай ма? 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


59 
Суда жүзген ақ шортан 
Қарағай басын шалмай ма, 
Мұны неге білмейсің? 
Қош-аман бол, Жәнібек, 
Енді мені кӛрмейсің. 
«Бұл заманда не ғаріп?», «Есті кӛрсең, кем деме», «Еділ 
бол да Жайық бол», «Кӛлде жүрген қоңыр қаз», «Таза мінсіз 
асыл тас», «Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтіп күн 
кӛрер?» толғаулары философиялық мәселелерді қозғайды. 
Феодалдық қоғамдағы әдет-ғұрып, мінез-құлық мәселелерін 
кӛтереді. Дүниенің құбылмалы екендігін «Бұл заманда не 
ғаріп?» толғауы арқылы суреттейді. «Есті кӛрсең, кем деме» 
деген толғауы адамдар арасындағы қарым-қатынасты 
сипаттайды. «Еділ бол да Жайық бол» жыры ел мен ел, адам 
мен адам арасындағы татулықты, ынтымақты, кешірімділік 
пен сыйластықты толғайды. «Кӛлде жүрген қоңыр қаз» 
толғауынан ел болашағына қатысты қаупі байқалады. 
Жәнібек хан әрекетін ишара еткендей болады. 
Кӛшіп-қонып кӛрмеген 
Жер қадірін не білсін! 
Кӛшсе, қона білмеген, 
Ақылыңа кӛнбеген, 
Жұрт қадірін не білсін!. 
Асан жырау жырдың қасиетін шебер ашар ұтымды
ұтқыр бейнелеу құралдарын дәл таңдап қолданады. Жырау 
ӛлеңдерінде ойлы нақылдар, афоризмдер мол кездеседі. 
Ӛлеңдерінде шешендік пен суреткерлік астасып жатады. 
Бірыңғай дауысты дыбыстан басталатын жолдар - 
ассонанстар да баршылық. Ылғи дауыссыз дыбыстан 
басталып, аллитерация тәсілін тудыратын жолдар да 
кездеседі. 
Жыраудың «Таза мінсіз асыл тас» толғауының қуат-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


60 
күші әр жұп тармаққа түйінделген ойдың әр келесі бір жұп 
тармақта айтылатын ойға қанаттас етіліп, біртіндеп күрделі 
поэтикалық тұтастыққа ұласуында. 
Таза мінсіз асыл тас 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сӛз 
Ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сӛз 
Шер толқытса шығады 
Кӛненің үзілмей жаңа әдебиетпен жалғасуында Асан 
Қайғы мұраларының алтын кӛпірдей ӛз орны, ӛз үлесі бар. 
Асанда кӛне түркі поэзиясынан келе жатқан бір ұйқас бар. 
Ол - ӛлеңнің бастапқы сӛздерінің ұйқасуы. 
Құйрығы жоқ, жалы жоқ, 
Құлан қайтып күн кӛрер?! 
Аяғы жоқ, қолы жоқ, 
Жылан қайтып күн кӛрер?! 
Шыбын шықса, жаз болып
Таздар қайтіп күн кӛрер, 
Жалаң аяқ балапан, 
Қаздар қайтіп күн кӛрер!? 
Мұндағы «Құлан, жылан» немесе «таздар, қаздар» 
дейтін сӛздердің ұйқасып келуі бұған дәлел. Құлан мен 
жыланды қатар қою арқылы поэтикалық бейне тудырған. 
Синтаксистік параллелизмнің сарыны сезіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет