Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет40/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Тӛл әңгімелері. 
Ы.Алтынсарин әңгімелері - түр, стиль 
жағынан жан-жақты сападағы, түрлі жанр жүгін кӛтеріп 
түрған бай мұра. Автор «Бай баласы мен жарлы баласы» 
әңгімесінде балаларды еңбек етуге, ӛмір сырын үйренуге 
шақырады. Әңгімедегі Асан - тек ас ішуге ғана дағдыланған 
бала. Тамағы тойса күліп, қарны ашса жылауды ғана біледі. Асан 
ӛзі пайдаланып отырған тамақтың қайдан және қалайша 
табылатындығын 
білмейді. 
Нендей 
нәрсенің 
тамаққа 
жарайтындығын білмейді. Үсен Асанға қарама-қарсы бағытта 
суреттелген. Үсен ӛз ісіне сеніммен кіріседі. Ӛйткені оның 
дұрыстығына шүбәланбайды. Ол әр кез ӛз әкесінің 
айтқандарын басшылыққа алып отырады. Осы арқылы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


95 
жалпы халықтың тәжірибесіне сүйенеді. Сонымен, «Бай 
баласы мен жарлы баласы» әңгімесіне екі баланың еңбекке екі 
түрлі қатынасы кӛрінеді. 
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінде еңбек нәтижелері 
суреттеледі. Жазушы екі ұрпақ ӛмірін бейнелейді. 
Шығармада қазақ даласында жаңадан орын тебе бастаған 
жер шаруашылығы мен сауда кәсібінің алғашқы нәтижелерін 
кӛрсетеді. Ыбырай осы әңгімесінде ең алдмен, еңбектің, әсіресе, 
ұжымдық еңбектің күшін кӛрсетпек болады, екіншіден, қалың 
кӛпшілікті жер шаруашылығымен айналысуға шақыруды мақсат 
етеді. 
«Киіз үй мен ағаш үй» әңгімесінде кәсіп мәселесін сӛз 
қылады, отырықкшылық тұрмысты уағыздайды. Бір жерді 
түпкілікті мекен еткен елге киіз үйден гӛрі ағаш үй қолайлы 
болады деген ой айтады. Киіз үйдің мал баққан шаруа үшін 
қажеттілігі де айтылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   104




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет