Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Мақтаның  өсіп-даму  ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет469/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   490
Байланысты:
index (15)

Мақтаның  өсіп-даму  ерекшеліктері.

 

Қолайлы  ылғалдылық  және 

температуралық  жағдайда  сепкеннен  5-күннен  кейін  жер  бетіне  тұқым 

жарнақтары  көктеп  шығады,  ал  одан  8-10  күннен  соң  бірінші  нағыз 

жапырақ  пайда  болады.  7-8  нағыз  жапырақ  пайда  болған  кезде  4-5 

жапырақтың қолтығынан бірінші бітегүлі бар жеміс бұтағы дамиды. Бұл 

кезең  шанақтану  кезеңі  деп  аталады.  Бірінші  жапырақ  пайда  болғаннан 

шанақтануға дейін 20-30 күн өтеді. 

Бітегүлдер  екі  бағытта  пайда  бола  бастайды  –  төменнен  жоғары 

қарай  (вертикаль)  және  жеміс  бұтағының  бойымен  жан-жаққа 

(горизонталь). 

Гүлдену  де  осы  жүйемен  спираль  тәрізді  жүреді.  Гүлдер  таңертең 

ашылады.  Бұл  кезде  гүлдің  күлте  жапырақтары  ашық-сары  болады, 

түстен  кейін  қызарады,  ал  кешке  қарай  солып  жабылады.  Ертеңінде 

күлте жапырақтың түрі сыя көк болады да шашылып түсіп қалады. 

Гүлдердің  ашылуы  төменнен  жоғары  қарай  топпен  немесе  конус 

түрінде  жүреді.  Бірінші  гүлдену  конусы  мақта  бұтасы  сабағына  жақын 



 

454 


орналасқан  ең  төменгі  үш  бұтағында  пайда  болады.  Келесі  кезекте 

бірінші  үш  бұтақта  екінші  гүлден,  ал  4-ші,  5-ші,  6-шы  бұтақтарда 

бірінші гүлден ашылады. Келесі конуста 1, 2, 3-ші бұтақтарда үшінші, 4, 

5, 6-шы бұтақтарда екінші, ал 7, 8, 9-шы бұтақтарда бірінші гүлдер. Әрі 

қарай гүлдену осы жүйемен жалғаса береді.  

Төменнен  жоғарыға  қарай  бір  бұтақпен  екінші  бұтақтың  гүлденуі 

арасында 2-3 күн (қысқа кезек), ал бұтақ бойындағы бір гүл мен екінші 

гүлдің  гүлденуі  арасында  5-7  күн  (ұзақ  кезек)  өтеді.  Гүлдену 

кезектерінің ұзақтығы мақтаның сорттарына байланысты. 

Гүлденуден  қауашақтың  ашылуына  дейін  50-65  күн  өтеді. 

Сепкеннен  бірінші  қауашақ  ашылғанға  дейін  мақтаның  орташа 

талшықты сорттарына 130-140 күн, жіңішке талшықты сорттарына 145-

160 күн қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   465   466   467   468   469   470   471   472   ...   490




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет