Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет95/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   490
Байланысты:
index (15)

Макроскопиялық  әдіс

.

      Тұқым  тазалығын  анықтағанда  жай 

көзбен  қарап  немесе  үлкейткіш  (10-20  есе)  шынылардың  көмегімен 

ондағы  қоспаларды  да  анықтайды:  бидай,арпа,  сұлы,  астық  тұқымдас 

шөптерде  –  қара  күйе  қапшықтары  мен  қастауыш  (спорынья) 

склероцийлерін тұқым массасына пайызбен, ал бұршақ дақылдарында – 

ақ  және  сұр  шірік  склероцийлерін  де  тұқым  массасына  пайызбен 

есептейді. 



Люминесценттік  әдіс.

   

Негізгі  дақылдың  тұқымдары  қара  қағаз 

бетіне  салынып,  ультра  күлгін  жарықтағыш  аспаптың  астына 

орналастырылады.  Бидайдың  сау  тұқымдары    көкшіл-жасыл  немесе 

көкшіл  –  күлгін  түспен  жарықталады,  ал  қара  күйе  ауруымен  жоғары 

дәрежеде залалданған тұқымдар қоңыр, көмескі түсте қалады. 

Асбұршақ  тұқымының  кесел  (аскохитоз)  және  фузариозбен 

залалданған жерлері көмескі  қызыл-қоңыр түспен жарықталады. 

Қант  қызылшасының  тұқымдары  құрғақ  шірікпен  (фомоз) 

дерттенгенде тұқымның бетіндегі саңырауқұлақ пикнидалары ақ-күңгірт 

түспен,  ал  фузариозбен  залалданған  жүгері  тұқымы  ашық  қызғылт  – 

сары, немесе қызыл күрең түспен жарықталады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   490




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет