Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983



бет9/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983.


АБСТРАКТІЛІК ПЕН НАҚТЫЛЫҚ – Гегель бұл терминдерді бір- біріне әрі қарама-қарсы, әрі ажырамас бірлікте қараған. Оның пайымдауын- ша абстрактілік те, нақтылық та, ең алдымен, болмыста болатын қасиет және соған байланысты ойлау жүйесіне де тән ұғым. Гегельдің пайымдауынша, нақтылық сан алуандықтың бірлігі, тұтастығы. Оның мағынасы: әрбір жеке зат, процесс, құбылыс – тұтас нәрсе, олардың әрқайсысы көптеген қасиет- тердің, белгілердің, қатынастардың іштей байланысқан бірлігі, оқшаулан- ған түйіні. Тұтастық не бірлік кездейсоқ, бір-біріне селқос нәрселердің жиынтығы емес, бірінен-бірі туындайтын нәрселердің бірлігі. Осындай табиғаты бір, бірақ әр түрлі құбылыстардың дербес тұтастығын нақтылық дейміз. Мысалы, Жер басқа аспан денелерінен біршама дербес, нақты тұтастық, адамдар қоғамы, ондағы әрбір халық, мемлекет т. б. дүниелерден қаншалықты тәуелсіз, дербес болса да, олар сол шеңберде өзіндік іштей байланысқа құрылған. Үлкен тұтастық ішінде олар қанша түрге бөлінсе де, жалпы табиғаты бір. Яғни, Н. тұтастықтан бөліп алған жеке қасиет бола


10

алмайды, себебі ол іштей дербестікке ие емес, сондықтан да басқа дүние- мен өз дербестігі негізінде қатынас жасай алмайды. А. осындай дербес тұтастықтың ажырамас бір жағы, қасиеті, белгісі т. б. Бұл сондықтан да қарапайымдылық, жетілмегендік, сыңаржақтылық ұғымдарымен барабар. Бірақ өмірдің өзінде А. құбылыстар, формалар, қатынастар болады. Өмір- дің өзіндегі осындай жалған көріністер адамға А. қайсы, Н. қайсы екенін ажыратқыза бермейді. Алдамшы көріністермен адастырып бағады. Эмпири- калық логиканың (Локк, т. б.) А. п. Н. туралы тұжырымы тап осы өмірдегі жалған көріністің көшірмесі. Олар да құбылыстарға тән бір ортақ қасиетті бөліп алып, олардың барлығының шын табиғаты осы деп түсіндіреді. Бұл адасушылықтың әлеуметтік негізі бар. Сондықтан да оны жөніне келтіру өте қиын. Төңкерілген дүниенің төңкерілген санасын орнына келтіру үшін дүниенің өзін аяғына тұрғызу қажет. Бірақ оны түсіну үшін бұл міндетті емес. Әдебиет: Философиялық сөздік. Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996.




АБСТРАКЦИОНИЗМ (лат. abstractіo дерексіздік, бөлініс, оқшаулық)
– қазіргі заман өнеріндегі қоршаған ортаны бейнелеуде нақты заттарды ескермейтін ағым. Абстракті өнер шындықты тікелей көрсетпейтіндіктен, оны кейде «затсыздандырылған» деп айтады. Ол үшін бейнеленетін нәр- селердің көркемдік бітімдері (кеңістіктегі формалары, аумағы, бояуы т. б.) маңызды емес, бірінші орынға суреткер – тұлғаның субъектілік көңіл- күйі шығады. А. 1910 ж. Мюнхенде, Амстердамда, Мәскеуде шамамен бір уақытта қалыптасты да, 1930 ж. Париж бен Нью-Йоркте кеңінен өрістеді. А-нің эстетик. бағдарламасын 1910 ж. В. Кандинский «Өнердегі руханилық туралы» еңбегінде айқындап берді. А. екі бағытта дамыды: оқыс бояулар мен кескіндердің қиюласуын үйлесімді етуге ұмтылу және геометриялық абстракцияларды құрастыру. Біріншісі экспрессионизм және фовизм тәрізді ағымдармен түбірлес болып, түсті заттық шындықтан толық ажырат- қысы келді. Осы бағытта Оп-Арт деп аталатын, бояудың қиюластығын елестететін музыкалық және басқа да ассоциациялардан туатын синесте- зия идеясына негізделген ағым пайда болды. Бұл түрдегі А-нің кубизммен ортақ шыққан тегі бір болғанымен, одан айырмашылықтары да болды. А-нің осы бағытының тармақтары бірнеше: М. Ларионовтың сәулешілдігі, К. Малевичтің супрематизмі, Л. Попованың стиль тобы 1917 ж. Голландия- да жаңа пластицизм идеясын ұсынды: геометриялық бітімдердің анықты- лығы, айқындылығы және қарапайымдылығы табиғат ретсіздігінен жоғары тұрады. А-нің кейбір көріністері дадаизм мен сюрреализм өкілдерінің кейбір шығармаларынан байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   571




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет