Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 ОҚу жылында



бет5/9
Дата12.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60017
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ерекшееліктері


Физика

Физиканы оқыту үдерісінде негізгі назар оқушыларға дайын білімдер жиынтығын беруге емес, оларды қоршаған әлемді танып-білудің ғылыми әдістерімен таныстыруға, білім алушыларда ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыруға, интеллектуалдық қабілеттері мен танымдық қызығушылығын дамытуға себептесетін, оқушыдан шешімін табу үшін өзбетінше әрекет етуді талап ететін проблемалар қоюға аударылуы қажет.

Мектепте физиканы оқытуға келесі міндеттер кіреді:

- оқушылардың ой-өрісін дамыту, олардың өз бетінше білім ала білуін және оны қолдана алуын, физикалық құбылыстарды бақылай алу біліктілігін қалыптастыру;

- оқушыларды эксперименттік деректер, ұғымдар, заңдар, теориялар, әлемнің физикалық бейнесі туралы, физика заңдарын техника мен технологияда қолданудың кең мүмкіндіктері туралы біліммен қаруландыру;

- оқушыларға материя құрылысының бірлігі туралы идеяларды және оны танып-білу процесінің шексіздігі, физикалық құбылыстар мен заңдарды танып-білудегі практиканың ролі жайлы білімдерді игерту;

- физикаға мен техникаға танымдық қызығушылықты қалыптастыру, шығармашылық қабілеттіліктерін, оқуға деген саналы көзқарасты, білімді жалғастыруға және кәсіпті саналы таңдауға дайындықты қалыптастыру.

Оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімін оқу және өмірлік жағдаяттарда пайдалана білу біліктерін қалыптастыру түріндегі орта білім берудің мақсаттары мектепте физика курсын оқытудың басым міндеті ретінде оқушылардың келесі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды көздейді:

- танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, экспериментті пайдалануды; себеп-салдарлық байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді шешуді, өз бетінше әр түрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже алу, оны бағалау тәрізді өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше, қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжайды;

- ақпараттық- коммуникативтік іс-әрекетке ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпараттарды өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, копьютерлік технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білуді, топпен жұмыс істей алуды меңгеру; пікір алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу жатады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қоры жинақталады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.

Онда адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, адамның Ғаламдағы және планетадағы орны, өмірлік мәні бар мәселелер және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үлкен маңызы бар лабораториялық және практикалық жұмыстар кең орын алады.

Физикалық құбылыстарды, тарихи-ғылыми және тарихи-өмірбаяндық материалдарды зерделеуде пәндік дағдылармен қарулану және пәнді жақсы түсіну математикамен, химиямен, биологиямен және географиямен пәнаралық байланыс арқылы қамтамасыз етіледі.

Физиканы зерделеуге саналы қатынас шығармашылық тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, яғни бұл пән оқушылардың ой-өрісінің қарқынды дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты, әдемілікті, адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді.

Оқу бағдарламасында шығармашылдық тұрғыдағы жұмыс түрлері мен тәсілдеріне ерекше орын беріледі, проблемалық мәселелерді талқылауға байланысты ұжымдық жұмыстар жүргізудің алуан түрлі формалары, практикалық тапсырмаларды біріге және жеке шешу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа әрі ерекше үлгідегі тапсырмаларды топпен және жеке орындауға бағыттайтын дамытушы шығармашылық тапсырмалар мен жобалардың әртүрлі формалары ұсынылады.

Негізгі білім берудің мақсат-міндеттерінің бірі білім алушылардың тұлғалық қалыптасуына, олардың рухани әлеуетін дамытуға, өзіндік әлеуетін анықтауға, өзін-өзі дара көрсете алуына жағдай жасау болып табылады. Бұл міндеттер Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған оқу жоспары мен оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07. 2010 ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

2010-2011 оқу жылында 7-9-сыныптардағы «Физика және астрономия» пәнін оқыту «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы (толықтыру енгізу туралы 2010 жылғы 9 сәуірдегі №160 бұйрығы, 2010 жылғы 1 маусымдағы №268 бұйрығы) арқылы жүзеге асырылады. Осыған сәйкес 2-ші рет өңделіп басылымнан шыққан оқулықтар пайдаланылатын болады.

Бұл бағдарламалар мен оқулықтар физиканы оқытуда негізгі болып табылады.

Оқыту үдерісінде сондай-ақ қосымша оқу құралдары мен электрондық басылымдарды да пайдалану ұсынылады.

Ұйғыр, өзбек тiлді жалпы бiлiм беретiн мектептерде физиканы оқытуда аударма оқулықтар пайдаланылады.

Оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді таңдау мұғалімнің дайындық деңгейіне, мүмкіндіктеріне және оның өзінің алдына қойған міндеттеріне байланысты болады.

Оқушылардың оқу пәні ретінде физиканы оқып-үйренуі, сондай-ақ оны факультативтік сабақ ретінде тереңдете зерделеу жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбынан басталуы мүмкін.

Оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етуді таңдау мұғалімнің дайындық деңгейіне, мүмкіндіктеріне және оның өзінің алдына қойған міндеттеріне байланысты болады.

Физиканы оқыту арнайы жабдықталған сынып бөлмесінде және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, көрсетілімдік және лабораториялық аспаптар мен стендтер (құрылғылар), баспа құралдары, диапозитивтер мен диа-, кино-, және бейнефильмдер, кино-, және бейнефрагменттер, техникалық оқыту және т.б. құралдармен дұрыс жабдықталған жағдайда жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында «Физика» оқу пәні бойынша тағайындалған нормативтер мен оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.

Химия

2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9 сыныптарында «Химия» пәні ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес дайындалған негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы (толықтыру енгізу туралы 2010 жылғы 9 сәуірдегі №160 бұйрығы, 2010 жылғы 1 маусымдағы №268 бұйрығы) арқылы жүзеге асырылады.

Мектептегі химия білімі – бейорганикалық және органикалық заттар, олардың құрамы, құрылысы, қасиеттері, қолданылуы туралы; табиғатта және өндірісте болатын химиялық құбылыстар, химиялық өндірістің технологиясының негіздері, экологиялық проблемалар және оларды шешудің жолдары туралы білім жүйесі. Химия курсы жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сай жалпы, бейорганикалық және органикалық химия салалары бойынша іргелі білім қалыптастыруға; қазіргі қоғамдағы химия ғылымының ролін түсіндіруге, қоршаған әлемге ғылыми көзқарас қалыптастыруға міндетті. Оқушылардың химия пәні бойынша жоғары деңгейдегі дайындығын қамтамасыз ету үшін химия білімі дамуының төмендегідей тенденцияларына назар аудару керек:

– басқа жаратылыстану пәндерімен интеграциялану;

– оқушылардың өзіндік білім қызметінің үлесін арттыру және оқу процесінің жобалау–зерттеу сипатының басым болуы;

– химия білімінің мазмұнының экологияландырылуы және орнықты даму құндылықтарына бағытталуы;

– оқыту процесінде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, мультимедия және электрондық ресурстарды қолдану.

Химия пәнін оқытуда оқушылардың практикалық және эксперименттік жұмыстарына, олардың алған білімін практикада қолдана білуіне үлкен маңыз беріледі.

Химия пәнін оқытуда оқушылардың өз бетімен қызмет жасау қабілетін, интеллектін, практикалық дағдыларын және креативтік ой өрісін, ғылым есебінде химияға қызығушылығын арттыратын оқытудың проблемалық-іздену, интерактивтік, жобалау әдістері ең тиімді әдістер болып табылады.

Негізгі орта білім деңгейінде химияны оқытудың мақсаттары:

– оқушыларда қоршаған әлем туралы, адам өмірі мен табиғаттағы химиялық процестер мен құбылыстар туралы химиялық білім жүйесін қалыптастыру;

– химиялық заттармен жұмыс істеуде қауіпсіздік сақтау дағдыларын білу, алған білімін практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

– табиғатты химиялық өндірістің зиянды әсерлерінен қорғау, қоршаған ортаға ыждағатты қарым-қатынас жасау мәдениетін біртұтас экологиялық – гуманистік көзқарас қалыптастыру;

– Қазақстанның табиғи байлықтары туралы мәліметтер беру, химия өндірісінің дамуы, олардың еліміздің орнықты, индустриялдық-инновациялық жолмен дамуындағы ролі мен орны туралы білім беру, табиғи байлықтарды орынды және тиімді игеруге тәрбиелеу;

– жаңа технологиялар және перспективті материалдар, оларды қауіпсіз және тиімді қолдану туралы білім қалыптастыру.

Химия пәнін оқытудың міндеттері:

Оқушылардың химиялық құралдар мен реактивтерді қауіпсіз пайдалану, күрделі емес зертханалық тәжірибелер жүргізу, химиялық терминологияларды, белгілері мен формулаларын сауатты пайдалану, химиялық білімді практикада қолдану дағдысын қалыптастыру;

– оқушыларда күнделікті тұрмыста және табиғатта кездесетін құбылыстарды түсіндіру, химия ғылымының түсініктері, заңдары, теориялары, тәсілдері туралы білім негізін қалыптастыру;

– заттың қасиеттерінің оның құрамы мен құрылысына тәуелділігі жөнінде оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру, күрделі емес тәжірибелік-эксперименттік есептерді шешу дағдыларын қалыптастыру;

– табиғат, зертхана, күнделікті тұрмыста кездесетін химиялық құбылыстарды бақылау, талдау дағдысын дамыту, құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауға баулу;

– әр оқушыға өз өлкесіндегі, сондай-ақ, Қазақстандағы химия өндірісінің экологияға тигізетін әсерін білуді, қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың маңыздылығын түсіндіру;

– оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру, алкоголь мен темекінің, есірткінің құрамындағы химиялық заттардың зияны туралы қажетті біліммен қамтамасыз ету;

– оқушылардың өздігінен білім алу, болашақ оқуын жалғастыру және ерте кәсіби бағдарлануын қамтамасыз ету;

– алған білімі мен біліктіліктерін күнделікті жағдайларда және болашақ өмірінде пайдалана білуге дағдыландыру.

Химия білімінің мазмұны инварианттық және вариативтік бөлімнен тұрады. Инварианттық бөлім химия пәнінің базалық білім мазмұнына сәйкес келеді. Химия білімінің вариативті бөлігі оқушылардың қызығушылықтары мен икемділігін қанағаттандыруға бағытталады. Арнаулы курстар өткізу үшін мұғалім белгіленген тәртіпке сәйкес жұмыс оқу жоспарын, бағдарламаларын және басқа тиісті құжаттарды дайындайды. Химияны тереңдетіп оқытудың оқу жоспарын жасауда «Жалпы білім беретін оқу орындарының жұмыс оқу жоспарын жасауы жөніндегі нұсқау» жинағындағы оқу жоспарының нұсқаларын басшылыққа алуға болады (Алматы, ҚБА , 2004).

Заманауи мектепте білім жүйесі алдында қойылған міндеттерді оқыту процесін жобалау арқылы шешуге болады. Оқытуды қызметтік-құзырлылық тұрғыдан ұйымдастыруда оқушылардың қажетті құзырлылықтарын қамтамасыз ететін педагогикалық технологияларды қолданған орынды.

Химия пәнінен білім бағдарламасын жүзеге асыру арнаулы жабдықталған оқу кабинеттерін химиялық раективтер, препараттар, тиісті мақсаттағы қондырғылар мен құралдар, лабораториялық және демонстрациялық құралдар, баспа өнімдері, мультимедиялық жабдықтар, электрондық оқулықтар, диа-кино фильмдерімен қамтамасыз ету және химия ғылымы мен өндірісінің нысандарына таным жорықтарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

Мектеп кітапханасы белгіленген нормативтерге сәйкес химия пәні бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттермен және электрондық оқулықтармен жабдықталуы керек.

Химиядан білім беру барысында оқушылардың өзіндік іс-әрекеттері мен алған білімдерін практикада қолдануға негізгі басымдылық беріледі. Оқушылардың жаңа білім алуында, танымдық проблемаларды шешуінде, практикалық дағдыларын қалыптастыруда химияны оқуға ынтасын арттыруда химиялық эксперимент жұмыстары кеңінен қолданылуы тиісті.

Химия пәнінен сабақтан тыс жұмыстарды төмендегі тәсілдермен өткізуге болады:

– ғылыми жобаларды жасау және қорғау;

– олимпиадалар;

– тақырыптық кештер;

– үйірме жұмыстары;

– ғылым және өндіріс нысандарына танымдық жорықтар.

2.4 «АДАМ ЖӘНЕ ҚОҒАМ» БІЛІМ САЛАСЫ

Тарих

Тарих - мектептегi оқу пәнi ретiнде жалпы негiзгi бiлiм беретiн мектептегi барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегiн құрайды. Тарих ұлттық өзiндiк сана-сезiмдi және жас ұрпақты тәрбиелеудiң адамгершiлiк – этикалық нормаларын бекiтуге назар аударады.

Тарих ғылымы, пән ретiнде аса маңызды бiлiм саласына жатады. Өйткенi, ол бүкiл адамзаттың басынан өткiзген тарихын, тәжiрибесiн баяндайды. Тарихты бiлу әрбiр адамға қажет. Сонда ғана ол өзi өмiр сүрген қоғамдағы лайықты орнын, iстейтiн қызметiн, соларға байланысты туындайтын мiндеттердi, оларды орындау жолдарын дұрыс, дәл анықтайтын болады.

Тарихтың басқа оқу пәндерімен өзара әсері олардың барлығына ортақ логикалық таным әдістерін (талдау және жинақтау) қолдануды қарастырады. Сонымен қатар, тарихтың басқа гуманитарлық циклдағы оқу пәндерімен өзара байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың жалпы және ерекше элементтерін айқындау сияқты оқытудың оларға ортақ әдіс- тәсілдері негізінде іске асады.

Қазiргi кезеңде мектепте тарихты оқыту көзқарасты өзгертумен сипатталады. Бұл өзгерiстердiң басты бағыттары :

- отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;

- отандық тарихты әлемдiк даму контекстiнде оқыту;

- ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру;

- тарихи білімнің тұлғалық бағдары, догматикалық нышандардан бас тарту;

- мектептік тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы, оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдік процестің белсенді субьектісіне айналуын талап ететін білімдік модельді қалыптастыруға бағытталуы;

- мектепте тарихты оқытуға біртұтас көзқарасты қалыптастыру, бұл тарихты оқып- үйренуге формациялық және өркениетттік тұрғыдан қарауды ұштастыруға негізделуі;

- формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтығы мен ішкі байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік- экономикалық процестердің логикасын түсінуге мүмкіндік береді. Өркениеттік тұрғыдан қарау, әр түрлі халықтар мәдениетінің өзара байланысы мен өзара ықпалын көрсетеді, салыстырмалы технологиялық әдісті кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Елеулі айырмашылықтары бола тұра, тарих- деректердің жалаң тіркемесі емес, нақтылы бір қоғамның даму процесі екендігі туралы түсінік екі келіске де ортақ екенін көреміз:

- үздiксiз бiлiм беру жүйесiндегi тарих пәнiнiң бiлiмдiк, танымдық және тәрбиелiк рөлiн күшейту;

- отандық білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне енгізу ауқымында оқушылардың гуманитарлық дайындығының деңгейін көтеру.

Тарихи білім берудің мақсаты- оқушылардың дүниетанымының негізі болатын тархи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыруға оқушылардың тарихи процесс желісін түйсінуіне, тарихтың мәдени- идеологиялық плюралистік идеясын, бұралаң жолын сезінуіне негіз жасау.

Мектепте тарихи бiлiм берудiң негiзгi мiндеттерi:

- адамзаттың ежелгi заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтiк, рухани-адамгершiлiк тәжiрибесiн айшықтайтын жүйелi бiлiм алуы;

- оқушыларда тарихты оқып-үйренудiң көпөлшемдiлiгi және тарихи процестiң дамуының баламалы екендiгi туралы түсiнiк қалыптастыру;

- гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудiң озық дәстүрлерiн меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;

- оқушылардың тарихи бiлiмдi шығармашылықпен қолдану, тарихи деректер мен жұмыс iстеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негiзiнде ой елегiнен өткiзе бiлу дағдыларын қалыптастыру;

- оқушыларда қазақстандық патриотизмдi, азаматтық сезiмдi дамыту.

2010-2011 оқу жылында 5-9 сыныптарда тарих пәнiн оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығына) сәйкес жүргізіледі.

Тарихи білім беру қазіргі қазақ қоғамын демократияландыруда басымдылық маңызға ие болады, өйткені тарих ғылымы бүгінгі күннің ақиқатымен тығыз байланысты.

Білім берудің іс-әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні- оқушылардың өзіндік жұмысына басымдылық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық жұмыстар, брэйнсторлинг, рөльдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, портфельдер құрастыру, коллоквиумдар, сөздік пинг-понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және басқалар) дайындау түрінде іске асырылады.

5 сыныптағы қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарихы бойынша қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстар кейбір жаңа ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер тарихының жекелеген тарихи оқиғалар мен құбылыстары оқытылады.

5 сыныптағы пропедевтикалық курстар бойынша барлық материалды жүйелі түрде сипаттау талабы қойылмайды, алайда хронологиялық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.

Тарих пәні бойынша пропедевтикалық курстарды оқып үйренгенде оқушының өз халқының және жалпы қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуін қалыптастыруға айрықша назар аударылуға тиісті.

Мектептегі тарихи білімнің жаңа мазмұны мен құрылымына сәйкес тарихтың жүйелі курсын оқу 6-сыныптан басталады. 6-9 сыныптарда тарих курстарының мазмұны оқу уақытының көлеміне, отандық және дүниежүзілік тарихты дәуірлеудің жаңа жүйесіне сәйкес анықталады.

Тарихи пәндерді оқытудың осы сатысында:


  • оқушыларда тарихи ойлаудың негіздері;

  • оқушыларда тарихи процестің негізгі ұғымдары, категориялары мен заңдары

туралы білім және тарихи таным теориясы бойынша түсініктер;

  • оқушылардың азаматтық ұстанымы, құндылық бағдары және сенімдері қалыптастырылуы қажет.

6-9 сыныптардағы тарих курстары отандық және дүниежүзілік тарихтың ежелгі дүниеден қазіргі заманға дейінгі барлық кезеңдерін қамтуы керек.
Адам. Қоғам. Құқық

9-сыныпқа арналған кiрiктiрiлген «Адам. Қоғам. Құқық» курсын оқытуға Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 09.07.2010ж № 367 бұйрығымен бекiтiлген негiзгi орта білім берудің типтік оқу жоспары бойынша 68 сағат уақыт бөлiнген. Бұл уақыттың 1/3-не жуығы құқықтанудың материалдарын оқытуға бөлiнедi. Курс құрамы 4 кiтаптан тұратын жаңа буын оқулығымен және оқу-әдiстемелiк кешенiмен (ОӘК) оқытылады. Негізгі мектептің 9-сыныбында пән жылына 68 сағатқа шақталған «Адам. Қоғам. Құқық» кіріктірілген курсы шеңберінде оқытылады. Құқықтану материалдары бұл курстың 1/3 бөлігін құрайды.

Оқу пәнінің мазмұны 9-сыныпта оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес, шығармашылық, денсаулық сақтау, тұлғалық-бағыт және құзыреттілік тұрғы негізінде орындалған, нәтижеге бағытталған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті негізгі орта білім беру стандартында көрсетілген, білім алушылардың құзыреттілік жетістіктеріне бағытталған.
Өзін-өзі тану

«Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.

Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

Мектепте өзін-өзі тануды оқыту төмендегідейі міндеттерді жүзеге асырады:



  • адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;

  • оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

  • қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік білім беру бойынша өз алдына мынадай жалпы мақсаттар қояды:

  • өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

  • түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

  • өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

  • адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;

  • өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;

  • жасампаздықпен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

  • өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;

  • қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

«Өзін-өзі тану» оқу пәнін Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы) негiзiнде жүзеге асырылады.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытуға аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген. «Өзін-өзі тану» пәнін «Өзін-өзі тану» курсы бойынша біліктілікті арттыру және қайта даярлық курстарынан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.

5-9 сыныптарда «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту Министрліктің Адамның үйлесімді дамуы институтымен бірге (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған жалпы орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады ( ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылдың 18 ақпанындағы № 71 бұйрығы).

Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген «Өзін-өзі тану» оқу пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет