Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта



бет18/45
Дата06.11.2016
өлшемі17,53 Mb.
#1140
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта



ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет


стандарты



1. Жалпы ережелер


      1. «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы болған жағдайда www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет:

      1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1,2, 3-тармақтары;

      2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтары;

      3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;

      4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;

      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;

      6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы негізінде көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

      1) www.educontrol.kz уәкілетті органның интернет-ресурсында;

      2) порталда орналасқан.

      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты Call-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz порталында уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат түрінде лицензия беру, оларды қайта ресімдеу немесе электрондық цифрлы қолмен расталған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет діни білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап:

      1) лицензия және лицензияға қосымша берілген жағдайда Ғ– 15 жұмыс күнін;

      2) лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 жұмыс күнін құрайды.

      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

      «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиялық алым алынады.

      1) лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде төленген күнге белгіленетін 10 айлық есептік көрсеткішті;

      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу барысында төленген күнге белгіленетін 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Төлем тапсырмасы ақының төленгенін растайтын құжат болып табылады.

      Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      9. Порталда тәулік бойы құжаттар қабылданады. Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

      10. Порталда мемлекеттік қызмет «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.




2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:

      1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

      3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

      4) Жарғы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.

      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.

      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға косымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезіндегі бүлінген бланк уәкілетті органға қайтарылады.

      Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде лицензияның жоғалуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру бергені туралы ақпараттың сканерленген көшірмесі электрондық сұранысқа тіркеледі

      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.

      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.

      13. Порталда электрондық өтініштерді қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

      Электронды сұраныс мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» жіберіледі. Сұраныс автоматты түрде таңдалған қызметті көрсететін уәкілетті органға жолданады.

      14. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда оның порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген сұранысының қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

      15. Көрсетілген қызметтің нәтіжесін порталда жеткізу тәсілі – «жеке кабинетте».

      16. Егер:

      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);

      2) лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға, білім беру қызметін жүргізу құқығына бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;

      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;

      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты порталда «жеке кабинет» арқылы электрондық құжат түрінде алады.


3. Жұмыс қағидаттары


      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі:

      1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;

      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;

      5) өтінішті қарау барысында лауазымдық тұлға қызметінің айқындылығы;

      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын сақтау қағидаттарына негізделеді.




4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділіккөрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.




5. Шағымдану тәртібі


      20. Осы стандартқа 2-қосымшада уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.

      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:

      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөлімінде;

      2) www.edu.gov.kz адресі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;

      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.

      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:

      1) осы стандарттың 21-тармағының 3) тармақшасында мекенжайы мен телефондары көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;

      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.

      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуі керек.

      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде үстінен шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.

      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

      26. Портал: мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.
«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына 

лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның

телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет  

стандартына 1-қосымша          




Кесте. Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа жәнетиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Келесі жылдағы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есеп жылындағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақытылық

1.1. құжат тапсырылған кезден белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі)




2. Сапа

2.1. қызмет көрсету барысының сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1. қызмет көрсету сапасы және қызмет көрсету туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)




3.2. ақпарат электрондық түрде қолжетімді қызметтер % (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1 Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1.персоналдың сыпайылылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)



«Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына 

лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның

телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет  

стандартына 2-қосымша          


Лауазымдың тұлғалардың байланыс мәліметтер.






Аты-жөні

Лауазымы

Мекен-жай

Телефон

1

2

3

4

5

1

Ахметов Әлтайыр Амангелдіұлы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 841-бөлме

74-15-43

2

Бөлебаева Ләззат Кайдирбекқызы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 946-бөлме

74-22-14

3

Гаипов Зулфухар Султанұлы

ҚР БҒМ білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Астана қаласы Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі 11-кіреберіс, 837-бөлме

74-23-75

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің     

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1119 қаулысымен   

бекітілген     




«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған



құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер


      1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Уәкілетті орган) көрсетеді, мекен-жайы: Астана қаласы, Иманов көшесі, 13, «НұрСәулет-2» Бизнес орталығы, 712-кабинет.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 21-бабы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ережесі негізінде жүзеге асырылады.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (электрондық мекенжайы: www.edu.gov.kz) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің (бұдан әрі – Комитет) (электрондық мекенжайы: www.scedu.kz) интернет-ресурстары мемлекеттік қызмет туралы ақпараттың көзі мен оған қол жеткізу орны және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының міндетті түрде орналасатын жері болып табылады.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат немесе қағаз тасымылдағышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы тапсырған сәттен бастап – 30 минутты құрайды;

      2) қажетті құжаттарды тапсырғанға дейін күту уақытының барынша ұзақтығы – 30 минут;

      3) құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан аспайды, МҒТС объектілерін көп мөлшерде тапсырған кезінде – қызмет көрсету уақыты ұзартылуы мүмкін.

      8. Гранттық немесе бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі. мереке және демалыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету қарастырылмаған.

      10. Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасында айқындалған мемлекеттік қызметті ұсыну орнының шарттары: дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін ғимараттың кіреберісінде пандус, жолаушылар лифтісі, ғимараттың бірінші қабатында күту үшін жұмсақ креслолар қарастырылған.




2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) байланыс деректері, ғылыми зерттеу тақырыбының және ғылымды дамытудың басым бағытының атауы көрсетілген мемлекеттік қызметті алушының ілеспехаты;

      2) ғылыми және практикалық тәжірибенің, ғылыми бастаманың болуы туралы мәліметтер (жарияланымдардың, авторлық куәліктердің, патенттердің тізімі);

      3) кәсіби біліктілік және МҒТС объектісінің атауы туралы мәліметтер;

      4) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (заңды тұлғалар үшін) немесе жеке куәліктің (жеке тұлғалар үшін) көшірмесі;

      5) аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі;

      6) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар (бұдан әрі – ғылыми зерттеулерге өтінім).

      Барлық қажетті құжаттар тігіледі, тігілген және нөмірленген беттер саны жазылған қағаз пломбамен бекітіледі, уәкілетті тұлғаның қолы қойылады және мөрдің баспа-таңбасы (бар болған жағдайда) басылады.

      Ғылыми зерттеулерге өтінімдер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде, қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынылады және мөр басылмаған қағаз пломбамен бекітіледі.

      Жұмыстарды іске асыру нәтижелері туралы есептер бойынша мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар Уәкілетті органға осы стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.

      12. Ғылыми зерттеулерге арналған өтінімдердің үлгілерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің www.scedu.kz сайтынан алуға болады.

      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар: Астана қаласы, Иманов көшесі, 13-үй, 712-кабинет мекенжайы бойынша орналасқан Уәкілетті органға тапсырылады.

      14. Уәкілетті орган берген құжаттарды қабылдау күні көрсетілген тіркеу карточкасы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.

      15. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысын алу үшін мемлекеттік қызметті алушы не мемлекеттік қызметті алушының сенімхаты бойынша уәкілеттік берілген тұлға жеке баруы керек.

      16. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау және мемлекеттік қызметті алушыныңі және құжаттарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.


3. Жұмыс қағидаттары


      17. Мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде Уәкілетті орган мынадай қағидаттарды ұстанады:

      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

      2) қызметтік борышты өтеу кезіндегі заңдылық;

      3) барынша толық ақпаратты ұсыну;

      4) сыпайылық;

      5) сарапшылардың тәуелсіздігі мен құзыреттілігі;

      6) МҒТС жүргізген кезде МҒТС объектілерінің жасырындығы;

      7) ғылыми көзқарас, жан-жақтылық, МҒТС объектілерін зерттеудің объективтілігі;

      8) сараптамалық қорытындылардың толықтығы мен негізділігі;

      9) МҒТС нәтижелерінің жариялылығы.




4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтер сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.




5. Шағымдану тәртібі


      20. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін түсіндіру және щағымды дайындауға жәрдем көрсетуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (электронды пошта мекенжайы: gylym@edu.gov.kz, телефоны нөмірі: 8 (7172) 74-19-67) жүзеге асырады.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне беріледі (электронды пошта мекенжайы: gylym@edu.gov.kz, телефоны нөмірі: 8 (7172) 74-19-67), жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында айқындалған сенбі және жексенбі күндерін, мереке және жұмыс күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-дейін түскі үзіліспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, лауазымды тұлғаның байланыс деректері: 8(7172) 74-16-58).

      22. Уәкілетті органның қызметкерлері тиісінше қызмет көрсетпеген жағдайларда шағым Уәкілетті органға жасалады, электронды пошта мекенжайы: info@ncste.kz, 712-кабинет, жұмыс кестесі: мереке және демалыс күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, лауазымды тұлғаның байланыс деректері: 8 (7172) 74-16-58.

      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.

      24. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде үстінен шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.

      25. Қабылданған шағымдар Уәкілетті органның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі. Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.


«Мемлекеттік ғылыми-техникалық      

сараптаман өткізуге арналған құжаттарды

қабылдау» мемлекеттік қызмет     

стандартына қосымша         




Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні




Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1.Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




3. Қолжетімділік

3.1.Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің     

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1119 қаулысымен   

бекітілген     




«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша



бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның


телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



1. Жалпы ережелер


      1. «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық Білім саласындағы бақылау департаменттері тарапынан (бұдан әрі – уәкілетті орган), сондай-ақ мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлы қолтаңба болған жағдайда, www.e.gov.kz «электрондық үкіметі» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.

      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

      3. Мемлекеттік қызмет:

      1) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 34-бабының 1,2, 3-тармақтары;

      2) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 2, 3-тармақтары;

      3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 57-бабы;

      4) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  11 қаңтардағы Заңының 8 және 23-баптары;

      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабы;

      6) «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысы негізінде көрсетіледі.

      4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz интернет-ресурсында;

      2) порталда орналасады.

      Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты порталдың Call-орталығының (1414) телефоны арқылы алуға болады.

      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense.kz порталында уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат түрінде лицензия беру, оларды қайта ресімдеу немесе электрондық құжат түрінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушылар) көрсетіледі.

      7. Мемлекеттік қызмет мерзімдері мемлекеттік қызметті алушы өтініш берген сәттен бастап

      1) лицензия және лицензияға қосымша берілген жағдайда – 15 жұмыс күнін;

      2) лицензия және лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 жұмыс күнін құрайды.

      8. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

      «Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес білім беру қызметін жүргізу үшін лицензиялық алым алынады.

      1) лицензия және/немесе лицензияға қосымшаны беру кезінде төленген күнге белгіленетін 10 айлық есептік көрсеткішті;

      2) лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде төленген күнге белгіленетін 1 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Төлем тапсырмасы ақының төленгенін растайтын құжат болып табылады.

      Төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

      9. Порталда тәулік бойы құжаттар қабылданады. Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.

      10. Порталда мемлекеттік қызмет «жеке кабинет» арқылы жүзеге асырылады.




2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:

      1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініш;

      2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініш;

      3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініш;

      4) Жарғы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі;

      5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелерітүрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Құжаттардың деректері:

      өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі;

      лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет.

      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде өздігінен алады.

      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.

      Құжаттардың мәліметтері, мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, мемлекеттік қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы кәулігі; лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті органның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.

      Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға косымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезінде бүлінген бланк уәкілетті органға қайтарылады.

      Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Жоғалуына байланысты лицензияның телнұсқасын беру кезінде лицензияның жоғалуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру бергені туралы ақпараттың сканерленген көшірмесі электрондық сұранысқа тіркеледі.

      Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.

      12. Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін сұранысты электрондық нысанда толтыру қажет.

      13. Порталда электрондық өтініштерді қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда оның порталдағы «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызмет көрсету үшін берілген сұранысының қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

      15. Көрсетілген қызметтің порталда нәтижесін жеткізу тәсілі Ғ– «жеке кабинетте».

      16. Егер:

      1) осы стандарттың 11-тармағына сәйкес барлық тиісті құжаттар ұсынылмаса (мемлекеттік қызметті алушы аталған кедергілерді жойған кезде берілген өтініш жалпы негізде қаралады);

      2) лицензияны қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын алуға, білім беру қызметін жүргізу құқығына бюджетке лицензиялық алым төленбеген жағдайда;

      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса;

      5) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында қарастырылған негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.

      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты порталда «жеке кабинет» арқылы электрондық құжат түрінде алады.




3. Жұмыс қағидаттары


      17. Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты уәкілетті органның қызметі:

      1) тұлғаның конституциялық құқығы мен бостандығын сақтау;

      2) қызметтік міндетті орындау кезінде заңдылықты сақтау;

      3) мемлекеттік қызметті алушымен жұмыс кезінде сыпайылық таныту;

      4) мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты толық және жеткілікті түрде беру;

      5) өтінішті қарау барысында лауазымды тұлға қызметінің айқындылығы;

      6) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

      7) мемлекеттік қызметті алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпаратты қорғау және құпиялығын сақтау қағидаттарына негізделеді.




4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

      19. Мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсаты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.




5. Шағымдану тәртібі


      20. Осы стандартқа 2-қосымшада уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдем көрсететін лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген.

      Портал жұмысына шағымдану тәртібі туралы ақпаратты саll-орталықтың (1414) телефоны арқылы алуға болады.

      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдар мемлекеттік қызметті алушының таңдауы бойынша:

      1) уәкілетті органның www.educontrol.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

      2) www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің блогына;

      3) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

      4) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8 үй, 11-кіреберіс мекен-жайы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жазбаша түрде арыз беру арқылы жіберіледі.

      22. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетуге байланысты мемлекеттік қызметті алушы тарапынан шағымдар:

      1) осы стандарттың 21-тармағының 3) тармақшасында мекенжайы мен телефондары көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына;

      2) порталға саll-орталықтың (1414) телефон нөмірі арқылы жолданады.

      23. Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

      24. Шағым көрсетілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін субъект немесе лауазымды тұлғаның атына жіберілуі керек.

      Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған жағдайда), пошталық мекенжайы, мерзімі көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылуы тиіс. Шағым берілген кезде шағымданған лауазымды тұлғаның аты-жөні, лауазымы, шағымдану себебі мен талаптары көрсетіледі.

      25. Қабылданған шағым уәкілетті органның жеке және заңды тұлғаларды ң өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады. Өтініш берушіге мерзімі мен уақыты, өтінішті (шағымды) қабылдаған тұлғаның аты-жөні көрсетілген талон беріледі. Шағымданушыға шағымның нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.

      26. Портал: мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінен» портал арқылы электрондық өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органда өтініштерді өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы (жеткізілгені туралы белгі, тіркеу, орындалуы, қаралғаны туралы немесе қаралудан бас тартылғаны туралы жауапты) ақпарат қолжетімді болады.
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру 

бағдарламалары бойынша бiлiм беру   

қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу,

лицензияның телнұсқаларын беру»    

мемлекеттік қызмет стандартына    

1-қосымша                 




Уәкілетті органдардың мекенжайы






Департаменттің атауы

Мекенжайы

Байланыс телефоны

1

2

3

4

1

«Ақмола облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай к-сі, 76

8 (716 2) 25-55-95.

2

«Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ.

030000, Ақтөбе қаласы, Әлия Молдағұлова даңғылы,34.

8 (7132) 95-46-03.

3

«Алматы облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Каблиса Жырау к-сі, 202.

8 (7282) 22-21-22.

4

«Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

060011, Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 212,

8 (7122)27-63-14.

5

«Шығыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» ММ



070020, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Амурская к-сі, 18 А.

8 (7232) 52-60-80, тел/факс 78-52-65.

6

«Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» ММ



090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Студенттер к-сі, 1

8 (7112) 26-03-80.

7

«Жамбыл облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейманов к-сі, 7

8 (7262) 45-46-97.

8

«Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» ММ



100028, Қарағанды қаласы, Сәбит Мұқанов к-сі, 1

8 (7212) 79-39-96.

9

«Қостанай облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» ММ



110000, Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 32

8 (7142) 12-00-14.

10

«Қызылорда облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» ММ



120014, Қызылорда қаласы, Төле би к-сі, 36

8 (7242) 27-05-47.

11

«Маңғыстау облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» ММ



130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 14-шағын аудан, 50

8 (7292) 43-84-63.

12

«Павлодар облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» ММ



140000, Павлодар қаласы, Толстой к-сі, 99

8 (7182) 62-26-44, 62-64-89

13

«Солтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавловск қаласы, Пушкин к-сі, 85

8 (7152) 46-13-35.

14

«Оңтүстік Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

8 (7252) 21-46-77.

15

«Астана қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

010000 Астана қаласы, 19 Магистраль, 29


16

«Алматы қаласының Білім саласындағы бақылау департаменті» ММ

050010, Алматы қаласы, Жамбыл к-сі, 25

8 (7272) 91-13-14.

«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру 

бағдарламалары бойынша бiлiм беру   

қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу,

лицензияның телнұсқаларын беру»    

мемлекеттік қызмет стандартына    

2-қосымша                 


Каталог: files -> standarty
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
standarty -> Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет