Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ұлттық тестілеу орталығЫ Қазақстан тарихы



бет8/8
Дата16.03.2022
өлшемі91,65 Kb.
#135807
1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақ диаспорасы – Қазақстан Республикасынан шет аймақтарда тұратын қазақтар. Қазақ диаспорасы сыртқы шекараларды кесіп өтіп, әуелі Қазақстаннан ҚытайғаОрталық Азия мемлекеттеріне, Ауғанстан мен Иранға, одан әрі бүкіл дүние жүзіне тараған. Қазақстанмен іргелес шет жұртта қалың шоғыр күйінде қалған және шалғай аймақтарда шашырап жүрген Қазақ диаспорасы-ның жалпы саны 5,4 млн деп есептеледі (1997). Шет елде болса да өз ата мекендерінде тұрып жатқан ирредент Қазақ диаспорасы-ның, яғни Қазақстанмен іргелес, шектес, түрлі тарихи кезеңдерде одан зорлық-зомбылықпен тартып алынған, қилы замандардағы түрлі саяси айла-шарғы, белден басқан қиянат салдарынан РесейгеҚытайғаӨзбекстанға қосылып кеткен ата мекендерде тұратын қазақтардың ұзын саны 5 млн-ға жуық. Ал бөтен жерлердегі бытыраңқы диаспора 0,5 млн адам. Қазақ диаспорасы шоғырлы диаспораға жатпайды. Батыс Еуропаның реципиент-елдеріндегі және АҚШ-тағы этн. қазақтар топтасып тұрмайды. Бірақ Шығыс елдерін (Түркия, Иран, Ауғанстан) мекендеуші қазақтар анағұрлым шоғырланып мекендеген. Бұған олардың бірлесіп тұру тілегі ғана емес, сонымен бірге реципиент-елдің олар жөнінде жүргізген саясаты да ықпал еткен. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігінен қанға сіңген тамаша бейімделгіштік, жерсінгіштік, алғырлық қабілет-қасиеттерінің арқасында Қазақ диаспорасы жартылай этникалық, мультимәдени, мультидіни құрылымды елдерде жергілікті тіршілікке бейімделіп кете алды. Өздері тұрып жатқан аймақтарда этн. азшылық болғандықтан, сол елдің саяси құрылымында Қазақ диаспорасының айтарлықтай салмағы жоқ.
в) Мемлекеттің шетелдегі қазақтарды Отанына қайтарудағы
шешімдерін түсіндіріңіз
1992 жылы қыркүйек, қазан айларында Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы өтті.
Тәуелсіз Қазақстандағы көші-қон саясатының ерекшеліктері. Көші-қон мемлекет халқының санына, ұлттық құрамы мен қоныстануына, табиғи қозғалыстың үдерістеріне әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Сонымен қатар көші-қон еліміздегі ауыл мен қала тұрғындарының өзара үлес салмақ өзгерістерінде, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және ұлттық қауіпсіздік жағынан маңызды рөл атқарады. Кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында республиканың ұлттық құрамында қазақтардың үлес салмағы төмен болды. Сондықтан Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың ерекшелігіне сәйкес көші-қон саясатын жүргізуге белсенді кірісті. Ең алдымен, шетелде тұратын этникалық қазақтардың ұлттық бірігуі және тарихи отанына оралуы үшін көші-қон саясатының басқару жүйесін жетілдіру қарастырылды. 1992 жылы маусымда отандастарымыздың тәуелсіз елімізге көшуінің құқықтық негіздері реттелген «Көшіп келу туралы» Заң қабылданды.
1997 жылы қабылданған «Халықтың көші-қоны туралы» заңында көші-қон ағынын реттеу жүйесін жетілдіру, этникалық қазақтарды тарихи отанына қабылдау тәртібі мен азаматтық алу мүмкіндіктері нақтыланды. «Халықтың көші-қоны» заңында репатриант деп танылған адамдардың құқықтық мәртебесі анықталған.
Тұжырымдаманың басты қағидалары бойынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау; нәсілі, тілі, діні, этникалық және әлеуметтік шығу тегі, көзқарасы, саяси сенімі сияқты белгілері бойынша кемсітушілікке жол бермеу басымдықтары айқындалған.
2017 жылы «Қазақстан Республикасының 2017–2021 жылдарға арналған миграциялық саясаты» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл шетелдерде тұратын қандастарымыздың тарихи отанына оралуына кеңінен жол ашты. Көші-қон саясатының негізгі бағыттары айқындалды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша әркімнің республикадан тыс жерлерге кетуіне және кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.

с) Отандастарымыздың елге қайтарудың тарихи маңызын


айқындаңыз
Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы және отандастарымыздың елімізге оралуының маңызы. 1991 жылы республикада жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 40%-ды құрады. Қазақ халқының азшылыққа айналуына қуғын-сүргін, күштеп қоныс аударту, депортация, өлкедегі ашаршылық секілді оқиғалар әсер еткен. Сарапшылардың пікірінше, кез келген елдің ішкі этносаралық тұрақтылығын сақтау үшін жергілікті ұлт өкілдерінің үлес салмағы 75–80% болуы керек. Осы тұрғыда иммиграция, ирредента, эмиграция мәселелеріне зор көңіл бөлініп отыр.
Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, елде саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде көбінесе жергілікті ұлт пен көптеген диаспоралардың өзара түсіністікке негізделген арақатынасы және жалпы халық санындағы қазақтардың үлес салмағының өсуі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселеде шетелдегі қазақ диаспораларының өз отанына көшіп келуіне жол ашу, елде орналасу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету анағұрлым оңтайлы шешім болып табылды. Біріншіден, отандастарымыздың тарихи отанына көшіп келуі демографиялық үдерістерді шешудің тиімді жолдарының бірі саналады. Өйткені оларда көпбалалы отбасын қалыптастыру ұстанымы берік сақталған. Екіншіден, Қазақстандағы жұмыс күшінің жетіспеушілігін жоюға жәрдемдеседі. Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан елдерінен арзан жұмыс күшінің үнемі және жаппай ағылуы экономикалық жағынан өте тиімсіз. Сондықтан олардың орнына этникалық қазақтардың келуі, тапқан табысты өз елімізде жарату мен салық төлеу республика бюджет қорын толықтырады. Үшіншіден, шетелдердегі қазақтардың туған Отанына қайта оралуы қазақ тілі мәртебесін көтереді. Өзбекстан, Қытай, Моңғолия қазақтары мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Ресей қазақтары да ана тілін меңгеруге аса ниетті. Төртіншіден, белсенді көші-қон ағымы арқылы тарихи әділдікті орнатуға мүмкіндік аламыз. Бесіншіден, экономикалық, мәдени, спорт табыстарына қол жеткіземіз. Отандастарымыздың еліміздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, саяси өмірінде елеулі өзіндік үлес қосып жүргені мәлім. Мысалы, Өзбекстаннан елге оралғандардың бірі – сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков. Түркиялық Халифа Алтай – Құранды араб тілінен қазақ тіліне алғаш рет аударды.

18.Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлтазаттық көтерілістерінің себептерін, мақсаттарын анықтап қорытынды жасаңыз



А. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс 1983-1997жж мен Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс 1837-1847жж болды
в.Сырым Датұлы мен Кенесары Қасымұлы бастаған топтың алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:
1) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару
2) жер мәселесін шешу.
Олар өз күш-жігерлері мен өмірін осы екі мәселені шешуге жұмсады.Екі көтерілістің де басшылары халық тарапынан қолдау тапты. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына 7 мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Кенесарыны үш жүздің халқы дерлік қолдады, ол қазақ даласындағы көтерілісшілердің ішінде ең көп әскер (20 мың) жинай алды. Екі көтерілісте де отаршылдыққа қарсы күрес аясына саяси бағыттары өзара үйлеспейтін әр түрлі әлеуметтік топтар (сұлтандар, батырлар, билер, ру басылары,қарапайым халық т.б.) тартылды. Алайда Сырым мен Кенесары олардың барлығының мүддесін бір арнаға – отаршылдық жүйеге қарсы тоғыстыра білді.
Д.Күрестің қорытындысын жасаңыз. [2]
Сырым отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесін Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне(1773-1775жж.) белсене қатысу арқылы жинады десек, Кенесары туған ағасы Саржан Қасымұлы мен әкесі Қасым Абылайұлы бастаған көтеріліске (1825-1836жж.) қатыса жүріп күрес сабағын алды.Сырым Датұлы — дәстүрлі билік жүйесі Хандық Кеңестің (1797ж. Кіші жүзде көтерілісшілерді «тыныштандыру» үшін енді жаңа хан сайланбайтын болды. Кіші жүзді басқару Хандық Кеңеске берілді) қайта орнауына қол жеткізіп, осы арқылы мемлекеттіліктің соңғы нышандарын сақтап қалды. Кенесары Қасымұлы – Қазақ хандығын құрып, мемлекеттілікті қалпына келтірді. Екі көтерілістің жеңілуіне әсер еткен ортақ жайттар болды. С.Датұлы екі жақты күрес жүргізсе (патша үкіметі мен Нұралы хан мен оның төңірегіндегілерге қарсы), К.Қасымұлы патша үкіметі мен Қоқан хандығына қарсы күресті және өзін қолдамаған қырғыздар жеріне басып кірді.Жеке тұлғалық қасиеттерімен ерекше көзге түсті. Сырым батыр, шешен, ақын ретінде танымал болса, Кенесары да батыр, қолбасшы, хан, мемлекет қайраткері ретінде ел есінде қалды.Екеуі де өзге елдің жерінде қаза тапты. Сырым -1802 жылы Хиуа хандығында белгісіз жағдайда көз жұмса, Кенесары -1847 жылы қырғыз жерінде қайғылы жағдайда қаза тапты.Екі көтеріліс те тұтастай алғанда, кейбір қайшылықтарына қарамастан ұлттық сананың өсуіне септігін тигізді. Тәуелсіздікті мұрат етті.

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
пәнінен сынақ аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет