Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет58/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Байланысты:
NC-About OI, семинар
Тыңдалым № 6 Пифагор мектебі

Сан дегеніміз – барлық заттың негізі.Адамзат тарихында қаншама ғасыр өтсе де ескірмейтін, өшпейтін ұлы есімдер бар. Сондай есімдердің бірі – ұлы Пифагор.
Пифагор Самосский (б.з.д. 580-500жж.) - ежелгі грек математигі. Самос аралында дүниеге келген. Фалестің шәкірті. Пифагордың ілімі бойынша, сандар заттардың мәні болып табылады. Сандар – бүкіл тіршіліктің бастамасы, дүние туралы түсініктің кілті.
Кротон қаласында оның мектебі кең етек жайып, аты шығады.Пифагор мектебінің ұраны: «Дүниенің барлығы сандардан тұрады». Пифагоршылардың ілімінде ерекше орынды 1,2,3,4 сандары алды.Пифагор мен оның шәкірттері өте еңбексүйгіш және тақуа (благочестивые) адамдар болатын. Пифагордың ең жоғарғы жетістігі – атақты «Пифагор теоремасы».
Пифагор мен оның мектебі дедуктивтік геометрияны жасады, кеңістік геометриясы бойынша куб, пирамида, додекаэдр деп аталатын үш көпжақтың қасиеттерін зерттеді.
Пифагор ғылымының төрт саласын қарастырады. Оларды грек тілінде «математа» деп атады. Осыдан математика деген термин туды. Ол төрт сала: сан туралы ғылым (арифметика), музыка теориясы (гармония), фигуралар туралы ғылым (геометрия), және аспан жайындағы ғылым (астрономия).
Пифагор музыканы математикаға жатқызады. Негізгі музыкалық интервалдары – октаваны, квинтаны, квартаны анықтады.
Тыңдалым № 6
Сұрақтарға жауап беріңдер
1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз
А) Самос аралында дүниеге келген
В) Фалестің шәкірті
С) Кротон қаласында оның мектебі ашылған
Д) Пифагор өзінің ілімін жазып қалдырмаған
Е) Пифагор - ежелгі грек математигі
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз
А) «4» саны денсаулықтың, гармонияның нышаны деп ұққан
В)Гераклит Пифагорды ең білімпаз адам деп санады
С) Пифагордың жетістігі – «Пифагор теоремасы»
Д) Сандар – бүкіл тіршіліктің көзі
Е) Пифагор ғылымының үш саласын қарастырады
3.Пифагордың ілімі бойынша заттардың мәні не болып табылады?
А)арифметика
В) сандар
С) геометрия
Д) «Пифагор теоремасы»
Е) кеңістік геометрия
4.Пифагор мектебінің ұраны қандай?
А) «Дүниенің барлығы сандардан тұрады»
В) «Сан дегеніміз – барлық заттың негізі»
С) «Сан дегеніміз – дүниенің кілті»
Д) «Дүниенің барлығы математикадан тұрады»
Е) «Дүниенің барлығы төрт саланы қарастырады »
5.Пифагоршылар ілімінде қандай сандар ерекше орын алды?
А)10,20,30,40
В)1,4,6,8
С)1,2,3,4
Д)1,3,7,9
Е)2,4,6,8
6.Пифагор мен оның шәкірттері қандай адамдар болды?
А) өте еңбексүйгіш және тақуа
В) өте тәрбиелі және тақуа
С) өте білімпаз және тақуа
Д) өте ақылды және тақуа
Е) көзі ашық және тақуа
7. Пифагор мен оның мектебі нені жасады?
А)додекаэдр қасиеттерін
В)сан туралы ғылымын
С) дедуктивтік геометрияны
Д)кеңістік геометриясын
Е) музыкалық интервалдарын
8. Пифагордың ең жоғарғы жетістігі .............
А) «Музыка теориясы»
В) «Астрономия негіздері»
С) «Негізгі арифметика»
Д) «Пифагор теоремасы»
Е) «Сандар теоремасы»
9. Пифагор мен оның мектебі нені зерттеді?
А)геометрияны, куб, пирамиданы
В)астрономияны, пирамиданы
С)кеңістік геометрияны, үш көпжақтың қасиеттерін
Д)октаваны, квинтаны, квартаны
Е)музыкалық интервалдарын
10.Пифагор ғылымның неше саласын қарастырды?
А) арифметика,кеңістік геометрия, геометрия, астрономия
В) арифметика,дедуктивтік геометрия, геометрия, астрономия
С) арифметика, музыка, геометрия, астрономия
Д) арифметика, алгебра, геометрия, астрономия
Е)арифметика, гармония, геометрия, астрономия


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет