Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет62/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
NC-About OI, семинар
Оқылым № 4
Әбунасыр әл-Фараби

Данышпан Әбу-насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген. Әл-Фарабидің өмірбаянын зерттеушілер ол кісінің жасынан сапарға шығуды, жол жүруді тәуір көретінін айтады.


Әл-Фараби – өнерпаз, ақын, әнші, шебер музыкант болған. Оның парсы тілінде жазған бірнеше өлеңдері бар.
Әл-Фарабидің жақсы дәрігер болғаны белгілі. Ол медицина ғылымы жөнінде пікірлер айтқан. Мысалы: «Шаш пен сақал өседі, қас пен кірпік бір қалпынан асып көп өсе бермейді. Бұл оның түбіне қан тамырларының тарауына байланысты» - дейтін түсініктемелері бар.
Әл-Фараби ғылыми еңбектерді көп жазған адам. Бірақ әл-Фараби өз еңбектерін жинап, тәртіпке келтіріп қоюға онша ұқыпты қарамаған тәрізді. Оның саяхатшылық өмірінің өзі де оның еңбектерінің жоғалып кетуіне көп себеп болған.
Солай бола тұрса да, оның жазған еңбектерінің белгілі санының өзі жүзден асады. Олардың көпшілігі арабша жазылған. Оның арабша еңбектерінің бірсыпырасы өткен ғасырдың аяқ кезінде және үстіміздегі ғасырдың бас кезінде: Каирде,Стамбулда, Лейденде, Парижде, Лондонда, Берлинде, Ленинградта және тағы басқа жерлерде басылған.


Оқылым № 4 Мәтін бойынша тест тапсырмалары.
1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз
А)Ғалым өте көп еңбек жазған
В)Әл-Фараби жақсы дәрігер болды
С)Әл-Фараби өз еңбектерін жинап, тәртіпке келтірген
Д)Әл-Фараби өлеңдер жазған
Е)Әл-Фараби әнші болған
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз
А)Оның барлық еңбектері қазақ тіліне аударылған
В)Көптеген еңбектері араб тілінде жазылған
С)Әл-Фараби шебер адам болған
Д)Оның парсы тілінде жазған отыз өлеңдері бар
Е)Оның еңбектері ХХІ ғасырда Каирде, Стамбулда, Лейденде, Парижде, Лондонда, Берлинде, Ленинградта және тағы басқа жерлерде басылған.
3.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз
А)Ғалым еңбектерін неге жалған атпен шығарған?
В) Әл-Фарабидің еңбектерінің саны қанша?
С)Әл-Фарабидің еңбектері қанша тілге аударылған?
Д)Оның еңбектерін кімдер жарыққа шығарды?
Е)Ол шебер адам болды ма?
4.Мәтіндегі басты тірек сөздерді табыңыз
А)ғалым, дәрігер, ұстаз, әнші
В)кітап, еңбек, шығарма, өлең
С)болған , айтқан, жазған, басылған
Д)жазушы, еңбек, түсініктеме, пікір
Е)белгілі адам, атақты, өнерпаз
5.Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөзді аударыңыз: белгілі
А)популярность
В)знаменитость
С)определенный
Д)известно
Е)известный
6.Ғалымның өмір сүрген жылдары қайда жазылған?
А)шежіре кітаптарында
В)еңбектерінде
С)кітапханада
Д)ғалымдардың айтуы бойынша
Е)аңыздарда
7. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз
А)Ол Дамаск шаһарында дүниеге келді ме?
В)Әл-Фарабидің шәкіртттері болды ма?
С)Оның медицина еңбектерінің саны қанша?
Д)Ол саяхатшы болды ма?
Е)Ол сапарға шығуды жақсы көретін бе?
8.Мәтінге тиісті мақал-мәтелді көрсетіңіз
А)Ерлік білекте емес, жүректе.
В)Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.
С)Еңбек-адамның көркі,
Адам-заманның көркі.
Д)Ер елінде , гүл жерінде
Е)Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.
9.Мәтіннің тақырыбы
А)Ұлы ұстаз
В)Ғалымның еңбектері
С)Ұлы ғалым
Д)Атақты адам
Е)Белгілі ғалым
10.Асты сызылған сөз .........
А)күрделі туынды сөз
В)күрделі қайталама сөз
С)күрделі қос сөз
Д)күрделі кіріккен
Е)күрделі біріккен




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет