Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



бет19/22
Дата08.07.2017
өлшемі3,03 Mb.
#20828
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
- қима өлшемдерін ескеретін коэффициент.

Қисық иілу, жүктеу әсер ету өсі қиманың симметрия өсімен әсер етпегенде пайда болады, мысалы прогондарда(сурет 14,3).

qx= q sinα;              qy= q cosα;

Mx=qxl2/8;               My=qyl2/8;



σmax= Mx/Wy +  My/Wx≤Ru

(4.5)

WxжәнеWy– прогон қимасының кедергі моменті.

Wx =bh2/6;              Wy=hb2/6



F=√f2x+f2y ≤fпред

(4.6)

1- аса қысылған нүкте; 2- аса созылған нүкте.

Қысылып иілген сырықтар деп бір мезетте иілу моментін және бойлық күшін қабылдайтын сырықтарды айтады (сурет 14,4).



Сурет 14,4. Қысылып иілген элементтердің иілістері.

Беріктікке тексеру:

σ= N/F +  M / Wξ ≤Ru

(4.5)

ξ<1- сырықтың деформациясынан болатын, бойлық күштің әсерінен иілу моментінің көбеюін ескеретін коэффициент.

ξ=1-N / φRcFбр

(4.6)

Созылып-иілетін элементтерде иілу моментінен басқа сырықты созатын күштер әсер етеді. Кері әсерлі қосымша моменті негізгі моментті азайтады. Оларды есептерде ескермейді, ағаштың ақаулықтары есебінен.




 

Дәріс 15. Ағаш элементтерінің қосылуы.



  1. Қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі.

  2. Сынамен қосылу.

  3. Шеге жұмысының ерекшелігі.

  4. Металлды тісті пластиналар арқылы қосу.

  5. Желімдеу арқылы қосу.

  6. Кертіктер арқылы қосу

1 Құрылыста қолданылатын ағаш материалдары бөрене немесе кесілген түрде максималды өлшемдері келесідей болуы керек, көлденең қимасы 25-28см, және шектік ұзындығы 6,5м. Үлкен аралықты немесе биік конструкцияларды элементтерді жалғаусыз елестету қиын.

Мақсаты бойынша:



  • Ұзарту- элемент ұзындығын көбейту (сурет 15,1 а, б);

  • Қосу- қима өлшемдерін үлкейту (сурет 15,1 в, г);

  • Түйінді қосылыстар


Сурет 15,1. Қосылыс түрлері.

а- қисық шабу; б- желімделген тісті қосылыспен; в- болтпен; г- желім көмегімен.

Жұмыс түріне байланысты қосылыс түрлері:


  • Желім көмегімен, қозғалуға жұмыс істейді;

  • Сына көмегімен, иілуге жұмыс істейді;

  • Шабылған жерлерде, күш бір элементтен екіншісіне ешқандай қосылыссыз беріледі;

  • Созылатын қосылыстарда- болт, қамыт, тұтқа арқылы, созылу жұмысы жүреді.

Қосылыстар зауытта немесе құрылыс алаңында жасалады. Барлық қосылыстар, желімделгеннен басқасы, икемді болып келеді. Есептік жүктемелердің өзінде қосылатын элементтер арасында қозғалу пайда болады. Желімделген қосылыс қатты болып келеді, қозғалыс байқалмайды.

Қосатын элементтердің қаттылығы бірдей болу керек, желім шегелі немесе желім нагельді қосылыстар кездеспейді.

Ағаш конструкцияларының элементтерінің қосылысы келесі талаптарға сай болуы керек:


  • Конструкцияны жасауда еңбек шығыны аз болуы керек;

  • Қосылатын элементтердің қималары қатты әлсізденбеу керек;

  • Қосылыстар тығыз байланысу керек (саңылаусыз), деформацияны болдырмау үшін;

  • Эксплуатация және дайындау кезінде сапаны бақылау жеңіл болуы керек;

  • Жұмыс кезінде сенімді болу керек және ұзақ мерзімді жүктеуден кейін орнынан ауыспау қажет.

Серпімді қосылыстарды болдырмау қажет, олардың бұзылуы күрт болады және аз деформация кезінде. Көзге көрінетін ақаулықтардың жоқтығынан алдын ала шараларын қолдану мүмкіндігі жоқ болады. Морт сыну шабылған қосылыстарда көп кездеседі.

Тұтқырлы қосылыстарда ұзақ жүктеудің әсерінен деформация баяу өседі. Тұтқырлы қосылыстарға сына және шегелер жатады, ағаш бұл жерде мыжылуға жұмыс істейді.



Қосылыстарға тұтқырлық қасиетін беру үшін бөлшектеу ережесін қолданады, ол өз кезегінде, жарылатын аймақтың көлемін көбейту арқылы жарылуды тоқтатады. Бір шоғырланған қосылыстың орнына әр жерде шоғырланған тұтқырлы қосылыстарды орнату көтергіш қасиетін әлдеқайда көтереді, болат шығыны бірдей болғанымен (сурет 15,2).


Сурет 15,2. Бөлшектеу әдісінің көрінісі.

2 Сыналар механикалық жұмысшы қосылыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Сына деп ағаш элементтерін өзара қозғалуын болтыртпау үшін қолданылатын иілетін сырықты айтады.

Сыналар цилиндрлік және пластиналы болып бөлінеді (сурет 15,3). Цилиндрлік сыналар - олар тұтас немесе бос қималы сырықтар (болттар, шегелер, бұранда және т.б.). Оларды болаттан, пластмассадан және қатты ағаш түрінен жасайды (қайың, емен). Сыналы қосылыстар қозғалуға жұмыс істейді (сыналар майысады, ал қатынасатын ағаш мыжылады).



Сурет 15,3. Сына арқылы қосу.

а- сынанның жұмыс істеу сұлбасы; б- сына түрлері; в- сына қосылыстары.

Цилиндрлік сыналарды алдын ала тесілген ұяларына орнатады. Ұя диаметрі сына диаметріне тең немесе кішірек етіп алады. Екі немесе үш брусты қосу үшін пластиналы сыналарды қолданады, оларды арнайы дайындалған ұяларға орнатады (сурет 15,4). Сыналардың және ұяларының өлшемдерін, орнату араларын нормалар бойынша қабылдау қажет. Пластиналардағы талшықтар бағыты қосылатын жазықтыққа перпендикуляр бағытта болу керек. Сына орнату түзу немесе шахмат бағытта болуы мүмкін.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет