Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шығыс қазақстан облысы тарбағатай ауданы бағыты: Валеология, экология Жоба тақырыбы: «жалбыз жанға шипа»



бет7/9
Дата24.02.2022
өлшемі57,41 Kb.
#133166
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Көктүбек орта мектебі КММ Сейсен Зере
Приложение 2 - Лист2
Зерттеуіміздің жаңашылдылығы: Жалбыз өсімдігінің пайдасы, маңызы туралы біле отырып оның көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.

І Кіріспе


Жалбызым! Жалбызым!
Қасиетіңді білгенде
Өлмес еді жалғызым....
Халық нақылы
Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер-оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін.
Өсімдіктерді ауру- сырқауды емдеуге пайдалану әр елде өздеріне керек бағытта, әр түрде жүргізілген. Осыдан келіп жалпы дәрілік өсімдіктерді емдеу ісіне пайдалану жолдарын өрістетуде үлкен мүмкіндікке жол ашылды.
Греция елінің дәрігері Гиппократ осындай дәрілік өсімдіктердің 200-ден астам түрін жазып, оларды ауруларды емдеуге, қалай пайдалануға болатындығы туралы толық ғылыми тұрғыдан мағлұмат беріп кетсе, ал Грецияның Диоскорит атты дәрігері өзінің «Дәрілік заттар» еңбегімен тарихта қалған. Оның еңбегінде дәрілік өсімдіктердің 600 түрінің қолдану жолдары жазылған. Жалпы қолданып жүрген препараттардың 40% дәрілік өсімдіктерден жасалған.
Елімізде өсімдіктердің алуан түрлерімен және де емдік өсімдіктердің 500-ден астам түрлері бар екен. Халық емшілерінің тәжірибесінен қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. [Ырғызбай әулие кітабы – “BasPrint” баспаханасы 2018 жыл 120- 121 бет 1-әдебиет]
Б үгінгі таңда өз өлкеңе деген қызығушылықты арттырып, дәрілік өсімдіктің қажеттілігін түсіну, табиғатты қорғап, оның байлығын тиімді пайдалану кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып отыр. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, қолдануды ұсынады. Сондықтан алдыма мынадай мақсат қойдым: дәрілік өсімдіктерді зерттеп, оның адам өміріне және адам ағзасына тигізетін пайдасын зерттеу, анықтау және насихаттау. Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер көрсеткішінің ішінде тұрған өсімдіктің бірі – жалбыз.[Қазақстан ұлттық энциклопедиясы 2001 жыл 400- бет 2-әдебиет ]
Жалбыз (Mentha) — еріндігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық тамырсабақты өсімдік. Ол – хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жапырақтары қарама- қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз, кермек немесе бұрыш жалбыз секілді маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маӊында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынныӊ иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маӊызы бар. Ал кермек жалбыздыӊ жапырағы мен гүл шоғынан жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдыӊ негізгі құрам бөлігі – ментол. Құрамында шайырлы және илік заттар, каротин, гесперидин, аскорбин, хлороген, кофейн, урсол және олеанол қышқылы, аргинин, рутин, глюкоза, бетаин, бейтарап сапонин, фитостерин кездеседі. [«Ол кім? Бұл не?» 1984 жыл 365 бет 3-әдебиет]
Биіктігі 80-100 см. Сабағы төрт қырлы күрең-күлгін түсті. Жапырағы ұзынша, жұмыртқа пішінді, қысқа сағақты, тақтасының жиектері ара тісті иректелген жай жапырақ. Сабаққа қарама қарсы орналасады. Жапырағын саусақпен уқалағанда жағымды иіс шығады. Себебі, жапырағында 5% эфир майы болады. Маусым мен тамыз айларында гүлдейді. Гүлдері ұсақ, түбі біріккен 5 тостағанша жапырақшасы күлгін түсті. Түбі біріккен 5 күлте, оның екеуі бірігіп жоғарғы ернін, үшеуі бірігіп төменгі ернін құрайды. Сондықтан да, мұндай гүлдерді ерінгүлділер тұқымдасы деп атайды. Аталығы 4, аналық жатыны екі ұялы біреу. Гүлдері сабақ ұшына шашақ гүлшоғырына жиналған. Жемісі- жаңғақша. Жалбызды тамырсабағынан көбейтеді. Жалбыздың жапырақтары мен гүлдерінен ерекше хош иісті ментол заты бөлінеді. Эфир майында 55%-ға дейін ментол кездеседі.
Қазақстанда суармалы жерлерде, бұлақ, өзен, көл маңында, арық бойында, шалғындықта, тоғайда, таулы аймақта (2000 м биіктікке дейін) өсетін 9 түрі бар. Оның бұйра Жалбыз (Menthacrіspa), бұрыш Жалбыз (Mentha pіperіta) және дөңгелек жапырақты Жалбыз (Mentha rotundіfolіa) деген түрлері қолдан өсіріледі. Сондай-ақ ұсақ жапырақты жалбыз, ақ жалбыз және т.б түрлері кездеседі. Олардың ішінде кең тараған түрлеріне дала жалбызы мен бұрышты жалбызы жатады. Жалбыздың көпшілік түрі екіүйлі болғандықтан түраралық будан түрлері де кездеседі. Мысалы, бұрышты жалбыз, су жалбызы мен масақты жалбыз деген будан түрлері табиғатта кездеспейді. Оларды тек қолдан ғана өсіреді. [Қазақ Совет Энциклопедиясы 1974 жыл 236 бет. 4- әдебиет]
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді. Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары, халық медицинасы осындай шипалы емдік қасиеттері бар өсімдіктерді көптеп жинап, бүгінгі күнде олардын саны едәуір азайған.
Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы» аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Өсімдік тағамдарын ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көреміз.
Сондай-ақ біздің бау- бақшаларымызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерін де аса бағалы, «үй дәріханасына » қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшіліг аса пайдалы. Шипалы өсімдіктер қатарына әртүрлі сәнді өсімдіктерде жатады, өйткені олардың көпшілігі адамның көңіл күйін көтерумен ғана шектелмейді, бойындағы барлық сергектік заттардың арқасында олар денсаулығымыздың серігі де бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет