Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шығыс қазақстан облысы тарбағатай ауданы бағыты: Валеология, экология Жоба тақырыбы: «жалбыз жанға шипа»


[Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1978 жыл 567 бет 5 - әдебиет ]



бет8/9
Дата24.02.2022
өлшемі57,41 Kb.
#133166
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Көктүбек орта мектебі КММ Сейсен Зере
Приложение 2 - Лист2
[Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1978 жыл 567 бет 5 - әдебиет ]
ІІ Негізгі бөлім
2. 1. Жалбыздың емдік қасиеті

Жалбыздың емдік қасиеті ертеден мәлім. Оны халық жүз бір ауруға ем дейді. «Жалбызды жерде жан қалады, ерменді жерде ер өлмейді» деген мәтел бұл өсімдіктің осындай қасиетіне байланысты айтылған болса керек.


Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынып, одан қан кеткенде, тіс ауырғанда, баспада, сондай-ақ жоғарғы тыныс жолдарының қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады. Жалбызды булау, шаю және ванна жасау арқылы тері сыртына да қолдануға болады
Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жапырағын бір стақан (200гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады.
Кейбір дәрігерлер жалбыз тұнбасын қақырық түсіретін, әл беретін, несеп жүргізетін, жел шығаратын, қан тоқтатын дәрі ретінде қолдануға ұсынады. Ол үшін 10-20 грамм жалбызды 1 стақан ыстық суға салып тұндырады да ас қасықпен күніне бірнеше рет стақанның үштен біріндей мөлшерде ішеді. Сонымен қатар жалбызды пиязбен және балмен қосып пайдаланса, оның емдік қасиеті арта түседі. Әдетте туберкулезбен ауырған адам кейде түнге қарай көп терлейді. Бұған 15 грамм жалбыз жапырағын бір стақан қайнаған суға салады да, сол күйінде жарты стақаннан ішеді.
Дәрігер С.В. Линькова (Саратов қаласы) басқадай қосалқы аурулардан таза тек өкпе туберкулезімен ауырғандарға мынадай қосынды жасап ішуді ұсынады: Жалбыз жапырағынан 3-8 грамм, сондай-ақ қалақайдан, гүлшетеннен, ақбасжусаннан 2-4 грамнан алып араластырады. Бұл қоспаға 3 ас қасық қайнаған су құяды да жылы жерге қойып, жарты сағаттай тұндырады. Тұнбаны күн сайын жаңадан әзірлеп отыру керек. Оны күніне үш рет тамақ алдында жылытып ішеді. Емделу мерзімі 3 ай. Бұдан да ұзаққа созылуы мүмкін.. Туберкулезбен ауыратындар жөтелген кезде іріңді қақырық түссе және қатты терлесе, жалбызды сүтке қосып қайнатып, кейде жапырағын жартылай су қосылған шарапқа салып ішеді. Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өтқабы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, іш кепкенде, булыққанда, дауыс қарлыққанда, гриппен ауырғанда және суық тигенде қолданады, сонымен бірге, жалбыздан жасалған шайдың ішек құртын түсіретін қасиеті бар, сондай-ақ ол қарын сөлінің бөлінуін жақсартады және жүйкені нығайтады.


2.2. Жалбыздан тұнба, шай әзірлеу
Жалбыз шәйі адамзат баласына бағзы замандардан бері белгілі. Кейбір халықтар оны тыныштандыратын құрал ретінде қолданса, енді бірі тәбетті ашу үшін пайдаланған. Оның қара шәймен бірге демделген хош иісті жапырақтары кешқұрым жұмыстан шаршап келген адамның сенімді серігі. Жалбыз шәйі қызу көтерілген кезде, суық тигенде жақсы көмектеседі. Ол ашуды басып, жөтелді азайтады. Жалбыз өсімдігінің құрамында адам ағзасына пайдалы заттар мол. Соның екі қасығын аралыстырып күніне бір шай қасықтан үш рет екі ай ішсе, жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен өт жолының қабынуына қарсы қолданады. Жалбыз ұнтағының азмөлшерін бал орнына сары майға аралыстырып жоғарыдағыдай ретпен қабылдаса демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Тершең адам жалбыздың кепкен жапырағын ыстық суға бұқтырып демдеп, жатар алдында жарты стаканын ішіп, ал аяғының шуашы барлар сол суға үш мезгіл аяғын жуып жүрсе, бұл жағымсыз иістен арылады. Полиартритпен ауыратын адам кепкен жалбыз шөбін суға қайнатып, күніне бір реттен жатар алдында ванна жасап булап жүрсе сырқатынан сауығады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Еті тілініп кеткен жарақатқа, іріңді шиқан сияқты шығулар мен қотырларға жалбыз тұнбасын таңып тастаса, тез жазылады.
Жалбыздың пайдасы
Жалбыз қосылған шәй жүрек ауруымен ауыратындарға,тамақтан уланғанда,асқазан -бауырауруы мен ауыргандарга, жүйке жүйесі бұзылғандарға өте пайдалы. Және бас ауырғанда,қатты ашуланғанда ішу керек. Жалбызды 1 стаканға 2-3 еуін салса жеткіліті. Жалбыз қосылған шәйді: қан қысымы жоғары адамдарға,6 жасқа дейін толмаған балаларға, ішуге болмайды. Жалбыз қосылған шәй адам ағзасын тазалайды.Тағы бұл өсімдіктің дәрі жане құрғатылған шөп дәрі ретінде де қалалардың кез келген дәріханаларнда қол жетімді бағада сатылады
Бұл сусын асқорыту жүйесін ретке келтіріп, ас қорытуды жеңілдетеді. Сонымен қатар, жалбыз шайы бұлшық ет ауруларынан жазу қасиетіне ие
Елімізде өсетін жалбыз түрлері Кермек жалбыз. Кермек жалбыз – биіктігі 30-120 см шамасындағы көпжылдық шөптектес өсімдік. Оның тармақталған тамырсабағы көлбей өседі. Жапырақтары жұмыртқа тәрізді, бір ұшы сүйірлеу болады. Гүлдері ұсақ, түсі - бозғылт күлгін немесе қызғылтым, шоғырланып орналасады. Өзіне ғана тән хош иісі бар. Гүл шірнелігінде тәтті тірне жиналады. Өркендердің ұшында масақ тәрізді гүлшоғыр түзіледі.
[ «Ауырмаңыз» газеті №18. 06.09.2021 1- бет 6- әдебиет]


2.3. Жалбыз түрлері
Көк жалбыз
Ерінгүлділерде халық медицинасы мен медицинада дәрі ретінде пайдаланылатын өсімдік көп. Солардың бірі - көкжалбыз. Ол - биіктігі 1 метрге дейін жететін, жапырақтары ірі, сабағы тармақталған шөптектес өсімдік. Тостағаншасы үлпілдек түкті, күлтесі - ақ немесе қызғылт түсті, ерін тәрізді Маусымнан тамызға дейін гүлдейді. Гүлдері төбе жапырақтардың қолтығында масақ тәрізді топтасып өседі. Халық медицинасында тынысалу, асқорыту мүшелері талаураған кезде пайдаланады.
Бұрышты жалбыз.
Бұрышты жалбыз (лат.Mentha piperita) - өткір хош иісі бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Негізінен оны дәмдеуіш ретінде қолданады. Бұрышты мятаның майын тәтті пісірімдерге және шайнамалы резеңкелерге (сағыз), тіс пасталарына, дәрі-дәрмектерге хош иіс беру үшін қолданады. Майдың құрамында ұзақ жылдар бойы тыныштандыратын дәрілердің құрамына қосылып келе жатқан ментол болады.
Ақ жалбыз.
Ақ жалбыз - халық емшілігінде асқазан жолдарының ауруына қарсы қолданылатын дәрілік шөп атауы. Хош иісті, сабағы төрт қырлы, жапырағы қарама-қарсы орналасқан, жиегінде сирек ара тістері бар, гүлі кішілеу, солғын, жаңғақ жемісін жинап жұмыртқа тәрізді өсімдік. Гүлі толық ашылғанда алып, көлеңкеде кептіреді. Халық емшілігінде асқазан мен ішектің жедел қабынуына ақжалбызды суға қайнатып немесе жаншып шырынын алып суға қосып ішеді. Күн өткенде кезде жалбыз, райхан жалбыз, ақ бұршақты араластырып, суға қайнатып ішеді.

Арық жалбыз


Арық жалбыз (лат. Méntha longifólia) —
Тауқалақайлар (лат. Lamiaceae) тұқымдасының Жалбыздар (лат. Mentha) тегінің тамыр сабақты көпжылдық шөптес өсімдігі.
Мысық жалбыз
Мысық жалбыз, немесе будра (Glechoma) — ерінгүлдіктер тұқымдасына жататын өсімдіктердің бір туысы. Мұның 5 түрі бар, оның бірі — барқыт жалбыз, оның сабағы көлбеу өседі, буындарынан қосымша тамырлар өсіп шығады.
Бұйра жалбыз
Бұйра жалбыз (лат. Mentha Crispa) – жалбыздың қолдан өсірілетін түрлерінің бірі. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Жапырағының жиегі ара түсті, қарама-қарсы орналасады.

Дөңгелек жапырақты жалбыз


Дөңгелек жапырақты жалбыз (лат. Mentha Rotundifolia)

Дәрілік өсімдіктердің бірі – дөңгелек жапырақты жалбыз. Ол- хош иісті, көп жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік қоңыржай ендікте көп тараған. Дөңгелек жапырақты жалбыз суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ маңында, шалғындықтар мен тоғайларда, арық бойында өседі. Оны сабынның иісін жақсарту үшін пайдаланады, дәрілік те маңызы бар. Сабағы тік, жапырақтары қарама қарсы орналасқан болады.


Қара жалбыз -ол ерінгүлдер тұқымдас, көпжылдық өсімдік. Өзен мен көл жағаларында, тау баурайында, шабындықтар мен бақшаларда кездеседі. Демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Қара жалбыз жүрек ауруының бәріне ем. Сондай-ақ оны бүйрек пен бүйрек түбекшесі, бауыр мен өт жолының қабынуына қарсы қолданады.[ Ю.П.Лаптев. Рассказы о полезных растениях //М.: «Просвещение», 1982. 97- әдебиет ]






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет