Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы №63жалпы орта мектеп



бет6/14
Дата07.10.2023
өлшемі80,57 Kb.
#184060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ғылыми жоба Күзербаева Н
отчетқа, практика
МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫНЫҢ ЖАУҺАРЛАРЫ


2.1 Мағжан поэзиясының жанрлық-стильдік ерекшелігі
Мағжан поэзиясының көркі мен сұлулығы, сыршылдығы мен жыршылдығы, суреткерлігі мен ойшылдығы талай рет оқырманын тамсандырып, талай дуалы ауыздардың ілтипатын иелендіріп, өзіне тәнті еткен. Атын атауға жасқанып, бұқпантайлаған заманда да тасты жарған тас бұлақтың суындай нәрлі поэзия жасырын оқыған талай жүректі өзіне баулап, өзгеше күйге бөлегені шындық. Мағжан поэзиясының осынау құдірет күшін өз замандастары толық мойындап, кейі ашық, кейі жұмбақтап болса да жазып та, айтып та кеткен.
«Мағжан-культурасы зор ақын. Сыртқы кестесінің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай», - деген еді Мұхтар Әуезов. Өз замандастарынан тума таланты мен білім деңгейі жағынан, жарты ғасыр алға жылжып кеткендіктен, оның сырға толы астарлы ойларын түсінуге төңірегіндегі шала сауаттылар қауқарсыз болды. Бұдан Мағжан қолданған әдеби әдіс тек Европа мен орыс әдебиетіне ғана тән жетістіктер екен, ол қазақ топырағына жат болған деген пікір тумауы тиіс. Мысалдап сөйлеу, ойын астарлап, бірдемеге меңзеп, тұспалдап айту қазақтағы шешендік ділмарлық өнердің ежелден келе жатқан кәнігі тәсілі болған. Мағжан қазақтың шешендік өнерін әлем әдебиетіндегі озық үлгілермен толықтырып, жетілдіріп, жаңа әдеби тәсілдерді енгізді.
ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихында өзіндік бейнешілдік стилімен дараланған, Мағжанның жаңашылдығы әлем әдебиетіндегі символизмнің пайда болуымен де байланысты.
Символизм алғаш әлем әдебиетінде романтизммен бірге болды. Кейін романтикалық сарын өршіл және кері тартпа болып екіге бөлінгенде, ойды бейнелеп жеткізуде шындық пен жалғандықтың ара салмағын өлшеп көрсететін әдеби құралға айналып, ХІХ-шы ғасырдың ортасында әдебиетте романтикалық сарын мен реалистік шындыққа қосымша - жаңа әдеби әдіс болып, Европа және орыс әдебиетінде қалыптасады.
Қоғамдағы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты, бірде күшейіп, бірде жоғалып отырады. Оны пайдаланушылардың да көзқарастары әр түрлі болады. Өмірдің шындығын шығармада ашып жазудың қажеті жоқ, оқыған адам қалай қабылдаса солай болуы керек дегендер, сөз сиқыры арқылы айтпақ образды ойларын оқырман санасына сендіру арқылы жеткізіп, қайғыртып, қуантып, түрлі көңіл күйге бөлеуі керек деушілер де табылды. Сиволизмге: «Оқырман мен суреткерді жақын табыстыратын тәсіл», - деп А.Толстой жоғары баға береді.
Символизм күш ала келе әдеби стиль ғана емес, қоғамда өзгерістер жасайтын саяси қару, экономикасы тұралап жатқан елдердің, ішкі ынтымағын ыдыратып, төңкеріліс жасап, басып алу мақсатындағы соғыс тәсіліне де айналады. Ол мақсаттарды іске асыру үшін мағынасыз қимыл мен жекелеген сөздерді пайдалану арқылы, санаға әсер етіп, адамдардың ашу-ызасын қоздырып, қытығына тиген. Сондай-ақ символизм - қоғамдық басқару жүйесіндегі кемшіліктермен көзқарасы келіспегендерді қоғамнан аластаудағы, қоғамдық бәсекелестік күшейгенде, тәртіп сақшыларының қолданған қаруы да болған. Бұдан символизмнің үлкен күрделі процестерді бастан кешіп, дамып келе жатқандығы, оның өміршеңдігі ғана емес, тағдырының да көп жағдайда қоғамдық билікпен тікелей байланысты болғандығына дәлел. Себебі ашық айтылған ой бақылауға алынып қудаланса, баспасөзде жазылған пікірлерді цензура жібермеді. Осыдан келіп мағынасы сырғымалы, ойы екі ұшты, тұманды тұйыққа тірейтін, абстрактылы, философиялық шығармалар пайда болды. Ол бастапқыда поэзияда көрініс берсе, кейін прозаға ауысты.
Мағжанның символистік тәсілі екі арнада қалыптасты. Алғашқысы, этногенетикалық тегімізбен байланысты. Себебі, Мағжанның шығармашылығы қазақ әдебиетінің ояну дәуірімен тұстас келгендіктен, ұлтының көне тарихын тірілту арқылы ұлттық санасына қозғау салуға ұмтылды. Екіншісі, Европа және орыс әдебиетінің озық тәсілдерін пайдалана отырып, қазақ әдебиетін жанрлық және көркемдік жағынан байытты. Этногенетикалық тарихымызға назар аударсақ, қазақ символизмінің алғашқы бастауы тау шатқалдарындағы қашап салынған суреттерден басталған. Ата - бабаларымыз дүние танымдарын аңдардың, құстардың образында бейнелеп отырған. Бұл сол кездегі ата-бабаларымыздың ойларын суреттермен образдап айта білгендігін дәлелдейді. Демек, қазақ даласындағы тау шатқалдарына қашап жазылған суреттер образды ойлау адам жаратылысымен бірге келе жатқандығын дәлелдейді. Мысалы жартастағы суреттер. Ойды символдап айту, символдап беру тәсілі қазақ топырағына жат болмаған. Оның шығу тегі: «Адамзат табиғат құбылыстарын түсініп болмаған, айналасындағы қас күштердің қастандығынан қауіптеніп, оларды алдап, астарлап сөйлесу керек», - деген нанымы мен де астасып отырған, - дейді профессор Ш.Керім. Символист ақындар ақсүйектер әдебиетінің өкілдеріне жатады. Ендеше ойды бейнелеп айту тәсілі, этногенетикалық қанымызбен қабысып, көнеден келе жатқан дәстүр десек, С.Кенжахметов: «Қазақ халқының символизмі, ұлттық психологиямызға негізделген. Ол ішкі сезімдер мен іс-әрекетті сөзбен айтпай, ыммен, ишарамен, қимылмен, еппен сездіретін ұғымдар болып табылады. Мұны әдет-ғұрып деп атайды», - дейді.
Мағжан ойды бейнелеп айтатын генетикалық көне дәстүрді, поэзиясында ойларын образды бейнелеу үшін пайдаланған. Сөйтіп оқырманның сезімін басып, көңіл күйіне ықпал етіп, ойын толқытқан. Бұл арқылы Мағжан поэзиясына Европа мен орыс әдебиетінің әсері болмаған екен деген ой тумаса керек, керісінше ол Европа мен орыс әдебиетінің үздік тұстарымен кеңінен танысқан, нәрімен сусындаған адам. Оның ХХ-шы ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінен көрінген символистік тәсілі Сарыарқаның ызғарлы көктемінің арасынан басын көтерген бәйшешектей болды.. Себебі, осы кезеңде 1906 және 1914 жылдарды қамтыған орыс революциясының ызғары, қазақ даласына да сезіліп, өз өктемдігін жүргізе бастаған. Сол кездегі қоғамдық қысым оның символистік шеберлігін шыңдап, бейнешіл ақын болып қалыптасуына септігін тигізді. Ендеше, Мағжан - Батыс әдебиетінде ХІХ-шы ғасырда, орыс әдебиетінде ХХ-шы ғасырдың басынан гүлдене бастаған символизмді, қазақ әдебиетінің топырағында түрлендірген ақын. Бейнешілдікті халықтың әлеуметтік тұрмысымен байланыстырған қазақ әдебиетіндегі символизм мектебінің іргетасын қалады. Ұлттың ұйықтап қалған сезімін ояту үшін жазылған өлеңдерінде қатаң дауысты дыбыстарды іріктеп пайдаланды. Оған «Түркістан» және «Қазақ тілі» өлеңдерін мысал етуге болады. Онда буындарды үндестіру арқылы азамат соғысының салдарынан әлсіреп, иықтары түсіп кеткен этностың намысын оятып, мақтанышын қоздырып, жанына жігер, бойына ерік пен күш дарытып, ұлттық рухын оятып жігерлендіруге әрекет жасағаны өте сәтті шыққан. Осы өлеңдегі сөздердің сиқырлы күші оқырмандарының бойына қуат беріп, делебесін қоздырып, көкірегінде ыстық қанын ойнатып, ұлттық рухын динамикалық қозғалысқа келтіреді. Мағжан оны ашаршылық пен азамат соғысының қасіретіне ұшыраған қазақтың сезімін сергітіп, намысын оятып, бойына қуат, ойына от беріп, жасыған жанын жадырату үшін пайдаланған. «От» өлеңінде қанында оттай ойнаған қуатты екпін мен жігерлі сөз нөсерінен отты құйын ойнатады. Сол арқылы, халықтың белсенділігін арттырып, жігерлендіріп, бойына күш-қуат құюға ұмтылады. Олардың өліп жатқан санасындағы қорқынышты отпен аластап қуалап, қатердің алдына тосқауыл ретінде алып шықпақшы болады.
Оған Мағжанның «Түн айтқызды» деп аталатын өлеңін мысал етуге болады. Символистер түнді жамандықтың образында бейнелейді. Ендеше мұны Мағжанға жамандық жазғызғандығын сеземіз. Өлеңде қазақ елінің басынан өткен қасіреті, қоғамның сырт көзден жасырын отырған саясаты, әлеуметтік-психологиялық күйзелісте беріледі. Байғыз - халқы қырылып иен қалған ауылдар мен қыстақтарды, бос қалған қаланың орындарын мекендейтін - құс. Аңыздарға сенсек, Шыңғыс ханның билігі кезінде, халқы тұтас қырылып қалған қалалардың орындарына, тек байғыздар ғана иелік жасаған екен. Бұдан байғыздардың жаманшылыққа ұшыраған жерлерде жүретін жамандықтың бейнесі екендігіне көз жеткізуге болады. Ақын ұлт трагедиясын бейнелеуде осы көне нанымды 1921-1922 жылғы аштыққа ұрынған халықтың басындағы қаралы жағдаймен байланыстырады. Сол жылдың соңында аман қалғандарына көмекке шыққан отрядтардың бірін, Мағжанның өзі басқарып шыққан болатын. Сонан алған әсерін сапарнамалық өлеңдер топтамасында келтірген. Сол кездегі ақынның ішкі қобалжуы мен күдігі өлең астарында өте әсерлі жазылған. Өлең небәрі сегіз жолдан ғана тұрады. Алдарынан ауыл адамдарының әдеттегідей қуана шықпай, керісінше, байғыздың түнде ауық-ауық үн беруімен ауылдың бүліншілікке ұшырағандығын бейнелейді. Халықтың басына түскен жаманшылық түн образында бейнеленген. Өзі де қараңғы түнде жалғыз келе жатқандай сезінеді. Төңіректегі тылсым тыныштықтың түңлігін түргендей, байғыздың үні ауық-ауық ащы шығып, иесі өзі екендігін сездіргендей болады. Жалғыз атты жолаушы төбесіне құлап кетердей төніп тұрған таудың биік-биік құздарынан қорықпайды, саңқылдап өз өктемдігіне көңілі тойғандай болған байғыз үнінен түршігіп, еркіне бағындырғысы келген даусынан үрейленеді. Қараңғыда сүрініп кетпейін деп қалбаңдап келе жатқан адамның күйін кешеді. «Күңірентіп, қолымды көкке жайдырып жамандықты бере көрме, жақсылық бер» - деп Тәңірге жалбарынады. Ақынның ішінде үміт пен күдік алмасады. Жан-жағын қармалаған түннен де, сол түнді жамылып бұғып, жамандықты хабарлап тұрған байғыздың даусынан да қорқады.
Халықтың оны ежелден жаманшылықтың хабаршысы деп қорқатыны, кеңес өкіметінің кемшілігінен болған қасіреті етіп алынған. Бұл өлеңнің екінші астарында ақынның өз тағдыры бар. Ел дербестігін аңсаған ойын түсіне алмаған ортаны түнгі, ойларына соны салып жүрген өзін қараңғы тау ішінде, түн тыныштығын бұзып, ауық-ауық үн беріп қоятын байғызға балайды. Мағжан «Қанышбай қысасы» поэмасында көне нанымды жаңа ұрпақ санасын тәрбиелеудегі құрал ретінде пайдалануға болатындығын дәлелдеп, нанымды жаңа әдеби әдіс ретінде пайдалануды ұсынады. Сөйтіп көнені тірілту арқылы прогресске жетуге де болады дегенді ойға салады. Ж. Аймауытов айтқандай, «сыртқы түрі бейнешілдік, ішкі түрі күйректік, жылауықтық», сарында жазылған Мағжан өлеңдері екіге бөлінеді. Біріншісі - Мағжанның «Қысқы дала», «Жазғы дала», «Қараңғылық қоюланып келеді» және т.б. өлеңдерінің тақырыптық, сарындық ұқсастығы, халқының мұңын мұңдау көрініс тапқандығы да, екіншісі - Мағжанның түңілу сарында жазылған өлеңдерінің кейбірінің өз басындағы қайғы-қасіретпен ұштасуында. Екінші топтағы өлеңдеріне: «Мені де, өлім әлдиле», «Ой», «Күзді күні», «Алдамшы өмір», «Альбомына», «Жел», «Сағындым», «Сарғайдым», «Түс», «3-ға», «Бүгінгі күн өмір, өлім – менікі» және т.б. жатады. Бұл дүниеден түңіліп, о дүниенің келуін күту сияқты мағынада жазылған өлеңдерінің бірі «Мені де, өлім, әлдиле». Мағжан шығармаларын жинап, бастырушылар: «Сүйікті ұлы Граждан мезгілсіз қайтыс болғаннан кейін жазылған болса керек, өйткені өлеңде періште күйінде о дүниеге аттанған жас нәресте, жасқа тұншығып өлген. «Бетінен алма қан тамған» жас сұлу образдары бар», - деп, өлеңнің шығу тарихына түсінік береді.
Мағжанның «махабатты жүрекке қуат берер, нәр берер асыл сезім деп бағалауы» азаттық оймен астасып кеткен өзгеше бір түйін. Ақынның осы бағытта жазған өлеңдерінің бірі - «Сүй, жан сәулем» махаббаттың биік мұратынан, әдемі сезімнен жаралған жыр маржаны.
«Сүй, жан, сәулем: тағыда сүй, тағыда!
Жылы тәтті у тарасын қаныма...
Мағжан поэзиясында ол екі мәнде көрінеді. Алғашқысы, болашақтан түңілушілік, екіншісі, болашаққа оптимистік сарында. Символист ақындардың көпшілігінде кездесе бермейтін оптимистік сарын «Мен жастарға сенемін» өлеңінен байқалады. Ақын аталған өлеңінде жастарға сенім артса, олардың барлық күш-жігерін салып орындайтындығына сенген. Себебі, балалар мен жастар өздеріне жауапты іс жүктелгендігін жақсы көреді. Өздеріне сенгендігін қалайды. Болашаққа өз қадамдарымен жол тауып барғанды жөн көреді. Бұл оларды алдарындағы небір қиын асуларды бұзып - жарып өтулеріне көмектесіп, жігерлерін қоздырап, қандарын ойнатып, бойларына күш, ойларына қуат береді. Бұдан Мағжанның, қазақ әдебиетінде кері тартпа романтизм мен өршіл романтизмді біріктіріп қатар алып жүргендігіне көз жеткіземіз. Өршіл романтик екендігі осы өлеңінен байқалса, кері тартпа романтикалық сарын болашақ ұрпақты өткен тарихымен таныстырамын деген мақсаттан туындаған. Оны «Батыр Баян» поэмасының кіріспесі мен «Қорқыт» поэмасындағы өткен заманға сағынышын білдірген тұстары аңғартады. Ал, жаңашылдығы - ұлттың ұмытылып бара жатқан тарихын еске салуда символдық образдарды ерлікке шақыратын құрал ретінде пайдалануы. «Батыр Баян» поэмасында Баянның інісін не үшін өлтірген себебін өз-өзінен сұрату арқылы оның мәнісін іздеп табуды оқырмандардың өзіне жүктейді. Сөйтіп, тарихы белгісіз атанған қазақтың тегін еске салып, намысын оятып, тәуелсіздік үшін күресуге ымдайды. Жаңа заманның өзі келісе алмайтын солғын тұстарына қарсылығын білдіреді. Бұл арқылы ертеде қандай ел едің деп, жасыған жандарына қуат беріп, рухы өлуге айналған елді «тірілтуге» тырысады. Сол арқылы этнос пен этностың арасында тең еместік деген кедергіні жойып, мәдениет пен тарих алдында тең емес халықтар болмайтындығын дәлелдейді. Бұдан Мағжанның символистік тәсілдері санаға психологиялық сендіру арқылы үстемдігін жүргізуге негізделгені байқалады. Сол арқылы ол өз құдіретіне өзі сенбей жасқанып тұрған халықтың бойына жігер, ойына қуат пен рух беріп, санасындағы күдік пенен күмәннің ара қатынасын үзіп, өз-өзіне баға беруге үйретіп, ұлттық сезімін ояту арқылы болашаққа сеніммен қадам басуға тәрбиелейді. Біздер үшін Мағжантану мәңгіге жалғаса бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет