Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Шымкент қаласы Еңбекші ауданы №63жалпы орта мектеп



бет2/14
Дата07.10.2023
өлшемі80,57 Kb.
#184060
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
ғылыми жоба Күзербаева Н
отчетқа, практика
Мақсатқа жету жолдары:
1.Ақынның шығармаларын бастан-аяқ оқу ,сараптау, материалдарды іріктеу, автордың өлеңдерін топтап, жүйелеу, әрі қарай саралап, дамыту ;

2.Автор шығармашылығы туралы зерттелген жазушылардың қосымша еңбектерін оқу, іздену, сараптап ,қажетті материалды бірізге түсіру ;


3.Ғылыми жетекшіммен жоба жөнінде талқылау, пікірлесу, қосымша еңбектерді қарастыру, күнделік жүргізу арқылы әр күнгі пікірімді жүйелеп, түртіп алып отыру ;


АННОТАЦИЯ

Белгіленген жұмыс өз алдына мынадай мақсат қояды: Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі, өзін қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай лайықты жасалған туған тілі, әдебиеті, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-бекемі де айқындалып танылмақ.


Қазақ халқының сан ғасырлық тарихы бар әдеби қазынасының терең бір арнасы – ақындық өнері. Бұл өнер заманалардың қатал сын-дауылдарынан мүдірместен өтіп, өзінің сан қырлы көркемдік сипатымен сақталынып, көшпелілердің биік руханияты мен мәдениетінің сарқылмас бұлағына айналды. Қазақ өлеңдері о баста ауызекі түрде шығып, тарап, өз тыңдаушыларының жүрегіне биік орнығып, әр заманда сұрыпталып, сан түрлі реңі-бояуларымен, міне XXI ғасырға да жетіп отыр. Осы орайда М.Жұмабаев поэзиясының көркемдік ерекшеліктерін арнайы әдебиет теориясы бойынша талдап, өлең құрылысы бойынша жіктеп бөлу.
Зерттеу жұмысы мынадай жолдармен жүргізілді (Зерттеу аппараты):

1.Мағжан поэзиясы туралы мектеп бағдарламасында қысқа нұсқа берілгендіктен біз «мағжантанушы» ғалымдардың еңбегін басты назарға алып, ақынның ерекшелігі қарастырылған, бұл –іздену әрекеті;


2. Ақын шығармашылығы, оның шығармашылығының негізгі кезеңдерін жіктеп, арнайы қарау-практикалық жұмыс нәтижесі;
3 Мағжан жайлы айтылған пікірлерді жинау- сұрыптау, саралау- әдіс-тәсіліне жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет