Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысы Шардара ауданы «Ұзын-Ата» жалпы орта мектебі



бет2/7
Дата04.01.2022
өлшемі2,04 Mb.
#129150
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
геог факультатив 10-11 с
№ 1 БЖБ 10 ЖМБ қазақ тілі 4-тоқсан (1)
Шығармашылық

жұмыс: Қоршаған ортаны қорғау

Телефон: 8-702-939-27-30

«Әлем елдерінің өлкелерімен танысу» тақырыбындағы қолданбалы курстың бағдарламасы
Қолданбалы курс 34 сағатқа негізделген, аптасына 1 сағат

І. Курстың мазмұны

ІІ. Түсінік хат

ІІІ. Таңдау пәнінің мақсатымен міндеті

ІV. Оқушыларға қойылатын талаптар

V. Оқу курсының тақырып мазмұны

VІ. Тақырыптық жоспар

VІІ. Білім беру деңгейін бақылау

VІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

І. Курстың мазмұны
Курстың білім беру мазмұны құрылымындағы орны: «Дүние жүзіне аймақтық шолу географиясының жалпы сипаттамасы» тарауының бір бөлімі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің барлық жолдауларында мемлекеттің мықты болуы білім мен ғылымды дамытуға байланысты екенін айтып келеді. Осы жолы да «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді, және денсаулығы мықты азаматтар» деді. Бұл үшін: «Ұлттық білім берудің барлық буынының білімін жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр» деген болатын.

Курсты меңгеру барысында оқушылардың теориялық білімдерін практикада сынауға мүмкіншілік беріліп, іскерлік, ізденгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.




ІІ. Түсінік хат

Бүгінгі күні география пәні сұранысқа ие мамандықтарды таңдауда қажетті пән болып отыр. Сондықтан «Әлем елдерінің өлкелерімен танысу» тақырыбындағы қолданбалы курстың мәні зор.

Курс қазіргі география пәнін өту барысында мектеп бағдарламасының қамтылмайтын (алайда ұлттық біріңғай тестте кездесетін елдерге сипаттама жасау) қазіргі таңдағы көптеген геосаяси жағдайлардың шығу себептерімен тереңірек танысады және әр тақырыпқа арналған терең мағлұмат беретін тақырыпты бекітуге арналған тест тапсырмаларымен жұмыс жасайды.

Оқу әдістемелік жоспары бөлімінде оқылатын тақырыптар сағатқа бөлініп және өтілетін тақырып жайлы кең көлемді материалдардың берілуі мұғалімнің уақытын үнемдеп, оқушыларға да дидактикалық үлестірмелер есебінде қолдануға ыңғайлы болып отыр.

ХХІ ғасыр-білімді шәкірттердің ғасыры. Озық ойлы шәкірттің бойына білім нәрін қазіргі талап тұрғысынан бере білу-ұстаз еңбегінің басты нәтижесі. Қай қоғамда болмасын адамзат баласының басты міндеттерінің бірі-ақылды, сапалы, еңбексүйгіш тұлға тәрбиелеу.
Қазіргі уақытта жас ұрпаққа сапалы білім беру, саналы тәрбие берудің тиімді жолдары сан алуан. Жер бетіндегі барша халық ұрпағының адал, ержүрек, қайырымды, ар-ұяты мол елжанды азамат болғанын қалайды.

Оқушылар әлемдік өзгерістер мен құбылыстардың кеңістікте көрініс табуын танып біледі. Адамзат өмір сүріп отырған әлем өзара тығыз байланысты, әрі өзара тәуелді. Біз бәріміз бір планетада қатарласа тіршілік етеміз, ал бұл планетамызды бөлшектеп танып-білу өте-мөте қиын. Міне, сондықтан бұл «Әлем елдерінің өлкелерімен танысу» тақырыбындағы қолданбалы курсында бүкіл дүние жүзі елдері жайлы әңгіме ететін боламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет