Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы



бет2/3
Дата06.02.2022
өлшемі67,36 Kb.
#81770
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Бағдарлама Мамандандыру бейінді
stud.kz 14077
« » 20 ж
Кафедра меңгерушісі: Надиров Қ.С.
(аты-жөні) (қолы)
Бекітілді:
Директордың бейіндік оқыту
жөніндегі орынбасары:
Нұржаева Э.А ______________
(аты-жөні) (қолы)
Ф-ПК-03/2.2



  1. Түсіндірме жазба

Осы оқу жұмыс бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы №72 бұйрығының 27,28 – қосымшаларына)сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы 010502 3 «Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.


Пәннің мақсаты – студенттердің мәліметтер қоры туралы түсінігін қалыптастыру, ақпараттық қоғамда толып кеткен ақпарат басқаруға деген қабілетін арттырып, қызығушылығын ояту, шығармашылығын шыңдау, алған білімін практикада қолдануға даярлау.
Пәннің міндеттері:

  • Мәліметтер қоры, мәліметтер қорын басқару жүйесі туралы білім беру;

  • Студенттің логикасын, өзіндік танымдық іс-әрекетін және шығармашылық қабілетін дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау;

  • Мамандықты игеруде мәліметтер қорын басқару жүйелерін құруға, оны қолдануға үйрете отырып, кәсіби құзіреттіліктерін қалыптастыру және шыңдау.

«Мәліметтер қорын басқару жүйесі» пәні бойынша оқу жұмыс бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: дәріс, дәріс – диалог, семинар, сабақ – практикум және басқалар.
Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, жағдайлық мәселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, ролдік және іскерлік ойындар, ақыл – ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқалар.
Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім берудіізгілендіру, проблемалық оқыту, ойын, модульдік, ГТЦ, VCT, ақпараттық – коммуникациялық, ұжымддық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдетту жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Оқу жұмыс бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушыларды білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: математика, информатиканың теориялық негіздері.
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: педагогика, информатика, ағылшын тілі, математика.

Ф-ПК-03/2.3







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет