Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



Pdf көрінісі
бет6/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2
БМ әдебиетті оқыту әдістемесі3-курс, 1-ОМӨЖ. Галилейдің эксперименті. Молекулалардың таралу жылдамдығын меңгеру әдісі, 097f4db7-ab4e-43db-b646-4fd98c8e10f0, қмж 7а кл архимед заңы, Қоршаған ортаның қолайсыз факторларына байланысты оқу қиындықтар 2, срсп, Руханият срсп 11
соғды  жазуы
 негіз  болған  деген  пікір  бар.  Дания  ғалымы 
В.Томсен  мен  орыс  ғалымы  Е.Д.Поливанов  түркі  әліпбиін  арамей  әліпбиіне 
жанасымы  жоқ  идеограммалардың  негізінде  пайда  болды  деген  болжам 
жасаған.  Орыс  шығыстанушысы  Н.Аристов  түркі  әліпбиін  ешбір  бөгде 
әліпбидің ықпалынсыз, түркі таңбалары негізінде туған төл жазу деп санайды.
 


12 
 
Ал әріптік жазуға дейін сурет жазуы қолданылғанын еліміздегі тау-тастардағы 
түрлі суреттер арқылы дәлелдеушілер бар. Түркі жазуында дауысты, дауыссыз 
дыбыстардың  әрпі  болған,  кейбір  әріптер  екі  дауыссыз  дыбысты  белгілеген. 
Әріптер  жуан,  жіңішке  дыбыстарды  ажыратқан.  Әріптер  белгілі  жүйеде 
қолданылған. Түркі халықтары кейін араб әліпбиін қолданып жазған, бұл жазу 
мұсылман  дінінің  таралуымен  бірге  келген.  Араб  жазуын  түркі  халықтары, 
оның  ішінде  қазақ  халқы  ұзақ  уақыт  қолданған.  Алғаш  араб  әліпбиіндегі 
әріптер  түгел  қолданылған,  тек  1926  жылы  А.  Байтұрсынов  оған  реформа 
жасап, ондағы артық әріптерді шығарып тастап, жазуды көп жеңілдеткен. 1926 
жылдан  бастап  1940  жылға  дейін  қазақ  халқы  латын  әліпбиінде  жазып  келіп, 
кейін кириллицаға (1940 жылдан бастап) көшті. 
Рет-ретімен  орналасқан    әріптердің    жиынтығы    әліпби  деп    аталды. 
Жазудың әліпбилік үлгісін, яғни таңбаның бір ғана дыбысқа (фонемаға) сәйкес 
келуін  б.з.д.  ІІІ  мыңыншы  жылдардың  ортасында  семит  халықтары  сына 
жазудағы 
таңбаларды 
пайдалана 
отырып, 
дауыссыз 
дыбыстарды 
дауыстылармен  тіркесуіне  қарай  үш  түрлі  таңбамен  берген,  (мысалы:  т 
дауыссызын та, те, ти), өйткені семит тілдерінде үш-ақ дауысты дыбыс бар. Ал 
б.з.д.  ІІ  мыңыншы  жылдың  алғашқы  жартысында  консонтаттық  буын 
жазуының жаңа түрі пайда болып, кез келген дауыстымен тіркескен дауыссыз 
жоғарыда  айтылған  сына  жазудағыдай  әр  түрлі  таңбамен  берілетін  болған. 
Б.з.д. ҮІ-ІҮ ғасырларда Кіші Азиядан Үндістанға дейінгі билік құрған Ахемен 
әулеті билеген парсы мемлекетінде қолданылған парсы-арамей жазуы (парфян, 
соғды,  хорезм  жазуларына  негіз  болған),  еврейлердің  шаршы  жазуы,  сирия-
арамей жазуы (манихей, несториан, яковит жазуларына негіз болған), жол асты, 
жол  үсті  дәйекшелерімен  толықтырылған 
араб жазуы,
 
т.б.  арамей  жазуының 
жергілікті  тармақтарына  жатады.  Тұңғыш  әліпби  жасағандар–Финикия  елінің  
тұрғындары.    Финикиялықтар  оңнан  солға  қарай  жазатын  болған,  олардың 
алфавитінде  дауысты  дыбыстар  жоқ,  тек  дауыссыз  дыбыстар  әріппен 
таңбаланатын  болған.  Осы    әліпбидің  негізінде  арамей  (арабтардың  бір 
тайпасы) және грек әліпбиі жасалды. Арамейәліпбиін Шығыс елдері қолданды, 
бұларда  әріп  тек  дауыссыздарды  ғана  бейнелейді,  дауысты  дыбыстар  үшін 
арнайы  белгілер  қолданылды  және  солдан  оңға  қарай  жазды.  Батыста  грек 
әліпбиі пайда болды. Гректер дауысты дыбыстар үшін әріп ойлап тапты. Грек 
әліпбиі  негізінде  латын  әліпбиі  пайда  болды.  Бүгінде  пайдаланып  жүрген 
кириллицаға келетін болсақ,  бұл әліпбиді бұдан мың жылдан аса бұрын болгар 
священнигі,  оқымысты,  ағартушы  Кирилл  өзінің  шәкірті  Мифодиймен  бірге 
славяндар үшін ойлап тапты. Түзу сызықты финикий әліпбиі бастапқы түрінде 
Кіші  Азия,  Грекия,  Италия  т.б.  елдерде  қолданылады.  Ал  көне  грек  әліпбиі 
бірнеше  тілдердің  жазу-сызуына  негіз  болады.  Бұлар  жазу-сызу  тарихында 
батыс әліпбилері деп аталады. Классикалық грек жазуы, Византия жазуы, копт 
(христиан  мысырлықтар),  гот,  славян  жазулары  көне  грек  әліпбиінің  Шығыс 
тармақтарына жатады. Ал италий, этрус, көне герман сына жазу т.б. батыс грек 
әліпбиінің  тармақтары  болып  саналады.  Этрус  әліпбиі  латын  әліпбиіне  негіз 
болған. 


13 
 
Тарихи  деректерге  қарағанда  еврей  жазуы,  қыпшақ-армян  жазуы  деген 
ескерткіштердің  де  бар  екендігі  белгілі.  Жекелеп  тоқталатын  болсақ, еврей 
жазуын кейіннен қазақ халқының құрамына кірген Хазардың беріш тайпалары 
қолданған.Қыпшақ-армян  әліпбиін  қыпшақтар  ХІІ-ХІІІ  ғасырларда  өз  тілінде 
діни,  заң  және  басқа  әдебиеттерді  жазуда  қолданды.  Әліпбидің  бұлай  аталуы 
мұнда армян әріптерінің басым болуында. Ғылымда бұдан басқа ұйғыр, соғди, 
манихей,  сирия,  тибет  және  брахми  жазуларымен  жазылған  түркі 
тайпаларының эпиграфтық ескерткіштері де белгілі.
 
Қазақстан  жерінде  орхон  әліпбиінен  басқа  ҮІ-ҮІІ  ғасырларда  ұйғыр-
найман  деген  әліпби  болған.  Бұл  әліпбидің  орхон  әліпбиінен  айырмашылығы 
араб  әріптері  секілді  сөз  басында,  сөз  ортасында  және  сөз  аяғында  болуына 
байланысты әр түрлі болып жазылған. «Орхон да, ұйғыр да арамей әліппесінен 
өз  алды  өзгертілген,  бірақ қай  уақытта  екені белгісіз...»  – дейді  С.Аманжолов 
әліпбилер  тарихы  туралы  еңбегінде.  Орхон  әліпбиіне  қарағанда,    ұйғыр 
әліпбиін қазақ халқына бір табан жақын деуге болады. Оның себебі ерте кезде 
сол  әліпбиді  қолданушы  наймандар  –  бұл  күнде  қазақ  халқының  ішіндегі  бір 
рулы ел. Екінші жағынан, ұйғыр әліпбиі қазақ ел болып қалыптасқаннан кейін 
де,  Абылайға  дейінгі  қазақ  хандығын,  Еуропаның  көбін  өзіне  қаратып  алған 
монғолдардың  заманында  да  түркі  тілдес  (ХІ-ХҮ  ғ.)  халықтардың  негізгі 
әліпбиі болып саналды.
 
       Қазақ  тіліндегі  дыбыстар  жүйесін  арнайы  зерттеп,  әліпби  құрастырған 
қазақтың  алғашқы фонологі – Ахмет  Байтұрсынұлы.  А.Байтұрсынұлы  өзінің 
бүкіл  саналы  өмірін  қазақ  жазба  тілін лексикалық шұбарлықтан,  басқа 
тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын 
дамытқан. 
А.Байтұрсынұлы 
қоғам, 
ғылым 
және 
мәдениеттің 
өркендеуі  жазу арқылы  іске  асатынын  жақсы  түсінді.  Ғалым  сауатсыздықты 
жою үшін әріп, оқулық мәселесін кезек күттірмейтін мәселе екенін біліп, 1910 
жылдан бастап, араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, 
оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби 
түзеді.  Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан  қолайлы-қолайсыз 
жерлерін,  оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз  жақтарын  таразылай  отырып,  24 
әріптен  тұратын  әліпби  құрастырады.  Әліпбиде  қазақ  тіліне  тән,  төл 
дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді 
сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады.
 
Өте-мөте  кең тараған  әліпби – латын    мен орыс әліпбилері. Әзербайжан, 
қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, татар, т.б. түркі  тілінде  сөйлейтін 
халықтардыңәліпбиі  20  жылдардың    аяғына    дейін    араб    графикасына  
негізделген.  Қазақ  және  түркі  халықтары  сан  ғасыр  бойы  пайдаланып  келген 
араб  әліпбиі  арқылы  қазақ  жазба  мұраларының  көпшілігі  біздің  заманымызға 
жетті.  Араб  әліпбиі  қазақ  халқының  рухани  өміріне,  мәдениетіне,  зиялы 
қауымның  қалыптасуына  ықпал  етті.  Араб    әліпбиінде    ұқсас    әріптердің  көп  
болуы  және    ондай    әріптердің  бірінен    екіншісі    қосалқы    белгілер    арқылы  
ажыратылуы, бір әріптің  сөз  басында, ортасында  және  соңында келуіне  орай  


14 
 
түрліше    таңбалануы,  дауысты  дыбыстарды  таңбалаудағы    әріптердің  
жетіспеушілігі,  т.б.    қиындықтар    туындады.  1926  жылы  Баку    қаласында  
түркологиялық  бірінші  съезд болып, съезд араб  әліпбиінен  латын  әліпбиіне  
көшуді    жақтап    шешім    қабылдады.    1928    жылы  желтоқсанда    Қазақстан 
Атқару  Комитетінің IY сессиясы  латын әліпбиіне  негізделген  жаңа әліпбиді 
қазақтың    мемлекеттік  әліпбиі    деп    санау    жөнінде    қаулы    шығарды.  Латын 
әліпбиі    араб    әліпбиіне    қарағанда  әлдеқайда    прогрестік    рөл    атқарды.  Бұл  
әліпбидің    құрамында  29    әріп    болды.  Латын    графикасы    негізіндегі  әліпби 
сауатсыздықты    қысқа    мерзім    ішінде    жойды.  Алайда  латын    әліпбиіндегі 
әріптердің    жетіспеушілігі  мен  емледегі    қиындықтар  орыс    графикасына  
негізделген    әліпбиге    көшу    мәселесін    тудырды.  Қазақ  ССР    Жоғары  
Кеңесінің Y сессиясы 1940 жылы  10 қарашада жаңа  әліпби пен емле  жобасын  
бекітті.  Орыс    графикасына    негізделген    жаңа  әліпбиге    орыс  әліпбиіндегі 
әріптер  түгел  алынды, кириллицада  жоқ, бірақ  қазақ  тілінде бар 9  дауысты, 
дауыссыз  (ә, ү, ұ, ғ, ң, қ, ө, һ, і) дыбыстар енгізілді.
 
Ал    жазу  үшін    не  пайдаланылды  дейтін    болсақ,    сурет,  рәміз,  әріпті 
таңбалайтын  материал  сан рет өзгеріс тапты.  Ілкі  жазулар  жартасқа,  қыш пен 
мәрмәр  тасқа,  папирус  не  қамысқа,  пергамент  немесе  теріге,  қайың  қабығы 
орамдарына,  қағаз  беттеріне  түсірілген.  Көне  Вавилонда  хат  түсіруге      саз 
балшық пайдаланылған. Балшықтан арнайы текшелер жасап, қатпаған жұмсақ 
күйінде  үшкір таяқшамен жазу түсіретін болған. Саз балшық иректеп жазуды 
көтермейді, сол  себепті вавилондық иероглифтер  сынаға ұқсас келеді. Мұндай 
жазуды  сынажазу  (клинопись)  деп  атап  кеткен.  Жазу-сызу  түсірілген    саз 
текшені отқа салып не күн көзіне қойып күйдіреді екен. Адамзат өркениетінің 
бесігі  –  Мысырда  (Египетте)  жазу  материалы    ретінде  папирус  өсімдігі  
пайдаланылған.  Папирус    сабағын  жіңішкелеп  тіле    отырып  жасалған 
таспаларды  бір-біріне  тығыздап    жабыстырып,  керекті    көлемде    текшелер 
жасаған,  сонан  соң  оларды  бірінің  үстіне    бірін  айқұш-ұйқыш    қойып, 
жаншылайды.    Шыққан    беттерді  біріне    бірін    желімдеп  бума  (свиток) 
жасайды. Папирусқа египеттіктер иероглифпен  жазса, гректер мен римдіктер 
жеке    дыбыстарды    бейнелейтін    әріп    ойлап    тапты.  Ертедегі    заман  
қолжазбасының  басқа    бір    түрін    кодекс    деп    атайды.  Арнайы    тақтаға  
балауыз  жағылып,  үшкір    таяқша  –  стиломен    таңба    түсірілген.  Папирус  
орамындай емес, кодекс   беттері бірінің  үстіне  бірі қойылады. Сөзі  көбейген  
папирус  жуандаса, ал кодекс   кітап сияқты  қалыңдай  түседі. Буманы  жазып, 
қайта  орап  отырудан  гөрі,  кодексті  оқу  әлдеқайда  жеңіл, қолайлы. Кодексте 
алғаш    рет  титул    парағы    қолданылды.  Латын    тілінде  бұл    сөз  «тақырып»  
деген  мағынаны  білдіреді. Біздің  заманымызға  дейінгі  екінші  ғасырда Кіші 
Азияның      Пергем    қаласында    жазу-сызуға    мал    терісін    илеп    өңдеуден  
жасалған  жарғақты  пайдалана бастаған.  Бұл  материалды  пергамент  деп атап  
кеткен.  Ежелгі    Русьжазу    материалы  етіп  берестаны  –  қайың  қабығын 
пайдаланған.  Үндістанда    пальма    жапырақтарына    жазған.  Қазіргі  жазу-сызу  
материалы  қағаз    тұңғыш    рет  біздің    заманымыздың  II  ғасырында  өндіріле 
бастады. 105  жылы  қытай  шебері Цай Лунь  өсімдік  талшықтарын  сүзгіде  


15 
 
қалдырып,  суспензия    жасаған.  Қағазды    сол    суспензиядан    өндіруді    ойлап  
тапқан. Қытайлар  қағаз  өндіру  тәсілін  құпияда  ұстаған. Бамбуктің талшықты 
бөлігін жаңбыр суына шылап, ұсақтап кесіп, келіге салып түйген. Пайда болған 
қоймалжыңды бөшкеге жинап, сумен араластырған, содан кейін оны бөшкеден 
сүзіп  алған.  Електен  су  ағып  кетеді  де,  үстіңгі  жағында  талшықты  массаның 
жұқа,  тегіс  қабаты  қалады.  Оны  жалпақ  тақтайға  төңкеріп  түсіреді.  Шайып 
алынған  қабаттарды  бірінің  үстіне  бірін  қойып,  үстінен  жүкпен  бастырады. 
Тығыздалған  беттерді  күннің  көзіне  кептіреді.  Олар  жеңіл  әрі  берік,  жазуға 
қолайлы.  Еуропада    қағаз    өндірісі    он  үшінші    ғасырда    ғана    негізгі    жазу  
материалына  айналады. Ең алғаш Испанияда жасалады, содан кейін Италияда, 
Францияда  және  өзге    Еуропа  елдерінде    пайда  болған.  Жылдар  өте  келе 
қағаздыпайдалану  арта  түседі  де,  оған  шикізат  жетпіспейтін  болды.  XIX 
ғасырдың басында әлемде «шоқпыт-шүберек үшін ұлы шайқас» жүріп жатты.   
      Тұт  ағашының  қабығынан  жасалған  жапон  қағазы  сапасы  жағынан 
қытайдікінен  асып  түсті.  Ағаштан  қағаз  дайындау  технологиясы  жабайы 
аралардың  ұя  салу  әдісіне  ұқсайды.  Бұл  құпияны  Еуропада    XIX  ғасырда 
ашқан.  1719  жылы  француз  физигі  Реомюр  қағазды  ағаш  сүрегінен  жасауды 
ұсынған.  Бүгінде  әртүрлі  химиялық  заттардың  көмегімен  алуан  түрлері 
жасалуда. 
       Шрифт  (неміс.  Schriht)  –  қаріп.  1.Баспахананың  (литералардың)  әріп, 
математикалық  белгілер,  сандар,  т.б.  элементтерінің  жиынтығы.  2.Жазудың 
графикалық түрі, әріп. 
       XI  ғасырдың  перзенті,  неміс  өнертапқышы  Иоганн  Гутенберг  (1406-1468) 
бір  тамаша  жаңалық  ашты,  ол  шрифтіні  ағаштан  жасап  көрді,  алайда  оның 
беріктігі  әлсіз  болған  соң  шрифтіні  металдан  құйды.  Арнайы  баспаханалық 
құйма ойлап тапты. Ойын жүзеге асыру үшін металдарды әр түрлі қасиеттеріне 
қарай пайдаланды. Ең алдымен болаттан басында шығыңқы бедері бар (әріп не 
тыныс белгісі)  модель  пуансон  жасайды,  бұдан соң    темір  пуансонды  жұмсақ 
көнбіс металл-мысқа таңбасы түсетіндей етіп үстінен басады. Сөйтіп матрица 
жасалады. Матрица таңба түскен соң ойық шығады. Сол ойыққа оңай балқитын 
қорғасын  мен  қалайының  құймасын  әкеп  құяды.  Литера  осылай  жасалады. 
Бүгінде Гутенбергті литера құятын тәсіл иесі деп атайды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет