Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет18/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

НИКОЛАЙ КОПЕРНИК 

 

 (19 ақпан, 1473ж, Торунь – 24 мамыр,  

1543ж, Фромборк) 

 

           — 



поляк 

арасынан 

шыққан 

астроном, 



математик, 

экономист, 

каноншы. 

Ғылыми 


революцияның 

бастамасы 

болған 

әлемнің 


гелиоцентристік жүйесін алғаш айтқан.  

        Астрономиялық 

зерттеулерге 

сүйеніп,  болмыстың  мына  бейнесін 

көрсетті:  Жер  Әлемнің  орталығы  емес 

(геоцентризмді  теріске  шығарды),  Жер 

Күнді  айналады  (гелиоцентризм),  барлық 

ғарыштық  денелер  өз  траекториясымен 

қозғалады,  ғарыш  шексіз,  ғарыштағы 

құбылыстарды табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге болады. 

         Өркендеу  дәуірінде  астрономия  жақсы  дамыды;  оның  себебі  теңіз 

саласының дамуы болды.  



Философиялық шығармалары:

 

 

Астрономия  ғылымын  тереңдеп  зерттеген  Коперниктің  басты  еңбегі  – 

«Аспан сфераларының айналуы». 



Негізгі идеясы: 

          Аристотель  –  Птолемей  теориясын  терістеу  немесе  дүниенің 

гелиоцентристік  жүйесін  ашу:  Жер  дүниенің  қозғалмайтын  орталығы  емес, 

ол  өзінің  осьімен  айналады;  Дүниенің  ортасы  –  Күн,  Жер  осы  Күнді 

айналады; Ай Жердің серігі; 

Коперник ашқан жаңалықтар дүниенің жаңа бейнесін қалыптастыруға деген 

талпыныс еді: 

        «Дүние  шексіз,  ол  жер  субстанциясы  және  аспан  субстанциясы  болып 

бөлінбейді,  яғни,  жер  мен  аспанды  теологиялық  қарама-қарсы  қою  деген 

жоқ». 


        «Жер  аспан  денелерінің  біреуі  ғана,  қозғалыс  заңдылықтары  Жер  үшін 

де,  басқа  планеталар  үшін  де  бірдей.  Қозғалыс  планеталардың  бәрінің 

қалыпты жағдайы». 

Әдебиет: 

 

1.  Гребеников Е.А. Николай Коперник. «Наука»,—Москва: 1982.  

2.  Нұрышева Г. Философия. /Лекциялар курсы. Қайта Өркендеу дәуірінің 

философиясы. Н.Коперник. «Зиат-Пресс»,—Алматы: 2006. 60-бет. 

3.  Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. ВШ,—Москва: 1980 

4.  Чайковский  Ю.В.  Доплатонова  астрономия  и  Коперник.  //Историко-

астрономические исследования, вып. XXX. «Наука»,—Москва: 2005. — 

с. 159—200. 


173 

 

ДЖОРДАНО (ФИЛИППО) БРУНО 



 

(1548ж., Неаполь маңындағы Нола 

– 17 ақпан, 1600ж, Рим) 

 

         —  итальяндық    доминикандық-



монах,  философ  әрі  ақын,    пантеизм 

өкілі.  


Философиялық шығармалары: 

 «6  -  диалог»,  «Идеялардың  көлеңкесі 

туралы»,  «Себептілік,  бастама  және 

біртұтастық  туралы»,  «Әлемнің  және 

заттардың шексіздігі туралы» және т.б. 

да  еңбектері  кейінгі  дәуірлерде  өз 

жақтастарын,  пікірлестерін  тауып, 

өзінің заңды жалғасын тапты.  



Философиялық көзқарастары: 

            Бруноның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ. Ол кеңістікте 

де,  уақытта  да  шексіз,  ал  қозғалыс  оның  өмір  сүру  тәсілі.  Табиғат  өз 

заңдылығымен  дамиды.  Әлем  мен  Құдай  бір.  Әлем  –  универсум  (әмбебап 

бастама),  жалғыз  ғана  мәнділік.  Сондықтан  ол  мәңгі  және  өзгермейді.  Ал 

әлемге  кіретін  денелер  сансыз  көп,  олар  үздіксіз  қарапайым  және  өзгерісте 

болады.  Барлық  заттар  өшпейтін,  мәңгі,  қозғалыста,  бөлшектерден  тұрады. 

Оларды Бруно монада деп атайды. Монаданың материалдық денелерге ғана 

емес, психикаға да қатысы бар. Ал психикалық құбылыс барлық заттарға тән 

болғандықтан,  әлемде  жансыз  денелер  жоқ.  Осыдан  келіп,  Бруно  әлемде 

шексіз  және  сансыз  көп  тіршілік  түрлері  болуы  әбден  ықтимал  деген 

тұжырым жасайды. Бруноның көзқарасынан жүйеленген түрде қолданылған 

Демокрит пен Гераклит ілімдерінің ықпалын байқаймыз.  

 

Әдебиет: 



 

1.  Джордано Бруно. Избранное. «Агни», —Самара: 2000. 

2.  Алтай  Ж.,  Қасабек  А.,  Мұхамбетәлі  К.  Философия  тарихы  /Қайта 

Дәуірлеу философиясы, «Раритет», —Алматы: 2006.119-120 беттер. 

3.  Йейтс  Ф.  Джордано  Бруно  и  герметическая  традиция.  Новое 

литературное обозрение,—Москва: 2000. 

4.  Кузнецов Б.Г. Дж.Бруно и генезис классической науки., «Наука», 

—Москва: 1970. 

5.  Ордине  Нуччо.  Граница  тени.  Литература,  философия  и  живопись  у 

Джордано Бруно. /Пер. с итал. А.А.Россиуса.—Спб: 2008.-407 с. 

6.  Книга  100  великих  казней:  Джордано  Бруно.  171—176  бет, 

издательство «ВЕЧЕ», —Москва: 2000. 

     

 

174 

 

ГАЛИЛЕО ГАЛИЛЕЙ 



 

(15 ақпан, 1564ж, Пиза – 8 қаңтар, 

1642ж, Арчетри) 

 

        — 



итальяндық 

физик, 


механик, 

астроном, философ және математик. 



Шығармалары: 

 «Ғылымның жаңа екі саласына байланысты 

математикалық 

дәлелдемелер 

мен 

пайымдаулар», «Табиғат туралы кітап», т.б.  



         Ол  ең  алғаш  рет  аспан  әлемін 

зерттеуге  арналған  телескопты  пайдаланды 

және  ғылымда  бірқатар  астрономиялық 

жаңалықтарды 

ашты. 

Галилей 


экспериментальді 

физиканың 

негізін 


қалаушы.  Өзінің  тәжірибие-эксперименттерінің  арқасында  Аристотельдің 

ойқорытындыдан  тұратын  метафизикасын  жоққа  шығарып,  классикалық 

механиканың тұғыртасын қалады. 

Философиялық көзқарастары: 

           Галилейдің  ғылымда  ашқан  екі  жаңалығы:  біріншісі  –  қатты  және 

серпілмелі  заттардың  сыртқы  күштерге  қарсылығы,  екіншісі  –  денелердің 

құлау  заңдылықтары  –  оның  философиялық  көзқарасының  қалыптасуына 

үлкен  әсер  етті.  Оның  пікірінше,  философия  алфавит  әріптерінен  басқаша 

әріптермен жазылған табиғат туралы кітабын оқуы керек. Табиғаттың кітабы 

үшбұрыш,  квадрат,  дөңгелек,  шар,  т.б.  тәріздес.  Оларды  оқу  үшін 

схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ, керісінше, таза тәжірибиеге 

сүйенген математикалық тәсіл керек. Ғылыми-зерттеу жұмысында ешқандай 

беделді мойындамау керек, тек күмәндану ғана оны ілгері дамытады. Теория, 

концепцияларды  бақылау,  эксперимент  негізінде,  индуктивтік  тәсілді 

қолданып  тұжырымдауға  болады.  Тек  механикалық  әдіс  қана  әлемдегі 

құбылыстарды  және  олардың  мәнін  түсініп-білуге  мүмкіндік  беретіндіктен, 

бос  схоластикалық  ойлауға  әкелетін  дедуктивтік  (жалпыдан  жалқыға) 

тәсілдің өміршеңдігі жоқ. 

           Ол  Коперник  пен  Бруно  сияқты  Жер өз осімен  Күнді  айналып  жүреді 

және  ол  Күн  жүйесіндегі  көптеген  планеталардың  бірі  ғана,  ал  Күн  жүйесі 

сияқты  жұлдыздар  жүйесі  әлемде  сансыз  көп  және  олардың  көпшілігінде 

жердегідей тіршіліктің болуы ғажап емес деген пікір айтқан.   

 

Әдебиет: 



 

1.  Галилео Галилей. Избранные труды в двух томах. «Наука»,— М: 1964.  

2.  Горфункель А.Х. Философия эпохи Возрождения. ВШ,— Москва: 1980 

175 

 

ТОМАС МОР 



 

(7 ақпан, 1478ж, Лондон  

–  6 шілде, 1535ж, Лондон) 

 

      — ағылшын ойшылы, жазушы.  Католик 



Шіркеуінің 

әулиесі. 

Утопистік 

социализмнің негізін салды. 

       Атақты 

философ 


Эразм 

Роттердамскийдің досы. Латын тілін жақсы 

меңгерген,  заң  мектептерінде  білім  алып, 

мұғалімдік  және  адвокаттық  қызметтер 

атқарған. 

Оның 


еңбегін 

бағалаған 

қоғамдастары  оны  парламент  палатасына 

сайлады.  Батыл  саяси  көзқарастары  үшін 

1535 жылдың 6 шілдесінде жазаға тартылды 

(ел-жұртының алдында басы кесілді). 



Философиялық шығармалары: 

 «Утопия»  (Утопия  –  грекше  «орны  жоқ  орын»,  «Жерұйық»  дегенді 

білдіреді). 

      Мордың  «Утопия»  еңбегі  мемлекеттің  ең  жақсы  құрылымы  туралы 

пайымдауға  арналған.  «Утопияның»  бірінші  бөлімінде  Мор  Англиядағы 

капитал  қорының  қалыптасуының  алғашқы  кезеңдерін  суреттейді:  қоғам 

мүшелерінің  барлық  мүшелері  баюды  ғана  көздейді  және  мемлекет  атын 

жамылып,  өз  құлқынының  қамын  ойлайтын  байлар  мемлекеттің  сорына 

айналады. 

     Кітаптың  екінші  бөлімінде  осындай  мемлекетке  қарама-қарсы  мемлекет 

туралы  баяндалады.  Бұл  бөлімнің  мазмұнын  Інжілдің,  Платонның 

«Мемлекет»  еңбегінің,  Эразм  Роттердамскийдің  христиандық  гуманизімінің 

әсері сезіледі. 

Философиялық көзқарастары: 

      Қоғамдық  өмір  –  Мор  индивидуализмге  қарсы,  жеке  меншік  болмауы 

тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең. 

      Мемлекет  басшысы  –  терең  ойлы  философ,  кіршіксіз  таза  адам  болуы 

қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам 

– қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. 

      Қоғамда  ақша  жоқ,  алтын  тек  қажетсіз  нәрселерді  жасауға  ғана,  басқа 

елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады. 

      Ой  еңбегі  мен  дене  еңбегі:  Мор  дене  еңбегін  жоғары  бағалайды,  ол 

адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір 

мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана 

емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін ой. Ой еңбегі 

Платондағыдай  дәріптелмейді,  бірақ  онымен  айналысатын  ең  дарынды 

адамдар.  Утопиялықтар  еңбектен  шаршап,  зорықпайды,  қолдары  босағанда 

өздерін рухани дамытады. 


176 

 

     Дін:  Утоп  дінді  Христос  дүниеге  келерден  144  жыл  бұрын  тағайындады. 



Мор  жалғыз  Жаратушы  Құдай  бар,  жан  мәңгілік  деп  тұжырымдайды. 

Сонымен  қатар,  әр  түрлі  наным-сенім  болуы  мүмкін,  адамдар  бір-бірінің 

сенімін,  атеистерді  де  сыйлауы  керек  деп  есептейді.  Дінді  сақтаушы  –

сайланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан 

да жоғары қояды. 

Әдебиет: 

 

1.  Чиколини  Л.С.  Диалоги  Лукина  и  «Утопия»  Мора  в  издании  Джунти 

(1519) // Средние века. Вып.50. — Москва: 1987. С. 237—252. 

2.  Нұрышева Г. Философия. /Лекциялар курсы. Қайта Өркендеу дәуірінің 

философиясы. Т.Мор. «Зиат-Пресс», — Алматы: 2006. 61-62 беттер. 

3.  Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва:  1980. 

— С. 301-328. 

4.  Кудрявцев  О.Ф.  Гуманистические  представления  о  справедливости  и 

равенстве  в  «Утопии»  Томаса  Мора.  //История  социалистических 

учений. —Москва: 1987. — С. 197—214. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


177 

 

ТОММАЗО КАМПАНЕЛЛА 



 

(5 қыркүйек, 1568ж. – 21 мамыр,  

1639ж, Париж) 

 

         — 



итальяндық  философ  және 

жазушы,  алғашқы  утопиялық  социализм 

өкілдерінің бірі.  

      Ол 

философия, 

жаратылыстану 

мәселелерін  әлеуметтік  мәселелермен 

байланыстыра 

білген, 

Испания 


монархиясына  қарсы  күрескен,  сол  үшін 

отыз жылдай түрмеде отырған монах.  



Философиялық шығармалары: 

       «Күн қаласы», «Галилей апологиясы», 

«Метафизика»,  т.б.  «Күн  қаласында» 

оның 


тұрғындары 

– 

солярийлер 



әлеуметтік әділеттілікті орнықтырып, өмір мен мектептің рахатын көреді. 

       Кампанелла  гилозоизм  (барлық  нәрсенің  жаны  бар  деген  түсінік) 

идеясын  универсумға  қолданады:  «Әлем  –  үлкен  тірі  мақұлық,  біз  оның 

ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз – жердің тері». 



Философиялық көзқарастары: 

       «Күн  қаласы»  еңбегінде  қоғамды  қалай  өзгерту  туралы  ойларын 

баяндайды.  Тапробану  аралындағы  (шамамен  Цейлон,  қазіргі  Шри-Ланка) 

бақытты  қоғам  туралы  Генуя  теңізшісі  әңгімелейді.  Бұл  аралда  адамдар 

қоғамдастыққа  бірігіп,  Құдайға  емес,  адамның  ақыл-ойына  бағынатын 

мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, 

адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.  

      Мемлекетті  басқарушы  –  Платонның  мемлекетіндегідей  аристократия, 

бірақ  философтар  емес,  маман  аристократтар,  қабілетті  болып  жаратылған, 

туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы – Метафизик немесе 

Күн деп аталады. 

      Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның 

үш  көмекшісі  бар:  Күш-Қуат  –  әскери  істерді,  Даналық  –  ғылымдарды 

басқарады,  Махаббат  –  тамақ,  бала  тәрбиелеумен  айналысады.  Олардың  да 

көмекшілері  бар  (Грамматика,  Логика,  Физика,  Саясат,  Этика,  Экономика, 

Астролог, Астроном, т.б.)  

      Елді  басқару  ісімен  қырық  адам  айналысады,  бірақ  айына  екі  рет  халық 

жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты 

адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, 

ағайыншылық деген болуы керек.  

       Балалар  жеті  жасынан  бастап  ғылымдарды  зерттей  бастайды  және  ой 

еңбегін  дене  еңбегімен  ұштастырады.  Дін  философияға,  білімге  тәуелді,  ең 

басты дінбасы – Метафизик.  

 


178 

 

Әдебиет: 



 

1.  Штекли А.Э. «Город Солнца»: утопия и наука. — Москва: 1978. 

2.  История  философии  в  кратком  изложении. «Мысль»,—Москва: 

1994. — 590  

3.  Нұрышева Г. Философия. /Лекциялар курсы. Қайта Өркендеу дәуірінің 

философиясы. Т.Кампанелла. «Зиат-Пресс»,—Алматы: 2006. 62-63 б. 

4.  Горфункель  А.Х.  Философия  эпохи  Возрождения.  ВШ,—Москва:  1980. 

— С. 301-328. 

5.  Радугин А.А. Философия курс лекций. —Москва: 1995. 

6.  Соколов В.В.Европейская философия XV-XVIII в.в. —Москва: 1996. 

7.  Спиркин А.Г. Философия. —Москва: 2004. 

8.  Чанышев А.Н. Курс лекции по древней  и средневековой философии. —

Москва: 1991. 

9.  Реале Дж. Западная философия от истоков до наших дней. Т. 3: Новое 

время  (От  Леонардо  до  Канта)  /Реале  Дж.,  Антисери  Д.  ТОО  ТК 

«Петрополис», —  СПб:  1996. —  713  Чиколини  Л.С.  «Политические 

афоризмы»  Кампанеллы  //История  социалистических  учений. — 

Москва: 1987. — С. 172—196. 

10. Антология  мировой  философии:  Возрождение. Харвест:  АСТ,— 

Минск; —Москва: 2001. — 927 с. 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

179 

 

МАРТИН ЛЮТЕР 



 

(10 қараша 1483ж, Айслебен, Саксония 

                –18 ақпан 1546ж, сонда) 

 

       — неміс ойшылы және қоғам қайраткері, 



Германиядағы  бюргерлік  реформалаудың 

басшысы  (алғаш  рет  Библияны  неміс  тіліне 

аударған), 

немістің 

протестантизмнің 

(лютерандық) 

негізін 

салушы, 


жалпы 

немістік  әдеби  тілді  құрастырушылардың 

бірі әрі теология докторы.  

        Ол 

1517 

жылы 


31 

қазанда 


Германиядағы 

Виттенбергтік 

замоктың 

шіркеу 


есігіне 

индульгенцияға 

қарсы 

бағытталған  95  –  тезисті  қағып  қойды.  Бұл 



католицизмге  қарсы  идеологиялық,  тіпті 

кейбір елдерде қарулы күреске бағытталды. 



Философиялық шығармалары: 

«Лекции  о  Послании  к  Римлянам»  (1515–1516),  «95-тезисов  об 

индульгенциях»  (1517),  «К  христианскому  дворянству  немецкой  нации» 

(1520),  «О  вавилонском  пленении  церкви»  (1520),  «Письмо  Мюльпфорту» 

(1520),  «Открытое  письмо  папе  Льву-Х»  (1520),  «О  свободе  христианина» 

(1520),  «Против  проклятой  буллы  Антихриста»,  «О  рабстве  воли»  (1525), 

«Большой и малый Катехизис» (1529), «Похвала музыке» (1538), «О евреях и 

их лжи» (1543) және т.б. 



Философиялық көзқарастары: 

        Лютерге XIV- ғасырдағы мистиктердің идеялары жақын; «адамның ішкі 

жан  дүниесінің»  құдаймен  бірлігі  туралы»  ілімді  Лютер  «сеніммен  ақтау» 

іліміне  аударған:  бірлік  –  сенімі,  рухты  сақтаудың  шарты;  игі  істер  –

сақтануға  жеткілікті  жол  емес,  тек  сенімді  көрсетудің  жемісі  ғана  деп 

санаған. 



Негізгі идеялары: 

Құдай мен сенушілердің қауышуы тікелей өтуі керек



Құдай  мен  сенушілер  арасында  католиктік  шіркеу  сияқты  дәнекер 

болмау керек; 

Діни ырымды азайту (жеңілдету) керек; 



Шіркеу демократиялы, ал ырымдар – адамға түсінікті болуы керек; 

Рим папасы мен католиктік діндарлардың мемлекет саясатына ықпалын 



азайту керек; 

Мемлекеттік институттар мен зайырлы биліктің беделін көтеру керек; 



Құдайға  құлшылық  ету  ісі  –  дін  иелері  иемденіп  алған  тек  кәсіп  қана 

емес, ол христиандардың бүкіл өмірлерінің уәзипасы; 

Мәдениет пен білім ошағын католиктік догмалардан тазарту керек; 



 

180 

 

Әдебиет: 



 

1.  Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік:  Философия.  /Жалпы  ред.басқ. 

э.ғ.д., проф.Е.Арын. «ЭКО» ҒӨФ, —Павлодар: 2006.  

2.  Лютер  М.  Время  молчания  прошло.  Избранные  произведения  1520—

1526. — Харьков: 1994. 

3.  Лютер М. Избранные произведения. — СПб: 1997. 

4.  Иманқұл  Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /Қайта  өрлеу  заманы 

философиясының  жалпы  сипаты.  Мартин  Лютер.  «Парыз»,  —

Астана: 2009. 53-бет. 

5.  Лютер М. 95-тезисов. Роза мира, — СПб: 2002. 

6.  Мартин Лютер - реформатор, проповедник, педагог /Ольга Курило. — 

РОУ. —Москва: 2010.  238 с 

7.  Лютер,  Мартин  //Энциклопедический  словарь  Брокгауза  и  Ефрона:  В 

86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб: 1890—1907. 

8.  Порозовская  Б.Д.  Мартин  Лютер.  Его  жизнь  и  реформаторская 

деятельность. — СПб: 1997. 

9.  Гобри  И.  Лютер  /Предисл.  А.П.Левандовского.  (ЖЗЛ,  вып.786), 

«Молодая гвардия»,— Москва:  2000. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



181 

 

ЖАН КАЛЬВИН 



 

(10 шілде 1509ж –  27 мамыр 1564ж)  

 

        —  француз  Құдай-сөзінің  білгірі 



(богослов), 

шіркеу 


реформаторы, 

кальвинизмнің 

негізін 

қалаушы. 

Мартин  Лютердің  ізбасары,  оның 

идеяларын 

бір 

жүйеге 


келтіріп 

жалғастырушы. 



Философиялық шығармалары: 

«О  христианской  философии»  (1533), 

«Сон  душ»  (1534),  «Наставление  в 

христианской 

вере» 

(1536), 


«Катехизис»  (1537),  «Послания  к 

Римлянам» және «Небольшой трактат о 

Святом причастии» (1539). 

Негізгі идеялары: 

Протестантизм  идеясының  негізі  –  алдын  ала  білу  (жазмыш,  тағдыр) 



идеясы; 

Құдай  адамдарды  құтқаратынын  немесе  құтқармайтынын  алдын  ала 



анықтап қойған; 

Адамдар өздерінің құтқарылатынынан үмітін үзбеу керек; 



Адамның жер бетіндегі өмірінің мәні – кәсіпке (мамандыққа) ие болу; 

Кәсіп  (профессия)  –  бұл  тек  күнкөріс  қана  емес,  сонымен  қатар  ол 



Құдайға құлшылық ету орны

Өз ісіне ынтамен, жауапкершілікпен қарау – құтылудың жолы; 



Жұмысындағы жетістік – Құдайдың мейірімінің белгісі; 

Жұмыстан тыс жерде қарапайым, аскет бол; 



Діни-саяси көзқарастары. 

  Кальвин  Лютердің  идеяларын  бір  жүйеге  келтірумен,  әрі  өзінің 

теориялық  діни-философиялық  ілімімен  бірге  протестантизмді 

практикада, іс жүзінде жүзеге асырды; 

  Женевада протестандық қозғалысты басқарды; 

  Женевада католиктік Шіркеу мен Рим Папасының билігін (Кальвиннің 

өзі  «Женевалық  Папа»  деген  атқа  ие  болды)  жойды,  реформаланған 

(кальвинистік) Шіркеуді ресми түрде мойындаттырды; 

  Зайырлы билікті кальвинистік Шіркеуге бағындырды

  Тек  Шіркеуде  ғана  емес,  сонымен  бірге  қалада  да  реформа  жүргізді: 

католиктік  мерекелерге,  ырымдарға,  жылтырақ  киінуге,  думан-

сауыққа,  әшекей-бұйымдарға  тыйым  салды;  азаттарды  аскетизм, 

пуританизм,  өз  жұмысына  ұқыпты  қарау  рухында  тәрбиелеу 

мақсатымен тұрғындарға қатаң пасторлық бақылау қойды. 

 

 


182 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет