Қазақстан республикасы білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата26.09.2019
өлшемі8,78 Mb.
#48889
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
2 - filosofiya t l alar bejnes nde
Жаттығулар^, Жаттығулар^, Sapy Bakytzhan presentation, 4 chapter appendix, Әңгіме - Кішкентай адам, қызыл, Kairbaeva Malika, Shlataeva Dilyara, Kurakbaev Aibolat, Kaliev Aidar, Vacine, Lab - Exploring Nmap (2), 21-22.07.2022, Эссе ТАРИХ, Final exam instructions 2022 FALL, George B. Thomas Jr., Maurice D. Weir, Joel R. Hass-Thomas\' Calculus Early Transcendentals (13th Edition)-Pearson (www.IraniData.com)

Әдебиет

 

1.  Делёз  Ж.  Ницше  и  философия.  /Пер.  с  фр.  О.Хомы  /под  ред. 

Б.Скуратова. — Москва: 2003. — 392 c. 

2.  Батыс философиясы. /«Мәдени мұра», ОҚ. «Жазушы», —А: 2009. 433б 

3.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (Философиялық  афоризмдер) 

/Анықтамалық: Жиль Делез. «Өлке», —Алматы: 2004. 77-85, 232-б 

4.  Делёз  Ж.  Логика  смысла  /Пер.  с  фр.  Я.И.Свирский.  «Раритет».  —М.; 

«Деловая кн.», —Екатеринбург: 1998; «Академ.пр.», —М:  2010. 

5.  Гваттари  Ф.,  Делёз  Ж.  Что  такое  философия?/«Ин-т  эксперим. 

Социологии», —М; «Алетейя», —СПб: 1998. 

6.  Делёз  Ж.  Различие  и  повторение  /Пер.  с  фр.  Н.Б.Маньковской  и 

Э.П.Юровской. «Петрополис», —СПб: 1998. 

7.  Делёз  Ж.  Марсель  Пруст  и  знаки  /Пер.  с  фр.  Е.Г.Соколова.  Лаб. 

метафиз. исслед. при Философ. фак. СПбГУ: «Алетейя», —СПб:  1999. 

8.  Делёз  Ж.  Эмпиризм  и  субъективность:  Опыт  о  человеческой  природе 

по  Юму;  Критическая  философия  Канта:  учение  о  способностях; 

Бергсонизм; Спиноза / Пер. с фр. — Москва: 2001. 

9.  Делёз Ж. Переговоры. 1972—1990 /Пер. с фр. В.Ю.Быстрова. «Наука», 

—СПб: 2004. — 235 с.  

10. Делёз  Ж.  Кино: Кино 1. Образ-движения;  Кино 2. Образ-время /Пер.  с 

фр. Б.Скуратова. — Москва: 2004. 

11. Делёз Ж., Гваттари Ф. Анти-Эдип. Капитализм и шизофрения /Пер. с 

фр. и послесл. Д.Кралечкина, науч. ред. В.Кузнецов.  «У-Фактория», —

Екатеринбург: 2007. — 672 с. 

12. Делёз  Ж.,  Гваттари  Ф.  Тысяча  плато.  Капитализм  и  шизофрения 

/Пер.  с  фр.  и  послесл.  Я.И.Свирского,  науч.  ред.  В.Ю.Кузнецов.  «У-

Фактория», —Екатеринбург; «Астрель», —Москва:  2010. — 895 с 

        

425 


 

ДЖОН ДЬЮИ 

 

(20 қазан 1859ж, Бёрлингтон, Вермонт 

штаты –  1 маусым 1952ж, Нью-Йорк) 

 

       — американың ең атақты философы 



әрі  атақты  педагогы,  прагматизм  деп 

аталатын  ірі  философиялық  бағыттың  

өкілі, инструменталист.  

       Прагматизм  –  абстракті  ақиқатты, 

ұғымдардың  танымдық  рөлін  терістеді, 

ұғымның 


орнына 

белгілерді 

қарастыруды 

ұсынды. 


Ұғым 

тек 


субьектке  ғана  қатысты  болып,  оның 

мағынасы 

нақты 

практикалық 



салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі 

болып табылады. 

       Прагматизмнің 

негізін 


алғашқы 

прагматизм  өкілдері,  американ  философтары  –  Чарлз  Сандерс  Пирс  (1839-

1914)  пен  Уильям  Джемс  (1842-1910)  салды.  Соңғы  прагматизм  өкілдері  –

Джордж Герберт Мид (1863-1931) пен Джон Дьюи болып саналады. 



Философиялық шығармалары: 

Ол 30-дан аса кітап пен 900-дей ғылыми мақалалардың авторы. 



Философиялық көзқарастары: 

         Д.Дьюи  –  инструменталист.  Интеллект  –  біздің  жүріс-тұрысымыз, 

мінез-құлықтарымызды  реттеу  құралы,  ал  таным  –  адамға  қарсы  тұрған 

ортаға 


бейімделу 

құралы. 


Дьюи 

теория 


немесе 

гипотезаның 

ақиқаттылығының критерийі, өлшемі – тәжірибиедегі берілген жағдайлардың 

практикалық  тиімділігі  деп  ұғынды.  Әдептілік,  моральдік  өлшемі  –

практикалық мақсаттылық. 

Философиялық ерекшеліктері: 

 Философиялық бағыты жағынан ол эмперист болды; 

 Философияның  негізгі  мәселесі,  ұғымы  –  тәжірибие  ұғымы  болуы 

керек; 


 Тәжірибиені жүзеге асырушы – сана болып табылады

 Тәжірибие сезімдік, асқан сезімдік (спириттік, рухани), діни, моральдік, 

көркемдік, әлеуметтік, мәдени және т.б. болып бөлінеді; 

 Философияның  мақсаты  –  тәжірибие  ағымында  адамның  алдына 

қойған мақсатына жетуіне көмектесу; 

 Тәжірибиені  жетілдіру  шарты  –  қоғамның  өзін  жетілдіру,  яғни 

әлеуметтік реконструкция болып табылады

 Тәжірибиені  жетілдіру  жолы  –  тәжірибиеге  «жоғары  технологиялық» 

терең ғылыми әдістерді қолдану; 

 Тәжірибиені  реконструкциялаудың  үшінші  маңызды  жолы  –  ойлауды 

жетілдіру (ғылыми әдістер негізінде); 


        

426 


 

 Ғылыми  әдіс  –  адамның  мақсатына  жету  үшін,  табысты  іс-әрекет, 

қызметі үшін таптырмайтын құрал (инструмент); 

 Әдістің  нақты  әсер  ету  тетігін  ізденісте  Д.Дьюи  проблематикалық 

жағдайлар туралы ілімді енгізді

 Әдістің 

(методтың) 

қажеттілігі 

актуалдық 

(шындықтағы) 

күмәнданудың бар болуынан туындайды; 

 Проблематикалық  жағдайды  шешу  көбінесе  альтернативаны  таңдауға 

байланысты; 

 Ғылыми  әдіс  дегеніміз  –  роблематикалық  жағдайды  шешілетін 

жағдайға айналдырудың нақты қадамдары болып табылады; 

Философиялық афоризмдері: 

  Елеулі болуға ұмтылу – адамзат баласының қозғаушы күші. 

  Адамдарда құлшыну туғызуды өз бойымдағы ең басты қасиет дер 

едімжәне  адам  бойындағы  жақсы  нәрсені  дамытудың  ең  дұрыс 

тәсілі  –  оның  құндылығын  мойындау  мен  көтермелеу  деп 

ойлаймын. 



Әдебиет: 

 

1.  Дьюи  Дж.  Демократия  и  образование  /Пер.  с  англ.  «Педагогика-

пресс», —Москва: 2000. 

2.  Иманқұл 

Н.,  Бөрібаев  Т.  Іліми  Философия.  /Прагматизм 

философиясы. Д.Дьюи. «Парыз», —Астана 2009. 97-98 беттер 

3.  Дьюи Дж. Реконструкция в философии / Пер. с англ. М.Занадворов, 

М.Шиков. «Логос», —Москва:  2001. 

4.  Дьюи Дж. Реконструкция в философии; Проблемы человека /Пер. с 

англ., послесл. и примеч. Л.Е.Павловой. «Республика», —М: 2003. 

5.  Дьюи  Дж.  Общество  и  его  проблемы  /Пер.  с  англ.  И.И.Мюрберг, 

А.Б.Толстова, Е.Н.Косиловой. «Идея-Пресс», —Москва: 2002. 

6.  Дьюи Дж. От ребёнка — к миру, от мира — к ребёнку (Сб. статей). 

«Карапуз», —Москва: 2009. — 352 с.  

7.  Дьюи 

Дж. 

Философские 

труды: 

Издание 

подготовлено 

Б.А.Шарвадзе, —Тбилиси: 2009  

8.  Кроссер П. Нигилизм Дж. Дьюи / Пер. с англ. — Москва: 1958. 

9.  Гуреева  А.В.  Критический  анализ  прагматической  эстетики 

Д.Дьюи. Изд-во МГУ, —Москва: 1983. 

10. Шарвадзе  Б.А.  Философия  Джона  Дьюи.  В  книге  Шарвадзе  Б.А.  - 

Историко-философские труды, —Тбилиси: 2009. 

11. Роджер  Т.  Эймс.  Диалог  между  конфуцианством  и  прагматизмом 

Дж.  Дьюи  //Сравнительная  философия:  Моральная  философия  в 

контексте многообразия культур. —Москва:  2004. С.86-104. 

 

        

427 


 

ДЭНИЕЛ БЕЛЛ 

 

(10 мамыр 1919ж., Нью-Йорк, АҚШ –   

25 қаңтар 2011ж., Кембридж, 

Массачусетс, АҚШ) 

 

 —  американдық  философ,  социолог  әрі 



публицист, 

постиндустриалдық 

(ақпараттық)  қоғам  теориясының  негізін 

қалаушы, футуролог.  

          Дэниел 

Белл 


поляк-еврейлері 

иммигранттары  Бенджамин  Бeлоцкий 

және  оның  зайыбы  Энн  Капландардың 

ұлы  еді.  Беллдің  дүниеге  келгеннен 

кейінгі ең алғашқы тілі – идиш болатын. 

1959–1969 

жылдары 

– 

Колумбия 



университетінде  социологиядан  сабақ 

берді. 


1960 жылы  – Колумбия университетінде философия докторы деген ғылыми 

атаққа қол жеткізді. 

1969 –1990 жылдары – Гарвард университетінде социологиядан сабақ берді. 

1999  жылы  –  гуманизмі  үшін  Алексис  де  Токвилдің  арнайы  Сыйлығына  ие 

болды. 

             Өзі  қалыптастырған  «постиндустриалдық  қоғам»  концепциясының 

арқасында  Белл  батыстағы  әлеуметтік  болжамның  жетекші  өкіліне  айналды 

және  Америка  Құрама  Штаттарының  интеллектуалдық  өмірі  мен  қоғамдық 

пікірінде  үлкен  беделге  ие  болды.  Қазіргі  капиталистік  қоғамдағы 

дағдарыстық  құбылыстарды  ол  капиталистік  экономиканың  «рационалдық» 

принциптері 

мен 

гуманистік 



бағыттағы 

мәдениеттің 

арасындағы 

ажыратушылықпен түсіндіріледі.  



Философиялық шығармалары: 

«Идеологияның  ақыры»  (1960),  «Келе  жатқан  постиндустриалдық  қоғам» 

(1973), «Капитализмнің мәдени қайшылықтары» (1976) және т.б. 

Философиялық көзқарастары: 

       Бірде  ол  өзін    «экономикадағы  социалист,  саясаттағы  либерал  және 

мәдениеттегі    консерватор»  деп  жазды.  Дэниел  Белл  батыстық  мәдениеттің 

дағдарысы  туралы  «діни  орталықтық»  ұстанымды  дамытады  және 

дағдарыстан шығудың бір жолы ретінде діни тұрғыда жаңғыруды ұсынады. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Белл Д. Грядущее постиндустриальное общество. «Акад-я», —М: 1999. 

2.  Белл  Д.,  Иноземцев  В.  Эпоха  разобщенности.  Центр  исследований 

постиндустриального общества, —Москва: 2007 

        

428 


 

СЭР КАРЛ РАЙМУНД ПОППЕР 

 

(28 шілде, 1902ж. Вена, Австро-Венгрия 

– 17 қыркүйек, 1994ж. Лондон, 

Ұлыбритания) 

 

          —  австриялық  және  британдық  



философ әрі социолог;  

           XX - ғасырдың жүзжылдығындағы 

ықпалды  философтардың  бірі;  еңбектері 

негізінен 

әлеуметтік 

және 


саяси 

философиядан 

тұрады. 

Қисындық 

позитивизм ағымына теориялық жағынан 

конструктивті  түрде  қарсылық  жасауға 

бағытталған 

«Сыншыл 


реализм» 

мектебінің  негізін  салушы.  Қисындық 

позитивизм әдісі метафизиканы ғана емес, жаратылыстану ілімдерін де жоққа 

шығарады  деп  есептейді.  Ғылым  мен  философияға  қатысты  өзгеше 

ұстанымдары бар. Негізгі зерттеу салалары – логика, таным теориясы, әсіресе 

әлеуметтік  философия,  социология.  Оның,  әлеуметтік  ойға  қосқан  үлкен 

үлесі  –  тоталитаристік  концепциялардың  барлық  түрлері  мен  бағыттарына 

қарсы жазылған ашық қоғам туралы теориясы. Онда ол ашық қоғамды, яғни 

батыс  елдерінде  қалыптасқан  демократиялық  қоғамдық  жүйені  адамзат 

қоғамдарының  белгілі  бір  түрі  ғана  деп  қарамай,  адамдардың  табиғатына 

бірден  бір  сай  келетін,  жеке  адамның  еркіндігі  мен  дербестігіне  құрылған, 

қандай  да  болмасын,  үйлесімдікке  жетелейтін  оң  өзгерістерге  ашық  әрі 

керісінше,  жаулық  пен  араздыққа  жабық  ете  алатын  құрылым  екендігін 

философиялық, социологиялық талдаулармен негізделген. 

       1937 жылға дейін Венада жұмыс істеген. Кейін Ұлыбританияға ауысады. 

1946-1970  жылдар  аралығында  Лондонда  Экономика  және  саяси  ғылымдар 

мектебінде ұстаздық етті.  

Философиялық шығармалары: 

        «Ғылыми  білім  логикасы  мен  өсуі»  (1935),  «Ашық  қоғам  және  оның 

жаулары» 

(1945), 


2-томдық, 

«Тарихшылдықтың 

(историцизмнің)  

қайыршылдығы» (1945), «Болжам (предложение) және жоққа шығару (1963), 

«Обьективті  білім.  Эволюциялық  көзқарас»  (1972),  «Өмірбаян»  (Ізденістің 

шегі  болмайды)  (1974),  «Сыншыларыма  жауап»  (1974),  «Тұлға  және  оның 

миы» (Дж.Экклепен бірге, 1977), «Реализм және ғылыми мақсат» (1983) және 

т.б. 


Философиялық көзқарастары: 

            Ол  әрбір  мезеттегі  технологиялық  мүмкіншіліктерге  байланысты 

болып  келетін  жалғыздылық  талабына  сезімділік  критерийін  қайта 

қалыптастырды.  «Ғылыми  жаңалық  логикасы»  еңбегінде  К.Поппер 

эмпирикалық  қондырғы  туралы  тезисін  негіздейді.  Бұл  қондырғы  бойынша 

білімнің  өсуі  үшін  айқын  түйіндер  мен  ұсынылатын  тұжырымдары  өте  дәл 



        

429 


 

эмпирикалық  тексеру  қажет.  Поппердің  айтуынша,  жалпы  тұжырымдарды 

негіздеу  үшін  дедуктивті  тексеруге  жүгіну  қажет.  Бұл  үшін  ұсынылған 

тұжырымнан  туындайтын  эмпирикалық  салдарлар  тексеріледі.  Бірақ  бұл 

жерде  біз  жалпы  тұжырымды  түйіндеу  мәселесін  оны  негіздеу  мен  тексеру 

мәселесінен  бөліп  алуымыз  керек.  Бұл  жағдайда  алынған  айғақтық 

мәселелерді  эмпирикалық  ғылымдарға  жатқызамыз,  ал  мәселелерді  зерттеу 

логикасы арқылы түсіндіреміз. Зерттеу барысында дәлелденуі ең қиын деген 

болжамның тексеру тәсілдерін тауып алуымыз керек. Егер гипотеза (болжам) 

мұндай  тексеруден  қалыпты  өтсе,  онда  оны  дәлелденген  деп  қабылдауға 

болады, бірақ бұл нәтиже онан әрі теріске шығарылуға, жалғанғандырылуға 

дайын.  Өз  позициясын  К.Поппер  «сыншыл  рационализм»  деп  анықтайды. 

Оның  пікірінше,  ғалымдар  бірдемені  үйрену  үшін  ашық  және  еркін 

рационалдық  пікірталас  қажет.  Мұнда  ғалымдар  ұсынылған  тұжырымды 

теріске  шығару  тәсілдерін  табуға  да,  қарсыласы  көзқарасын  қолдауға  да 

дайын болуы шарт. Ашық пікірталаста ақылды орынды пайдалану-міне, осы 

рационализм болып табылады. К.Поппер «Ашық қоғам және оның жаулары» 

кітабында  Платон,  Маркс  идеяларын  догматизм  ретінде  сынап,  оларда 

нақтылық  пен  білімді  жетілдіруге  деген  ұмтылыс  жоқ  деп  санайды.  Ол 

ақиқатқа  монополия  жасауға  қарсы  шығып,  толеранттылық  (төзімділік)  пен 

либералдық  позицияларын  ұстанады.  К.Поппер  өзінің  «Тарихилық 

жұтаңдығы»  деген  тағы  бір  еңбегінде  әлеуметтік  болжамдарға  қарсы  өзінің 

негізгі  қағидаларын  дәлелдеп,  холистік  жорамалдарға  талдау  жасайды.  Ол 

бастапқы  болжамдарға  түзетулер  енгізе  отырып,  салдарларды  зерттеу  және 

оларды нақты оқиғалармен салыстыру жолы арқылы болашақ туралы болжам 

жасауға  болады  деп  санады.  Оның  ойынша,  барлық  қоғам  туралы  болжам 

жасау  және  оны  өзгерту  мүмкін  емес.  Философтың  пікірінше  нақты 

реформалар  жүргізу  барысында  біздің  жоспарларға  түзету  енгізу  мен 

тексерілген құралдар арқылы кезеңдерге бөліп жасауға болады. 

Философиялық афоризмдері: 

  Жалған пайғамбарлардан сақтаныңыздар! 

  Үлкен адамдар үлкен қателіктер жасауға қабілетті болып келеді. 

  Табиғатта  идеал  жоқ.  Ол  өзінен-өзі  моральді  де,  моральсіз  де  бола 

алмайтынфактілер мен қайталаулардан тұрады. 

  Ғылым  –  жай  ғана  «фактілер  жиынтығы»  емес:  ол,  бері  салғанда,  -

фактілер коллекциясы. 

  Ешкімге бүйрек  бұрып,  бұра  тартпау  идеясы  жауапкершілік  идеясына 

алып келеді. 

  Біреуді сүю деген – оны бақытты етуге ұмтылу деген сөз. 

  Адамдар 

қателесуі 

мүмкін: 

қателеспеу 

деген 

адамзаттың 



артықшылығына жатпайды. 

  Жалпы  кез-келген  нәрсе  сынға  алынуы  мүмкін.  Ал  ғылыми  ақиқат 

нәрсе – кез-келген адам сынай біледі. 

  Қазір дегеніміз – өткеннің келешегі. 

  Үміт керек: үмітсіз – өмір сүру, әрекет жасау мүмкін емес. 

  Ғылым да қателеседі: өйткені, ол да – адамның қолынан шығады. 



        

430 


 

  Батыс  өркениетін  гректер  дүниеге  әкелді.  Гректер  ұлы  төңкеріс 

бастаған  болатын,  бірақ  ол,  тегі,  әлі  күнге  сол  бастапқы  кезеңінде  –

жабық қоғамнан ашық қоғамға өту кезеңінде тұрған тәрізді. 

  Табиғат заңдары өзгермейтіндіктен, оларды бұзу немесе қолдан жасау 

мүмкін емес. 

  Ақылды адамдар өздерін өте тиімсіз жағынан көрсетуі мүмкін. 

  Өзін-өзі сынау жалқаулықты ақтауға айналмауға тиіс. 

  Тәжірибие  –  теориялық  білімнің  дұшпаны  емес,  қайта  аса  күшті 

ынталандырушысы. 

  Үйренуге қабілетті кезімізде ақылдың алжасар еш жөні жоқ. 

 

Әдебиет: 



 

1.  Поппер  К.  Объективное  знание.  Эволюционный  подход  /  Пер.  с  англ. 

Д.Г.Лахути. Эдиториал УРСС, —Москва: 2002. — 384 с.  

2.  Ғабитов  Т.  Философия.  /XX-ғасыр  философиясы.  «Раритет»,  —

Алматы: 80-81 беттер. 

3.  Батыс  философиясының  антологиясы  //Ауд.Қ.Әбішев,  М.Сәбит, 

Ә.Қодар, А.Сағиқызы. «Фонд Сорос-Казахстан», —А: 2002. 404-бет. 

4.  Шаймерденұлы  Е.  Ақиқат  айнасы  (Философиялық  афоризмдер) 

/Анықтамалық: Карл Раймунд Поппер. «Өлке», —Алматы: 2004. 7-10, 

229-беттер. 

5.  Поппер К. Логика и рост научного знания. «Прогресс», —Москва:1983. 

6.  Поппер К. Открытое общество и его враги. Т. 1—2. — Москва: 1992. 

7.  Поппер К. Нищета историзма. — Москва: 1993. 

8.  Поппер  К.  Неоконченный  поиск.  Интеллектуальная  автобиография. 

Эдиториал УРСС, —Москва: 2000. — 256 с. 

9.  Поппер  К.  Предположения  и  опровержения:  Рост  научного  знания 

/Пер.  с  англ.  А.Л.Никифорова,  Г.А.Новичковой.  «Издательство  АСТ», 

ЗАО НПП «Ермак», —Москва: 2004. — 638 с. 

10. Поппер  К.  Знание  и  психофизическая  проблема:  В  защиту 

взаимодействия. Изд.ЛКИ, —Москва: 2008. — 256 с.  

11. Хабарова Т.М. Концепция К.Поппера как переломный пункт в развитии 

позитивизма. — Москва: 1968. 

12. Корнфорт  М.  Открытая  философия  и  открытое  общество.  —  М: 

1972. 

13. Серов  Ю.Н.  Концепция  «предположительного»  знания  К.Поппера.— 

Москва: 1975. 

14. «Критический рационализм». Философия и политика. — Москва: 1981. 

15. Грязнов Б.С. Логика, рациональность, творчество. — Москва: 1982. 

 

 


        

431 


 

ГАБРИЭЛЬ ОНОРЕ МАРСЕЛЬ 

 

(7 желтоқсан, 1889ж, Париж, 

Франция – 8 қазан, 1973ж., сонда) 

 

          — 



француз 

философы, 

драматург,  әрі  сыншы,  католиктік 

экзистенциализмнің 

негізін 

салушы. 


Философиялық шығармалары: 

«Метафизикалық  күнделік»,  «Опыт 

конкретной  философии»,  «Болу 

және  иемдену»,  «Кезбе  адам», 

«Болмыс  тылсымы»,  «Бұзылған 

дүние» және т.б. да еңбектері бар. 

          Марсель 

өзінің 


философиясын 

«неосократизм» 

немесе  «христиандық  сократизм» 

деп атады, оның философиясы жүйелілікке қарсы.  



Философиялық көзқарастары: 

           Ол болмысты жеке адам тіршілігінің, жекелік тәжірибиенің жемісі деп 

білді.  Марсель  еркіндікке  тек Құдайда  ғана жетуге  болады,  - дейді.  Болмыс 

«Ол»  емес,  «Сен»,  сондықтан  адамның  болмысқа  қатынасының  бейнесі 

Құдай алдындағы адамның басқа адамға қатынасы. 

          Габриэль  таным  субьекті  мен  обьекті,  «Мен»  және  «Мен-емес» 

арасындағы  қатынас  формасы  емес,  уайымданатын  және  уайымданушы 

арасындағы  қатынас  формасын  қарастырды.  Олар  бір-бірінен  бөлінбейді: 

уайымданатынсыз  уайымданушы  жоқ,  сол  сияқты  уайымданушысыз 

уайымданатын жоқ. 

         Дүниедегі  –  болмыс  «құпиясына»  өтудегі  Құдайға  құлшылықты 

Марсель  «кейіптену»  ілімі  деп,  оны  психологиялық-физикалық  мәселелерді 

қойып – шешу орнына қолданды. Бұл ілім «болу» және «иемдену» («болмыс» 

және «иелену») категорияларын ажыратып қарастырумен тығыз байланысты. 

«Иемдену»  –  ол  заттарға,  обьектке,  яғни  менен  бөтен,  бөлек,  маған  қатысы 

жоқ  қатынастарды  көрсетеді.  Керісінше,  «болу»  дегеніміз  ол  маған 

қатынасты,  менен  бөлінбейді.  Осы  тұрғыдан  алғанда  «мен  бармын»  мен 

«менде  бардың»  айырмасы  аспан  мен  жердей.  Менің  тәнім  –  «болу»  мен 

«иемденудің»  арасындағы  шекара,  өйткені  тәннің  болуы  –  барлық 

иемденудің шарты. 

         Марсель  «кейіптену»  идеясын  барлық  табиғатқа  аударып,  оны 

абсолюттік  «менің»  кейпіне  айналдырады.  Мен  дүниеге  қандай  қатынаста 

болсам, ол сондай өлшемде өмір сүреді, мен өз тәнімді қалай сезініп – білсем, 

солай дүниеге қатынастамын, басқаша айтқанда, мен кейіптенемін. 

 

 


        

432 


 

Әдебиет: 

 

1.  Марсель  Г.  Быть  и  иметь  /  Перевод  И.Н.Полонской.  «Сагуна»,  — 

Новочеркаск: 1994. — 159 с. 

2.  Марсель  Г.  Трагическая  мудрость  философии.  Избранные  работы.  — 

Москва: 1995. — 187 с. 

3.  Марсель  Г.  Пьесы  /Пер.  с  фр.,  вступ.  ст.  Г.Тавризян.  Изд-во 

гуманитарной литературы, — Москва: 2002. — 350 с. 

4.  Иманқұл Н., Бөрібаев Т. Іліми Философия. /Француз экзистенциализмі. 

Г.О.Марсель. «Парыз», — Астана: 2009. 113-114 беттер. 

5.  Марсель Г. Опыт конкретной философии /Пер. с фр.  — Москва: 2004. 

— 224 с.  

6.  Марсель  Г.  Метафизический  дневник  /Пер.  с  фр.  В.Ю.Быстрова. 

«Наука», — СПб: 2005. — 592 с. 

7.  Марсель  Г.  К  трагической  мудрости  и  за  ее  пределы  /Пер.  с  фр. 

В.В.Бибихина //Проблемы человека в западной философии. «Прогресс», 

— Москва: 1988. — С. 404—419. 

8.  Марсель Г. Ответственность философа в современном мире //Путь в 

философию. Антология. — Москва: 2001. — С. 254—267. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


        

433 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет