Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі


Синхронды компьютерлік конференцияны ұйымдастыру және жүргізуге арналған құрал



бет14/20
Дата16.07.2020
өлшемі428 Kb.
#75289
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері

Синхронды компьютерлік конференцияны ұйымдастыру және жүргізуге арналған құрал

Синхронды оқу «ақиқат» оқыту сессиясы түріне жатады. Бұл оқу жүйесі әрекеттестіктің барлық түрінен тұрады, сол әрекеттердің ішіндегі маңыздысы, білім алушы мен мұғалім арасында «нақты уақытта» сессия кезінде болатын әрекеттестік. Бұл білім алушылар бір-бірімен өзара қатынаста бола алады және ақпаратпен немесе тәжірибемен алмаса алады деген сөз, сонымен бірге барлығы бір жерде отырғандай, бір командада жұмыс істеп отырғандай сезімде болады.

Синхронды компьютерлік конференциялар Chatware деп аталады. Осы конференцияларды өткізу үшін арнайы бағдарламалық қамсыздандыру жасалған. Синхронды компьютерлік конференцияларда «тыңдаушылар» тарапынан қойылған сұрақ пен қойылған сұрақтарға жауап нақты уақыт режимінде Интернетте жарияланады.

Синхронды компьютерлік конференцияларды өткізудің қазіргі кездегі белгілі инструментальды құралдары төмендегі сайттарда келтірілген:

AtChot http://www.abbottsys.com/atchat.html

Conference Room http://www.webmaster.com/products/conferenceroom/index.html

HoneyCom http://www.honeysw.com/honeycom.htm

ICQ http://www.icq.corn

LOL Chat http://www.lolchat.corn

Microsoft Chat http://www.microsoft.com/ie/chat

Expressions http://www.eshare.com/products/ехрЗ.html

Interaction http://interaction.in-progress.corn

PowWow http://www.tribal.com/powwow

WinTalk http://www.elf.com/elf/wintalk.html

Rooms http://www.ichat.com/products/roomsf&b.html

Rendezvous http://rendezvous.visualtek.com

PumpKIN http://www.klever.net/pumpkin.html

PeopleLink http://www.peopleiink.com

Бұл құралдардың бірнешеуі дыбыстық және бейне файлдарды беруге бағытталған.

Оқу процесінде ақпараттық технологиялар маңызды емес, оларды білім беруде қолдану қаншалықты жетістікке жеткізетіндігі маңызды.

Технологияны таңдау барысында оқу курстарының мазмұны, білім беруде қойылған міндеттер мен оның нәтижелері, білім алушылардың оқу процесін қызығушылығы зерттелген болуы керек. Аудио-конференция абстрактылы ұғымдарды талқылауда тиімді. Аудиографикалық конференциялар өткізілетін нақты және абстрактылы оқыту жаттығулары вербальды жолдау және визуалды материалдар негізінде беріледі, ал бейне конференцияларды жүргізу аудио және визуалды материалдар негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру процесінде қазіргі заманның талабына сай қымбат технологияларды қолдануға қарағанда, күнделікті қолданып жүрген, бағасы да төмен технологиялар тиімдірек. Өйткені қымбат технологиялар талапқа сай нәтиже беру, бермеуі белгісіз [29-32].

Білім берудегі нәтиже коммуникациялық немесе ақпараттық технологиялар түріне байланысты емес, курстарды өңдеу және жасау сапасына байланысты. Технологияны таңдау барысында қымбат технологияларға қаржыны жұмсаған тиімді ма, алде арзандау технологияда оқу материалдарын өңдеп, қосымша құралдарды бағыттап отыру тиімді ма, осы сұрақтарды зерттеу маңызды.

Егер де оқу курсы толық өңделсе, бұл курс мақсаты арзан ақпараттық технологиялар базасында да жүзеге асырыла алады. Яғни, қаржының аз шамада жұмсалуы білім беру тиімділігінің артуына септігін тигізеді.

Технологияны таңдау барысында білім алушылардың ерекше белгісіне қарап, яғни материалды игеруіне қарай, нақты пәндердің өзіндік ерекшелігіне мән беру қажет. Түрлі ақпарат технологиясы базасында оқу орталығын толық қажетті технологиялармен жасақтау оқу жүйесінің міндеті болып табылады. Технологиялардың ішінде ең тиімдісі мультимедиалық тәсіл.

Оқыту курсында бірнеше ақпараттық технологияларды қолдану, яғни технологияны таңдауда мультимедиалық тәсіл өзекті болып келеді, өйткені әртүрлі технологиялардың бір-бірін толықтыруы синергетикалық нәтиже беруі мүмкін, бұл бірнеше технологияның бір мезеттегі әрекеті нәтижесінде білім беру сапасының күрт жоғарылауына алып келеді.

Соңғы жылдары дамып келе жатырған білім жүйесінің маңызды моделі – университет консорциумы (латын тілінен аударғанда consortiaem-араласу, бірлестік). Бұл әртүрлі білім технологиялары базасы бар, қашықтықтан оқыту жүйесі үшін дәстүрлі университет консорциумында дайындалған оқу курстарын ұсыну бойынша коммуникациялық және басқару қызметтерін көрсететін коммерциялық кәсіпорын. Университет консорциумдары:


  • Ақпараттық технологиялар негізінде бірнеше университет қызметтерін байланыстырады және біріктіреді;

  • Қашықтықтан оқыту жүйесі үшін дәстүрлі білім беру университеттері мен білім алушылар арасындағы брокерлік байланысты жүзеге асырады;

  • Абитуриенттер үшін дайындық курстары мен білімін жалғастыруға арналған программалар, сонымен бірге аспиранттарға арналған курстарды ұсынады;

  • Консорциум құрамына кіретін университет сертификаттары мен дәрежелерін қашықтықтан оқып алу мүмкіндіктерін береді;

  • Бірнеше дәстүрлі жүйеде білім беретін университеттердің білім ресурстарын біріктіруге мүмкіндік береді.

Бұл форманы айтарлықтай дамыту тәжірибесі Австралияда жасалған, Австралияда «Ашық оқыту» консорциумы жұмыс істейді (Open Learning Australia-OLA – 8 университет консорциумы). Яғни, тыңдаушылардың ақпараттық технологияларды қолдана отырып, осы университеттің келесі түрдегі курстарын игеруге толық мүмкіндіктері бар:

OLA студенттері бірқатар жабдықтарды, яғни, теледидар, радио, -аудио,

-бейне жазба, дербес компьютерлер және жазба материалдарын қолдана отырып курстарды қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы оқиды [36-38].

Университетте білім беру жүйесінің тағы бір жаңа формасы – Телеуиниверситет. Бұл университет ресурстарын біріктіруге негізделген, бірақ университет консорциумына қарағанда бұл бірлестік өте мықты. Телеуниверситет интегралды оқу кластары бойынша жеке университеттермен ортақ жұмыс жасауды ұсынады. Телеуниверситет курстарды өзі дайындайды және жібереді, сонымен бірге университет ресуртары мен профессор-мұғалімдер құрамын құра отырып білім алушыға диплом, сертификат береді [20].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет