Ќазаќстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігі



бет18/20
Дата16.07.2020
өлшемі428 Kb.
#75289
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту технологиясын ұйымдастырудың теориялық және дидактикалық негіздері

Білім беру порталдары

Білім беру жүйесінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияны дамытудың тиімді құрылымы – білім порталдары болып табылады. Порталдың негізгі міндеті жоғары технологиялы оқу процесінің қолдауы арқылы бірыңғай білімді ақпараттандыру ортасын дамуына өз үлесін қосатын маңызды функциялармен толықтырылады. Порталдың білім және технологиялық саясаты, сонымен бірге оның ағартушылық қызметі әдістемелік және технологиялық арнаға ақпараттандыру процесін бірте-бірте ендіру әдісі болып табылады.

Білім порталы келесі функцияларды ұйымдастыруға мүмкіндік береді: мамандарға ақпарат пен қатынас құралдарын ұсыну, бөлімдер мен ресурстар арасындағы байланысты жақсарту, авторлық құқықты сақтау, оқу курстарына, білім технологияларына, білім қызметтеріне конкурстар жариялау, ақпарат алмасу мүмкіндігі, әртүрлі сервистерді ұсыну (ЧАТ, форум, пошталық таратулар).

Білім порталы – бұл оқу порталы (білімді бақылау, беру, құру және қол жеткізген білім цензін дәлелдеуі). Егер де порталда оқыту функциялары жоқ болса, онда мұндай портал білім жүйесінің тек ақпараттық порталы болады.

Оқыту мақсатына арналған құрылымданған контент, гетерогенді мәліметтер көзінен ақпарат алу (реляциялы және көпөлшемді мәліметтер базасы, құжаттарды басқару жүйесі, электронды пошта жүйесі, web-серверлер, гипермәтін сақталатын серверлер мен түрлі файлдық жүйелер, -аудио, бейне-ақпараттар), клиенттік ортаны ұйымдастыру мүмкіндіктері болуы керек, сонымен бірге жүйедегі жұмыстың орындалуын нақты адамның немесе топтық қауымның қадағалауын ұйымдастыру.

Қазақстанда, Ресейде Интернет желі домендерінде орнатылған университет порталдарының бірқатар өз кемшіліктері бар. Осы кемшіліктер порталдың дамуына шектеу қояды және оларды қолдану тиімділігін төмендетеді.



Порталда ақпаратты персонализациялау функциясын ұйымдастыру үшін қызметтері білім порталына сәйкесті қолданушылардың негізгі категорияларын анықтау қажет. 1-суретте портал қолданушыларының негізгі белгілі мақсатқа арналған топтары келтірілген.




1-сурет. Білім порталының белгілі мақсатқа арналған қолданушылар тобы

Көп жағдайда портал әртүрлі негіздегі қолданушылар тобын құрайды және порталға енудің бір ғана жолы болғандықтан, қолданушылар жалпы ақпараттардан хабардар болғаннан кейін барып, өзіне қажетті ақпаратқа қол жеткізе алады, яғни әрбір қолданушының сұранысы мен қажеттілігі үшін Интернет желісінде жеке ақпарат құралдарын беру мүмкіндігі қарастырылмаған, сонымен қатар басқа да көптеген шектеулер кездеседі. Бұл шектеулер Интернет желі базасында орналасқан бүгінгі білім жүйелеріне тән.

Сонымен, университетте білім порталын ендіру, ақпараттық ресурстарды ұсынумен қатар, Интернет инфрақұрылымында ЖОО-ның іскерлік процесін ұйымдастыруда қолданушылардың қатынас жасауына арналған құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, портал ақпаратты-білім ортасының, яғни желілік консорциум (түрлі деңгейдегі ЖОО-н біріктіру функционалдығы) немесе желілік корпорация (ЖОО-ң қашықтықта орналасқан бір бөлімін административті біріктіру ) бөлігі болады алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет