Ќазаќстан республикасы денсаулыќ министрлігі


Медициналық жедел жәрдем станциялары



бет27/68
Дата11.06.2020
өлшемі0,5 Mb.
#73168
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Байланысты:
Бектурсунова А.МЕЙІРБИКЕ ІСІ НЕГІЗДЕРІ

Медициналық жедел жәрдем станциялары:

Медициналық жедел жәрдем станциялары еліміздің барлық қалаларында ұйымдастырылған. Аса қажет жағдайда халыққа күні-түні медициналық жәрдем көрсетеді. Көшпелі орта медициналық қызыметкедің бәрі де бригадир-дәрігерге көмектеседі және оның барлық тапсырмаларын дер кезінде, тез орындауға міндетті.фельдшерлер мен мейіркештер жұмысына кіріскенде арнайы киім алуға, өзі істейтін жедел жәрдем машинасының нөмерін білуге, аппаратураны, дәрі-дәрмегі бар жәшікті қабылдауға, оның ішіндегілерін тексеруге, сондай-ақ барлық құрал-жабдықтардың түзіктігін, ал жетіспеген немесе сынықтарды болған жағдайда оларды жою шараларын қабылдауға, машинаның жүрісіне әзір екенін, оның санитарлық жағдайын, радиобайланыстың дұрыстығын тексеруге тиіс. Орта медицина қызыметкері дәрігердің нұсқауымен медициналық жәшіктің ішіндегісін және оны пайдалана білуі, аппараттармен жұмыс істей алуы тиіс.Осы мақсатта мамандығын жоғарлату үшін арнайы сабақтарға қатысуы қажет.Орта медициналық қызыметтер шақырылып барған жерде дәрігердің тікелей көмекшісі болады және оның барлық нұсқауларын бұлжытпай орындайды.

Орта медициналық қызыметкер көрсетілетін медициналық жәрдемнің бір түрі ретінде жүре алмайтын сырқатты зембілмен тасуға міндетті. Егер уақиға болған жерге машина жақындай алмайтын болса, көшпелі бригада шақырылған жерге жаяу барып, сырқатқа медициналық жәрдем көрсетіп, оны машинамен алып кетуі тиіс. Бұл бригада ауруды мұқият қарауы, ал төңірегіндегі адамдармен өте кішіпейілді болуы керек. Жауапты фельдшер шақырылған жерге дер кезінде баруға , сырқаттарды тасымалдау туралы нұсқауды сақтауға, қажетті жағдайда медициналық жәрдем көрсетуге тиісті.Барған жерде жауапты фельдшер сырқаттың бар медициналық құжаттарын ( ауруханаға берілген жолдамасы т.б.) тапсырады.

Өте ауыр сырқаттарды бригада зембілмен тасымалдауға міндетті. Тек қалыпты тасымалды қиындататын жағдайларда (тар баспалдақ, түзу емес және қысқа дәліздер) ерекше көмек көрсету керек. Мұндай жағдайда сырқатты көрпесімен немесе ақ жаймаға орап, қолымен қолымен көтеріп алып жүру керек. Машина ішінде жауапты фельдшер сырқат жанында отыру керек.Егер жолда аурудың күйі кенеттен нашарласа, фельдшер оған жәрдем көрсетіп , жақын жердегі ауруханаға жеткізеді де, ауруды қабылдау бөлімшесіндегі кезекті қызыметкерге тапсырады, қабылдаған жолдама қағазға өзі қолын қояды. Мас немесе ес-түссіз сырқаттар құжаттарын, бағалы заттарын, ақша мен басқа бұйымдарын фельдшер немесе мейіркеш қолқат беріп, аурухананың қабылдау бөлімшесіне тапсырады және жолдама қағазға бұл заттарды кімнің қабылдағаның жазады.Егер жедел жәрдем машинасы жол-жөнекей бақытсыз жағдайға кезіксе, жауапты фельдшер машинаны тоқтатып жараланған адамға медициналық жәрдем көрсетуі және оны медициналық мекемегежеткізіп салуы керек. Подстанцияға оралған соң жауапты фельдшер диспетчерге дәрігерлік шақырудың орындалуы туралы мәлімет береді, ол оны арнайы карточкаға жазып алады.Кезектнің соңына қарай жауапты фельдшер машинадан дәрігерлік жәшікті түсіріп, оны кем жерін толықтыру үшін аптекаға немесе аға фельдшерге тапсырады, ал басқа жабдықтарды өзін алмастыратын жауапты фельдшерге береді. АУРУХАНАЛАР:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет