Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 020 жылғы қазандағы № Қр дсм- медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы 116/2020 бұйрығы



Дата11.12.2023
өлшемі129,12 Kb.
#196209
Байланысты:
116 каз


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы № ҚР ДСМ- Медициналық оңалту көрсету қағидаларын бекіту туралы 116/2020 бұйрығы. 

Медициналық оңалту – пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;


Мультидисциплинарлық топ – тыныс-тіршілігінің сипаты мен дәрежесіне, пациент ағзасының функциялары мен құрылымдарының бұзылуына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
Санаторийлік-курорттық ұйымдар – медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді, курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында орналасқан табиғи емдік факторларды қолдана отырып, адамның денсаулығын сауықтыру және қалпына келтіру жөніндегі санаторийлік-курорттық қызметтерді көрсететін ұйымдар: санаторий (ересектерге, ересектер мен балаларға, балаларға арналған), студенттік санаторий-профилакторий, балалардың оңалту-сауықтыру орталығы.
2-тарау. Медициналық оңалту тәртібі
Медициналық оңалту:
1) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайларда;
2) тәулік бойы медициналық бақылауды, емдеуді, күтімді, сондай-ақ тамақтанатын төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда;
3) тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді талап етпейтін және төсек-орын бере отырып, күндізгі уақытта медициналық бақылау мен емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайларда;
4) үйде: медицина қызметкерін, ұтқыр бригаданы шақыру, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде (үйдегі стационар), оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып;
5) санаторийлік-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.
Медициналық оңалту көрсету үшін пациентті стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу Кодекстің 7-бабының 82) тармақшасына сәйкес Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы жүзеге асырылады.
8. Пациентті стационарға жатқызу кезінде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша электрондық форматта медициналық карта ресімделеді.
9. Медициналық оңалту ересектер мен балаларға жіті аурулар мен жағдайлар, жарақаттар, хирургиялық араласулар кезінде, тіршілік әрекеті шектелген емделушілерге, оңалту әлеуетін ескере отырып, аурулар және (немесе) функциялары мен құрылымдарының бұзылулары бар жағдайлар кезінде, әлеуметтік мәні бар аурулар мен жекелеген нозологиялық нысандар кезінде жүзеге асырылады.
10. Медициналық оңалтуды көрсету деңгейі нозологияға, пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне және осы Қағидаларға 12345678910 және 11-қосымшаларға сәйкес ОБШ бойынша МДТ мамандарының қатысуымен ҚХЖ немесе ҚХЖ-БЖ өлшемдері негізінде БӘФ бұзылыстарының қалыптастыру тәртібіне сәйкес айқындалады.
11. Медициналық оңалту мынадай деңгейдегі медициналық ұйымдарда жүргізіледі:
1) өзінің құрылымында ОБШ бойынша жай - күйі 1-ден 2 балға дейін бағаланатын оңалту кабинеті/бөлімшесі, медициналық оңалту көрсететін күндізгі стационары бар медициналық-санитариялық алғашқы көмек медициналық ұйымы;
2) екінші деңгей - өз құрылымында амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда медициналық оңалтуды жүзеге асыратын мамандандырылған бөлімшелері және (немесе) орталықтары бар мамандандырылған медициналық ұйымдар, оның ішінде бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша пациенттің жай-күйі ШРМ бойынша 2-ден 4 балға дейін бағаланады;
3) үшінші деңгей – өз құрылымында медициналық оңалту бойынша мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде медициналық оңалтуды жүзеге асыратын бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша бөлімшелері және (немесе) орталықтары бар мамандандырылған медициналық ұйымдар, пациенттің жай-күйі ОБШ бойынша 2-ден 4 балға дейін бағаланады.
12. Медициналық оңалту пациенттерге көрсетілетін қызметтерді жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерге, ҚХЖ сәйкес пациенттің жай-күйін бағалауға, тіршілік-тынысы мен денсаулығының шектеулеріне, оңалту әлеуетінің деңгейіне, ауру ағымының кезеңіне немесе жай-күйіне байланысты жүргізіледі.
13. Медициналық оңалту үш кезеңді қамтиды:
1) бірінші кезең – аурудың жіті, жітілеу кезеңдерінде, сондай-ақ, операциялық араласулар және жарақаттар кезінде медициналық оңалту реабилитолог дәрігердің консультациясынан кейін асқынулардың профилактикасы және функционалдық қалпына келтіруді жеделдету үшін клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауруды емдеу шеңберінде мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек көрсететін стационарлардың құрылымдық бөлімшелерінде (реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде немесе мамандандырылған бейінді бөлімшеде) жүргізіледі.
Бірінші кезеңде іс-шараларды өткізуді медициналық оңалту мәселелері бойынша оқудан өткен реабилитолог дәрігер және (немесе) бейінді маман жүзеге асырады. Негізгі ауруды медициналық оңалту өмірлік маңызды функциялар тұрақтанғаннан кейін жүргізіледі.
Негізгі ауруды емдеу курсы және медициналық оңалтудың бірінші кезеңі аяқталған кезде бейінді маман реабилитолог дәрігермен бірлесіп пациенттің әлеуетін айқындайды және алғаш рет белгіленген оңалту диагнозын, оңалту бағдарының шкаласы (бұдан әрі – ОБШ) бойынша пациенттің бағытын қалыптастырады және шығару эпикризін рәсімдей отырып, пациентті оңалтудың келесі кезеңдеріне (екінші немесе үшінші) жіберуді қалыптастырады.
Пациенттерде емдеуге жатқызуға көрсетілімдер болмаған және стационарлық жағдайларда оңалтудың бірінші кезеңін жүргізу қажет болған кезде, пациент медициналық көмек көрсетілгеннен және негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін оңалтудың екінші немесе үшінші кезеңіне жіберіледі.
Оңалту көмегін көрсететін медициналық ұйымдарда бейінді мамандар және (немесе) оңалтушы дәрігерлер болмаған жағдайда, ОБШ-ны айқындау және оңалтудың жеке жоспарын әзірлеу МДТ немесе бейінді мамандардың, мамандандырылған оңалту медициналық ұйымдарының қатысуымен телемедицина арқылы қамтамасыз етіледі;
2) екінші кезең – медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынының оңалту төсектерінде, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда жүргізіледі.
Екінші кезең мультидисциплинарлық топ (бұдан әрі – МДТ) мамандарының қатысуымен өмір сүру мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектеулерінің халықаралық сыныптамасы (бұдан әрі – ҚХС) өлшемшарттарының негізінде нозология, пациент жағдайының ауырлық дәрежесіне, биоәлеуметтік функциялардың (бұдан әрі – БӘФ) бұзылуына байланысты емдеу ұзақтығымен аурудың басталуынан (операциялық араласудан) кейін 9 айдың ішінде өткізіледі.
Бір емдеу курсының ұзақтығы және екінші кезеңнің еселігі реабилитолог дәрігердің немесе ОБШ бойынша МДТ қорытындысы, ҚХС өлшемшарттары бойынша, пациент жағдайының ауырлық дәрежесі бойынша анықталады.
Екінші кезеңнің ішінде медициналық оңалтудың бірнеше курстарын өткізген кезде әрбір курс жаңа жағдай деп есептеледі. Екінші кезеңнің курстары арасындағы интервалдың ұзақтығы 30 күннен аспайды.
Медициналық оңалтудың екінші кезеңін жүргізу үшін пациентті бір медициналық ұйым шегінде бейінді бөлімшеден оңалту бөлімшесіне ауыстыру кезінде оны оңалтудың жаңа жағдайы деп есептеледі.
Пациенттерде мамандандырылған бөлімшелерде немесе оңалту төсектерінде, денсаулық сақтау ұйымдарында, мамандандырылған оңалту орталықтарында, көп бейінді стационарларда оңалтудың екінші кезеңін өткізуге көрсетілімдер болмаған кезде, пациент негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
Медициналық оңалтудың екінші кезеңіне жолдама жасау кезінде ақпараттық жүйеде қос кодтау пайдаланылады: негізгі диагноз ретінде негізгі диагноздың немесе операцияның коды көрсетіледі; диагнозды нақтылайтын – осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес XXI класс (Z) тізбесінен код.
3) үшінші кезең негізгі ауруды емдеу аяқталғаннан кейін туа біткен аурулар кезінде және ҚХС өлшемшарттарын бағалағаннан кейін БӘФ сақталған кезде жүргізіледі. Пациент ОБШ-ға сәйкес осы Қағидаларға 123456789101111-111-211-311-411-511-611-7 және 11-8-қосымшаларға сәйкес медициналық оңалтудың үшінші кезеңін алады.
Үшінші кезеңдегі медициналық оңалту амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету арқылы жүргізіледі.
Медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жолдама жасау кезіндегі ақпараттық жүйеде қос кодтау пайдаланылады: негізгі диагноз: аурудың бейініне сәйкес оңалту коды (Z) және диагнозды нақтылайтын: ауру коды.
Оңалту әлеуетін сақтау кезінде үшінші кезеңдегі медициналық оңалту жиілігі мен ұзақтығы бойынша жеке жүргізіледі.
14. Екінші және үшінші кезеңдерде реабилитолог дәрігер немесе МДТ оңалту іс-шараларының басында және соңында әрбір пациентке осы Қағидаларға 12345678910 және 11-қосымшаларға сәйкес медициналық картаға және ақпараттық жүйеге оңалту диагнозын, оңалту көрсету деңгейін (қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып, амбулаториялық, көшпелі нысан, күндізгі стационар, үйдегі стационар, тәулік бойы стационар) енгізеді.
МСАК дәрігері пациентті оңалту іс-шараларын одан әрі жүргізуге, оның ішінде оңалтушы дәрігердің немесе МДТ қорытындысының негізінде қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып жібереді, онда келесі келу күні, ОБШ және өткізу орны көрсетілген.
Медициналық оңалтудың емдеу курсының ұзақтығы, қызметтердің тізбесі мен көлемі пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігін ресімдей, негізгі ауруды базалық емдеуді ескере отырып, реабилитолог дәрігердің немесе МДТ қорытындысының негізінде айқындалады.
Пациентті шығару кезінде жүргізілген оңалту іс-шараларындың тиімділігі бағаланады, медициналық картада ОБШ және ҚХЖ өлшемшарттарғын бағалай отырып оңалту диагнозы, шығару кезіндегі пациенттің жағдайы: жақсаруымен, өзгеріссіз, нашарлауымен көрсетіледі.
Медициналық оңалту пациенттің жеке бағдарламасы:
пациенттің жағдайының нашарлауы;
негізгі және/немесе қосалқы аурулардың асқынуларының дамуы кезінде;
пациенттің бастамасы бойынша тоқтатылады.
Бұл кезең ақпараттық жүйеге ОБШ бағасы мен ҚХЖ өлшемшарттарын енгізе отырып, аяқталған жағдай ретінде ресімделеді.
Медициналық оңалтуды қажет ететін пациент МСАК-қа алғаш жүгінген кезде МСАК дәрігері оңалту кезеңдеріне (екінші немесе үшінші) жібере және оңалтудың жеке жоспарының медициналық бөлігін ресімдей, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана, ОБШ бойынша пациенттің бағытын айқындай отырып, ҚХЖ өлшемшарттарының негізінде бастапқы оңалту диагнозын қалыптастыру үшін пациентті оңалтушы дәрігерге немесе МДТ-ға консультацияға жібереді.
15. Стационарда және МСАК-та ОБШ-ны айқындау және оңалтудың жеке жоспарын әзірлеу мақсатында бейінді мамандар және/немесе медициналық ұйымдарда оңалтушы дәрігерлер болмаған жағдайда оңалтушы дәрігердің шешімі бойынша МДТ отырысы өткізіледі, өз штатында қашықтықтан медициналық қызметтердің көмегімен тиісті бейінді маманы бар мамандандырылған оңалту медициналық ұйымымен МДТ өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.
МДТ отырысының қорытындысы бойынша пациенттің медициналық картасына жалпы қорытынды жасалады және деректер ақпараттық жүйеге енгізіледі.
МДТ қорытындысы бойынша функцияларының айқын бұзылуы бар өзіне-өзі қызмет көрсетуді, орын ауыстыруды және қарым-қатынасты жүзеге асыруда бөгде адамның көмегіне толық тәуелді және функцияларды және (немесе) тыныс-тіршілікті қалпына келтіру перспективасы жоқ (оңалту әлеуеті таусылған) пациентке көмек паллиативтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда және үйде көрсетіледі.
МДТ қорытындысы бойынша функцияларды және (немесе) тіршілік әрекетін (ОБШ бойынша) қалпына келтіру келешегі жоқ пациентке оңалту іс-шаралары жүргізілмейді.
Бірінші кезеңде МДТ құрылмайды, ал пациентті келесі кезеңге ауыстыру реабилитолог дәрігердің және бейінді ауру жөніндегі маманның консультациясы негізінде жүргізіледі.
16. ОБШ бойынша көрсеткіш тәулік бойы немесе күндізгі стационарға түскен кезде немесе барынша айқын ҚХС өлшемшарты бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) ұйымына жүгінген кезде бағаланады.
Функциялардың бұзылуын бағалау принципі анатомиялық-физиологиялық белгілерге негізделеді.
ҚХС өлшемшарттарының әрқайсысы ОБШ-да балмен көрсетілетін бұзушылықтардың айқындылығын сипаттау үшін 0-ден 4-ке дейін өзінің мәні бар.
ҚХС өлшемшаттары бойынша бұзылу дәрежесі бар пациенттер:
0 балл медициналық оңалтуға мұқтаждар тобынан шығарылады және медициналық көрсетілімдер болған жағдайда клиникалық хаттамаларға сәйкес негізгі ауру бойынша емдеу немесе динамикалық бақылау алады;
1 балл – медициналық оңалтудың екінші кезеңін айналып өтпей амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың профилакторийі, санаторийі, бөлімшесі немесе оңалту кабинеті жағдайында, сондай-ақ реабилитолог дәрігердің немесе МДТ қорытындысына сәйкес МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып амбулаториялық жағдайда медициналық оңалтуды алады;
2, 3, 4 балл – көп бейінді стационар, мамандандырылған оңалту орталығы, күндізгі стационар (мамандандырылған оңалту орталығы, санаторий, мамандандырылған санаторий), профилакторий, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың оңалту бөлімшелерінің немесе кабинеттерінің жағдайларында, сондай-ақ көшпелі нысандарды, реабилитолог дәрігердің немесе МДТ қорытындысына сәйкес МСАК дәрігерінің жолдамасы бойынша қашықтықтан медициналық қызметтерді пайдалана отырып амбулаториялық жағдайларда алады.
МДТ шешімі бойынша оңалту әлеуеті жоқ пациентке ОБШ көрсеткіші 5 балл қойылады. Науқас паллиативтік көмек көрсету үшін жіберіледі.

18. Бір жастағы балалар үшін медициналық оңалту МСАК деңгейінде немесе катамнез кабинеттерінде педиатрлар немесе неонатологтар дәрігерлер әрбір үш ай сайын нерв-психикалық дамуының бағалай отырып, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Өкпенің жасанды желдеткішінде ұзақ уақыт болған балалар орталық нерв жүйесінің қабыну ауруларының зардаптарынан кейін, сондай-ақ өмірлік маңызды функциялар тұрақтанғаннан, қалыпты міндетті нутритивтік мәртебеге қол жеткізгеннен кейін перинаталдық кезеңде туындайтын жекелеген жай-күйлерден кейін, бейінді мамандарды қарап-тексеруден және оларды келісуден кейін оңалту іс-шараларын жүргізу үшін стационардан немесе перзентханадан медициналық оңалтудың екінші кезеңіне ауыстырылады.
Стационардан/перзентханадан оңалту немесе бейінді бөлімшеге, оның ішінде оңалту көмегі үшін ауыстыру жаңа жағдай болып саналады.
19. Бастап өткерген коронавирустық инфекциясынан кейін медициналық оңалту мамандандырылған бөлімшелерде немесе оңалту төсектерінде, амбулаториялық-емханалық ұйымдарда, күндізгі стационарларда, тәулік бойы стационарларда, оңалту орталықтарында, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үйдегі стационарларда, оның ішінде қашықтықтан медициналық қызмет көрсету жағдайында жүзеге асырылады.
Коронавирустық инфекциясын бастап өткерген пациенттерге медициналық оңалту ҚХЖ сәйкес пациенттің жағдайын бағалауға, оңалту әлеуетінің деңгейіне, осы Қағидаларға сәйкес аурудың ағымына және медициналық оңалту бойынша диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына байланысты жүзеге асырылады.
Коронавирустық инфекциясын сатурация деңгейі 95% - дан төмен, өкпенің зақымдануы 50% - дан жоғары, өкпенің зақымдануы 25% қатар жүретін аурулары бар, Борг шкаласы бойынша ентігу нормадан жоғары, оттегі қолдауы бар науқастар, анамнезде реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емдеу медициналық оңалтудың екінші кезеңіне жіберіледі.
Коронавирустық инфекциясын сатурация деңгейі 95% - дан төмен, өкпенің зақымдануы 50% - дан жоғары, өкпенің зақымдануы 25% қатар жүретін аурулармен, Борг шкаласы бойынша ентігу нормадан жоғары, оттегі қолдауынсыз, анамнезінде емделетін науқастар реанимация және қарқынды терапия бөлімінде медициналық оңалтудың үшінші кезеңіне жіберіледі.
20. Қазақстан азаматы негізгі ауруға ем жүргізілгеннен кейін басқа елден келген және одан әрі оңалтуды талап ететін жағдайларда пациент медициналық картадан үзіндінің көшірмесін пациенттің тұрғылықты (нақты болған) жері бойынша МСАК ұйымына ұсынады. МСАК дәрігері пациентті ХКҚ өлшемшаттарына сәйкес ОБШ айқындай отырып, реабилитолог-дәрігердің немесе МДТ ұсынымы негізінде медициналық оңалтуға жібереді.
21. Негізгі ауру бойынша медициналық оңалтуды жүргізу үшін:
1) әртүрлі текті жиі қайталанатын немесе мол қан кетулер;
2) шығу тегі белгісіз фебрилді қызба немесе субфебрилді қызба;
3) жіті инфекциялық аурулар;
4) жіті остеомиелит;
5) терең көктамырлардың жіті тромбозы;
6) жүрек ырғағының, жүрек функцияся жеткіліксіздігінің асқынған бұзылуы;
7) туберкулездің барлық нысандарының белсенді сатысы;
8) қатерлі ісіктер (IV клиникалық топ);
9) тыныс алу функциясының ІІІ және одан жоғары жеткіліксіздігі;
10) елеулі улану кезінде әртүрлі іріңді (өкпе) аурулар;
11) декомпенсация сатысындағы аурулар, атап айтқанда, түзетілмейтін метаболикалық аурулар (қант диабеті, микседема, тиреотоксикоз және басқалар), бауырдың, ұйқы безінің ІІІ дәрежелі функциялық жеткіліксіздігі;
12) талма кезеңдегі эпилепсия;
13) эмоция мен мінез-құлықтың бұзылуымен, жеке басын десоциациялаумен психологиялық аурулар;
14) терінің іріңді аурулары, терінің инфекцияның аурулары (қышыма, микоз аурулары және басқалар);
15) 2 -3 - дәрежелі анемия;
16) 3 - дәрежелі дистрофия жалпы қарсы көрсетілімдер болып табылады.
25. Медициналық оңалту жөніндегі қашықтықтан медициналық қызметтер географиялық, уақытша, Әлеуметтік және мәдени кедергілерге қарамастан денсаулық туралы ақпарат алмасу және денсаулық сақтау қызметтерін ұсыну үшін ақпараттық-коммуникациялық байланыстарды пайдалануды көздейтін телемедицинаның нұсқасы болып табылады.
Қашықтықтан оңалтуды жүзеге асыру кезінде дербес медициналық деректердің (жинау, өңдеу, сақтау, қорғау) сақталуын, құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету қажетті талап болып табылады.
Қашықтықтан медициналық қызметтер мен ақпараттық технологияларды, сондай-ақ көшпелі нысандағы мобилдік бригадаларды пайдалана отырып медициналық оңалту, оңалту әлеуеті бар, бірақ өздігінен қозғала алмайтын, сондай-ақ әлеуметтік және эпидемиологиялық көрсетілімдері бойынша медициналық оңалту медициналық оңалту жөніндегі іс-шараларды жалғастыруды немесе ұзақ жүргізуді қажет ететіндерге көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет