Сабақ жоспары ( 5 сынып) Сабақтың тақырыбы:



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі0,57 Mb.
#13188
түріСабақ
  1   2   3
Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Сабақ жоспары

(5 сынып)

Сабақтың тақырыбы:

«Металдар»
Технология пәнінің мұғалімі: А.К Талиев

2016 – 2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Металдар.
Сабақтың мақсаты 1.Білімділік: Оқушыларды металды көркемдеп өңдеу

технологиясымен таныстыру.



2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымдарын

кеңейту.


Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар,суреттер, слайт.

Пәнаралық байланыс: физика,математика,сызу,тарих, музика
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
Жаңа сабақ:
Металды түзету мен майыстыру

Қаңылтырдан немесе жолақ металдан жасалған дайындамаларды өңдеу үшін, оларды майыстыруға, не түзетуге тура келеді.

Металды түзету үшін оларды алдын ала қайшымен қияды немесе шапқымен кеседі.

Металды қолмен түзететін құралдардың қатарына басы дөңгелек темір балға немесе ағаш балға жатады.

Қалыңдығы 0,5 мм металды ағаш балғамен түзетеді.

Металды түзету үшін арнайы төстер немесе түзету тақталары қолданылады.

Қаңылтыр, жолақ немесе дөңгелек материалдарды белгілі бір қалыпқа келтіру үшін оларды майыстырады.

Ол үшін жазық, дөңгелек немесе фигуралы қыспақтар қолданылады.


Металды көркемдеп өңдеу технологиясы
Халық шеберлері темірді, күмісті, алтынды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеу әдісін ерте кезден-ақ білген.

Бертін келе олардың технологиясын жетілдіріп, тамаша бұйымдар жасаған. Мысалы, темірді бедерлеп кұю мен өрнектеудің озық үлгісіне Қожа Ахмет Йасауи кесенесіндегі Тайқазан, алтыннан бедерлеп жасалған Алтын адам, республикамыздың тарихи-өлкетану мұражайларындағы зергерлік бұйымдар жатады. Болат темірден жасалған қару-жарақтар, темірден жасалған үй мүліктерін күміспен батырмалап өрнектеу, жұқа қаңылтырдың бетін бедерлеп көркемдеу жұмыстары - осындай еңбектің жемісі.

Халкымыз ағаш пен темір өңдейтін колы епті адамды ұста дейді. Темір өңдейтін ұста арнаулы шеберханада жұмыс істейді. Оны ұстахана немесе дүкен деп атайды.

Ал әсемдік бұйымдарын: білезік, жүзік, алқа, сырға т.б. жасайтын шеберді зергер деп атайды.




Зергер - темір мен құнды металды және олардың қоспаларын көркемдеп өңдеуші. Халық ұста мен зергерді ісмер дейді. Ісмердің қолынан шыққан бұйымдар, туындылар халық мәдениетінің дамуына, көркемдік талғамының жетіле түсуіне зор ықпал етеді.

Ісмерлер затты көркемдеу үшін, арнаулы болаттан жасалған шағын құралдарды пайдаланады, олардың ұшында өрнек ізін салатын өткір бедері бар. Мұндай құралды шапқы дейді. Шапқымен із салу, сызу, бедерлеу тәсілдерін орындаған. Соңғы жылдары темірді көркемдеп, одан әсем әшекей заттар жасау сәулет өнерінде кеңінен қолданылып жүр. Уақыт өткен сайын халық шеберлері металды көркемдеп өңдеу технологиясын жетілдіріп келеді.


Каталог: uploads -> doc -> 0d10
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d10 -> Зерттеу нысанасы. Туыстық атаулардың адам өміріне қажеттілігін зерттеу. Жобаның негізгі мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет