Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер Институты


Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді



бет2/3
Дата25.01.2017
өлшемі3,6 Mb.
#7782
1   2   3

Елді бекем билейді, бекемді шешен билейді

Бекболат бидің бәйбішеден тоғыз ұлы, тоқалдан Тіленші дейтін бір ұлы және бір қызы болыпты. Бекболат қартайғанда ағайынның жақсылары жиналып келіп:



  • Жасыңыз болса жетті, орныңызды ұстап, кісі қылыуға балаларыңыздың қайсысын ұйғарып жүрсіз? Сіздің көзіңіздің тірісінде құрметтеп, бата берейік деп едік,  дейді. Бекболат біраз үндемей, көзін жұмып толғанып, ыңыранып отырады. Тіленшіні айтайын десе бәйбішесінің көңіліне қарайды. Әкесінің қиналып отырғанын қызы байқап:

  • Қаракесектен шыққан он екі ата елді Бекем билеуші еді, Бекемді шешем билеуші еді. Бекем шешемнен қаймықпаса, тоқалдан туды демесе, Тіленші жанның ел ұстамайтын несі бар?  дейді. Сонда Бекболат көзін ашып:

  • Баланың сөзі рас, сол немеден үмітім бар. Бірақ ел жұмысынан ойлаған ойы жоқ секілді. Қойшы-қолаңшымен ойнай беруші еді,  дейді. Сонда бәйбіше:

  • Сол немеден менің де үмітім бар еді... Тіленші қайда?  дейді. «Жылқы суара кетіп еді» дейді қыз. Отырған жақсылар:

  • Оған өзіміз барып жолығып қайтайық,  деседі. Бұлдар іздеп келсе, Тіленші су жағасында қойшылармен алысып ойнап жүр екен. Кісілерді көрген соң, Тіленші сәлем береді. Келген жақсылар:

  • Мынау қойшы-қолаңшымен алысып жатқаның не?  дейді. Тіленші сөзді тыңдап болып былай дейді:

  • Әкем Бекболат он екі ата елді билеп еді, елдің жуаны келсе қабағын ашып, жадырай сөйлеуші еді. Нашар, жіңішке атаның балаларын елемей, мұңын жүре тыңдайтын еді. Олар арыз-мұңын айта алмай кеткендей көрінетін. Сонда мен: «Егер билікке қолым жетсе, нашарлар жасқанбай арманын айтатын кісі болсам» деп, ойлаушы едім, сол үшін бұларға осы бастан бойымды үйретіп жүрмін. Мұны естіген ел жақсылары:

  • Балам, біздің ойлағанымыз бұл емес еді, сенікі мақұл екен. Тусаң ту, бәрекелді!  деп баталарын беріпті.

Бекболат пен бір төре

Қарауыл Бекболат шешенге бір төре орыс сұрақ қойып:



  • Құдай қайда тұрады?  депті. Бекболат төреге «мылтығыңды атшы» дейді. Анау шүріппені басады.

  • Оғы қайда түсті?  дейді сонда Бекболат.

  • Қайдан білейін?  дейді төре.

  • Өзің атқан оқтың қайда екенін білмейсің, он сегіз мың ғаламды жаратқан құдайдың қайда тұрғанын мен қайдан білейін?  депті Бекболат.

  • Күншығыс пен күнбатыстың арасы неше күншілік?  депті төре.

  • Жаз қағазыңа, бір күншілік,  дейді Бекболат.

  • Оны қайдан білдің?  дейді төре.

  • Күн таңертең шығады, кешке батады, арада қонып түстенгенін көргенім жоқ,  дейді Бекболат.

  • Көк пен жердің арасы неше шақырым?  дейді төре.

  • Бір шақырым,  дейді Бекболат.

  • Оны қайдан білдің?  дейді төре.

  • Көкте періштелер дауыстайды, біз оны естиміз, дауыс бір шақырым жерден естілмей ме?  дейді Бекболат.

  • Қазақ асылының асылы не, жасығы не?  дейді төре.

  • Қазақ асының асылы да айран, жасығы да айран, өйткені айран алғаш шыққанда шәрбат болады, қымыз шыққанда іркіт болады,  депті Бекболат шешен.

«Шернияз ақын мен Едім»

Шернияз қоналқыға бір ауылға келеді. Бірақ үй иесі: «Үйімде кісі бар»,  деп қондырмайды. «Анау ауылға барыпи қон»,  деп алдағы ауылға сілтейді. Сонда Шернияз:



  • Қарағым-ай! Өз үйіңе келіннен батып қондыра алмай тұрып, «анау ауылға барып қон» дейсің. Ол ауылға үкімің жүретін болса, «мына кісіні қондыр» деген қолыңнан бір жапырақ қағаз бере қойшы»  дейді.

Үй иесі «өзің кім боласың?»  деп сұрайды.

  • Өзіңнің бір қондыратын адамың бар шығар, айтып қарашы, сол болайын,  десе оған үй иесі көнбейді.

Сонда Шернияздың айтқаны екен:

Жаз жайлауым сұрасаң,

Жаңабай көлінің жағасы.

Қыс қыстауымды сұрасаң,

Шыңғырлаудың саласы.

Майлыбай-Кете руым,

Шернияз ақын мен едім,

Жарлығас бидің баласы.

Көліктің басын бұр бала,

Қондыратұғын емес қой,

Мынау үйдің шамасы.

Үйде отырып мұны естіген қонақтар жүгіре шығып, ақынның шылауына оралып үйге түсіріпті.



«Біз сізді іздеп келдік Баянас деп»

Шернияз екі көпес ноғаймен келе жатып, Баянас деген байдың үйіне қонады. Баянастікі мал соймай, ет аспай қонақтардың алдарына көже қояды. Сонда Шернияз бақандағы етті көріп, Баянас байға былай дейді:



  • Біз сізді іздеп келдік Баянас деп,

Бай айтар бәйбішеге жаяны ас деп.

Ішінді осынша ауыл таңдап қондық,

Үйінде бар нәрсесін аямас деп.

Быламық суымаса сапырайын,

Тік қойып қасығымды батырайын.

Мыналар ноғайсынып ішпей отыр,

Мен өзім атам қазақ жапырайын, 

деп ақын ұрттап жіберіп, құмаршық көже екенін біліп, тағы да былай дейді:



  • Тары мен бидай болсаң бөгер едің,

Қорықпасам обалыңнан төгер едім.

Болдың да нардың сүті жаның қалды,

Қатығың басқа болса тебер едім.

Баянас Шернияз екенін танып, кешірім сұрап, мал сойып, екі күн қонақ етеді.



Шернияздың Байсақалға айтқаны

Шернияз ел қыдырып жүріп бір үйге түстеніп отырған Байсақал бидің үстіне кіріп келеді. Асты қызғанған Байсақал:



  • Әй, Шернияз, кезбесің-ау! Бұйырғанды да, бұйырмағанды да жейсің,  дейді.

Сонда Шернияз ақын отырмастан былай депті:

Асқар, асқар, асқар тау,

Асқар таудың түбінде болар саясы.

Шариғатты білмеген

Көкірегіңнің қарасы.

Шыр етіп анадан туған соң

Шашылған ризықты термеске

Пенденің бар ма шарасы?!

Байсақал сөзден жеңіліп: «Әншейін сөздің кілтін ашайын деп айтып едім, ақын! Жоғары шық!»  деп төрге шығарыпты.

Жетпес шешеннің Әбілқайырға айтқаны

Ел ішіндегі ауыр хал мен хан өкілдерінің озбырлығын айтып, Жетпес шешен Әбілхайыр ханға бірнеше рет барады. Бірақ хан сөзге құлақ аспай, елдің тұрмысын жеңілдету қамын ойламайды.

Осыған ренжіген Жетпес рулы елімен бергі көп момынға қарай көшіп кетеді. Әйтседе көш кеш шығып қалып, мөлшерлі жерге, көп момынға жете алмай, қыс түсіп кетіп, жолда қыстап қалады.

Жетпес бір топ адамдармен жер көріп, қоныс іздеп жүргенде ерігіп сейілге шыққан хан өзінің бір топ жігіттерімен жүріп далада Жетеске ұшырасады.



  • Жетесім, қыстан жүдеп қалды деп еді, рас па?  дейді хан.

  • Рас,  дейді Жетес.

  • Әйтседе ел ала болады ғой, бәрі бірдей жүдеу емес шығар, кім аш, кім тоқ?  деп сұрайды.

Сонда Жетес шешен:

Өлең жеген өзен тоқ,

Тамыр тартқан доңыз тоқ,

Жоғалап жүрген қоңыз тоқ,

Арқамды жеген битте тоқ,

Боғымды жеген итте тоқ,

Арыстан аш күзен тоқ,

Арыстанның аштығымен

Күзеннің жұмысы жоқ, 

дейді.


Ғалымның хаты өлмейді

Таймас Жұдас шешен айтты дейтін сөз.

Бір күні Абылай хан қарамына көз тойған, үш жүзден озған, ақылы асқан билерімен бас қосып отырғанда:



  • Дүниеде тозбайтын нәрсе бола ма? Өлмейтін жан бола ма? Осыны тауып беріңдер де, менен қалағандарыңды алыңдар,  депті.

Сонда отырғандардың біреуі:

  • Тас тозбайды, темір тозбайды, асқар тау өлмейді, аққан су өлмейді деп, біреуі оны, біреуі мұны айтыпты. Абылай өзі де біліп отырған жоқ, білсе сұрай ма? Бұл сөздер көңіліне қона қоймапта. Сонда түптегі Қыпшақ, Таймас Жұдас деген жұпыны киімі бар кісі тамам билер гуілдесіп, дүрілдесіп отырғанда ләм-мим деп тіл қатпай, сөз тыңдапты. Сонан бір орайы келгенде орнынан ұшып тұрып Абылай ханның алдына шарт жүгініп, былай депті.

  • Алдияр тақсыр! Бұлардың айтып отырғаны тозатын нәрселер, өлетін нәрселер. «Тозбасты ұста соқпаған, өлместі құдай жаратпаған» демей ме? Міне, мен тозбайтын не, өлмейтін не айтып берейін. Құдай дескен құда болады, құшақтасқан дос болады. Дос болғанда бірінен бірі жүйрік ат алады, қыран құс алады, түзу мылтық алады. Жүйрік ат өледі, қыран құс ұшады, түзу мылтық қисаяды. Достық сондаймен тозады. Төсекте бас қосылсын, төскейде мал қосылсын деп құдп болады. Кит саларда бір дау, мал берерде екі дау, үйге енгізерде үш дау, ұзатарда төрт дау, осы даулардың бәрі тозады. Бірімен бірінің құдалығы да тозады. Құдай қосқан құда емес, құшақтасқан дос емес. Бірінен бірі жан аяспайтын, көрмесе сағынып тұратын екі тату болады. Тозбағанда сол екі татудың достығы тозбайды.

Қара жердің өлгені,

Қар астында қалғаны.

Асқар таудың өлгені,

Басын мұнар шалғаны.

Аққан судың өлгені,

Мұз боп тоңып қатқаны.

Ай мен күннің өлгені,

Түнеріп барып батқаны.

Өлмегенде не өлмейді?

Ғалымның хаты өлмейді,

Жақсының аты өлмейді.

Абылай хан риза болады. Қамқа тонын бас қылып үстіне жауып, Таймас Жұдасқа толық тоғыз сый береді. Отырғандар шулап қоя береді: «Батырдан сауға, мергеннен сыралғы, бізге алған олжыңнан байла!»  деп. Сонда Таймас Жұдас шешен:



  • Мұны бір қимас дүние көріп, байламай бара жатқаным жоқ, атамыз Абылай ханның бір айтқан сөзін шешіп беріп, алған жүлдесі екен деп, балаларым мұра қылып, айта жүрсін деп алып барамын,  деп байламастан алып шығып жүре беріпті.

Досболдың Әйекеге айтқаны

Қыпшақ Досбол қартайып, сөзден, биліктен қалады. Қыпшақтың жас болыс, билері келіп, оның көңілін сұрап, қолын алмайды. Шиелі жеріндегі арғын Әйеке болыс қыпшақ елінің бір қанатын билеп тұрады екен. Әйеке қартайған Досболға тоғыз қара тарту, үстіне киіс, астына мініс әкеліп:



  • Батаңызды алуға келдім. Бізге бір-екі ауыз өсиет айтыңыз,  депті.

Сонда Досбол:

Жақсы екен туысқаннан туыспаған,

Не пайда туысқаннан жуыспаған.

Алпыс күн ақбас атан болғанынша,

Алты күн бура болып күркіреп өт.

Ешкімнің атасы жоқ ту ұстаған, 

депті.

Әйекеге еріп келген билер үйден шыға жөнеліпті.



Биікпін деп мақтанба

Тобықты Құнанбай айтты деген сөз

Қаржас пен Тобықтының арасында бір дау болып, үш-төрт жылға созылыпты. Өйткені, айтылған бітімге екі жағы наразы болып, арыз етіп, бұздыра беріпті. Даудың ақыры төтенше съезіне түсіп, съезде Қаржастан Мұса, Тобықтыдан Құнанбай шығып сөйлепті. Мұса Құнанбайдан кіші болуы керек, сөйтсе де сөз арасында Құнанбайды кемсіте сөйлепті. Сонда Құнанбай айтқан екен:

Пұт болдым деп мақтанба,

Пұттан ауыр батпан бар.

Биікпін деп мақтанба,

Асқар-асқар таулар бар,

Ар жағында аспан бар.

Басыма бақыт қонды деп,

Тосылмаймын енді деп,

Алдаушы жалған дүниегеге

Ғапыл болып азбаңдар.

Қарсы келген дұшпаның

Басын келіп изесе,

Оған да қыл бостандық,

Аяққа салып баспаңдар.

Бақ тайса ажарыңа қарамайды,

Біреуді біреу сырттан табалмайды,

Басына қарапайым бір іс түссе,

Қылды деп білместікпен шамалайды.

«Адам басы алланың добы» деген,

Дәм тартса әр тарапқа домалайды.

Жұмырбай ақынның Жәңгір ханға айтқаны

Хан Жәңгірдің заманында Жұмырбай хан алдында жырлайтын ақын екен. Хан оған жылда бір түйе береді екен. Бір жылы тағы да келіп жырлап, енді кетерінде: «Мына ақынға бір түйе әкеліп беріңдер»  дейді хан. Түйешілер бір түйені әкеліп есік алдына байлап қояды. Түйе кәрі екен, Жұмырбай далаға шығып түйені көріп келеді. «Түйенің қасында неғылып жүрсің?»  дейді хан Жұмырбайға. «Түйемен сөйлесіп жүрмін»  дейді Жұмырбай. «Сен не дедің, түйе не деді?»  дейді хан. Сонда Жұмырбай былай депті:



  • Мен түйеге: шөп берсем жермісің,

Айдап жіберсем, келермісің?

Бөкей, Сығайдың әкесі

Айшуқты білермісің?  дедім.


  • Шөп берсең жермін,

Айдап жіберсең келермін.

Нұрланның әкесі Айшуақ түгіл,

Айшуақтың әкесі Әбілқайырды да білемін, 

деді түйең.



Шиырбай жылқышының сөздері

Шиырбай бір байдікін қонса, мал соймай, жай-жапсарын айтпай алдына ескі ет әкелеіпті. Сонда Шиырбай:

Мынау жас ет десем сүр екен ғой,

Шық бермес Шығайбайдың бірі екен ғой.

Өлді деп Қарынбайды естуші едім,

Қарынбай әлі тірі жүр екен ғой, 

депті.

* * *


Көшербай деген байдың қояншық науқасы бар екен. Ауырып жаны қысығанда ақсары бас құдай айтып, тәуір болған соң айтқанын соймайды екен. Соған Шиырбайдың айтқаны:

Ауырсаң құдекеңе тоқты айтасың,

Жазылып кетсе «тоқты жоқты» атасың.

Құдайды бір алдамай бірнеш алдап,

Бір күні Көшекеңді шоңқайтарсың.

Ыбырайдың Есенберліге айтқаны

Орта жүз Бәтеке Ыбырай деген шешен адам болыпты. шаруасы төмен кедей боғанымен өткір тілді, қисық істі көргіш әділ шешен Ыбырайды халық қатты сыйлайды екен.

Бір жылы қыс ішінде Орта жүзде бір ұлы жиын болып, әр елге сауын айтылады. Осыған Бәтекеден Ыбырай да бармақшы болып, үйінен шығады. Ыбырайдың басқа мінетін аты болмай, жаз бойы ері алынбаған жауыр құнанын шанаға жегіп жолға шықса, әлсіз арық құнан болдырып, жүрмей қалыпты.

Болдырған атын шалдырып отырғанда манадан жапалақтап жауған қар күшейіп, көтерілген желмен үлкен қатты боранға айналып кетіпі.

Сол кезде Ыбырай алпыс бестер шамасындағы қарт адам болса керек. Бораннан адасып кетермін деп, ертерек ел қарасын көрмекші болып, ілгері жүреді. Біраздан кейін аты ағытылып қалады.

Сақал, мұртына мұз қатып, қойын-қоншына қар толған қарт дірдектеп атын жеге алмай жатқанда астында семізден жаратып мінген күрең жорға аты бар, ер-тұрманын әшекейлеп, алтын-күміспен безендірген, өмілдірік, құйысқандатқан, атының басына ноқта, жүген салған, өзі әдемі киініп, басына үкі қадаған бір жас жігіт атын сипай қамшылап, Ыбырайдың қасынан сәлем де бермей өте шығады.

Жас жігіттің қайрымсыз мінезін көңіліне түйіп, Ыбырай да қала береді. Біраздан кейін атын ептеп жегіп, ел орынға отыра бір ауылға келіп жетсе, манағы жиын болатын ауыл екен. Белгіленген даяшы жас жігіттер келе жатқан Ыбырайдың алдынан шығып түсіріп, өзін қонақ үйге алып барады. Көп ұзамай қонақасы да келеді.

Қыста сауылған қысырдың қымызын ішіп, енді алдарына ет қоя берген кезде, есіктен бағанағы жігіт кіреді.

Үлкендер арасында әңгімемен отырған Ыбырай болған істі айтып, сол елдің адамдарынан әлгі жігіттің аты жөнін сұраса, Торсан байдың Есенберлі деген баласы екен. Ыбырай табақтан бір уыс ет алып, бағанағы жігітке асатып, ол енді кейін шегіне бергенде:

Тауда жүріп таста өскен,

Ағайынан басқа өскен

Ел қадірін білмейді.

Кісіден сый көрмеген,

Кісіге сый бермеген

Ер қадірін білмейді.

Шөл жайлаған дуадақ,

Көл қадірін білмейді.

Көл жайлаған қоңыр қаз

Шөл қадірін білмейді, 

депті.


Сонда жігіт асатқан етті жұта алмай, аузын басып далаға шыға жөнеліпті.

Төле би мен Түлкі бала

Үйсін Төле би кіші жүз Алшын Әйтеке биге қонаққа келіпті. Әйтеке жақсы қарсы алмапты. Төле өкпелеп қатып кетіпті. Артынан Әйтеке сұрастырса, іздеп келген атақты Үйсін Төле би екен. Қалай қайыруды білмей:



    • Шақырыңдар Түлкіні, бір қайырса сол қайырар, біреу әңгімелесіп отырғанда сол ақырын сөз тыңдап отырушы еді,  депті Әйтеке

    • Рұқсат етсеңіз, барайын,  дейді Түлкі деген бала.

Бала салт атқа мініп, алдынан орағытып шығып, сәлем беріп де, сөз тыңдап бірге жүріп отырыпты.

Бір кезде Төле:



  • Ай, балам, жол болсын!  дейді.

  • Әли болсын,  дейді бала.

  • Рұқсат етсеңіз, ір сұрағым бар еді. Үш жүз кім?

  • Қазақтың үш баласы бар, үшеуі ағайынды.

  • Ағайынды кісі өкпелесе, немен тарқайды?

  • Ағайын өкпесі аса зілді болмайды. Бірін-бірі сағынысып көрумен-ақ тарқайды.

  • Ерлі-зайыпты кісі өкпелесе, немен тарқайды?

  • Олар күндіз өсекпен арадасады, түнде төсекпен татуласады.

  • Ағасы інісіне өкпелесе ше?

  • «Ініні зордан, ағаны бордан» деген ғой, іні тас, аға бас болады,  деген екен Төле.

  • Төрелігіңізге құлдық,ата! Ініңізге өкпелеп елге қайтып бара жатыр екенсіз, райдан қайтып қонақ болып, қайтуыңызды сұрай келдім,  дейді Түлкі бала.

  • Бетің қайпаған бала екенсің,бір ашуымды байладым,  деп,Төле би кейін бұрылған екен сонда.

Сөздің атасы мен анасы

Қаздауысты Қазыбектің атағы шығып тұрған кезде аулына бір саудагер келіпті. Түстеніп болған соң Қазебекке:



  • Сізден бір сөз сұрайын деп едім,  депті. Бір керуен едік, өзара дауластық та, ойластық та, бірақ шешуін таба алмай қойдық: «Сөздің атасы кім, анасы кім?»

Қазыбек ойланып қалады.

  • Япырай,өзбектің саудагері ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де білмейді екен ғой; биыл таппасңыз ендігі жылы табарсыз,  деп саудагер үйден шығып кетеді.

Қазыбек орнынан ұшып тұрып, іле-шала тысқа шықса, саудагер асығыс атқа мініп қалған екен.

  • Япырай, саудагердің ісі сарт-сұрт дегенрас екен ғой! Артыңа қарамай аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы тағы келіп, саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. «Сөздің атасы  бірлік, анасы  шындық! Жолың болсы, жүрген жеріңе айта жүр!»депті Қазыбек.

Әркім азса, қатарымен азады

Елкей хан бір жиылыста отырғанда ешкім сөз бастамапты. Елкей көпшілікке қарап:



  • Неге үндемейсіңдер? Бұл жиында сөз кім бастауш еді?  депті.

Сонда көпшілік: «Тоқта, Абан би келсе, сол бастайды» депті. Би тез келе қоймапты. Абан келгенше әңгіме өрбімейді. Бір кезде кешігіңкіреп Абан келіпті. Абан аласа бойлы, ажарсыз қара кісі екен. Елкей бұрын Абанды көрмеген екен. Жұрт «Абан, Абан» дегенде Абанды қарны қабақтай, шекесі тоқпақтай, көзге толық, көрікті кісі шығар деп ойлаған екен. Абанды көрге соң оны қомсынып, хан былай дейді:

  • Әлгі күн ұзаққа елдің «Абан, Абан» деп дәріптегені осы ма еді? Азған жаушымшық торғайдай шылпиған, үйрек бас немені өлгенше мақтағаны не қылғаны?

Елкей де онша көрнекі ірі кісі емес екен. Сонда Абан Елкейдің бетіне қарап былай дейді:

  • Уа, тақсыр! «Мұртына қарай іскегі, сабасына қарай піскегі» деген емес пе? Қарны қабақтай, шекесі тоқпақтай өткендерді, өлген билерді қайдан іздейміз? Әркім азса қатарымен азатын көрінеді ғой, оны өзімізден көрмесек, кімнен көреміз? Бұлқазық бастан хан, үйрек бастан би шыққан заман ғой!

Елкей сөзден ұтылып, жауап таба алмай қалыпты.

Абан шешен сөйлеген соң, әңгіме қыза бастапты. Бұл жиынағының көпшілігі төрт қараның билері екен. Абанды қорашсынып: «Абанша би, топтан торай шалдырмас табанша би»  депті біреулер.



  • Билер, ол не дегенерің? «Әлімнің билері биіктігімен Сырдан жүзіп өтті, Шөмкейдің билері аласалықтан суға кетті» деп кімнен естідіңдер?  депті сонда Абан.

Төрт қараның билері ұтылып, сөз таба алмай қалыпты.

Жарлының пірі жалтаң ата

Бір ауысқан малын сұрап, мазалай берген біреуге Досбол былай депті:

Жарлының пірі жалтаң ата,

Ұрының пірі қалтаң ата.

Іскердің пірі тепшім ата,

Кәрінің пірі кекшіл ата.

Көнбеске кемі деген,

Сол кекшіл атаға

Қол беріп жатырмын.

Жаманмен жолдас болсаң,

Жүрегіңді жара алады.

Ұрымен жолдас болсаң,

Көңіліңді қара алады.

Жайды білген тамыр жай кетеді,

Осы жолы тынышымды алмай-ақ,

Шырағым, енді бір оралсаң нең кетеді?!



ҮШ АРСЫЗ, ҮШ ҒАЙЫП, ҮШ ЖЕТІМ

Ноғайлының ханы Әз Жәнібек халықты жиып:

Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?— депті.



Жиылған халық көп дағдарып: . Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз. Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,деп шешіпті.

Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты. Сонда Әз Жәнібек хан:

Елде келмеген кім қалды?деп сұрапты.

Келмеген Қарабас шешен қалды,депті халық. Әз Жәнібеқ Қарабасты шақыртып алып, әлгі сөздің шешуін сұрапты: Сонда Қарабас:

Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой!



Оты жоқ жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім.

Елінен ауған ер жетім,

Тыңдаушысыз сөз жетім,

Жоқтаушысыз қыз жетім,

дейді.

Сонда Әз Жәнібек:

Сенің атыңды қоюшы адам ақылсыз екен. «Кара-бас» дегенше «Алтынбас» десе болмай ма?— деген екен.


ҮЙСІНБАЙ ШЕШЕН МЕН ТӨРЕ

Үйсінбай шешенді Қамбар тере сөз бастауға басшы қылып қасына ертіп жүріпті. Үйсінбайдың туысқандары оған мастанып, елге зорлық қылып, малдарын ұрлап жей беріпті. Қуғыншыға теңдік бермепті, Үйсінбайдың тілін алмапты. Балалардың ісі төреге мәлім болып, төре Үйсін-байды шақыртыпты.

Үйсінбай екі рет шақырғанға келмей, үшінші рет шақырғанда келіпті. Төре бұған ашуланып:

Ей, сен шаңырақ көз ұры, шақырғанға келмей тасиын дедің бе? Екі рет шақырдым келмедің,— деп қалш-калш етеді. Сонда Үйсінбай:



Мен келмейін дедім бе?

Есік алды ор болды.

Үйдің арты жар болды,

Бай бетке қонды,

Керей шетке қонды,

Етек-жеңім шолақ болды,

Киюге тоным жоқ-ақ болды.

Кір қолыммен сізге келе алмадым,

депті.

Сонда төре: «Рас айтады-ау, жорғам!»деп, ашуын басып, қолын алыпты.
ЯПЫРМАЙ, МЫНА ТОҚТЫ ЕМБЕГЕН БЕ?

Досбол бір үйге келіп отырса, үй иесі бір арық тоқты әкеліп, бата сұрайды. Сонда Досбол шешен:

Япырмай, мына тоқты ембеген бе,

Бой салып енесі оның имеген бе?

Немесе көп қойдан шөп тимеген бе?

Әйтпесе,, қатын сауып қақтаған ба,

Болмаса қойшы оңдап бақпаған ба?

Жаз бойы ажал алмай, арам өлмей,

Досболға әдейі арнап сақтаған ба?

депті.

Сонда үй иесі, арық тоқтыны қоя беріп, семіз ісек
әкелуге мәжбүр болыпты.


Өсіре гөр өрісін,

Үзарта гөр желісін.

Құдайыға айтқан қойыңның

Алып қалма терісін.

Көрдің бе көп жамиғат,

Тоным шықпай жүр еді

Мына құдай берісін!

депті Досбол сонда.
БАҚЫТ ҚҰСЫ ҚАРА ШЫБЫНҒА АЙНАЛДЫ

Бірі соқыр, бірі таз Байсын, Байжан дейтін екі би бір күні қартайып отырған Досбол биге барыпты. Амандасып қона-түстеніп отырып:

Уа, қарт! Заманыңызда аузыңызбен құс тістеген жүйрік едіңіз. Енді қарттық жеңді. Бұрынғыдай самғап ұшқан күніңіз жоқ. Кәрі қойдың жасьшдай жасыңыз қалды. Төріңізден көріңіз жақын. Бұл дүниеден «не көрдім» деп барасыз?депті.



Досбол ақылымен емес, малдың арқасымен атқа мінген әрі парақор Байсын мен Байжанды жек көреді екен. Оның үстіне өктемсіп, орынсыз сөйлеп, «төріңізден көріңіз жақын» деген сезі көңіліне ауыр тиіпті.

Е, шырақтарым, Байсын мен Байжан! Мен не деп барар дейсің? Баяғы аруақты ерлерге қонатын бақыт құсы енді бір қара шыбынға айналды. Ұшып таздың басына, соқырдың көзіне қонатын болды деп барам-дағы,депті Досбол.



Екі болыс үндей алмай үйден шыға жөнеліпті.
Кедейліктен жаман жоқ

Ормамбет би кеде екен, үйіне Абылай келіп, сырттан сөйлес қылғанда, би былай депті:

Мына тұрға біздің үй

Дауылда бір панасыз.

Тоқсан үйрек қамасаң,

Бірін ұстап тұрғысыз.

Астыңа салар кілем жоқ,

Текемет пен көрпеден

Сілкіп түсер сілем жоқ.

Хан Абылай келгенде

Тоқты сойсам жетпейді,

Енесін сойсам орны бітпейді.

Кедейліктен жаман жоқ,

Құтылуға амал жоқ,

Жақсыларың келгенде

Көрінеге заман жоқ.



ЖОЛДАСТЫҢ МЫҢЫН АЛМА, БІРІН АЛ!

Жәнібек батыр жас уағында білім аламын деп Қаракерей Соқыр Абыз деген кісіге іздеп баргап екен. Барса, Абыз жүз жиырма алты жасқа келіп, екі жағын жібек орамалмен таңып отыр екен. Абыз Жәнібекке: «Балам, қай ұлсың?»дейді. Жәнібек: «Қошқар ұлымын»дейді. «Қошқардың адам иісті бір ұлы бар деп еді, сол боларсың ба?»дейді. «Болсақ болармыз»дейді Жәнібек. Абыз: «Балам, қай жаққа барасың?»— дейді. «Осы жақта бір қарт атамыз бар дегенге, бір-екі ауыз ақыл-білім алайын деп келдім»— дейді Жәнібек. Сонда Соқыр Абыз аз ойланып отырып:

А, балам, болсаң боларсың!

Қол бастап жау алайын деген ұл екенсің.

Алдыңа келсе әділдігінді аяма,

Аймағың кетпес алдыңнан.

Олжа түссе олжаңды аяма,—

Жолдасың кетпес жаныңнан.

Жолдастың мыңын алма, бірін ал,

Мың кісіге бір кісі олжа салады.-

Жас күніңде қалың бер де қатын ал,

Жігіттің хан болатын кезі,

Қыздың ханым болатын кезі сол болады.

Қару жисаң мылтық жи,

Жаяу жүрсең таяғың,

Қарның ашса тамағың,

депті. Жәнібек осыны олжа қылып, Абыздың батасын алып қайтқан екен.


БІЛГЕНДЕРДЕН ҒИБРАТ АЛ

Керей Жалайыр Абыз жүз жиырма жасқа келіп, қартайып отырған кезінде, Әсет би келіп, амандасып болған соң:

Е, Абыз, жасыңыз келіп қалды, Абыз айтушы еді деп айтып отыратын бір сөз айтыңызшы,депті. Сонда Жалайыр Абыз былай дейді:



Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің.

Ағайьшның қадірін

Жалалы болғанда білерсің.

Балалықтың қадірін

Саналы болғанда білерсің.

Асыл менен жасықты

Бағалы болғанда білерсің.

Бостандықтың қадірін

Жабылғанда білерсің.

Қалтаңдағы ақшаңды

Қағылғанда білерсің.

Денсаулықтың қадірін

Ауырғанда білерсің.

Ақ бетіңнің қадірін

Қан кеткенде білерсің.

Ақ білектің қадірін

Әл кеткенде білерсің.

Жиырма бестің қадірін

Жас кеткенде білерсің.

Қара көздің қадірін

Нұр кеткенде білерсің.

Татулықтьщ қадірін

Дос кеткенде білерсің.

Жақсы әйелдің қадірін

Өлгенінде білерсің.

Жақсы туыс қадірін

Көмгенінде білерсің.

Аяқ-қолдың қадірін

Ақсағанда- білерсің.

Отыз тістің қадірін

Қақсағанда білерсің.

Қызыл тілдің қадірін

Тоқтағанда білерсің.

Білгеніңді сөйлеп қал,

Білгендерден ғибрат ал!
АҚТАЙЛАҚ ПЕН ҚАНАЙ ШЕШЕН

Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен:

Ер басында бақыт нешеу?



Кемдік нешеу?

Құлазу нешеу?— деп сұрайды.

Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді:

Ер басында бақыт бесеу, кемдік үшеу, құла-зу төртеу.



Атың жүрдек болса, Әкең асқар тау,

Жалғанның пырағы. Шешең қайнар бұлак,

Алғаның жақсы болса, Балаң жақсы болса,

Үй мен қонақтың тұрағы. Екі көздің шамшырағы.

Міне, бес бақыт осы.

Атың шабан болса,



Жалғанның азабы.

Алғаның жаман болса,

Дүниенің тозағы.

Балаң жаман болса,

Көрінгеннің мазағы.

Міне, үш кемдік осы.

Қалың ел көшсе,



Көл құлазиды.

Қаптаған мал кетсе,

Бел құлазиды.

Нарқын танымаған

Сөз құлазиды,

Қатарынан айрылған

Шал құлазиды.

Міне, төрт құлазу осы.
ҚАТЫН АЛМА ҚАЙЫН АЛ

Құдандалы болғанша,

Құл сыбаға құрасын.

Құдандалы болған соң,

Құл да болса сыйларсың,

* * *

Қанша жуан болса да,

Жалғыз ағаш үй болмас.

Қанша жақсы болса да,

Жалғыз адам би болмас.
«ЖАР БАСЫНА ҮЙ ТІКПЕ!» АЙТҚОЖА ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕГЕН СӨЗДЕР

Жар басына үй тікпе,

Жар құласа үй кетер.

Ала болса ағайын,

Рулы елден күй кетер.

Ағайын ала болғанда,

Ауыздағы ас кетер.

Аңдыған дұшпан күшейіп,

Жау қолында бас кетер...

Құлақтыға сөз айтсаң,

Құлағының астында.

Құлақсызға сөз айтсаң,

Құла қырдың астында.

Айтса болар ұққанға.

Айтып-айтпай немене,

Екі құлағын тас қылып,

Мақта менен тыққанға.
МЕН КЕДЕЙЛІКТЕН ӨШІМДІ АЛДЫМ

Мен кедейліктен өшімді алдым:

Жаяу жүргенім жоқ,

Қатарымнан қалғаным жоқ,

Аш-жалаңаш болғаным жоқ.

Кедейлік те менен өшін алды:

Көсілтіп сауын сауғызбады,

Жақсы қонақасы бергізбеді,

Бүгілтіп ат мінгізбеді,

Таңдап киім кигізбеді,

Сұлу таңдап сүйгізбеді.
ЖҮЙРІКТІҢ БІР МІНІ БАР

Ақ сүйектің баласы
Төренің бір міні
бар,

Қарашасын тегіс көрмейді.

Дәулет біткен басына

Байлардың бір міні бар,

Ғаріп пенен нашарға

Қайыр, ехсан бермейді.

Жүйріктің бір міні бар,

Жорғамен қатар жүрмейді.

Табан тіреп желмейді.

Жорғаның бір міні бар,

Бәйгеге қосса келмейді.

* * *

Тау белгісі тас болар,

Бай белгісі ас болар.

Азған елдің белгісі

Бұралқысы бас болар.
ҚАС ЖАҚСЫНЫҢ БЕЛГІСІ

Қас жақсынның белгісі

Әрі мырза, әрі құл.

Қас жаманның белгісі

Өз үйінде өзі пұл.

* * * * * *

Өз басыңа жау келсе, Батыр болсаң, бай болсаң,

ерлігің зая. Падишамен басың тең.

Өз басыңа дау келсе, Кедей болып сөз қусаң,

Билігің зая. Келемежден несі кем?
* * *

ІІІөлде жүрген дуадақ,

Көл қадірін білмейді.

Көлде жүзген қоңыр қаз

Шөл қадірін білмейді.

Тауды жайлап, таста өскен,

Ағайыннан басқа өскен

Ел қадірін білмейді.


«АҚ САУЫТТЫҢ БЕЛГІСІ»

АҚТАЙЛЫҚ БИ АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Ақ сауыттың белгісі
Атса мылтық өтпесе.
Шын жүйріктің белгісі

Шапса тұлпар жетпесе,
Шьш жақсынньщ белгісі

Құрама жиып ел қылып,
Құрастырып септесе,
Шын жомарттың белгісі

Күні-түні белдеуден
Мейманның аты кетпесе.
Шын қайраттың белгісі

Қасындағы жолдасын
Жауға тастап кетпесе.
Адамзатқа санама,
Жасқа жеткен кәрісін,
Қадір біліп күтпесе.

«СУАЛМАЙТЫН СУАТ ЖОҚ» ҚАРАЖІГІТ ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Суалмайтын суат жоқ,

Тоқтаусыз аққан бұлақ жоқ.

Құйрығы суда болса да,

Уақытысы жеткенде

Қурамайтын құрақ жоқ.

Дүние деген фани бұл,

Баласы жоқта бұтақ жоқ.

Бәрінен қиын сол екен

Артында жанған шырақ.жоқ.
ЖІГІТ ЕДІМ, МҰНДАЙ БОЛДЫМ

ҚАРАМОЛДА АЙТТЫ ДЕЙТШ СӨЗ

Жігіт едім, мұндай болдым.

Етім қашып, қындай болдым.

Қатын менен балаға

Сатып алған құлдай болдым.

Елу келдің еңкейтіп,

Кәрілікті теңкейтіп.

Алпыс келдің ақырып,

Кәрілікті шақырып.

Жетпіс келдің төтелеп,

Кәрілікті жетелеп.

Сексен келдің бүйірден,

Айдап шықтың үйірден.

Тоқсан келді есіліп,

Екі аяғын көсіліп.

Алпыс екі тамырдың

Бәрі бірдей шешіліп.


СУДА СУАТ ЖАМАН ЕКЕН

Суда суат жаман екен,

Үстінен соқпақ кетпейтін.

Ағашта қазық жаман екен,

Басынан тоқпақ кетпейтін.

Жылқыда жорға жаман екен,

Арқасының тері кеппейтін.

Адамда ерке жаман екен,

Көзінің жасы кеппейтін.

Құрдаста сырлас жаман екен,

Басынан өсек -кетпейтін.

* * *

Қатының жаман болса сата алмассың,

Еліңе жақсы жігіт атанбассың.

Үйіңе бір құрбыңды ертіп келіп:

«Әй, қатын, ас қазан»деп айта алмассың.

* * *

Ер жігіттің ағайыны күнініл болады,

Қайын жұрты міншіл болады.

Нағашы жұрты күндемейді де, үндемейді де,

Ең жақсы елі сол, әрі сыншы болады.

*' * *

Жылға-сай батпақ болса ете алмайсың,

Жастан шыққан жүйрікке жете алмайсың.

Дүниенің жүзінде осы қиын

Жаман деп ағайыннан кете алмайсың.
«АТЫҢ ЖАМАН БОЛСА...»

ТАЙМАС ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Атың жаман болса,

Қамшылай-қамшылай,

Дәрменің кетер.

Балаң жаман болса,

Айқайлай-айқайлай

Қадірің кетер,.

Қатының жаман болса,

Кедейлік жуық болар,

Шайың суық болар,

Наның күйік болар,

Көңіліңе қайғы толар.

Үйіңнен мейман кетер,

Кедейлік қуып жетер.

* * *

Кір көйлек, қисық өкше түпке жетер,

Көргенсіз бір жатқанын міндет етер.

Көп беріп көргендінің қызын алсаң,

Үйіңе мейман келсе құрмет етер.
БІРЕУДЕН АЛСАҢ АМАНАТ

Атқа айылдың батқанын

Иесі білмес, ат білер.

Ер жігіттің қадірін

Ағайын білмес, жат білер.

* * *

Біреуден алсаң аманат

Берсең жақсы — саламат.

Жанжал қылсаң бақ кетер,

Ақыры қалар жаманат.
ТОСЫЛМАС ЖҮЙРІК БОЛМАС

Тосылмас жүйрік болмас,

Шошынбас жүрек болмас.

Қисық ағаш тезден мұқайды,

Дау-жанжал сөзден мұқайды.

Жақыннан шыққан дұшпан жаман

Болат темір өзден мұқайды.
ТАМАМ ЖАРЛЫ ЖИЫЛСА...

ТӨЛЕ ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Тамам жарлы жиылса,

Қонған жері көң болмас.

Тамам сұлтан жиылса,

Сөйлеген сөзі жөн болмас. Ұры-қары жиылып, .

Ұйытқылы ел болмас.

Есекті қанша баптасаң,

Бәйгеден келер кер болмас.

Сайды қанша мақтасаң,

Ел жайлайтын жер болмас.

Жаманды қанша мақтасаң,

Жайды білер ер болмас.

Құмды қанша мақтасаң,

Лақаттап қояр көр болмас.

БІЛГЕН ЕРГЕ ҚҮН ЖЕТПЕЙТШ КҮН БОЛАДЫ

ТӨЛИ БИ АЙТТЫ ДЕЙТШ СӨЗДЕР

Білген ерге құн жетпейтін күн болады.

Күнді қанша мақтасаң түн болады.

Батырдан бақ қайтатын қүні болса,

Қанша тауып айтса да мін болады.
БІЛІП АЙТҚАН СӨЗГЕ ҚҰН ЖЕТПЕЙДІ

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең білмегендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді.

* * *

Қарағайдан биік ағаш жоқ,

Бұтақтары болмаса,

Көлеңкесі талша жоқ.

Арғымақтан биік жылқы жоқ,

Биіктігі болмаса,

Берекесі тайша жоқ.

Ақылды деген адамның

Айтарға аты болмаса,

Айтқан сөзі жайша жоқ.

* * *

Бидайдың сабанында дән жоқ,

Жаманның сөзінде мән жоқ.

Ата алмайтын адамға,

Қойша жайылған аң жоқ.
ҮШ ШЫРАҚ ПЕН ҮШ ИТ

Әділ болса, әкім шырақ,

Ақылды болса, қатын шырақ.

Аяңшыл болса, атың шырақ.

* * *

Әділдігі болмаса, әкім ит,

Ақылсыз болса, қатын ит,

Аяңсыз болса, атың ит.

ҮШ РИЯЛ МЕН ҮШ МЫЛЖЫҢ

Тыңдамасқа айтқан сөз риял,

Келмеске жылаған көз риял,

Тақта бедеуге без риял.

* * *

Жоқ қараған мылжың,

Әйелі өлген мылжың,

Саудагер мылжың.

ЖЕТІ ЖОҚ

Жерде өлшеуіш жоқ,

Аспанда тіреуіш жоқ, .

Таста тамыр жоқ,

Тасбақада талақ жоқ,

Аллада бауыр жоқ,

Аққуда сүт жоқ,

Жылқыда өт жоқ.

БАТЫРЛЫҚТАН НЕ ПАЙДА?

ЕРДЕН БАТЫР АЙТТЫ ДЕГЕН СӨЗ

Батырлықтан не пайда?

Ажалға қылар айла жоқ,

Сараң байлықтан не пайда,

Халыққа қылар пайда жоқ.

Қанша жақсы болсаң да

Ағайының білмейді,

Өлгеннен соң өкінер

Уа, дариға, дүние боқ!

* * *
Ел мықтысы ұранға шығады,

Ер мықтысы дуанға шығады.

Болатын ер аталы ердің сөзін ұғады,

Болмайтын шіркін адамнан

Қырғи көрген торғайдай бұғады.

ҚАРАТАУ ТӨБЕ БОЛАР ТАС КЕТКЕН СОҢ

ҚЫЛЫШБАЙ ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕГЕН СӨЗ

Қаратау төбе болар тас кеткен соң,

Әрбір ел ұрлық қылар бас кеткен соң.

Бәйбіше үйде отырған ол не болар,

Қолынан қара саба ас кеткен соң.

Ер жігіт атқа мінген ол не болар,

Қолынан дәулет кетіп, бақ көшкен соң.

Қария үйде отырған ол не болар,

Баланың «жай отыр» деп сөзі өткен соң.

ҚҮТ БІТЕЙІН ДЕСЕ...

МӘМБЕТ ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕГЕН СӨЗ

Құт бітейін десе,

Құлының оңды туады,

Қозың бағылан туады,

Бас өсейін десе,

Бақ қонайын десе,

Ұлың білгіш туады,

Қызың көркем туады,

Бақ кетейіп десе,

Ұрлық қылатын ұл туады,

Қарлық кылатын қыз туады,

* * *

Жиып келген түйеңнен,

Жетпіс інген боздасын.

Өзіңнен байлық озбасын! А

ғайынның жарлысы

Бөтен жаққа тозбасын.

Сол малыңа ие берсін,

Ата-бабаңа тие берсін!

* * *

Қара жерге қар жауса, Баса мінсең зорығар

Нұрлы көзің қарығар. Ата-анасын сййлаған

Туысқанын қорлаған, Жүре-жүре молы.а,,.

Жалғыздықтан зарығар. Ата-анасын ренжіткен

Астыңдағы арғымақ Бір кеселге жолығар.

ІЛГЕРІ БАСҚАН АДАМҒА

АЙСЕРКЕ ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Ілгері басқан адамға,

Іркілместен ырыс қонар.

Ынтымағы дұрыс болар,

Баласы пайдакүнем келер,

Келіні епті келер,

Қызы қылықты болар,

Ағайыны қоғам болар.

Ағайын қоғам болса,

Көп көрініп жау қашырар,

Көмектесіп қонақ аттандырар,

Иті үреген болар,

Аты жүрегең болар.

Адамы қырлы болар,

Малы семіз түрлі болар!

МІНСІЗ БАР MA?

Ашуға жол берсе,

Алдау мен арбауға ерсе,

Ақыл мінсіз бе?

Арамдыққа ұпайы кетсе,

Ажарға сыйып «рақым» етсе,

Әділдік мінсіз бе?

Қайыршыдай қаңғып өтсе,

Бүгін қонып ертең кетсе,

Бақыт мінсіз бе?

Дәмелендіріп көзіңді талдырса,

Ұмсындырып мақұрым қалдырса,

Үміт мінсіз бе?

Ақылдан тірегі болмаса,

Алмастай өткір жүрегі болмаса,

Шешендік мінсіз бе?

Адастырып азапқа салса,

Талапты мұқап сенімді алса,

Арман мінсіз бе?

Талпынып қанат қақпаса,

Қиыннан қиюын таппаса,

Талап мінсіз бе?
ЕЛУ ЕРДІҢ ЖАСЫ

Елу ердің жасы,

Алпыс сұмдықтың басы.

Жетпіс оттың қасы,

Сексен жоқтъщ қасы.

Тоқсанға келгенде торғайдайсың,

Көшкенде көлігінді зорға айдайсың.

Қатын^бала тілінді қайырған соң,

Отырып от басында ойбайлайсың.

* * *

Жетеумін деп мақтанба,

Сегіз шықса қайтесің?

Сегізбін деп мақтанба,

Тоғыз шықса қайтесің?

Тоғызбын деп мақтанба,

Алдын-артын білмейтін .

Доңыз шықса қайтесің?
ЕКІ ЖАҚСЫ ДОС БОЛСА...

БАЛАБИ АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Екі жақсы дос болса,

Біріне-бірі өш болмас...

Бақ қонбайтын жігітке,

Іздегені дес болмас.

Бұлақсыз сай тасқанмен кол болмас,

Жаманның қанша айтқаны ем болмас.
ӘДІЛ БИДІҢ КЕГІ ЖОҚ

ШАУЫПКЕЛ ШЕШЕН АЙТТЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Батпағы бар көлдерден

Су ішетін сай артық.

Қамшылатқан шабаннан

Өзі жүрген тай артық.

Ас болмайтын арықтан

Достың берген наны артық.

Жаманмен жолдас болғанша

Аулақ жүрген қөп артық.

Б AT А СӨЗ

Құдайдың езі оңдасын,

Бес жүз саулық қоздасын!

Сексен інген боталап,

Сегіз қелін қомдасын.

Айдап келгем жылқьщнан,

Алпыс айғыр азынасын

Жиып келген түйеңнен,

Жетпіс інген боздасын.

Өзіңнен байлық озбасын!

Ағайынның жарлысы

Бөтен жаққа тозбасын.

Сол малыңа ие берсін,

Ата-бабаңа тие берсін!

* * *

Құдайым, жаздай бер,

Жаздай берсең, жазбай бер.

Құдайым, күздей бер,

Күздей берсең үзбей бер.

Құдайым, қыстай бер,

Қыстай берсең, қыспай бер...

* * *

Айдағысыз малды бол,

Ағайынның алды бол!

Отыз ұлды орда бол,

Оман жұрттың басы бол.

Лұқпандай мың жаса,

Береке дарысын басыңа,

Дұға тисін асыңа!..

* * *

Түнде жүрген ұрыдан сақта,

Жазандағы бөріден сақта!"

Жас жайлауды жаусыз ет,

Қыс қыстауды қарсыз ет.

Ұл мен қызды мұңсыз ет,

Шыққанның есесін бер,

Кіргеннің берекесін бер!..

* * *

Күле қіріп, күңірене шыққаннан сақтасын,

Түнде жүріп, түс қашқаннан сақтасын.

Өзінді малды қылсын,

Дұшпаныңды жарлы қылсьш,

Пәле-жаладан сақтасын,

Қауіп-қатерден сақтасын.

Шайтанның шерінен сақтасың,

Патшаның кәрінен сақтасын.

ӘРБІР ПӘЛЕҢНЕН САҚТА

Илаһи бар құдая,

Дұғамызды қабыл ет.

Иманыңды кәміл ет.

Дозақтың отынан сақта,

Қазақтың сотынан сақта.

Әрбір пәлеңнен сақта.

Нақақ жалаңнан сақта.

Айтса жөнге көнбейтін,

Сөйлесе сөз бермейтін,

Жанға жақсылық ойламайтын,

Жүрегі қара наданнан сақта.

Мезгілсіз өлімнен сақта,

Азапты көріңнен сақта.

Өзі кеуде, өзі би,

Кер ауыз келіннен сақта.

Үятсыз қыздан сақта,

Татымсыз тұздан сақта,

Қайрымсыз ханнан сақта,

Құр кеуде даңнан сақта.

Өмір берсең бақытты қыіі бер,

Дәулет берсең қайырлы қып бер,

Ұл берсең ұнамды қып бер,

Қыз берсең қызықты қып бер.

Ат берсең жүрісті қып бер,

Бала берсең ырысты қып бер.

Тірісіне тұрақ бер,

Өлісіне жұмақ бер.

Осы айтқанымның бәрін бір-ақ бер.
АҚҚУ ҰШЫП КӨЛГЕ КЕТТІ

Аққу ұшып көлге кетті,

Сұңқар ұшып шөлге кетті.

Ол адасып кеткен жоқ,

Әркім барар жөнге кетті. ,

Арғымақтың тұяғы,

Taсты басса кетілер,

Сазды басса жетілер.

Екі арыс аман болсын,

Жетпісті қума,

Келмеске жылама!

Өлі арыстаннан

Тірі тышқан артық.

Ақ сұңқар ұшты ұядан,

Қол жетпейтін қиядан...

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,

Тозбасты ұста соқпайды,

Өлместі тәңір жаратпайды.

Топырағы торқа болсын!

Қалғанға өмір берсін!

Өлгеннің соңынан өлмек жоқ,

Өлген қайтып келмек жоқ...

ТҰЯҒЫ БҮТІН ТҰЛПАР ЖОҚ

Ақ қоян қашты беркіне,

Қоймады бүркіт еркіне.

Сен темір де, мен қөмір,

Келіп тұрмын ерітуге.

Өлмес жан болмайды,

Өткелсіз су болмайды.

Қанаты бүтін сұңқар жоқ,

Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,

Дүниеде не күшті?

Алланың әмірі күшті.

Ақ сұңқар тұғырыңнан ұшты,

Қаусардың суын ішті,

Хордың кызын құшты.

ТЕҢІЗ БАСТАН БЫЛҒАНДЫ

ШЫҢҒЫС XAHFA ЖЫРШЫ АЙТҚАН ДЕЙТІН СӨЗ

Жыршы:

Теңіз бастан былғанды,



Кім тұндырар, ей, ханым?

Терек түптен жығылды,

Кім тұрғызар ей, ханым.

Шыңғыс:

Теңіз бастан былғанса,



Тұндырар ұлым Жошы дүр.

Терек түптен жығылса,

Тұрғызар ұлым Жошы дүр.

Көзің жасын жүгіртеді,

Көңілің тұлды болмай ма?

Жырың көңіл үркітеді,

Жошы өлді болғай ма?

Жыршы:

Сөйлемекке еркім жоқ, ,


Сен сөйлёдің, ей, ханым!,

Өз жарлығың өзіңе жар, Жөн ойладың, ей, ханым!

Шыңғыс:

Құлыны өлген құлаңдай Құлынымнан айрылдым. Айрылысқан Аққудай,



Ер ұлымнан айрылдым...

АҚСАҚ ҚҰЛАН, ЖОШЫ ХАН

Жошы ханның ашамайға мінгізген жас баласы аңшылармен бірге жүріп, бір жерде қашып бара жатқан ақсақ құланды қуып кетіпті. Ақсақ құлан жүйіткіп бара жатқан бір топ құланға қосылыпты. Баланың астындағы еріккен тұлпар елігіп, құйрығын шаншып құйғытып, құландарға қосылады. Құланның әңгісі баланы шайнап өлтіріп кетеді. Аңшылар баланы іздеп таба алмайды. Жошы аңшыларға қаһарын төгіп, «баламды тауып бер» деп, қалың кісіге іздетеді.

Баламды «өлді» деп естірткен адамның құлағына қорғасын құямын деп жарлық қылады. Аңщылар бір жерде баланың жұлмаланған қолын табады. Енді ешкім баласының өлгенін Жошы ханға батып айта алмайды. Ақыры көпшілік ордада отырып, бір күйшіге жырмен айтқызады. Сондағы жырдың ұзын ұрғасы мынау екен:

Уа, иеміз, Жошы хан!



Домбыра Не деп жырлайды? ,

Сарнап бір даусын қырнайды.

Құлағың сал осыған...

Ақсақ құлан, қу құлан,
Қияннан қашқан
ту құлан.

Қиырсыз құла далада,

Аңда жүрген балаға

Кез болып бір қашыпты,

Белден-белге асыпты.

Ақсақ құлан, Жошы хан!..



Елсіз құба далада,

Қат-қат бұдыр салада,

Мекендеп өрген, өрбісіп,

Ордалы құлан жосыған.

Қуып ақсақ құланды,

Еріккен тұлпар құнан да

Ордалы үріккен құланға

Құйғытып ойнап қосылған...

Өлім деген тәңір ісі,

Желіккен құлан әңгісі.

Құлан мен тұлпар еріккен,

Жосыған құлан желіккен, ,

Баланды шайнап өлтіріп,

Жұлмалап жалмап кетіпті.

Ордалы құлан шошынған.

Сөзді айтып жырлап зарлаған,

Домбыраның балаңды,

Естірткекі осы хан!

Өзғеге артпа жалаңды,

Еліктірген баланды

Сол қу құлан, ту құлан.

Ақсақ құлан, Жошы хан!..

Илан, ханым, осыған!!!
АРҒЫМАҚ AT СҮРІНДІ

СЫРЫМНЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТУ

Сырым Хиуада жүріп қайтыс болады. Ел жиналып, бала-шағасына естірту үшін жетірудың шетінен Оршыты деген биді алдырады. Оршыты келген соң халық хабарды айтып:

Сізді Сырымның өлімін қатын-баласына естірту үшін алдырдық. Енді солай баралық, бал асы Қазыға әкесінің өлімін естіртелік, сөзді сіз бастаңыз,дейді. Сырымның ауылына барып, Қазыға бір-екі күн қонак, болғансын, Ор­шыты:

Шырағым, Қазыжан!

Арғы атаң сенің Дат еді-ау,

Есіміне жесімі лайық емес,

Тек бір қоя салған ат еДі-ау!

Өз есіміқ Қазы еді-ау,

Қысың да сенің жаз еді-ау!

Әкең де сенің Сырым-ды,

Кебеже қарын, кең құрсақ

Іші толған білім-ді.

Бір ғана қазақ жұрты емес,

Билегендей ер еді-ау,

Қытай менен Қырымды...

Сол секілді Сырекемнің

Арғымақ аты сүрінді,—

деген екен,
УА, БАЙҒАРА, БАЙҒАРА!

ҚЫПШАҚ ІЗБАСТЫ ШЕШЕН АЙТҚАН ДЕЙТІН СӨЗ

Ау, Байғара, Байғара!

Құлақ салып, бері қара!

Бір сөзім бар,— айтамын,

Айтамын да, қайтамын.

Тыңдағанға бір пара!

Ел шетіне сөз келді...

Қолымды құсқа сермедім,

Сермедім де, білмедім.

Білдіруші бар ма екен,

Алып арыстан сұласа?

Су беруші бар ма екен,

Аққан дария құрыса?

Жан беруші бар ма екен,

Хан-сұлтандар құласа?

Арғы атаң сенің Қарахан

Қазақ пенен қалмақтың

Дұшпандығын айырған.

Бергі атаң сенің Тұрсын хан,

Жауды көрсе қымсынған.

Өз атаң сенің Айшуақ,

Жайма шуақ, жай шуақ.

Алтын тақтан тайыпты,

Кетіре алмай отырған

Көп жамағат айыпты!
АУРУ КӨҢІЛІН KIM АШАР?

БАЙДАЛЫ БИДІҢ УӘЛИ ТӨРЕНІҢ КӨҢІЛІН СҰРАҒАНЫ ДЕЙТІН СӨЗ

Ауру көңілін кім ашар?



Хал сұраған теңі ашар.

Ер жігіт көңілін кім ашар? '

Көркем, сұлу, сүмбіл шаш,

Қара көзді, имек қас

Жарқырап тұрғаң жар ашар.

Баланың көңілін кім ашар?

Алдындағы қаттасы,

Артындағы панасы

Ата менен ана ашар.

Аттың көңілін кім ашар?

Күніне жеті қараған,

Жал-құйрығын тараған,

Баптап мінген ер ашар.

Жақсылық пен жамандық,

Бәрі хақтан болған соң

Шүкірлік қылған жарасар.
¥ЛЫ ӨЛМЕГЕН РУДА ЖОҚ

ШОҚАННЫҢ ӨЛІМІН ЕСТІРТУ

Шоқан шетте жүргенде Тезек төренің қызын1 алады екен. Шоқан ауырып жүргенде:

Еліңнің жақсы, білікті адамдары кім?деп Тезек төре сұрайды екен.



Елімнің жақсы адамдары — Сасықтың Тоқсанбайы, Жандос баласы Келдібек, Зілғараның Әлібегі,дейді екен Шоқан.

Осы айтқандарын Тезек жазып алып отырыпты да, Шоқан қайтыс болған соң «Шыңғыс хандарыңның сүйікті ұлы Шоқан қайтыс болды. Хандарыңа қалай естіртесіңдер, өздерің біліңдер»,— деп хат жазған екен. Мұны естіген соң қасына он бёс шақты адам ертіп Келдібек Шыңғысқа келіпті, үйіне түсіп, әңгімеге айналдырып отырып, ханға сұрақ қойыпты.

  • Хан, жандыда не қымбат?депті Келдібск.

  • Жандыда адам қымбат,депті Шыңғыс.

  • Жансызда не қымбат?

  • Жансызда гауһар қымбат.

  • Гауһар тас пен адамның қайсысы қымбат?

  • Әрине, адам қымбат,дейді де, Шыңғыс басын көтеріп алып,япырай, мұнда мал басы аман еді, мына сұрағың қалай шығып барады, Шоқанжаным жолда жүр еді, бір хабар болды ма?дей беріпті.

  • Ханым дұрыс айттың, гауһар тас қымбат, жеті қабат жер астынан, су астынаң жуылып шыққан зат қой, сол асыл тасты бір адам тауып жүре бергенде, тас иесі шығып, «тас менікі!»— деп жармасыпты, сол тас қайсынікі болуы керек?депті.

Әрине, иесінікі болуы керек,депті Шыңғыс. Сонда Келдібек отырып:

  • ¥лы өлмеген руда жоқ, Қызы өлмеген Қырымда жоқ. Қатыны өлмеген халықта жоқ, Ағасы елмеген аймақта жоқ. Інісі өлмеген елде жоқ, Әкесі өлмеген әлемде жоқ. Шешесі өлмеген пәнде жоқ, - Аққу ұшып көлге кетті, Дуадақ ұшып шөлге кетті. Құдай сізге бір гауһар тас беріп еді, Оны иесі өзі әкетті. Шоқан деген баламыз Бәріміз баратын жерге кетті,деп, естіртіпті. Шыңғыс жылап отырғанда, Әлібек қасына келіп:

Әй, Шыңғыс! Мұңсыз жалғыз қүдай, жеті ұлың-ның бірін бермейтін құдай болайын деп пе едің, бас өксі-гіңді, сүрт көзінді, көтер басынды,— деген екен.
ШОРМАН МЕН ҚҰДАЙМЕНДЕ

Шорман би бозбала күнінде Қуандық еліне жоқ іздеп барады. Бір байдың үйіне қонып, ел жайьш сұрап отырып, өзінің жоқ іздеп келе жатқанын айтады. Сонда бай айтады:

Әй, шырағым-ай! Жоғыңның жөні болмайды-ау, се-бебі Қуандық елін билеп тұрған Құдайменде төренің жал­ғыз баласы өліп, үш күн болды ас ішпей қайғырып жатыр. Басын көтермейді, көзін ашпайды, ешбір адам көңіл айтуға бата алмайды.



Меймандар байдың үйіне қонып, ертең төренің үйіне аттанады. Ауылға жақын қалғанда аттарынан түседі. Атта-рын тұсап, жаяулап келе жатқан бір топ адамды көрген бір кісі, төреге хабар береді.

Сірә, жат адамдар болу керек, аттарын алысқа тұ-сап, он шақты адам жаяулап келе жатыр,дегенде төре бір көтеріліп, бір жатады. Жолаушылар үйге кіріп, торге отырып, құран оқиды.



Шорман былай деп көңіл айтады:

Уа, сен Құдайменде төресің,



Хақтың әміріне көнесің.

Жалғыз балаң өліп

Құдай сені көріпті.

Түпкі атаң Барақ хан,

Елді заңына қаратқан,

О да өткен дүниеден.

Екінші атаң Мейір хан,

Тентек пенен тебінді

Төрелік беріп айырған,

О да өткен дүниеден.

Үшінші атаң Тұрсын хан,

Өтірік айтқан қымсыңған,

О да өткен дүниеден.

Төртінші атаң Қасым хан

Аруағы басым хан.

О да өткен дүниеден.

Дүние деген фанидың

Өзі де өтер дүниеден.

Дос көтерер көңілді,

Мал көтерер өлімді.

Қайғырғанмен келмейді,

Ажалсыз пенде өлмейді.

Басыңды көтер хан төрем, Күйзелтпе бүйтіп еліңді, Өлемін десең міне пышақ, Өлмеймін десең тұрып бақ!

Сонда хан басын көтеріп алып:

  • Көз таңбалы Сүйіндікте Шорман атты бір ұл бар деп еді, соның өзімісің, өзгемісің?:депті.

  • Болсақ болармыз,депті Шорман.



ҚАЙҒЫСЫЗ, МҰҢСЫЗ ЖАН БАР МА?

Сандыбай өлгенде, бәйбішесі қайғырып жатып алыпты. Көңіл айтып жұбатқандардың сөзін құлағына ілмепті. Бір күні Шорман келсе де, бәйбіше күрсініп жата беріпті.

Сонда Шорманның айтқан көңілі екен:

Жатырмысың қайғырып,



Өтіп кеткен Абыланға.

Алладан бұйрық келгенде,

Кім тұрады жалғанда?

Қайғысыз, мұңсыз жан бар ма?

Талайы қалған арманда.

Айтатұғын сөз бар ма,

Бір жаратқан алғанда?

Әзелда жазған дағдырды

Бір жаратқан бұзған ба!

Үш жүздің анасы емес пе едің,

Өзің көңіл айтсаңшы,

Біздей жетім қалғанға!

Сонда бәйбіше «ә, солай ма?»— деп басын көтеріп Шорманмен амандасқан екен.
ӨЛІМДІ ЕР КӨТЕРЕДІ

Ерден бидің Бимырза деген баласы өліп, соған Шо-қай мен Досбол көңіл айтуға барады. Есіктен кіре бере Шоқай мына сөзді айтады:

Ассалаумағалейкум Ерден!



Кеткенің бе керден?

Аруаққа шет болма,

Басыңды көтер жерден.

Көрісейін деп келдім

Қолыңды әкел бермен!

Әкең Сандыбай да өлген,

Оны да мына Шоқай көрген,

Жақсының басына іс түссе,

Жасымайды, бойлай береді.

Жаманның басына іс түссе,

Күндіз-түні ойлай береді.

Көкті бу көтереді,

Жерді су көтереді.

Жүйрікті ду көтереді.

Жүкті нар көтереді,

Өлімді ер көтереді,

Болмаса қас патша мен хан көтереді.

Сен қарадан туған хан емес пе едің,

Айырдан туған нар емес пе едің?!

Сонда Досбол айтқан екен:

Өлмесе қайда кетті



Бүрынғыңың кәрісі?

Жер жүзін жұтса да,

Тоя ма қара жердің талысы.

Ерден-ау! Өткенге өкінбе,

Келмеске кейіме,

Өлім деген ұзақ жолдың алысы.
УА, ЕРДЕН!

Ерденнің Байменде деген баласы өлгенде Асаубай ше-шеннің айтқан көңілі

Ассалаумағалейкум, уа, Ерден!



Осы балаң өлмесе,

Кетіп едің керден.

Қазаға қарсылық қылмай,

Басыңды көтер жерден.

Көрмегелі көп болды,

Көрісейік кел, бермен.

Балаңды алған құдай ғой,

Өзі алып, өзі берген.

Мен Асаубай досыңмын,

Бұған дұға қыла келген.

Уа, еріп келген қасымда

Құдағи мен құдаң бар.

Өзі берсе, өзі алған,

Тағдырына алланың, .

Сабыр етіп шыдаңдар.

Азаға арнап әкелген,

Тоғыз шұбар құнан бар.

Және азаға әкелген,

Көрген жан қарап тұрғандай

Алты шұбар атым бар.

Айтатұғын датым бар.

Байменде өлсе артында,

Бименде сынды балаң бар.

Тоқтатпаса беруін,

Артьшан үміт және бар.

Екі айғырдың терісін

Біріктіріп істеген,

Нарға артып әкелген,

Екі мойынды саба бар.

Тағы сізге әкелген,

Жаннат ішік, кілем бар.

Басы құндыз болғанда,

Тоғыз түрлі бұйым бар.

Елдің бірін қалдырмай,

Тегіс бәрін жиындар.

Қымызым менің жетеді, ,

Алып келіп құйындар.

Халық көрсін көзімең,

Әкелген сондай сыйым бар.

Төсектен басын Ерден көтеріпті. Сонда шешен былай депті:

Уа, Ерден!



Сағасынан сынар ма,

Алмас қылыш болатың.

Қайырылып сенің қалды ма,

Топшыңнан тиіп қанатың.

Ерлерге зауал кездессе,

Жуан созьшып,

Жіңішке үзіліп қалатын.

Кұс қанатымен ұшып,

Кұйрығымен қонатын.

Баланың қатты қайғысы,

Өзегінді өртеп жанатын.

Жазулы "тағдыр жеткенде,

Жақсы-жаман, кәрі-жас,

Уақытынан асырмай,

Темір үйге қамап қойсаң да

Аманатын алла алатын,

деген екен.
TҰЛПАР БАР МА ТҰЯҒЫ МАЙРЫЛМАҒАН?

Қайтқан баласына қайғырып жатып алған Әпеке биге Орынбай ақынның айтқан көңілі

Тұлпар бар ма, тұяғы.майрылмаған,



Сұңқар бар ма қияғы қайрылмаған?

Адамға тағдыр, ажал жеткен шақта,

Кімдерден кімдер жылап айрылмаған.

Бауыры бүтін сау бар ма, Өлімнен үлкен жау бар ма? Пұлсыз берді, құнсыз алды, Бұған айтар дау бар ма?

Тірлікте бірлік ізде жанға сая,

Ұкпасқа айтқан сөзің болар зая.

Бақиға жеткен қайта келмес болар,

Келмеске жылаған көздің жасы зая.
САБЫРЛЫҚ КЕРЕК ҚАЗАҒА

Кәрібай Жүсіпұлының Жанай, Досай деген өндірдей екі ұлы жас күнінде қайтыс болып, артында қалған қарын-дасы Шария жоқтап жылай беріпті. Қызы егіліп зарлай берген соң әкесі Кәрібай былай деп көңіл айтқан екен:

Сабырлық қыл жылама,



Өлшеулі өмір. тұра ма?

Жылағанмен, шырағым,

Жаның басқа шыға ма?

Тыңда мұны құлақ сал, ,

Артық туған үздік-ақ.

Топырағы торқа боп,

Жарылқасын жалғыз хақ.

Қайғырар бұған туыс, дос,

Жетесі жаман жуыспас.

Қараңғы қабірі нұр болсын,

Шырылдап өткен қыршын жас.

Сабырлық керек Шарияжан,

Ойлауы болмас пенденің.

Қайғылы өмір босқа өтер,

Қайғыға көңіл бермегін.

ШЕШЕНДІК ТОЛҒАУ СӨЗДЕР

Б¥Л ДҮНИЕДЕ НЕ ЖЕТІМ?

:— Бул дүниеде не жетім?

Санай берсең көп жетім.

Үйрек, қаз қалқып ұшпаса,

Дария шалқар кел жетім. Е

л жағалай қонбаса,

Бетегелі бел жетім.

Ұлығы әділ болмаса,

Төресін түзу бермесе,

Болады байтақ ел жетім.

Өз бетімен білмесе,

Айтқан сөзге ермесе,

¥қпасқа айтқан сөз жетім.

Замандасы болмаса,

Өңкей жастың ішінде

Қария болар тез жетім.

Қара қасты, қыпша бел

Сыландаса алдыңда,

Сөзіңді қабыл алмаса,

Құр қараған кез жетім.

Еңбегі еш, тұзы сор,

Көргенсіз болса қатыны,

Өмір бойы ер жетім.

Жаман болса барғаны,

Ішінде көп арманы

Наданға барған жақсы әйел,

Білер болсаң бұл жетім.

Бабын білмей иесі

Аяғына қан түскен,

Ұлы дүбір жиынға

Қосылмаған ат жетім.

Дүниеден өтсе данышпан,

Жүйріктермен жарысқан,

Оқитын ие болмаса,

Жазулы қалған хат жетім.
БҮЛ ДҮНИЕДЕ НЕ ЖАМАН?

Біріншіден не жаман —

Білімсіз туған ұл жаман,

Екіншіден не жаман —

Ененің тілін алмаған, Т

ілазар туған қыз жаман.

Үшіншіден не жаман

Үшкіліксіз пішкен тон жаман.

Төртіншіден не жаман

Төресін әділ бермеген,

Парақор болған би жаман.

Бесіншіден не жаман

Бес уақты ақ намаз

Қаза болған сол жаман.

Алтыншыда не жаман

Алтын тақтың үстіне

Толықпай мінген хан жаман.

Жетіншіде не жаман —

Жеткіншектен оқ тиіп,

Жер таянған сол жамап.

Сегізінші не жаман —

Серке санды ат мініп,

Ат құйрығын шарт түйіп,

Жоқ қараған сол жаман.

Тоғызыншы не жамап

Толықпай түскен жар жаман.

Он дегенде не жаман —

Оймақ ауыз, қиғаш қас,

Жазық маңдай, қара шаш

Бір перзентке зар болса,

Бәрінен де сол жаман.


БАЙҚАСАҢ, ЖАҚСЫ ҚАНДАЙ, ЖАМАН ҚАНДАЙ!

Асып тұрған жақсыны

Алыс қой деп ойлама.

Ақылсыз туған жаманды

Жақыным дел ойлама.

Атам бар деп мақтанба,

Топта айтар сөзі жоқ болса,

Балам бар деп мақтанба,

Ақылсыз туған боқ болса,

Ағайыным бар деп мақтанба,

Дос пен дүшпан келгенде

Қарасары жоқ болса.

Ер жігіттің болгісі

Қара бура нармен тең

Талапсыз ердің тірлігі

Қара топырақ жермен тең.

Саясы жоқ бәйтерек

Сазға біткен талмен тең.

Пайдасы жоқ көп байлар

Арам өлген малмен тең.

Жетесі жаман бозбала,

Тоқсанға келген шалмен тең.

Талапты жігіт нармен тең,

Білімді жігіт нұрмен тең.

Жаманды көп деп санама,

Мың болса да бірмен тең.

Көңілі жерде данышпан

Сәулесі түскен түнмен тең.

Талапты туған ер жігіт,

Жарлы да болса баймен тең.

Басыңнан тайса бақ-дәулет,

Жандай досың жатпен тең.

Басыңнан бағың тайса,

Араз болып ағаң келмес,

Наразы болып балаң келмес.

Абыройың басыңнан тайған күні,

Шын сөзінді айтуға шамаң келмес.

Араз боп бірге туған інің келмес,

Топқа барсаң бұрынғыдай түрің келмес.

Бағың тоқтап, маңдайың қайтқан күні,

Аттап басқан аяғың кейін кетіп,

Сандуғаштай сайрауға тілің келмес.

Байқасаң жақсы қандай, жаман қандай,

Жанды кинап, жүрмеген шабан қандай.

Абыройың басында тұрған кезде

Көпке сөзің қадірлі шекер балдай.

Ақылды күлкі де жоқ, ашу да жоқ,

Кемдік көрсе тарылып сасу да жоқ.

Басына қап тауындай бақыт қонса,

Шарасындай шалқиып асу да жоқ.
Б И IK ТАУҒА ЖАРАСҚАН

Алтай Байдалы айтқан деген сөздер

Биік тауға жарасқан

Басындағы обасы.

Өзен-суға жарасқан

Жағалай біткен қоғасы.

Рулы елге жарасқан

Үлгі айтатын ағасы.

Бәйбішеге жарасқан

Орнықты қара сабасы.

Келіншекке жарасқан

Емізген ұл баласы.

Балалыққа жарасқан

Өнегелі анасы.

Ер жігітке жарасқан

Қолындағы найзасы.

Жақсы болса азамат

Еліне тиер пайдасы.
Ердің «білдім» дегені,

Басына салған ойраны.

Көпке сөзін бергені

Тастан соққан қорғаны.

Өсек басты болады,

Қыздың жасқа толғаны.

Жан түршігер жаман іс,

Ағайын ала болғаны...

Бірінші тілеу тілеңіз,

Бір тәңірге жазбасқа.

Екінші тілеу тілеңіз,

Адам тіліне азбасқа.

Үшінші тілеу тілеңіз,

Пәледен нақақ күймеске,

Төртінші тілеу тілеңіз,

Білімсіз таққа мінбеске.

Бесінші тілеу тілеңіз,

Қатардан кейін қалмасқа.

Алтыншы тілеу тілеңіз,

Ақымақ тілін алмасқа.

Жетінші тілсу тілеңіз,

Атадан алтау тудым деп,

Жалғызға жара салмасқа.

***
Жау көңілін қылышпен басқан жігіт,

Батыр емей немене асқан жігіт?

Жау дегенде найза алып шыға алмаған,

Қорқақ емей немене сасқан жігіт!

Ердің ерін сынайтын майдан жерден,

Қатын емей немене қашқан жігіт!

Мың жылқылы байыңа пысқыра ма,

Оразасын үйінен ашқан жігіт!..

ТҮНДІ ҚАНША МАҚТАСАҢ...

Түнді қанша мақтасаң,

Жарқырап атқан таң болмас.

Тәңірі берген жігітке,

Қойды бақса қор болмас.

Құдай жаман жаратса,

Қанша созса зор болмас,

Құзғын қарға жиылып,

Намыстанса қаз болмас,

Отқа салып илесең,

Алтын, сірә, жез болмас.

Аяққа шұлғау қылсаң да,

Асыл жібек без болмас.

ТАУҒА БІТКЕН ҚАЙЫҢНЫҢ

Беріш Есет батыр айтқан деген сөз

Тауға біткен қайыңның,

Солқылдар басы жел өтсе.

Тоғайға біткен жоңышқа,

Салқын тартар күн өтсе.

Ерні салпы ер аты,

Семірмес қайта ер өтсе.

Еңкейіңкі тартады,

Ер қолынан мал кетсе.

Арбадан үркіп жаман ат,

Ер салдырмас жал бітсе.

Тілеп алған ұлдарың,

Тіл алмайды ер жетсе.

Хан қайрылып қараған,

Би бұрылып жөн сұраған,

Көркі болмас арудың,

Екі он бестен жасы өтсе.

Сылдырлап белін шешінген,

Назданып аяқ көсілген,

Алғаныңа жандарым,

Қадірің кетер күн болар,

Ер қартайып, жас жетсе.

Қатарға мінсең қайыспас,

Қас қара нар мен едім.

Шабуыл шапса, шаршамас,

Шынайы тұлпар мен едім.

Қасарысып келгенде,

Қап тубіне сыймағаң,

Таза болат мен едім.

Қаймақтап ұшқан қу ілген,

Анық сұңқар мен едім.

Тегеурінім теріс біткен,

Тепсем жілік сындырған,

Қыран бүркіт мен едім,

Қартайдым да қор болдым,

Күн сенікі жастарым,

Көріп-біліп бастадым.

Кәрілікке жеткізсе,

Талайды көрер бастарың.

Заманымда өзімнің,

Жасанысқан жау көрдім,

Белсеніскен дау көрдім.

Үрікпедім де саспадым.

Бірі өтірік болмасын,

Табаным тайып қашпадым.

Тәуекел ердің жолдасы,

Тілектес болғаи дос-жарым.

Сол дәулеттің түсыида,

Самарханды сапырып,

Шапқан шөптей жапырып

Аспадым да тоспадым,

Қанды көйлек жолдасты,

Сары алтындай сақтадым

Менің көрген затым бұл,

Төкпей-шашпай қолданып

Ортаға сүйреп тастадым!

ҚАРА ЖЕРДІ ЖАМАНДАМА

Айдабол Торайғыр айтты деген сөз

Қара жерді жамандама,

Кіретұғын інінді.

Қауым жұртты жамандама,

Көп табады мінінді.

Білгендерді жамандама,

Басшы болар пірінді.

Өзің білмесең,

Білгендерден үйрен,

Қырымнан іздеп барсаң да,

Жалғыз ауыз білімді.

* * *.

Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз,

Кедейде де кедей бар,

Байға көңілін бергісіз.

Байларда да байлар бар,

Кедей қатарға алғысыз.

Шыныңменен «айт» десең,

Осындай сөзден сөйлейін

Құлағыңнан қалғысыз.
ШАРУАНЫҢ ЕКІ ТҮРІ

Тобықты Құнанбай айтқан дейтін сөз

Шаруаң оңына айналғанда:

Мінген атың жүреген болады,

Асыраған итің үреген болады.

Қатының қадірлі болады,

Қызың ажарлы болады,

Малың базарлы болады.

Шөбің шығымды болады,

Малыңа жұғымды болады.

Ұлың білімді брлады,

Құлың сенімді болады.

Шаруаң солға айналғанда:

Мінген атың шабан болады,

Асыраған итің жаман болады,

Қатының сараң болады.

Қызың ажарсыз болады,
Малың базарсыз болады.
Шөбің шығымсыз болады,
Малыңа жұғымсыз болады.
Үлың білімсіз болады,

Құлың сенімсіз болады.

БАРЫС, БАРЫС, БАРЫС ОЙНАР

АРҒЫН АЛШЫНБАЙ АЙТҚАН ДЕГЕН СӨЗ

Барыс, барыс, барыс ойнар,

Барыс құйрығын сала ойнар.

Жүйрікке мініп толғанып,

Шашақты найза қолға алып,

Баданасын киіп ап,

Бар қайратын жиып ап,

Батыр жігіт жауда ойнар.

Алқалы топта толғанып,

Түйінді сөзді қолға алып,

Шешен жігіт дауда ойнар.

Көк ала үйрек сазда ойнар,

Көк қаршыға қазда ойнар.

Жарқырап жаз шыққанда,

Көкке тойып мал тояр.

Аққа аузы тиген соң,

Кемпір менен шал ойнар.

Ақ балтыры түріліп,

Балуан жігіт тойда ойнар.

Ел жақсысын көре алмай,

Өзі жақсы бола алмай,

Бедірей батпақ үйде ойнар.
Б¥Л ДҮНИЕНІҢ БАЛАСЫ

Бұл дүниенің баласы,

Алды-артыңа қарашы.

Ата-анаңның ақылы

Қазылған қара жолмен тең.

Ағайының көп болса,

Ұлы әскер қолмен тең.

Қарсы келген кәрілік,

Жайып қойған тормен тең.

Жақсының бәрі сұм болса,

Қазып қойған көрмен тең.

Орнын білмес жаманға,

Есік те болса төрмен тең.

Жақсы болса алғаның

Жұмақтағы хормен тең.

Жаман болса алғаның

Маңдайға біткен сормен тең.

Жақсы ағаң бар болса,

Алдыңда асу — белмен тең.

Жаманға айтқан ақылың

Соғып өткен желмен тең.

Қайғы ойлаған жаманның

Алды тұйық жармен тең.

Байларда қайыр жоқ болса,

Шөпсіз, сусыз шөлмен тең.

Саясы жоқ бәйтерек

Сазға біткен талмен тең.

Қайырып салса ақ сұңқар,

Қаз ілмесе қарғамен тең.

Жақсылардан сабақ ал,

Алуа, шекер балмен тең.

Пайдасыз байға жалынба,

Асау семіз малмен тең.

Жетесі жаман бозбала,

Қатын алса қай күні

Қадам шықпас үйінен

Тоқсанға келген шалмен тең.

Елінде болса жомарт бай

Қарындағы маймен тең.

Кей адамның мінезі,

Жарлы болса да баймен тең.

Кей адамның баласы,

Ақылы болса данасы,

Көкірегі саналы

Бұлтсыз туған аймен тең.

Кей адамның баласы

Бойында ақылы болмаса,

Ербиіп тұрған бір байғұс,

Өлі жүнді таймен тең.

Жүрген жері жақсының

Күнде базар, мереке,

Күндіз-түні қой сойып,

Ат шаптырған тоймен тең.

Көп жаманның ішінде

Бір жақсысы болмаса,

Қарап тұрсаң қалпына

Серкесі жоқ қоймен тең.

Білген кісі азар ма,

Тәубесіне жазар ма,

Білгенін түзу кім айтса,

Оның өзі мұңмен тең.

* * *


Өсиетім байларға:

Көп қуанба малдарға,

Кетеріне келгенде,

Киімнен жуған кірмен тең.

Жақсының айтқан ақылы

Гауһар шырақ шаммен тең.

Жақсының берген үлгісі

Сарғая атқан таңмен тең.

Жамандар тыныш жүрмейді,

Айтар сөзін білмейді,

Ұлық алдына келгенде,

Ажалы жеткен аңмен тең.

Алыс пенен жақынның

Таразысын тең тартса,

Қара да басы ханмен тең.

Бір адамды қор тұтып,

Бір адамды зор тұтып,

Төреге берген қазы бар

Арам өлген малмен тең.

Атадан жақсы ұл туса,

Айналасыз бір туса,

Жақсыны жалғыз демеңіз,

Бір боп туса онмен тең.

Он боп туса жүзбен тең.

Жүз боп туса мыңмен тең.

Атадан жаман ұл туса,

Айнадасы мың туса,

Мың да болса жүзбен тең.

Жүз де болса онмен тең.

Он боп туса бірмең тең.

Бір боп туса жоқпен тең.

Атадан жақсы қыз туса,

Замандасын құрметтер,

Қыз да болса ұлмен тең.

Атадан жаман қыз туса, -

Жамандықты коп қуса

Есіктегі күңмен тең.

Балдан тәтті ғазіз жан,

Бір күні шіріп қалар тән,

Шыбын жанның шығуы,

Батып кеткен күнмен тең.
БҰЛБҰЛ ҮЙРЕК, БҰЛ ҮЙРЕК

Шекті Мөңке би айтты деген толғау

Шекті Мөңке би Шеркеш Түрке би, тана Нұрке би-лермен кеңесіп отырып айтты деген сөздер:

Бұлбұл үйрек, бұл үйрек,

Бір тоғайға қоныңыз.

Қарындаспен, туғанмен,

Бір туғандай болыңыз.

Өзіне кеңес салғанның

Өрісі кең болмас па?

Жатқа кеңес салғанның,

Жазымға басы кетпес пе?

Жаманнан жесең бір қамшы,

Ол сүйегіңе жетпес пе?

Сом-сом жүйрік, сом жүйрік,

Шұбалаңдап шаба алмас,

Мойнынан жалы кетіп арыса,

Жақсылар жаман болады,

Күнінде жасы жетіп қарыса.

Жамандар жақсы болады, .

Дәулеті асып байыса.

Тасты жерден шаба алмас

Табаны жалпақ тарлан боз.

Тасты жарған табаның,

Жастағыдай бола алмас.

Буырнада кескен азбанға,

Буыршын басып шөге алмас.

Бидайықтың орнына,

Лашын батып қона алмас.

Ер басынан құс ұшса,

Қорғасыннан күнінде

Салсаң да салма, оңалмас.

Қырға боран бораса,

Ойға тағы борар ма?

Жақсылар аттан жығылса,

Жаман туған адамның

Еш нәрсесі құрар ма?

Ауырды ма денең деп,

Қайрылып жаман сұрар ма?..

Қырға боран бораса,

Нуға боран борар ма? ,

Ел шетіне жау келсе,

Халық үстіне дау келсе,

Жамандайын жалтаңдап,

Ер жігіт қарап тұрар ма?

Арғымақтың алдына,

Найза бойы жар келсе,

Жабыдайын жалтандап,

Түсер жерін қарар ма?

Арғымақтаң аяғы,

Айдай таға қағылса,

Кілегей мұздан таяр ма?

Жақсы алдына сөз айтсаң,

Жалығып сөзге тояр ма?

Күндердің күні болғанда

Басыңа қиын іс болса,

Жалғасып өскен жақыннан,

Жақсылар басын аяр ма?

Атың тулап жықпаска,

Артқы айылдың бегі игі,

Алыстағы дұшпанның,

Жағаға қолы жетпеске,

Артында туысқанның көбі игі.

Екі талай іс болып,

Еңсеңе дұшпан табан қойғанда,

Өзіңменен бірігіп,

Қыр басына шықпаған,

Ағайынның күнінде,

Барынан да жоғы игі.

Атқа міне шабар деп,

Бұл қашан жосық табар деп,

Жігіттікпен салқы өскен,

Баладан кудер үзбеңіз,

Ол түзелсе табылмас,

Атаның ізін жаңылмас...

* * *

Жақсыға қоссаң басыңды,

Отырған орның төр болар.

Жаманға қоссаң басыңды,

Саз балшыққа аунатып,

Сол бөрімен орның бір болар.
ӨНЕР АЛДЫ ҚЫЗЫЛ ТІЛ

Өнер алды қызыл тіл

Қызыл тілін безеніп

Шешен жігіт дауда ойнар.

Ақ балтырын түрініп,

Палуан жіғіт тойда ойнар.

Баданасын киіп ап,

Бар қайратын жиып ап,

Шашақты найза қолға алып,

Батыр жігіт жауда ойнар".

Дастарқанын кең салып,

Жомарт жігіт күнде ойнар.

Баданасын кие алмай,

Жауға батыл тие алмай,

Бедірей бетпақ үйде ойнар.

* * *

Он теңге түйе болмас,

Бес теңге бие болмас.

Өз мүлкін азсынған,

Біреудікін көпсінген,

Аз мүлікке ие болмас.
ӘЙЕЛІҢМЕН ДОС БОЛ

Әйеліңмен дос бол,

Үйіңе береке кіреді.

Азаматпен дос бол,

Қадіріңді біледі.

Білімдімен дос бол,

Сасқанда ақыл береді.
ИТ АСЫРАСАҢ, СЫРТТАН ЖИ

Ит асырасаң сырттан жи,

Қой бермейді қорадан.

Мал жинасаң қойдан жи,

Май кетпейді шарадан.

Ақ көңілден би қойсаң,

Бұрылмас сөзге арадан.

Қара жүректен би қойсаң,

Аузы кеппес парадан.

* * *

Тентек көпке тоқтайды,

Жомарт жоққа тоқтайды.

Асыл қынға тоқтайды,

Арлы шынға тоқтайды.
БАЛА БОЛСАҢ, БОЛҒАНДАЙ БОЛ

Бала болсаң, болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол.

Досыңа майыспа,

Дұшпаныңа қайыспа.

* * *

Жаман болсаң көп жақсы,

Жақсы болсаң еп жақсы.

** *

Арғымақ мінген байлардың

Тайға мұқтаж күні бар.

Май шайнаған билердің

Нанға мұқтаж күні бар.

Елден безген залымның

Елге мұқтаж күні бар.

** *

Басқа бақ жарасады,

Батырға жақ жарасады.

Аталы ерден би туса,

Халыққа жанасады.

* * *

Жақсы адамға мал бітсе,

Ағайынның жоғына қарасады.

Жаман адамға мал бітсе,

Көрінгенмен итше таласады.

* * *

  • Әй, қатын!десең,

  • Оқ!десе,

  • Бағанағы қайда?десең,

  • Жоқ!десе,

Дау да, жау да іздеме, Екеуі де өз үйіңде.
ӨТКЕЛ ӨТСЕҢ БҰРЫН ӨТ

Өткел өтсең бұрын өт,

Арты болар бір тайғақ.

¥рлық қылсаң жалғыз ет,

Екеу болсаң бірі айғақ.

* * *

Қарауылдың жаманы

Алдырғанда өкінер.

Палуанның жаманы

Шалдырғанда өкінер.

* * *

Пышағыңды мұқалтпа,

не кеспесті біліпсің,

Сырын білмей сыр айтпа,

Не деспесті біліпсің.

* * *

Қабырғадан қар жауса,

Атан сүйрер дөңбекті.

Ел шетіне сөз келсе,

Билер көрер бейнетті.

* * *

Көлік жисаң атан жи,

Қияға салсаң мойытпас.

Сауын жисаң бие жи,

Үш ай тоқсаң болғанша,

Ариды деп ағытпас.
ТАУ БЕРІГІНДЕ ҚОНЫСЫҢ БОЛСЫН

Тау берігінде қонысың болсын,

Іздеген жау таба алмайды.

Ел берігінде досың болсын,

Аңдыған дұшпан ала алмайды.

* * *

Жаман ердің қайғысы

Өз отының қасында.

Жақсы ердің қайғысы

Ауылының басында.

* * *

Жаман еркектің басын

Жақсы әйел хан қылады.

Жақсы еркектің басын

Жаман әйел даң қылады.

* * *

Жанашырың жоқ болса,

Жатпен жалғыз жүрмеңіз.

Қостаушыңыз жоқ болса, Біле тұра білмеңіз.

* * *

Батыр болар жігіттің

Көбеде болар жұмысы.

Қызық көрер жігіттің

Бүркітте болар жұмысы.

Жаман болар жігіттің

Жалаң аяқ, жалаң бас

Итте болар жұмысы.
ҚАС ЖҮЙРІКТІҢ БЕЛГІСІ

Бедеу аттың белгісі

Бес түн қатса болдырмас.

Қаса нардың белгісі

Аяғын сорға малдырмас.

Қас жүйріктің белгісі

Құйрығынан алдырмас.

Қас шешеннің белгісі

Топтан торай шалдырмас.
АЙДАН ЖАҚСЫ НӘРСЕ.ЖОҚ

Сынаманың сұлу сөзі.

Су түбіне кетірер.

Қыздырманың қызыл тілі

Сүйгеніңнен кетірер.

Біреу сөз береді,

Біреу бөз береді.

Сөз бергеннің сөзіне ерсең,

Басыңа бейнет болар.

Бөз бергеннің бөзін алсаң,

Үстіңе көйлек болар.

* * *

Айдан жақсы нәрсе жоқ,

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен жақсы нәрсе жоқ,

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Ағайыннан жақсы нәрсе жоқ,

Тілге бар да, дінге жоқ.

* * *

Жақсыдан жақсы туса,

Еккен шынарың емес пе!

Жаманнан жақсы туса,

Елдің шырағы емес пе!

Жақсыдан жаман туса,

Шамшырағың өшкені емес пе!

Елге үлгі айтар ерің болмаса,

Құт-берекең көшкені емес пе?!
ӘУЕДЕ БҰЛТ БАР

Әуеде бұлт бар,

Ауруда үміт бар.

Алпыс пенен һәм қысқаны,

Ақыл білер әр нұсқаны.

He іс қылса артын ойлар,

Адамзаттың данышпаны.

Иттің бәрі тазы болмас,

Еттің бәрі қазы болмас.

Арам пиғыл бақыл адам

Халыққа үлгі қажы болмас.

Таман жұлдыз айға жетпес,

Таман кедей байға жетпес.

Тойғаныңша жасық жесең,

Бір асаған майға жетпес.

Көрмеген жер таныс болмас,

Көрінген жер алыс болмас.

Әр нәрсенің болжауы бар,

Ши жуандап қамыс болмас.
ҚАЛЫ КІЛЕМ ЖАПСАҢЫЗ

Бекжан шешен айтты деген сөз

Қалы кілем жапсаңыз,

Қара нарға жарасар.

Өкпе кімге жарасар,

Қарындасқа жарасар.

Қарындастың ішінде,

Қадірлеске жарасар.

* * *

Жар басына қонбаңыз,

Жар құласа, үй кетер.

Жатқа сырды айтпаңыз,

Жамандық қылса бас кетер.

Жауға басты қоспаңыз,

Тіл мүдірсе, бас кетер.
ТАСЫМА ЖІГІТ, ТАСЫМА

Базар батыр айтты дейтін сөз

Тасыма жігіт, тасыма!

Тасыған жетер басыңа.

Ителгідей. томсарсаң,

Кім келеді қасыңа.

Күшігендей солқылдап,

Күлгенің не досыңа?

Жақсьщыққа қуаньш,

Жамандыққа жасыма.

Өле-өлгенше тұрмайды

Жақсылық пен жамандық

Бір кісінің басында.
КЕҢШІЛІКТЕ ЖАРАСПАҒАН АҒАЙЫН

Жарылқасын шешен айтты деген сөз

Кеңшілікте жараспаған ағайын,

Таршылықта бастырмайды маңайын.

Сараң байдан сұрасаңыз ат майын,

Бермес үшін айта берер жоқ жайын.

Ер жігіттен сұрасаңыз ат майын,

Ерлік қылып түсіп берер бір тайын.
АСҚАР, АСКАР, АСҚАР ТАУ

Асқар, асқар, асқар тау,

Алатаудан биік тау болмас.

Балапан торғай басына,

Шырқап ұшып жете алмас.

Күзен қазып тырбанып,

Бауырын тесіп өте алмас.

Әлелей болмай ел болмас,

Бәлелей болмай бел болмас.

Шағала келмей жаз болмас,

Шаңқан болмай боз болмас.

Қас тентекте ми болмас,

Қас жүйрікте күй болмас,

Қас жақсыда кек болмас,

Қас жаманда тек болмас.

Көлік артсаң атан арт,

Үдере көшсең мұңаймас.

Сауың саусаң бие сау,

Салқын түспей суалмас.

АРҒЫМАҚ ЖАБЫ КӨРІНЕР

...Арғымақ жабы көрінер,

Аса шауып бұланса.

Жайқын көл батпақ көрінер,

Айдыны құрғап суалса.

Бәйтерек сабау көрінер,

Жапырагы түсіп қуарса.

Бір аз ғана сөйлейін,

Әлеумет, сізге ұнаса.

Арғымақ жайлап не керек,

Артынан жабы жеткен соң.

Ағайын, туган не керек,

Аңдысып күні өткен соң?

Қызыл тілім сөйлеп қал,

Қызығынды жер көрер,

Ажал қуып жеткен соң,

«Айт» дейтұгын жұрт қайда,

Айтатын оны біз қайда?

Бір төбенің басына,

Тыға салып кеткен соң...

ЕЛІҢДЕ ЖАҚСЫ КӨП БОЛСА

Уақ Қозыбай жер аударылып Семей еліне барып, аға сұлтан Бекболаттың қолында тұрады. Сонда Қозыбайдың көңілін аулап бір мәжілісте Бекболат былай деген екен: Елінде жақсы көп болса пайдасы тиер, Содырлы, сотқар көп болса найзасы тиер. Қоғамшыл, кең қолтық болсаң халқың суйер. Жақсыға жаманнан кесір, Ішінен жақсы кетсе ел жесір. Өзіңе жамандық қылған пендеге Жібектей болып есіл. Қисық ағаш тезінен муқар, Асқынған дау сөзінен мұқар. Жақыннан шыққан жау жаман, Алмас қылыш өзінен мүқар. Жаңылмас жақ болмас,

Сүрінбес туяң болмас.

Ер жігітке еңбек ар емес,

Оны көтермеген нар емес,

Жігітке серуен де серуен,

Сергелдең де серуен,

Уа, Қозыбай, дәм-тузыңды бізден жазсын, Топырағынды жеріңнен жазсын!
ОЙНАРҚЫ ЖҮЙРІК ОЙНАҚТАП...

Керей Тоймас шешен айтты деген сөз

Ойнарқы жүйрік ойнақтап,

Тұра алмас топта турақтап.

Жан бірге бүгін, тән бөлек,

Кеттің ертең жырақтап.

Өтірік жақын бола қап,

Күлімсіреп сөз бақпақ.

Тілі жақын, ісі қас,

Не сөйлесең ұнатпақ.

Сондай досқа ерем деп,

Батарсың миға бір батпақ.

Жақсылық күнде жар едің,

Шығушы едің салпақтап.

Керегің болса келесің,

Жарамсақсып жалпақтап.

Сүйтіп жүрген көңілің сал,

Жар болса жақын қүлатпақ.

Досты-достан айырьш,

Жат қылам деп от жақпақ.

Сен -бір жүрген сауысқан,

Жұмысы сол боқ таппақ.

Жейтін боғың табылса,

Жейсің жүріп шоқақтап.

Шыпылықтап ұшасың,

Шықылықтап қонасың.

Түпкілік тұрлау сенде жоқ,

Бір түнеп кеттің қонақтап.
БАРЛЫ, БАРЛЫ, БАРЛЫ ТАУ

Айдабол Торайғыр айтқан дейтін сөз

Барлы, барлы, барлы тау,

Басы еменнің дені сау.

Ұйықтамаса қабақ жау,

Ішпей жүрсе тамақ жау.

Арық атқа қамшы жау,

Жыртық үйге тамшы жау.

Ұрысқақ болса ұлың жау,

Керіскек болса келін жау.

Қашаған болса атың жау,

Қарыспа болса қатын жау.

Тебеген болса биең жау,

Сүйкеншек болса түйең жау.

Туйең менен биенді,

Алып кетсе жиен жау. _

Ұл он беске келгенде,

Қолға устаған қобызың,

Ұл он бестен асқан соң,

Тіл алмаса доңызың.

БҰЛ ЗАМАНДА НЕ ҒАРІП

Бұл заманда- не ғаріп?

Қадірін біліп ұқпаса,

Дүррі гауһар сөз ғаріп.

замандасы болмаса,

Қария болар тез ғаріп.

Ел жағалай қонбаса,

Бетегелі бел ғаріп.

Қаз, үйрегі болмаса,

Айдын шалқар көл ғаріп.

Әділ биі болмаса,

Бірлігі кетіп ел ғаріп.

Қадірін елі білмесе,

Қайратты туған ер ғаріп.

* * *


Бақытты адам қаласа,

Қар үстінде от жанар.

Бақытсыз адам қаласа,

Құрғақ үйден су тамар.

Жақсы туған баланың,

Атасы жаман болса да,

Төрде отырып сый табар.

Жаман туған баланың,

Атасы жақсы болса да,

Түйе үстінен ит қабар.

Жаман адам белгісі,

Сүйек сақтар, тек болмас.

Жақсы адамның белгісі,

Ашуы бар, кек болмас.

Жақсыдан туса жаман ұл,

Қаратсаң да ем қонбас.
ЖАҚСЫ ЖІГІТ БЕЛГІСІ

Жақсы туған жігітті

Жаным десе жарасар.

Жақсы ұл туған қатынды

Ханым десе жарасар.

Жақсы туған жігітке

Бүкіл елі таласар.

Жаман туған жігіттер

Қара жолдан адасар.

* * *

Арғымақ аттың құйрығы

Сатса жібек, кессе қыл.

Жақсы жігіт белгісі

Түзде мырза, үйде құл.

* * *

Қошқар болар тоқтының

Мандай жері дөң болар.

Адам болар жігіттің

Айтқан сөзі жөн болар.

* * *

Би болатын жігіттің

Төбеде болар жұмысы.

Мерген болар жігіттің

Жебеде болар жұмысы.
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ БЕЛГІСІ

Сырттан келген мейманға,

Сәлем беріп, қол алсаң,

Бірінші еткен құрметің.

«Түсіңіз» деп түс беріп

Шылбырына оралсаң.

Екінші еткен қызметің.

Есік ашьш енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң

Үшінші еткен құрметің.

* * *

Мейман риза болмағы

Құрметпен үйге қонғаны.

Кешіктірмей шай берсең, Ұмыт болар тоңғаны.

Тысқа шықса қария,

Қолында болсын құмғаны.

Ірікпесең барынды,

Қонақжайлық сол-дағы.
ТОҒАЙ ТОЛҒАН ТАЛ ЕДІМ

Тоғай толған тал едім,.

Таяқ қылса шарам не?

Айдын шалқар көл едім,

Құдық қылса шарам не?

* * *

Жапалақ құс мақтанса,

Жардан тышқан алдым дер.

Жаман адам мақтанса,

Жақсыны аяғынан шалдым дер.
КӨКІРЕК ТАЗА БОЛМАСА...

Көкірек таза болмаса,

Көз тазасы не керек.

Денің таза болмаса,

Тіл тазасы не керек.

* * *

Көн етікті демесең,

Көпті бұзар сөзім бар.

Көн садақты демесең,

Топты бұзар оғым бар.

Дауда туған шешендік сөздер



ТАЛАССАҢ БАҒАҢ КЕТЕДІ

Екі елдің басшылары шабындыққа таласып келе жатып, қой жайып жүрген он төрт жасар Күдеріге кез болады да: «Кел, осы балаға жүгінісейік»— дейді.

Біз шөпке таласып келе жатырмыз. Олар: «Біз орамыз»— дейді, біз: «Жоқ, біз орамыз»— дейміз. Осыған жас та болсаң төрелік айт,— дейді даугерлер.



Сонда Күдері баланың айтқан төрелігі:

Өзімнің атым Күдері,

Ер Көшектің баласы.

Талассаң бағаң кетеді,
таласпасаңдар не етеді?


Бірлік қылсаң, ағалар,

Анау тұрған шабшндық,

Баршаңызға да жетеді.

Дүние деген жалған ғой,

Бастарыңнан әлі-ақ өтеді.

«Бала да болсаң атаңа рақмет, төрелігіңе құлдық. Бала ғүрлы ақылымыз жоқ екен»— деп, шөпті бөліп, даугерлер жай-жайына кетеді.

ЖАРЫСҚА ТҮСПЕЙ БӘЙГЕ АЛМАС

Арғын мен Тобықтының арасында бір үлкен жесір дауы болыпты. Әр рудан келелі билер жиылып, бастығы Абылай болып, ішінде жеті айлық баласымен кеткен қатынның дауын шеше алмайды. Екі ауылды бітістіре алмай дағдарып отырғанда, есіктен бір жас бала сәлем беріп кіріп келіп, іркілместен үлкендерге былай дейді:

Алдияр, алдарыңа сын қояадын,



Жақсыға осы отырған мін қоямын.

Үш жүздің қиюы кеткен дауындай-ақ,

Бітпегенге қапа болып ұяламьш.

Келш ем ағаларды көрейін деп,

Даулары не нәрсе екен білейін деп.

Бітіспёйтін қандайлық жүмысы бар,

Отырсыз бәріңіз де уайым жеп.

Досқа сал, аралық сөз айта аламын,

Дұшпанды жалғыз сөзбен қайтарамын..

Маған бер осы даудың оң тізгінін,

Десеңдер тыныштықпен жай табамын,—

депті.

Сонда Абылай сөзіне разы болып бата беріпті:

Бала, сенің жортқанда жолың болсын,



Басыңа бақыт, кеудеңе саңа толсын.

Жалғыз айттың, үш жүзді салдың,

Соның үшіні «Жеке би» атың болсын,—

деп, баланың атын «Жеке би» қойған екен. Сонан соң хан:

  • Шырағым, қай елдің кімнің баласы едің?— деп жөнін сұрайды. «Тобықты едім» деп жөнін айтқаннан кейін, Абылай балаға:

  • Шырағым, бұл — мына отырған ағаң Шыбынтай мен Жәнібек ақсақал екеуінің дауы. Жесірі кеткен ашулы ағаң тоқтамай отыр. Осы сөздің бітімін айтып, елді тарқатып көрші,— депті.

Сонда бала:

- Көрінбей іште кеткен жеті айлық балаға,



Жеті мұрнын теспеген бота-тайлақ аз бола ма?

Жеті айлық баласымен жесір алған кісіге,

Жеті мұрнын теспеген бота-тайлақ көп бола ма?—

депті

Отырған хан мен билер билігіне ырза болып, тобықты Шыбынтай биге:

Бұрын бұл баланы қайда^сақтап жүр едің?— дейді.



Сонда Шыбынтай қарт:

Текті тұлпар болса да,



Жарысқа түспей бәйге алмас.

Нәсілінің заты бар болса,

Сол бәйгеден тай қалмас,—

деген емес пе? Ойнап жүрген жас баланы түс тоқтатып, кім байқапты,— депті.

Қасына баланы алып, қош айтысып кетіп бара жатқанда, Арғын Жәнібек батыр таяғына таянып, екі көзін алмай қадалып қарап тұрып, .Шыбынтай тасаға кеткен соң, үйге келіп билерге айтыпты:

Мына тобықтының жеткіншек баласы алты алашқа үлгі айтарлық ұлан екен, құста сұңқар қыран екен, жылқыда тұлпар құнан екен, асыл туған қарақ екен, әттең өмірі аз-ақ екен. Олай дегенім: Әлгі бала атқа мініп бетін түзеп жүрген соң артынан қарап тұрып едім, ұзамай екі иығынан екі шам жанғандай көзіме көрініп тұрды да, белге шықпай сөніп қалды. Менің жоруымша, белге шықпай жарығының сөнуі өміріңің қысқалығы, бұл бір. Екінші, аса текті болып туған екен, нәсілі белге шығарлық, сірә, бабасы жабайы адамдар болар! — деген екен.



АСАУБАЙ МЕН ҚҰЛТУМА

Ертеде Қанжығалы — Бәсентин елі мен Алтай Қуандық елінің арасында жесір дауы болып, елдің басы неше per қосылып, бітімге келе алмай тарап жүріпті. Енді бір жиы-лыста екі ел өз білгіштерін: қанжығалы Асаубай іііешенді, Алтай елі Құлтума ақынды кездестіріп, сондағы екеуінің айтқандары:

Сеңің атың мәлімді,



Қанжығалы Асаубай,

Асау болып кетіпсің,

Бас білмеген асаудай.

Сөзің өткір көрінеді,

Қайралған өткір қашаудай.

Неғып шыдап отырсың,

Шаш орнына бас алмай.

Сөйлеушіге сөз бермей,

Айтушыға кез келмей,

Бетіңменен кетіпсің,

Ешкім сенен аса алмай,

Кез болған соң қуғында,

Айтайын деп отырмын

Қорқып сенен қаша алмай,—

депті Құлтума. Сонда Асаубай шешен отырып:

Түбің Алтай Қуандық,



Атағың шыққан Құлтума.

Әзер ақын болсаң да

Онша маған үмтылма.

Жетік ақын болсаңыз, .

Жақсы сөзбен бұлтылда.

Байлаулы тұрған бурадай,

Жының шашып сұлқынба.

Сөйлесең сөйле сыпайы

Жынды адамша жұлқынба.

Арасында екі елдің

Жесір дауы қаулаған,

Май құйғандай көтермей,

Сөндіруге ауқымда!—

дегенде, Құлтума тоқтап, дау сөнген деседі.

КЕДЕН КЕДЕН БОЛДЫ

(1-нұсқа)

Ел арасы даулы болып, Кіші жүздің бір. топ кісісі Орта жүздің жылқысын барымталап бара жатқанда жай түсіп, бір адам өледі. Кіші жүз Сылдыр көмей темір жақ шешенді бас қылып, Орта жүзден құн сұрай келеді.

«Құнды қылышпен алмас, қисынмен алар» деп Орта жүз дауға Айыр қөмей сүйір жақты шығарады. Сонда талапкерлердің алдынан шығып Айыр көмей сүйір жақ: «Қара жамылып, қаралы ту тігіп, қалың қол келетін менде нең бар, ағайын?»— дейді. Сонда Сылдыр тсөмей темір жақ шығып:

Кеден кеден болды,



Кедергі неден болды?

Ебелең елден болды,

Жобалаң жолдан болды.

Жерің ала болды,

Бұлтың шала болды.

Біздің елде жай түгіл жауын жоқ,

Бұл өлім сенен болмай неден болды?—

дейді. Сонда Айыр Ткөмей сүйір жақ тұрып:

Аймен амалдас емеспін,



Күнмен күмәндас емеспін.

Жермен жесірлес емеспін.

Бұлтпен бұландас емеспін.

«Ат» деп мылтық бергенім жоқ,

«Шап» деп қылыш бергенім жоқ,

Отын қойып бергенім жоқ,

Оғын жонып бергенім жоқ.

Өзіңнен маған құдайдың бір атасын жақын қыл да, менен адамыңның құнын ал, ағайын!— дейді.

Сылдыр көмей темір жақ Айыр көмей сүйір жақтың сөзінен тосылып, Кіші жүз айыпқа өздері тоғыз төлеп, еліне қайтқан екен. «Кеден кеден болды, кедергі неден болды?»— деген сөз содан қалған екен.

АЛШЫН ДАУЫ

Орта жүзден Жұлқар дегең бір кіеі үш түйеге тары артып, ел аралап, сауда қылып жүріп, кіші жүзге барады. Сол елде Жұлқарға алты жігіт кездесіп:

  • Уа, ақсақал, жол болсын, қай елдікісің, неғып жүр-ген адамсың?— деп жөн сұрайды. Жұлқар аты-жөнін ай-тып: «Өздерің кімсіңдер?»—дегенде, жігіттер: «Біз Әйте-ке — Бәйтілес деген билердің елінікіміз»—дейді. Содан кейін жігіттер шалды айналдырып жібермей, тонйуға ьщғай-ланады. Сол уақытта шал:

  • Уа, қурап жүрген шалды өлтірем деп Айдабол — Қаржасқа жем боларсыңдар!—дейді.

Бір қалтарыста жігіттер шалды өлтіреді. Жұлңар үшті-күйлі жоқ болып кеткен соң елі жоқтайды. «Бұл қолды брлды, біреу өлтірді ғой! Мұның жүрген жеріндегі қалдыр-ған сөзінен іздеп таппасақ, басқа жол жоқ»— деп әр елге екі-екіден тыңшы жібереді. Сондай екі тыңшы Әйте-ке — Бәйтілестің елін аралап жүріп, дөңде асық ойнап жүрген бір топ балаға кез болады. Балаларға қарап тұрса, бір-екі бала ойын арасында өлеңдете жүріп:

«Қурап жүрген шалды өлтірем деп Айдабол — Қар-жасқа жем боларсың»— дегенді айтып қалады. Соны eciTin," ұғып алады да, екі тыңшы естігенін еліне келіп мәлімдейді. Содан кейін Жұлқарды даулауғаг елден жүз кісі аттанады, басшылары Шоң би, Айдабол би, Өте би болады. Әйте-ке — Бәйтіпестің еліне барады. Бұлар барған соң Әйтеке — Бәйтілес елінен сөйлеске үш ақсақал шығады. Сөз бастал-ғаннан кейін Алшынның кісілері:

  • Уа, кісің нешеге келіп еді?— дейді.

  • Алпыстан асып еді, аяғы жетпіске қадам басып еді,— дейді Қаржас жағы.

  • Уа, кісің алпыстан асса, аяғы жетпіске қадам басса, алпыс екі тамыры суалған екен, сақал-мұрты қуарған екен. Олай болса, кісің жарты кісі болған екен. Отыңның басын босатқан екен, жарты құн алып біт!— дёйді.

Ол уақытта кісінің құны жүз жылқы, қара нар, қады кілем, қалыңсыз қыз, алты қанат ақ үй, қарғылаған қара тазы, үш құл, үш күң екен. Осьшың жартысына бітім болады. Барған адамдар бітім жасап елге қайтады. Жұлқар-дың жақын адамдары бітімге риза болмайды. «Сеңдер. пара алған екенсіңдер, болмаса біздің кісіміздің құны бұл емес еді, біз енді Абьшайға барьш айтамыз»—деп ханға арыз қылады. Бұл хабарды Алшын елі есітіп сасады. «Біз енді бүлінеміз, ел болудан кеттік, Абылайға тағы да тар- ту-таралғы керек, енді қайтеміз!»— десіп, ақылдасып жат-қанда, он төрт жасар бір бала:

  • Уа, сендер саспаңдар, Абылайға мен барып, жау-
    апты мен берейін. Егер сендер барып сөзден жығылып
    қалсаңдар, қиын болар. Мен Абылайға істің жайы мынадай
    деп жауап беріп тұрсам, аяғын Абылай да андап басар.
    Маған бір жүз ділдә беріңдер, алты жолдас еріңдер, бас
    білетін, екеуі ат
    қоятын, екеуі тіл білетін болсын,— дейді.
    Жұрт баланың сөзің тындап, айтқан кісілерін ертіп, жүз
    ділдә беріп жөнелтеді.


Бұлар Абылайға жақындап, ел шетіне келген соң түс-кен ауылдарынан «Абылайдың төрт жарғыш биі бар деп еді, Алшынның дауына билік құратын кезек қайсынікі екен, білесіздер ме?— деп сұрайды бала.

  • Қаздауысты Қазыбектің реті,— дейді ел.

  • Ол қандай кісі, пішін, келбеті қандай?— деп сұрайды бала.

  • Қабағы түксиген, кірпігі ұзын қара кісі, қазша қаң-қылдап сөйлейді,— деседі.

Сол кезде Абылайдың бір баласы өліп, хан қайғыланып жатыр екен. Хан келген кісіге басын көтерйей, аяғын жимай жата береді екен. Сонда ханға Қазыбеқұлы Бек-болат шешен келіп: «Уа, хан, көтер басыңды!»—дегенде, Абылай басын көтермепті. Бекболат: «Дос көтерер көңілді, мал көтерер өлімді, төгілген толмайды, өшкен жанбайды, ' кеткен келмейді. Уа, бекем бу беліңді, көтер басыңды ^тө-рем!»— дейді. Хан оған да басын көтермейді. Сонда Бек-болат:

  • Уа, төрем, құдай алғанын қайтып бермейтін, өлген кісі тіріліп қайтып келмейтін. Уа, туып еді елің сүйінді, өліп еді жерің сүйінді. Уа, дүниеде екі ит бар еді, бірі төре ит, бірі түйе ит. Төре ит жатса тұрмайды, түйе ит қисайса түзелмейді, екі ит өзің білесің!— дейді.

  • Рас айтасың Бекболат!— деп Абылай басын көтеріп алады. Жиналған жұртқа: «Бекболат, Бекболат!» десем, күндейсіңдер, осы Бекболаттай біреуің сөйлемейсіңдер. Мен өліп кетсем қайтесіңдер? Жаса етті, сапыр қымызды!—г дейді хан. Қымыз ішіп мәжілісте отырғанда, Әйтеке— Бәйтілестің жіберген баласы қасындағы жолдастарымен ордаға кіріп келеді. Билерге қолдасып амандасып жүріп Қаздауысты Қазыбектің қолына жүз ділдәні ұстатып кетеді.

Оны Үйсін Төле би мен Алтай Құнанқара бидің көзі шалып қалады. Бала Абылайдың алдына барьш отыра қалып: «Салаумалейкум, тақсыр хан! Аман бармысыз? Сізге сәлем де деді Әйтеке — Бәйтілес деген қартымыз. Мынау отырған қара сақалдың сопағы, бұның кісісін жұтқан қалың қара қопағы. Ұлы Сұлтан мен емес, өлгеніңе жан беріп сөз сұрайтын, өзі набырсыз мен емес, қаңтарда қайырып салып қатырып тастайтын. Қара Керей Қабанбай, Қан-жығалы Бөгенбай, Қаракесек Қазыбек, Шақшақұлы Жәні-бек болғанда, бірің балға, бірің төс, бірің гауһар, бірің күміс, бірің піш те, бірің кес!»— дейді. Сонда Қаздауысты Қазыбек:

Балам, төрт кісінің антын өткізсең де ерік, жиырма жылқы құн берсең де ерік!—дейді. Абылай: «Әлей!»— дейді. Бала жблдастарын ертіп ордадагі шығып жүре бе-реді.



Сол кезде Қаракерей Қабанбай батыр: «Балам, көпке жүрмессің!»— дейді.

Қанжығалы Бөгенбай батыр: «Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас, аңдысқан ауыл болмас, есептескен ел болмас»— дейді.

Шақшақұлы Жәнібек батыр отырып: «Әй, бәрекелді-ай, жетесізге некесіз жолықпаса игі еді!»—дейді...

Сонда Қаздауысты Қазыбек: «Рас айтасың, атам болды жетесіз, енем болды некесіз, өзім туып,-өзім кірдім қатарға, нетесіз?»— дейді.

Үйсін Төле би: «Паралы биде иман жоқ, туралы биде туған жоқ»— дейді. Алтай Құнанғара би: «А, құдайым, аққа бастыр, қара-дан сақта! Көрінбей келгён қазадан сақта, жасырьш алған парадан сақта, арамза туған баладан сақта!»—дейді.

Керей Тоқсан би: «Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады? Алып анадан туады, ат биеден туады, қас монтаны қарадан туадьі, опасыз қатыннан не ел бүлдір-гіш, не жұрт күлдіргіш бала туады»— дейді.

Малай Жандос би: «Жабағы — тайдан жал кетсе, қа-рашадан байлық кетсе, ханнан әділшілік кетсе, жер-судан береке кете ме деп қорқамын»—дейді.

Қаржас Шорман би: «Хан азарында қарашымен қас болар, бай азарында дәулетіне мас болар^ молда азарында қайыр-зекеті жоқ баймен дос болар»— дейді.

Қанай Бекболат би: «Біткен істі жетесіз туған құл бұзар, некесіз туған ұл бұзар. Құттан шыққан қу құртпай тынбас деген, елді сол бұзар»— дейді.

Алшын Қаражігіт би: «Ханның баласы өліп құты қашып отыр еді, анаңың төрееі өзіне тиіп құтырып отыр еді. Құты қашқанмен ауыл үй болма, құтырғанмен жолдас болма деген бар еді. Уа, жүртым, құдай даудан сақта-сын, кезеніп тұрған жаудан сақтасын... Қазақ баласы біріңе-бірің сыйысарсың, бір сөзді өтті, кетті деп қумаңыз!»— дейді.

Осымен билердің сөзі тоқтапты.

ЕДІГЕ МЕН ТӨЛЕ

(2-нұсқа)

Ұлы жүз Үйсін Ошақты, оның ішінде Жалайырдың Ошақтысы деген ел, орта жүз Қаржас, Қаржас ішінде Жәдігер Құлнәзір деген кісіні өлтіріп, құн да, тендік те бер-мепті. Бұл туралы Бөрібай ақын:

  • Ошақты Құлнәзірге құн бермексің,

Тұлымды қыз, айдарлы ұл бермексің.

Алты жақсы1, жүз жылқы жол бермексің.

Құлнәзір келіп еді ауылыңа,

Ішім оттай күйеді бауырыма.

Алты жақсы, жүз жылқы құн бермесең,

Үсенбай таңба басар сауырыңа!—

депті.

Бөрібай ақын, Есенбай, Үсенбай деген Жәдігерден шық-қан батырлар екен.

Ошақты бұл сөзге ығыспапты, құн да бермепті. Заман-дардан заман өтіп, дау ескіреді. Кешегі Шоң, Торыайғыр-дың әкесі Едіге би ат арқасына мінген соң, оң төрт жасында осы құнды іздеп, атқа мініпті. Едіге қасьша атқа мінер арғынның жақсыларынан сегіз-ақ кісі ертіпті. Шу өзенінің бойына үй тіктіріп, ұлы жүзден жүз кісі, кіші жүзден жүз кісі, арғыннан не бәрі тоғыз-ақ кісі келіпті. Үш жүздің баласы бас қосқан ең алғашқы құн дауы осы екен деседі. Қауым намаздыгер оқуға далаға шыққанда үш жүздің тобынан ұзын бойлы бір кісі қарсы шығып, Еді-геғе көзі түсіп бұрылып, жақындап келіп, Едігеге тіктей қарап тұрып:

  • Алты атасын арқалап жүрген бар ма екен?

Жеті атасын жетектеп жүрген бар ма екен?

Алмасың болса мойным бар,

Асылың болса қойным бар,

Бұл сөзімді ойлай бер!—

депті де жөнеле беріпті.

Сонда Едіге:

  • Биеке, мойныңызды біұрыңыз, айтатыным бар менің де, тыңдаңыз, дегенде, Төле би тоқтап тұрып қалыпты. Едіге:

Кигіз кімдікі болса білек соныкі,

Ауыз кімдікі болса сөз соныкі.

Бала щыққан жеріне қайтып сыймайды,

Сөз шыққан жеріне қайтып сыймайды.

Жарлық өзіңізден болғанда,

Жабдық та өзіңіздён болсын!—

депті.

Едіге Төле биді бұрын танымайды екен, бұл бірінші көргені екен. Қасындағылар: «Төле би осы, ол не "айтты, сен ңе айттың, біз түсінбедік»—деген екен. Едіге: «Төле би осы болса мен біттім. Ертең құн дауын береді»—дегенде, қасындағылар таңданып:

  • Қалайша біттің, бітім беретін адамның сөзі емес, көкке шапшыды ғой!— депті.

  • Жоқ, олай емес, мен біттім!—дейді Едіге.

Төле би ертең алты атаның баласы Арғынға алты ат бастатқан тоғыз, төрт атаның ұлы төртуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жол береді және бір жетім сұлу қыз береді! Міне, ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірген осы екі кісі ғана деседі.
ЕДІГЕ МЕН ТОҒАС

Он оннан жиырма кісі Едіге бидің үйіне екі рет келіп түсе қалыпты. Едіге алғашқы келген он кісіге бөлек үй тіктіріпті. Соңғы келген он кісіге күрке тіктіріп беріпті. Қонақасыны жақсылап беріп, ол күні тынықтырып, ерте-ңіне қелген меймандардьщ жұмыстарын еұрапты.

Сонда меймандар: х

Ұлы жүз үйсін Тоғас бидің елінің адамдарымыз. Өзді-өзіміз даулымыз. Ұрыс, төбелес болып, бір қатын бала тастады. Соны құрым кигізге тігіп алып, өз еліміздің биі Тоғасқа барып едік, ол кісі: «Көз таңбалы арғында Манас би деген бар, соған барыңдар» деді. Манас биге келіп едік, ол «Қаздауысты Қазыбектің баласы Бекболат биге барыңдар» деді. Оған барып едік, ол: «Кеше үш жүздің басы қосылғанда Үйсін Төле бимен ердің құнын екі-ақ ауыз сөзбен бітірген Едігеге барыңдар» деп сізге сілтеді. Жүрген жайымыз осы,— десті.



Едіге екі даугерді алдына алдырып, құрым кигізге тік-кен баланың кигізін сөктіріп, баланы алып көрсе, түсік екен. Анық бала болған жоқ екен. Бас, қол, аяқ мүшелерден белгі жоқ. Ортан қол, сұқ қол секілді екі (егіз) бала екен. Сонда Едіге былай деп төре беріпті:

Мүнда бастайтын бас жоқ, көретін көз жоқ, ұстай-тың қол жоқ, жүретін аяқ жоқ. Он екі мүше түгелденген жоқ екен. Сондықтан, бұл адам есебіне қосылмайды, бұған құн бүйырылмайды. Бірақ ата-бабамыздан қалған сөз бар еді: «Даушы құр қалмайды, жаншы құр қалмайды»— деген. Бұған айып керек, ұрыс-төбелес болғандығы үшін, таяқ жеген қатынға жақтас болғандардың ат бастатқан тоғыз айып тартыңдар. Қатынды ұрғызғанға жақтасқандырың түйе бастатқан тоғыз айып тартыңдар. Бір тоғызды Тоғас бидің босағасына байлаңдар, бір тоғызды Манас бидің босағасына байлаңдар. Бекболат екеумізге бітіріп, тынды-рып қайырған абырой да болады,.— депті. Екі жағы да риза болып, бүл бітімді Бекболатқа барып айтты, Бек-болат: «Уа, пәлі! Әділ бітім!»—деді. Тоғас, Маңас билерге барып айтып еді олар да «уа, пәлі!»— десті.



Тоғас би Едігенің бітім сөзіне риза болғандықтан қыс ішінде Едігеге он жігіт жібереді.

  • Едігенің қызы болса, құда түсіп келіңдер. Егер қызы жоқ болса, бізден қыз ащтырсын деңдер. Құдалыққа шақырып келіңдер,— деді.

Едігеде қыз болмапты. Қиғара деген ұл баласы үйленбеген екен. Соған үйсін Тоғас бидің Нақ деген қызын атастырып, жаз шыққан соң елдің жайлауында, биенің байлауына қарсы келіп, құда түсіп қайтындар деп шақырып қайтыпты. Едіге би бұлардың жолы құры болмасын деп, он кісіге он ат мінгізіп, он қара құлын жарғақ кигізіп қайырыпты. Жарқырап жае щыққан соң. Күркіреп күз шыққан соң, Едіге бірнеше адамдармен Тоғас бидің еліне барыптьі.

Тоғас бидің елі аққан судың бойында екен. Йне шаншар бос жері жоқ. Өзенге сығылыса қонған ел. Азан-қазан, қымғуыт-шымғуыт болып, күңіреніп шулап жатқан бір ел. Жолаушылар аң-таң қалып, Тоғас бидің үйінің сыртына түсіпті.

Тоғас би келіп құшақтасып көрісіп, амандық айтысып болған соң, Едіге биден:

Бұл у-шу, аласапыран, дабырлаған немене?—деп сұрады.



  • Оның мәнісі бар. "Қаһары қатты Жәңгірхан деген ханымыз бар еді, ханның жалғыз баласы бар еді. Сол жалғыз баланың өлгеніне бүгін сегіз күн болды. Жалғыз баласы өлген соң, хан елге жарлық қылды:

  • Төрт түлік малдың енесін судың бір жағына қойып, төлдерін- бір жағына қойывдар. Қозыны қойға, Іэұзауды сиырға, құлынды биеге, ботаны түйеге жамыратпаңдар. Мен қандай аңырасам жан-жануарлар, хайуандар да мен-дей аңырасын, зарласын,— деп бұйырды. Сол жарлық бойынша, төрт түлік малдың баласын енесіне жамыратпағалы мал шулап, азан-қазан больш тұрған соң, халыққа не береке, не тыныштық болсын? Хан өзі содан бері нәр сызбай, төсектен басын да көтермей теріс қарап жатыр. Ешбір жанның сөзі құлағына кірмейді, дыбыс та бермейді. Ел мен малдың қымғуыт-шымғуыт болып түрған мәнісі сол!—депті Тоғас би.

Едіге би:

  • Ханның өзі құдайға құл, Мұхамедке үмбет пе?— деп сұрапты.

Тоғас би:

  • Әрине, құдайға құл, Мұхамедке үмбет,— депті.

  • Ендеше ертең оның басын төсектен шошып оян-ғандай қылып көтертейін,— депті Едіге. Тоғас би:

  • Оңалар істің басына, жақсы келер қасына деген-дей, жақсы келдіңіз. Бүгін қонақ асыңызды ішіп-жеп, жай-ланып тынығыңыз,— дейді. Таң атқан соң Тоғас Едігені ертіп ханның ордасына барады. Хан қарамайды бұларға, дыбыс та бермейді. Сонда Едіге би шарт жүгініп отырып, ханға көңіл айтыпты:

Ақсұңқар ұшты ұядан,
Қол жетпейтін қиядан.
Ақсұңқар қолдан ұшты,
Алланың әмірі күшті.
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Қ
ияғы бүтін сұңқар жоқ.

Тұлпардың тұяғы, тасты басса кетілер, Сазды басса жетілер. Алтын қоңырау үзіліп жерге түсті, Құс маңдайлы, жез таңдайлы бір тұйғын Балақ бауын үзіп тұғырдан ұшты. Ей, хан!

Құдайдың саған бір жабдығы түсті. Мойның жуан көтересің,

Түскен ауыр істі. Көтермеске лажың бар ма,

Оны алған құдай онан да күшті.

Көтер хан басыңды! Босатпа беліңді,

Мұңайтпа еліңді.

Тозбасты ұста соқпайды,

Өлместі құдай жаратпайды!—

депті.

Сонда хан төсектен басын жұлып алғандай көтеріп, Едігеге ежірейіп қарапты.

  • Көз таңбалы арғында Едіге деген бір жас бала бар деп есітіп едім, сен солмысың, басқамысың, әйнем! Жөнінді айтшы!— депті. Едіге: «Болсақ болармыз!»— дейді.

Уа, қарағым! Көңіл«айтқан аузыңнан да айңалайын, сені тапқан анаңнан да айналайын!—депті хан.— Балам өлгелі сегіз күн болды, осындай бір сөз айтып, көңіліме тигізген жан жоқ. Балам тірілгендей көңілім тірілді, Еді-гежан! Енді менің осы қайғым қайтсе кетеді! He қылсам бұдан құтыламын? Менің қайғымды көтеріп, орнымнан біржолата түрғызып кете гөр, шырағым!— депті. Сонда Едіге:

Ей, хан! Сенің бұл қайғың



Жиылған көптің тобында қалады,

Атылған мылтықтың оғында қалады.

Қыран құстың қияғында қалады,

Жүйрік аттың тұяғында қалады.

Аққан судың бойында қалады,

Сұлу жардың қойнында қалады.

Өлім деген өзекке түскен өрт емес пе?

Оны сөндіретін ойын, күлкі, сауық қой!

«Ит өз құйрығын өзі алып жүрмесе, оның құйрығын кім көтеріп жүреді» деген, бүрынғының сөзі бар емес пе?— депті. Сонда хан төсектен ұшып тұра келіп:

  • Өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей болды ғой!— депті.

Едіге сонан соң төлдерді енелеріне жамыраттырып, елді айналасына шақырып алып:

Қазаға разы, пәлеге сабыр деген, тақсыр! Айтылғанды істемесең, өз обалың өзіңе, қайғы мойныңда қалады,— депті.

ЖОРТУЫЛШЫНЫҢ Құны

Екі елдің арасында кісі құнды дау болып, Тоқсан би Ізбастыға барыпты. Ізбасты Тоқсанды кемсітіп:

  • Тоқсан — Тоқсан дегенге көзге толық кісі ме десем, томаша торғайдай кісі екенсіз ғой,— депті.

  • Торғай тоғыз табады, соның бірі бұлбұл болады, торғай болсам бұлбұл шығармын,— дейді Тоқсан.

  • Өрмекшіге ұқсаған өрлей беретін кісі екенсіз,— депті ізбасты.

  • Өрмекші он бір табады, оның бірі бүйі болады, өрмекшінің бүйісі болармын,— дейді Тоқсан.

  • Алаша қаз айнала ұшады, соған ұқсап айдала сөйлейді екенсің,— депті ізбасты.

, — Алаша қаз алтау табады, бірі құмай болады, онда құмайы болармын,— депті Тоқсан.

  • Осы билік өзіңе бітті ме, атаңа бітте ме?— депті Ізбасты.

  • Төрт ата Қарауыл баласы енші алғанда, Атығай ағалықты алыпты Қарауыл байлықты алыпты, уақ-керей батырлықты алыпты, түбек-керей мырзалық пен билікті алыпты,— депті Тоқсан, Сонда Ізбасты бөгеліп қалыпты. Қасындағы Киікбай би айтыпты:

Сенің атың Ізбасты,

Айтқан сөзінді құм басты.

Тоқсан бидің сөзіне жауап бере алмай,

Сені басып тұр ма албасты?—

депті.

Ізбасты:

  • Кісің жолаушы ма еді?—депті.

Тоқсан:

  • Жолаушы еді,— депті.

Ізбасты:

  • Ендеше жарты құнын берейін,— деп мойындапты. Ол күнде ер құны 100 жылқы болады екен. Бұған осы құнның жартысын беріпті.



БАЛПЫҚ БИ МЕН ДАРАБОЗ БӘЙБІШЕ
Жалайырдың Суаннан мал үрлауға барған екі адамы суға кетіп өліпті. Бұл өлімге Жалайыр елі құн сұраса, Суан Қожамбет би теңдік бермепті. Сол дауға Балпық би бармақшы болып, Жалайырдың атақты әйелі Дарабоз бәйбішемен ақылдасыпты.

Сонда Дарабоз бәйбіше айтыпты:

  • Қайным, барам десең жолың болсын, бірақ Суанның Қожамбеті алдыра қоймас, сонда да барып қағысып көр, ақылы бар адам ғой, осы істі өзің бітір дер, сонда алынып қалма!—депті.

Балпық Суанға он адам ертіп барыпты. Балпықтың келгенін есітіп Қожамбет үй тіктіріп күтіпті. Үш күннен соң Қржамбет:

«Жолың болсын» депті. Балпық істің мәнін айтыпты. Қожамбет: «Бұл істің құнын өзің кес!»—депті.

Біздің елден кеткен екі саяқ,



басына тиіп еді бұрын таяқ.

Ер састы, етегін басты,

Мен білсем осыған ел де, су да ортақ,—

депті Балпық.

Қожамбет дұрыс көріп, бір адамның құнын беріп, «жо-лыңа» деп бір нар түйе, бір жақсы ат беріпті. Балпық елге келген соң, Дарабрз бәйбіше: «Қайныма айт, олжасы-нан берсін»,— деп сәлем' айтып жіберіпті. Балпық «өзім жолығайын» деп Дарабоз бәйбішеге келіп: «Жол сұрағаның рас гіа?»—депті. Дарабоз бәйбіше:

  • «Әйел жолға шықпайды, жорада құр қалмайды» деген бар емес пе еді? Қайным, білетін жолыңа білместік етесің-ау!— депті. Балпық сөзден тосылып:

  • Әкелгенім мынау, қайсысын аласың?—деп олжасын алдына салыпты. Дарабоз бәйбіше:

  • Ағаң ұяң адам ғой, әдейі қайным әкеп берген олжа деп дүниеліғімді артып жүрейін, ақ атанды бер!— деп атын өзіне қалдырып, атанды алыпты.




ӨЗІ БОЛҒАН ЖІГІТТІҢ ТҮП АТАСЫН СҰРАМА
Орта жүздің бір адамының құны Кіші жүзден көптен тимей жүреді. Кейінгі уақытта Жайық бойындағы Кіші жүзден Арғынғазы деген хан шығыпты,, «өзі қара қылдьі қақ жарған әділ дейді» деген лақап тарайды. Соны естіп, неше жылдан бері қарай тимей жүрген құнын сұра-маққа Торғай уезіндегі Арғындардан сол уақыттағы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен билерден бес-алты адам Арғынғазыға баруға атқа мінеді. Кіші жүзге бара жатқан-да билер:

  • Ханға қалай танып көрісеміз, ханның өзі де, қасын-дағы билері де бір түсті ақ киім кшп отырады дейді,— деп өзара» кеңеседі. Сонда Жауғашар Меңдібай шешен ханды танып көрісуді өз мойнына алады. _

Ханның ордасына рұқсат сүрап түсіп, есіктен сәлем беріп кірісімең, Мендібай шешен орда толы отырған шаршы топқа қарап:

Хан, еенің атаң хан болып үлкен болғанмен, зуіенің атам Жәнібекке күйеу еді. Сен жиеннен туған жиеншар едің. Қасыңдағы қарашың отырып көріссе де, сен маған тұрып көрісуге міндеттісің!—дейді.

Сонда Арғынғазы отырған орнынан ұшып түрегеп, қол-дарын алып көріседі. Сөйтіп ханды басқаларынан айырып танып алып, амандасьіп, тамақ ішіп жайланғаннан кейін Сексенбай би ханға келген жүмыстарының мәнісін айтып:

  • Біздің келген жұмысымыз туралы сөзді кім бастай-ды? Кәне, қолға ала отырайық,— дейді.

Арғынғазы ханның қасында отырған Арық би:

Төрде отырған ханнан басталсын, болмаса төрт боса-

ғаның бірінен басталсын,— дейді. Сонда Сексенбай отырып

Арық биге қарап:

  • Босаға төртеу емес, сегіз еді ғой!—дейді.

Арық Сексенбайдың аяқтан шалғанын ұнатпаған пішін-мен:

«Өзенді жер тұрғанда,

Өзге жерге қонған ит.

Өзі болған жігіттің

Түп атасын сорған1 ит»—

деген-ау! Мына Сексенбайдың қылып ртырғанын қарашы,— депті. Сексенбай: «Бұл сөз екеу емес, төртеу еді ғой»— дейді... Арғынғазы хан сөзді осы арадан пьщіақ кеекендей тоқтатып:

  • Ой, Сексенбай би мен АрЫқ би, тоқтай тұрыңдаршы! Мына Сексенбай бидің бір-екі ауыз сөзі шешілмей кетіп барады. Бір ретте «босаға төртеу емес, сегіз еді ғой» деді. Екінші ретте «бұл сөз екеу емес, төртеу еді ғой» деді. Соны сұрайық деп, т\рықты тоқтатып Сексенбайдан сөз сұрагіты.

- Уа, босағаны сегіз деуімнің мәнісі: кеше Үш жүздің баласы ақтабан шүбырынды болып, әр жаққа тарап қоныс аударғанда, Үш жүздің арасынан кісі өлімі болса, құны пәлен болсын деп, Үш жүзден сегіз кісі шығып билік айтып, қазақтан хан болған адам құн туралы осы билікті қолдансын,— деп тапсырып кетіп еді. Ол билік айтқан сегіз кісі: Тама Есет батыр, Табын Серке, Қаракесек Қазыбек, Бөгенбай, Қошқарұлы Жәнібек, Малай сары, Қанжығалы Қаракерей Қабанбай деген адамдар еді. Мына бір құн туралы хан алдында сөйлесіп отырмыз, сөз хан-нан да, төрт босағадан да басталмай, сол Үш жүзден шығып билік айтқан сегіз адамның жолы бойыніыа жүрейік, хан туралы көп сөз болмасын дегенім еді.

Екінші—жаңа Арық би сөзін маған тигізіп:

«Өзенді жер тұрғанда,

Өзге жерге қонған ит.

Өзі болған жігіттің,

Түп атасын сорған ит»—

деді. Оның қалған екеуі:

«Батпан бұлың жоқ болса,

Базарлы жерге барған ит.

Жебелі ерің жоқ болса,

Жертесесін сорған ит»—

деген сөз еді.

Арықтың бұл маған тигізіп отырған еөздері, «Өзенді жер тұрғанда, өзге жерге қонған ит» дегені: өзі Үш жүзден шығып билік айтқан сегіз адамды білмей, қасында өзен сияқты хан отырғанда сөзді кімнен басталады деп сұрады дегені еді. «Өзі болған жігіттің түп атасын сорған ит»,— дегені: менің атам құл еді, ханның жолын білмей нәсілсіз-дігіне барып отыр деп мені ит дегені еді. Арық би хан қасында отырып, Үш жүздің ығай мен сығайы тастаған қасқа жолды білмей отырса не шара бар?

Менің «Батпан бұлың жоқ болса, базарлы жерге бар-ған ит»— дегенім: еш нәрсені, ескі қазақтың жолын білмей отырған Арықты бас би етіп саудаға салып отырған Арғын-ғазы хан ит дегенім еді. «Жебелі ерің жоқ болса, жер тесесін сорған ит» дегенім: еш нәрсенің өрісіне, ақырына қарамай Арық би менің атамның құлдығын қазды; шынында ханның қасындағы би алысқа ббйлап ұзай алмайтын жебе-сіз болса, кісінің өзійе қарамай нәсіліне қараған, мына жер төсімді (атамды) қазған би сен ит дегенім еді депті,

Арғынғазы Сеқсенбайдың сөздерінен жығылып, Арыққа ұрысыпты. Үш жүзден шығып билік айтқан жоғарғы адам-дардың билігі бойынша орта жүзге құн беріп қайырыпты.

ТАЛАССАҢ ӨЗІҢДІ-ӨЗІҢ ТАЛАРСЫҢ
Тіленші мен Кеңгірбай Қаракесек Тобықтының тұстас билері болған екен. Тіленші қалың Қаракесектің биі, сондықтан көңіліңде өзін аға тұтқан ірілік болады. Бұл мінезді Кеңгірбай сезеді. Сондықтан екі би іштей арбасып жүреді. Осындай халмен жүргенде, Тіленші Тобықтымен көрші Буралардың жұмыеына билік айта келеді. Сонда Буралар Тобықтыдан көретін мазасыздығын айтқанда, Тіленші өзі бармай қасындағы бір жолдасын жіберін, Тобықтыға тыю айтады. Бұл іс Кеңгірбайға ауыр тиеді. Сондықтан жігіт-терін жиып, «Тіленші мен барлық жолдастарының атын алып, жаяу тастап келіңдер!»— деп аттандырып жібереді. Бірақ жіберген жортуылшылары Тіленші жатқан ауылға келгенде, билер кетіп қалып, артыңда екі-үш жолдастары ғана қалған еқен. Солар ауылдан аттанып былай шыққанда Тобықты жігіттері үшеуінің^атын, тонын алып, жаяу тастагі кетеді. Түн суық, қыстың күні екен. Ел таба алмай жаяулап қалған, бір жағынан киімі жоқ жолаувдылардың біреуі үсіп өледі. Қісінің өлімі Кеңгірбайдан болғанын естіген соң, жаз шыға Тіленші екі жүз қаралы кісімен Тобық-тыға аттанып, Кеңгірбайдың аулына келе жатады. Тобық-тының басты кісілері қалың Қаракесектің Тіленшідей биі-нен ығысып, Кеңгірбайға Қаракесектің келе жатқанын хабарлап айтып, ақыл сұрай келеді. Сонда Кеңгірбай жарьі-тып жауап бермейді: «Әлгі бір өлеңші неме бар емес пе еді?» дейді. Ел кісілері бұл сөзді ұғып алыпу Алтыбай, ақынды келе жатқан Тіленшінің алдынан жібереді. Алды-нан Алтыбай келгенде, ашумен түгі сыртына теуіп ісініп келе жатқан

Тіленші сәлемін алмай: «Мына біреу кім?» деп сұрайды. Сонда Алтыбай ақын:
Мен Алтыбай ақын өлеңші,

Сен Бекболат ұлы Тіленші.

Сенің ата-тегің жақсы еді-ау,

Ана тегің болмаса,

Ел бүлдірген өренші.

Алдыда келгеңде,

Әділдіктен бұзылдың.

Ата-анасы мен бе едім,

Терісінен соққан қызылдың?

Сен бұл барғаннан барарсың,

Бес-алты тай аларсың,

Елге бүлік саларсың.

Адалыңды арам қып,

Бір пәлеге қаларсың.

Үры кетер түн асып,

Ақ бұлды адал құн кетер,

Барымтаға ұласып.

Талассаң — талас жарқыным,

Өзіңді — өзің таларсың!—

депті.

Бұл сөзге Тіленші жауап бермейді. Бірақ Алтыбай айтқан сөзден маңыйдағы жұрт әрбір жайды түсінеді. Бұл сөздің арты ұлғайса ешкімге пайдалы брлмайды, ұрлық пен барымта күшейеді, шығындап шашылатын да, рәсуаланатын да Арғынның баласы болады деген сөзді ұғады. Сондықтан Қаракесек Тобықты ортасына келіп түскенде, екі жағы да бұрынғыдай емес, бітімге бейімделіп сөз сөйлейді. Сонда Кеңгірбай бітімнің межесін көрсетіп қо-лындағы жүзігін беріп жібереді. Бұнысы: «кісі өлген ел өлтірушіден қыз алып, құда болып бітсін» деген сөз екен. Қаракесек те ол сөзге тоқтап, құн белгісіне бота ішік бастатып жеті жылқы алып, құда болып қайтыпты.

ТҮЛКІ ДАУЫ
Ел көшіп келе жатса, көштің алдынан бір түлкі тұра қашады. Жаягбіткен жабьіла қуып, бәрі жете алмай қалып қояды. Астында жүйрік Керітөбел денені бар Қыпшақ Ізбасты бала түлкіге жетіп, еоғып альго, қанжығасйна байлап жатқанда, артынан көпшілік келеді.

  • Уа, бала, аң басы жуық! Соғып алған олжаң қайырлы болсын! Қанжығаңа неге байлап тұрсың? Бұрынғы ата-бабаның жолы бар, аты жеткен соғатын, жасы үлкен байланатын, ол жолды қайда тастайсьщ?—дейді.

  • Алғашқы тьфнақ алдым еді, олай десеңіздер, тө-решіге бармай түлкі бермеймін,— дейді Ізбасты. Сонда үлкендер тұрып:

— Көштің байсал тапқаны,

Көкорайға қонғаны.

Даудың байсал тапқаны,

төрешіге барғаны,

Барсақ — барайық,—

дейді.

Самар ханға келіп үлкендер шағым еткен соң, хан Ізбастыны шақырып:

  • Бала! Ата-ананың жолынан шығып, олжаңды үл-кендерге байламағаның қалай?— дейді. Сонда Ізбасты бала:

Ойдан қашты бір түлкі,

тауға қарай дем алмай.

Жабыла қуды көп кісі,

Бәрі қалды ере алмай.

Сол түлкіні кім алар,

Жетіп соққан мен алмай.

Ағайыннан дұшпан жоқ,

Алдына салып айдап жүр,

Бір түлкіні көре алмай.

Ұялып ханым, жүрмеңіз,

Төресін түзу бере алмай!—

дейді. Сонда хан отырып:

Аты озған алады,



Жасы үлкен байланады.

Осы бала бір күңдеріңе жарар,

Алдынан сөздерің де тарар,

Түлкі баланыкі,

Шуламай тарандар,—

депті.

ҰЛАН ТҰЗ САҚТАЙДЫ, ҰРҒАШЫ ІН САҚТАЙДЫ

Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер жүгініске келіп, біреуі:

  • Түлкіні мен қырдан қуып келіп індетіп едім,— дейді.

  • Бұл кісінің зерлеп қуып келгені өтірік, менің жерімдегі түлкі,—дейді екінші қісі.

Би екі даугердің сөздерін естіп болған соң:

  • Бұның билігін Төле берсін,— деп баласына жібереді. Даугерлер Төлеге келсе, бір шыбықты ат, бір шыбықты қамшы етіп, үй ішінде «айтшулеп» ойнап жүр екен. Даугерлер өзді-өзі кеңесіп:

«Бидің бізді жас балаға жібергені қалай? Біздің дауымызды ұнатпағаны ма? Бірақ жібергесін айтып көрейік»— деп, балаға жүгініске келген дауларын айтады. «айтатын дауымыз бар» деген соң жүгіріп жүрген бала тұра қалып:

  • Олай болса, айтыңыздар,—дейді. Екеуі арасындағы түлкі дауларын айтып болған соң бала астындағы атын айдап, «айтшу!» деп жүріп кетіп тоқтап, былайша билік айтады: ,

  • Түлкі еркек болса сенікі дейді, алғашқы «қырдан қуып келіп індеттім» дегенге; «ұрғашы болса сенікі» дейді, «менің жерімдегі түлкі» дегенге. Бұл сөзге екі даугер түсінбей:

  • Бұл қалай, әкесі мазақ қылып жіберіп еді, баласы
    да мазақ қылғаны ма?— деп Әлібек биге келіп, естіген
    сөздерін айтады.


  • Төлеге сөзімізді айтып едік, еркек болса сенікі, ұрғашы болса сенікі,— деді.

  • Төлем төресін түзу берген екен, түлкінің ұланы түз сақтайды, үрғашысы ін сақтайды. Егер еркек түлкі болса қырдан ізімен қуып келіп індеткені рас, түлкі саған тиісті, егер ұрғашы түлкі болса — жер иесі саған тиісті,— депті Әлібек.



ҚАНАЙҰЛЫ БЕКБОЛАТ ШЕШЕН

Абылай ханның тұсында Қарауыл Қанайұлы Бекболат би Қаздауысты Қазыбекке, Шақшақұлы Жәнібекке еріп, Кіші жүз алшынға бір дауға барады.Бітім сөйлесуге Кіші жүзден бір кісі шығады. Амандықтан кейін әлгі кісі алақа-нын ашып үндемей тұрады^ Бекболат: «құп болады» дейді. Тағы да алақанын жұмып қолын созады, Бекболат: «құп» дейді. Саусақтарын жазып, қолын созып тұрады, Бекболат: «құп» дейді. Екі қолын түйістіріп, бірінің үстіне бірін салып тұрады, Бекболат: «құп» дейді. Тағы да сегіз саусағын көрсетеді, Бекболат: «құп! дейді. Содан кейін Кіші жүздің кісісі кетіп қалады. Бекболат қасыңдағы билерге: «дау бітті, біз енді елге қайтайық» дейді. Елге келген соң Абылай Қаздауысты Қазыбек пен Шақшақұлы Жәнібектен бітіс-тіңдер ме?—деп сұрайды. Сонда екі биі төмен қарайды.

  • Уа, неге төмен қарадыңдар? «Қатын ерге, ер жерге қарайды» дегендей, мен сендерді дауға жіберіп едім ғой,— дейді Абылай. Сонда екі би:

Мына Бекболат деген «құп» ұстап қайтты,— дейді. Абылай Бекболатқа қарап:

  • Барушы да өзің, сөйлеуші де өзің көрінесің, енді өзің айтшы,— дейді.

  • Дауды көп сөйлескеміз жоқ, ол жақтан билікке шыққан адам қолымен біраз ишара көрсетті, еоны мен өзім^-ше ұққанымды айтайьш деп ишара қылған түрін айтты да былай деді: «Бірінші — алақанын ашқаны: «алысуға да жараймын» дегені-еді. Екінші — қолын жұмғаны: «ашсаң аяңда, жүмсаң жұмырыңда, тату-тәтті тұрайық» дегенЬ Үщінші қолын созғаны: «атса, шапса, қылыш, мылтық сенде де бар, менде де бар, жанжалды қоялық» дегені. Төртінші — бір қолын екінші қолынық үстіне салып түйіс-тіргені: «құшақтап көрісейік» дегені. Бесінші — саусағын көрсеткені: «сегіз күнде ханның алдына тарту-таралғымен барамыз» дегені. Сонда Абылай:

Уай, бәрекелді-ай, алдамаса игі еді?— дейді.

Бекболаттың айтқанындай, Кіші жүздің кісілері сегіз күн дегенде тарту-таралғысымен Абылай ханның алдына келіпті.

ҚАЗЫБЕКТІҢ БІР ЕР ТУРАЛЫ АЙТҚАН БИЛІГІ

¥лы жүз Үйсіннің бір адамы, Төле биге келіп:

  • Кіші жүздегі бір адамда бір ер бар. Мұндай ерді үш жүздің баласында ешкім мінген жоқ. Мен ол ерге сонша қызыққаныммен ер иесінің байлығы мен мырзалығы менен кем емес, дүние, пұлға қызықпайды. Сұрағаныма бермейді. Сіздің тіршілігіңізде осы ерді алып, бір ерттеніп мінсем деген ойым бар, биеке!—депті. Төле оған:

  • Мен тірі тұрғанда ол тілегіңе де жетерсің. Кіші жүз өзінің асына шақырып отыр, Осы асқа сол мырзаң да келіп қалар. Сонда ретін тап та, жүгініске түсетін қамыңды қарастыр. Оған билікті мен айтпағанда, кім айтар дейсің?— дептіі.

  • Үш жүздің баласы аста бас қосқанда, ерге құмартқан бай үш-төрт жылпың жігіттерін дайындап алыгі, өзі білетін ерді іздепть Асқа ер иесі де келген екен, түсіп атын байлатып қойғанда, әлгі жылпьщ жігіттер:

  • Мынау көк арғымақтың иесі кім, үстіндегі ерін танып тұрмыз. Бұл ермен жесірге бергісіз атымыз бірге жоғалып еді,— деп, айт-ұйт жоқ атты ер-мерімен алып кетіпті. Мұндай нақақ-қорлыққа жаны күйген ат иесі Төле биге келіп жайын айтса, ұлы жүз адамдарыңа қарап:

  • Таныған еріңді ал да, атын өзіне қайтарыңдар, екі арыс елдің арасында бір тай әрі де, бері де жүрмей ме, жоғалған атыңды кумай-ақ қой!— депті..

Қатты назаланған кіші жүз жігіттері төбелес шығар-айын десе, ас өзінікі, ел бүлінеді. Төбелес шығармайын десе көрінеу жасалған қиянат қүйдіріп барады. Сонда астың аяғында Мәме би:

  • Ара ағайын Келдібектің Сарысы бұған не айтады екен?— деп Қазыбекке кісі жіберіпті. Қазыбек тарауға бет алған елді тоқтатып, ұлы жүз бен кіші жүзді екі жаққа отырғызып, ерді ортаға қойғызыпты. Содан кейін екі жаққа да ештеме деместен сабаумен ерді нұқып тұрып:

Қапталың қайың, қасвщ без,

Қалмамбет шапқан бір ерсің.

¥лы жүз бен кіші жүз,

Бір ерге қайтіп мінерсің? ;

Бүйте берсең, әй, Төле,

Сен де бір күні өлерсің.

Теріс билік айтсаңыз,

Тәңір алдында не дерсің?

Осы ер орнына қайтады:

Осы ер орнына қайтпаса,

Қалменіңмен күйрейсің!—

деп жүріп кетіпті.

Ұлы жүз жағы тұспалға жөнді түсінбей:

  • Қазыбек не деп кетті?— деп Төле биден сұрапты. Сонда Төле би:

  • He деп кетуші еді. Келдібектің Сарысы айтпайды, айтса сол айтқанынан қайтпайды. Орта жүз бен кіші жүз жабылып кетсе, бізден не қалады, ерді орнына апарып тастаңдар!— депті.і



ТӘБІТАЙ МЕН ШОРМАН

Қаржастан Харауыл елінің жігіттері жылқы алыпты! Сол жылқыны іздеп 40 кісімен Шорман төрт ата Қара-уылға келіпті. Шорман «мен бес байталдың артынан қуып, мал іздеп келгенім жоқ, намыс іздеп келдім. Намысымды аламын — жауласамын, болмаса өзіме лайық сыбағалы мүше, толық ер құнындай айып алып тынамын. Қарауылдан жолым да үлкен» деп ауьір салмақты сөз тастаған соң, Қарауыл алыстан Қаңлы Тәбітей шешенді алғызады. Жаз-ды күні аяғында тері ұйық, үстінде бұзау тері жарғақ, басын-да түйе жабағы тымақ — Тәбітей келеді. Амаңдаспай оты-рысымен Шорман:

Әй, Тәбітей, бай кім, батыр кім, би кім?—депті. Сонда Тәбітей айтыпты:



  • Сен оның біреуі де емессің. Қас батырдың елін жау араламас болар; Батыр болсаң менің жігітім барып малынды алмас. еді. Әділ бидің елін дау араламас болар. Би болсаң ордаңды тастап бес байталдың соңынан ел-жұртың-ды тастап келмес едің. Бай да емессің, бай бөлсаң өзіңнің Ақша атаңның баласы Ертіс бойында, Омбы қаласында неге жұмыс іздеп жүр? Оны неге жиып алмайсың?— депті.

Сөзден жеңілген Шорман Қарауыл жаққа қарап:

  • Әй, момынның баласы-ай! Жүйрікпен ел еруде тезек тасып, көшкенде арба сүйретіп, арқасын жауыр, құйрығын шолақ қылып ұстайсыңдар-ау!— дейді. Біраз бөгеліп отырып Тәбітей:

  • Бәйгеден өзі келетін жүйрікті баптап не қылсын!—
    депті
    сонда.

Далаға шыққан соң Қарауылдың кісілері: —- Тәбеке-ай, соңғы сөзге жауапты тым бөгеліп бердіңіз-ау!—депті.

  • Ол менің кедейлігімді айтып отыр. Мен арсыздықпен жауап бердім. Сендердің кигізген киімдерің мен мінгізген аттарыңды айтайын ба?— депті Тәбітей оларға.



¥ЛЫ БИ ҚАЛЖЫҢ БОЛМАС

Нұрбай батыр сөзге де шебер адам екен. Бір күні біраз мал жоғальш, түн қатып іздеп жүріп, таңертең ерте жұрт тұрмай бір ауылға келеді. Қотанның шетінде тұрған бір адамға келсе Шоң екен. Амандасқаннан кейін, Шоң:

  • Уа, кімсің?—дейді.

  • Кереймін,— дейді Нұрбай.

  • Керей болсаң атың кім?

  • Атым Нұрбай.

  • Нұрбай қарақшы сен бе едің?

  • Сіздің ел қандай кісіні қарақшы дейтінін қайдан білейін, біздің ел қотанның шетінде жалғыз тұрғанды қарақшы дейтін еді!—дейді Нұрбай батыр.

Жол болсын, неғып жүрсің?— дейді ІІІоң.

  • Он бес шамалы жылқы алдырып, соны іздеп жүрмін.

  • Сенің атың Нұрбай болса, бүгін алдырған жылқың он бес болса, ертең отыз болар,— дейді Шоң.

Бәрекелді, жоғалған жылқымның өзі де отыз еді. ӨзШ де сізді анығын айтар деп едім, анығын айттыңыз. Енді айғағым өзіңіз болдыңыз,— дейді Нұрбай.

  • Қалжыңға түсінбейсің бе?— дейді Шоң. Сонда Нұрбай тұрып:

  • «Ұлы би қалжың болмас, әділ би мылжың болмас» деген сөз бар. Би еместігіңді мойныңа ал, би болсаң малымды бер,— депті. Сол арада Шоң сөзден алдырып, Нұрбайға мал төлеп қайырыпты.


НАУДЫҢ ШАҚША ДАУЫ

Наудан насыбай сұрап атып, бір кісі шақшасьша қызы-ғып, қалайды:

  • Жігіт, бұл шақшаны мен кісіге босқа бермеймін, жақындыққа жарайтын болсаң ал. Мен қолқа салғанда осы алғандағыдан да жомарт болсаң аласың,—дейді Hay. Сонда жігіт:

Бұдан да артық болармын,— дейді. Сөйтіп, жігіт шақ-шаны алып кетеді.

Келесі жылы Ңау қасы л бір ақсақал, бір атқосшы алып, шақша берген тамырына қолқа сала келсе, жігіт:

  • Тұтамдай сиырдың қу мүйізіне қолқа сұрап ат арықтатып, осыншама жерге келер ме? Қайырып-ақ берер едім, балалар қайда тастағанын білмеймін, қарап таппадым,— деп маңайына жуытпайды.

Сонымен Hay жігітпен дауласып Бағаналы Барлыбай бидің алдына келеді. Жігіт алдын ала биге айтып, пара беріп қойған екен. Барлыбай би Hay алдына келісімен:

  • Еи, бір мүйіз шақша даулап үш кісі келіп отыр деп еді, сен сол емессің бе? Шіркін, малдың тәттісін-ай, жігітім-ақ екенсің-ау!— дейді. Сонда Hay:

Ей, Бағаналы Барлыбай би! ,

Менің шақшам жай шақша емес, жақсы еді.

Таутекенің мүйізінен істеген нақысы еді.

Төрт ат, қырық қой істеушінің ақысы еді.

Тоқсан меруерт көзі бар еді,

Егер құндап сатсаң, тоғыз ат,

Тоқсан қой болады деген істеушінің сөзі бар еді.

Берген ақымды азсынып тау қыстаймын деп балтамды алды, ой қыстаймын деп шотымды алды, көшіп жүремін деп наршамды алды, маған керек деп баршамды алды. Жау шапты деп төрт атымды алды, қалауым деп бөрте атымды алды. Қайқы бас қара атымды алды, тілік құлақ сары атымды алды. Бөрте атымның иесі бәсіре бием еді, өзі тұлпарға жиен еді. Барлыбай би, ендігісін өзің білер-сің,—дейді. Сонда шақша алған былай дейді:

  • Қыстың қатты боларын лақ білер,

Күннің суық боларын құлақ білер.

Менің алғаным тұтамдай сиырдың мүйізі,

Мәнісін Барлеқең өзі-ақ білер.

Сонда Hay тұрып:

  • Рас, қыстың қатты боларын тоқты білер,

Қара қойым жайылымы отты келер.

Пара беріп қоймасаң Барлыбайға,

Айтпаған істің мәнісін боқты білер,—

дейді.

Пара алған Барлыбай «мына пәле өзіме жабысар» деп сескеніп, шақша алғанға ақырыпты:

  • Қандай шақша алғаныңды мен қайдан білемін, мынау азамат шақшасының сыпатын түгел айтты, шақшасын орнына сал,— дейді. Сонда би алдыңда жеңілген жігіт Науға:

  • Әлгі айтқаныңызға шашым жететін емес, өзіңіз би, өзіңіз хан болып төрелігін де өзіңіз айтыңыз!—депті.

Сонда Hay:

- Жігітім! Өзің ғой биге бастап келген. Қайыр енді, көп сөздің керегі жоқ. Бітейін, бітейін де кетейін. Мына екі кісіге екі ат мінгіз, екі шапан киғіз, Өзіме ат бастаған қасқа тоғыз байла. Қайыр, өзіме салдың, өзгесі салауат, сенде-ақ қалсын!—деген екен.




ҚУ МЕН МОМЫН
Бір қу мен момын тамыр болады. Қу соғымға момын-ның екі жылғы ту биесін алып сояды. Момын балаларға ермек болсын деп кудың бір лақты ешкісін алады. Ақыры екеуі айтысып, айрылысып кетеді. Қу момынның жыл-қысын қайырмайды. Момын малын даулап, ханға жүгінеді. Хан екеуін тергегенде, алдымен қу сөйлейді:

Рас, мұның байталы ту еді



Бірақ құлындамайтын чку еді.

Менің ешкім егіздең табатын

Іші маңыраған лақ еді.

Сүті ағып тұрған бұлақ еді.

Мүйізі қамшыға caп еді,

Еті тамағыма бап еді.

Терісі борбайыма қап еді,—

дейді.

Олай болса мұның ешкісі сенің байталыңмен бара-бар екен,— деп хан екеуін бітістірген екен.



АБАЙ МЕН ШӘКІ ШЕШЕННІҢ КЕЗДЕСУІ

Найманның ішінде Саңқабай деген болыпты, мұның жинаған көп ақшасьг бар екен, шамасы қырық мың сомдай болса керек. бсы ақшасын үйінде жұмыс істеп жүрген бір Самалық деген жігіт ұрлапты. Осының дауы Арғын — Найманның арасында неше рет бас қосыста шешілмепті. Ақша иесі Саңқабай оязға арыз беріп, екі уездің адамын шақырыпты. Ояз алдында Саңқабай қырық мың сом ақшам жоғалды десе, Самалық ұрыны жақтағандар оязға:

Сіз осыған нанасыз ба? Көшіп-қонып жүрген дала-дағы қазақта мұнша ақша бола ма? Бұл өтірік, қазақ елінің арасында даужанжал бола береді, соның кегін алам деп жала жауып отыр,— депті!



Бұл да дұрыс, дала қазағында мұнша ақша болушы ма еді)?— депті де, ояз істі қысқартыпты. Саңқабай: «Уа, тірнектеп жинаған дүнием-ай, бекерге кете ме, жоқ осы арызымды губернаторға жеткізетін адам болар ма?»— екен деп мұңайыпты, Сөйтіп жер ауып келген, әр істен хабары бар Мүсәпір Байтулақ баласына айтады. Мүсәпір «біздің елде ақшалы екі адам еді: бір Маманбай, екіншісі осы Саңқабай көпес. Мұның ақшасының көбін жұрт біле-тін-ді. Қолы қысқалар бұдан ақша алып отырушы еді»— деп губернаторға барып арыз етеді. Бұл істі ел адамдары сөйлесід шешсін деғен бұйрық алады. Губернатордың бұйрығы бойынша екі уездің бас қосыс жері Балдыбек сайьі болсын деп белгіленеді. (Өйткені бұл жер үш уездің аралығы екен). Осы жерге бірнеше үй тігіледі, ёкі уездің адамдары шақырьыады, арғыннан Абайға хабар етіліп, ол келмекші болады. Найман өз елінің білгіштерін жинайды. Абаймен сөйлесуге әуелі Әріп Тәңірберген баласын шығармақшы болады, бірақ Абайдан Әріп жеңіліп қалады деп қауіптеніп, өр наймандағы Шәкі шешенді алғызады. Шәкі жиынға Абайдан бұрын келеді, Абаи келгенде ІІІакінің үстіне түсіреді. Абайға ерген топ отырғандарға сәлем беріп кіргенде, Шәкі шеген сәлем алып, Абайды бұрын көрмеген екен, сырт пошымынан танып:

  • Уа, сыртыңнан атыңа қаның, жүзіңе танық едім, сен, шырағым, Абай баласың ба?— Ел-жұртың аман ба? .Кешегі Кеңгірбайдың-ұрпағы еді, Базаралы аман ба?— депті. Базаралы сол жылы ғйна сотталған екен.

Абай сөзден тосылып қалып, дауысын ақырын шығарып «аман» дей салыпты. Отырғандар Шәкі шешен мен Абайдың аузына қарап, үндемей отырып қалыпты. Абай да сөйлей қоймапты.

Біраз үнсіз отырғаң соң Шәкі шешен:

  • Уа, Абай шырағым, бұрынғының мынадай бір сөзі бар еді: «Бір бала атадан асып туады, бір бала атамен тең туады, бір бала көптен кейін туады» деген, сені жұрт көтеріп мақтайды, сен осы үшеуінің қайсысысың?— депті. »

Абай үндемей отырып қалыпты, даулы іске келгенде де Абай Шәкіге қарсы шықпай, арғын ақшаны төлемекші болыпты. Даудан қайтқаң соң арғынның адамдары Абайға:

  • Саған не болды? Біз сізді әдейді арнап алып келіп едік, Найманның бір шалына жауап бермедің?—депті. Сонда Абай айтыпты:

Ей, Шәкі өте айтқыр — шешен екен, ол келген жерден, Базаралыйы сұрап сөз қозғады. Оны өзіміз тұтқынға беріп отырып не дерміз. Екінші — сен әкең Құнанбайдың қандай баласысың? деді. Мен үндемей қалдым. Үндегеңде -әкемнен асып тудым деймін бе? Әкем дүние жүзін кезіді "Байтуллаға үй салдырды, мен оны істегем жоқ. Ал кем тудым десем, мына сендер: «Абай — Абай» деп атымдм шығарып жібердіңдер... Соған жауап бере алмай тоқтағаным осы. Ал мына істің жөніне келсек, Найман елі нақақтан бізге жабысып отырған жоқ, кінә бізде. «Істің ағы, жігіттің бағы» деген бар ғой, сондықтан ел болып мына істі бітірген жөн»—депті.

Сонымен арғын болып найманның ақшасын төлеп, ел арасы тынышталыпты.

ЕШКІ ЕГІЗ ТАБАДЫ

Қоңырат пен Дулаттың арасында үлкен дау болып, екі жақ бас қосқанда Мырзан ешкімге сөз бермей көпті тоқтата беріпті. Мырзанды тоқтату үшін бір шешен, оның бар кемістігін бетіне басып:

  • Жалтақ-жалтақ қарайсың,

Қарамың жоқ адамша—

Көтеріле сөйлейсің,

Көмеғі жоқ адамша.

Құлағы жоқ шұнақ биім,

Құйрығы жоқ шолақ биім,

Көпке сөз бермейсің,—

депті. Сонда Мырзан айтыпты:

  • Жалғыз десең құдайға тілің тиеді,

Кедей десең пайғамбарға тілің тиеді.

Құлағым жоқ болса, сұңқар шығармын,

Құйрығйм жоқ болса, тұлпар шығармын.

Құйрығы ұзынды итке теңейміз,

Құлағы ұзынды есекке теңейміз.

Ешкі егіз табады,

Ит сегіз табады,

Доңыз тоғыз табады.

Әкең сегіз еді,

Өзің тоғыз едің.

Сенің тоғызынды алайын десе,

Құдайдың зауалы жоқ па?

Маған ұл берейін десе,

Амалы жоқ па?— депті.

БОРАН БАТЫР МЕН ЖАНТАЙ ДАУЫ

Боран жас кезінде жарлы болып, Жантай деген байға жалданады. Жантай тынышсыз адам болып, ұрыс шығарып, Боранның Жантайға қолы тиеді. Жантай Боранның маған қолы тиді деп билерге Боранның үстінен шағым береді. Алқа-қотан отырған билер Боранға сөз береді. Сонда Боран былай дейді:
Жалға жүрдім Жағалбайлы Жантайға,

Бір тай алмақ болып алты айға.

Жарымадым асына,

Тұман түсті басыма.

Шайтан болып ұрысып,

Қолым тиді басына.

Уа, билер, жақсылар,

Бірің қайың, бірің тал,

Бірің шекер, бірің бал,

Айтып-айтпай немене,

Бәріңе мәлім біздің хал.

Бірің балға, бірің төс,

Бірің айт та, бірің кес,

Алдарыңа салынды іс,

Арамға бермей әділ шеш!

Отырғандар Боранның ісін мақұлдап, Жантайдан тайын әперіпті. Боран содан кейін сөзге қатысып шешен атаныпты.

БАСЫҚАРА ДАТҚА МЕН МӨҢКЕ БАЛА

Басықара деген ақты көз датқа әр нәрсеңі сылтау ғып, қазаққа зорлық қыла берсе керек. Бір жолы Арқа қазағының кісінеген айғырының дауысынан Сырдағы елдің әйелі бала тастады дбген сылтаумен барымта алады. Сол малдың артынан үш-төрт қуғыншы шығады. Жолаушылар бір ауылға келсе, қой шетінде ақсақ бала тұр екен.

  • Бұл кімнің ауылы?— дейді жолаушылар.

  • Мезгілбайдың ауылы,— дейді бала.

  • Бұл ауыл қонған қонаққа не тамақ береді?

  • Еті бар үйге кездессең етін береді, еті жоқ үйге кездессең, бары мен ниетін береді,— дейді бала.

  • Мұнан әрі ел бар ма?

  • Әттегененің ауылы бар.

  • Онан әрі кім бар? ,

  • Түнқатардың ауылы бар.

  • Онан әрі ше?

  • Таңатардың ауылы бар.

Жолаушылар жүріп кетті. Өкінді. Түнғатты. Таң атты. Ертең ашуланып қайтып кеп, баладан айып сұрап биге жүгінді. Бала да, жолаушылар да жоғарғы сөзді айтты. Би жолаушыларға баланың сөзіне түсінбегенін айтып, баланы жолбасшы ғып береді. Бұл бала Мөңке еді. Мөңке Басықара датқаның еліне жүрерде бір түйе, екі кебеже, бір теке ала шықты.

Датқаның ауылына таянғаннан бастап алдынан үріп шыққан итті атып тастай берді. Датқаның екі қара тазысын да атты. Датқа ашуланып:

  • Қайдан келесіңдер?— дейді.

  • Арқаның елшісімін,— дейді бала.

  • Еліңнің кең қарын кемеңгері, үлкен ақсақалы қайда?— дейді Датқа.

  • Кең қарын керек болса, кебежемен сөйлес, үлкен керек болса, түйемен сөйлес, сақалды керек болса, текемен сөйлес, елші керек болса, менімен сөйлес,— дейді бала.

  • Сен елші боп келдің бе?— дейді Датқа таңданып.

Ақсақ аяқты қиылтқалы келдім.

Ақты көзді сылытқалы келдім.

Арадағы жел сөзді құрытқалы келдім,— дейді бала.

Иттерді неғе аттың?— дейді датқа ілік іздеп.



  • Тақсыр, осы елдің итінің үргенінен біздің елдің қойы үркіп далаға шығып кетіп, қасқыр қырып жүр,— дейді бала.

  • Сенің еліңе біздің елдің итінің дауысы қайдан же-
    теді?— дейді датқа.


  • Тақсыр, біздің елдің айғырының даусы сіздің елге қалай жетті?— дейді Мөңке бала сонда.

Датқа жеңіліп, жолаушыларды бітім беріп қайтарған екен.


ТҮБІНДЕ КӨРІКТІДЕН ТЕКТІ ОЗАР

Уәлі ханның алдына Шал ақын қеліп отырса, үстіне бір жігіт «жалшы болып жүрген байым ұрды» деп жылап келіпті. Уәлі хан тұрып:

Ақын, осының төрелігін сіз айтыңыз,— деп Шалға қарапты. Сонда Шал ақын жігітке қарап:



Сен, қалшиғаннан қалшиып тұра берме,

Байдың сөзін қисыққа бұра берме!

Байға қарап:

Ердің құны есепсіз кетпес деген,

Қатын тілімен жалшыңды ұра берме.

Шаба берсе жүйріктен берік озар,

Ашуыңнан ақыльщ ерік озар.

Көрікті бір тендес әйел алсаң,

Түбінде көріктіден текті озар.

Сұлу алған,

Малшы жалдаған сенің өзің,

Бәрі де өз жөнімен жүре азар!—

депті.

Тегінде, байдың жалшысын ұруы — әйелін қызғанғандық, әйелінің жалшыны жақтаған мінезі болса керек.

АҚТАЙЛАҚ ШЕШЕН

Халқы түзу болмаса хаң бола ма,

Тірлікте бейнет тартііас жан бола ма?

Қысқа күнде қырық алған қыран едім,

Арықтаған тұлпарда сын бола ма?

Жақсыға асың берсең сыйға болмас,

Қазандағы ас қызғанып жылға болмас.

Қыз дегенің қияда бір-ақ қоныс,

Атадан ұл тумаса тұлға болмас.

Қай күні ажал келеді пенде білмес,

Шын әулие мүриті аза бермес.

Ғазірейіл жан алғыш тура келсе,

Мырзаны қайтейін деп қоя бермес,—

дейді екен Ақтайлақ шешен.

** *

Баласы Сабырбай бір күні отырып әкесіне:

Әке, аяғыңыз жас ботаның аяғындай қаздаңдай ма, қалай?—деп кәрілігіне тигізе қалжыңдайды, Сонда



Ақтайлақ:

  • Өз баламды сүйейін таз да болса,

Өз малымды бағайын аз да болса,—

дейді. Сонда Сабырбай аяғын айтқызбай:

  • Ақтайлақтан Сабырбай безбей ме екен,

Қартайғанда әкесі қазба болса,—

деп бұрып әкетіпті.
* * *

Жан денеге қонақ

Жанды жебеген тамақ.

Аласаны атқа санама,

Жақсыны жатқа санама.

Бір сынаған жаманды

Екіншілей сынама.

Тірлікте сыйласпаған туыс,

Көзіңе құм құйылсын,

Өлгенде өтірік жылама!—

дейді екен Ақтайлақ шешен.

* * *

Төре тұқымдас Балпық деген кісі бір жерде кездескен-де Ақтайлаққа:

  • Сені мен Ақтайлақ екен дёсем, боқ тайлақ екенсің ғой,— дейді.

  • Сені мен Балпық екен десем, ақылы жоқ тантық екенсің той,— депті оған Ақтайлақ.

  • Пайғамбар ақ түйесін қайда жоғалтты, ал сен ақыл-ды болсаң соны айтшы,— депті Балпық.

Ақ түйе жоғалтып іздеп жүрген пайғамбар көрге-нім жоқ, сен көрсең қагіе өзің айт, айтуға ақыл таппасаң, нақ туған жеріңе қайт,—депті Ақтайлақ,

СЫРЫМҒА ҚАТЫСТЫ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР
СЫРЫМҒА ҚАТЫСТЫ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР*

Сырым Датов — XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген тарихи қайраткер. Сырым батырдың өмірі мен еңбегі Кіші жүздің Нүралы, Ералы, Есім хандарға қарсы ұлт-азаттық қозғалысымен тығыз бай-ланысты.

Россияда Емельян Пугачев бастаған басыбайлы шаруалар көте-рілісі патша отаршыларының теіікісінде отырған «бұратана» халық-тардың да санасын оятып,. бүйірін қыздырды. Башқүрт, татар шаруа-лары сияқты қазақ еңбекшілері де екі жақты езгіге шыдай алмай, Сырым батырдың бастауымен 1783 жылы Нүралы ханға қарсы ашық күреске аттанды. Күрес 1797 жылға дейін розылды. Көтёрілісшілер Сы-рымпың басшылығымен Нұралыны таі<тан тайдырып, оның баласы Есім ханды олтірді. Шекара бекіністеріне шабуыл жасап, кейбір жазалаушы отрядтарды талқандады. Бірақ қозғалыс жеңіске жете алмады, жеңіліс тапты. Көтерілістің көсемі Сырым батыр Хиуаға барып паналап жүр-генде, 1802 жылы қаза тапты.

Сырым батыр көтерілістің батыл басшысы ғана емес, рухтандырушы ділмэр шешені де болған. Ел аузында оның атына байланысты сақталған аңыз әңгіме, щешендік сөздер көп.

БАЛА СЫРЫМ

Сырым кішкене бала күнінде далада бір қарт кездесіп, оған сәлем беріпті. Сонда қарт:

  • Балам, аман ба? Кімнің баласысың?— депті.

  • Сенің балаңмын,--депті Сырым. Тағы сұрапты, Сырым әлгі сөзін тағы қайталапты. Үшке дейін сұрапты, Сырым сол жауабын үшке дейін қайталапты. Содан соң қарт:

  • Here менің балам боласың?— депті.

  • Е, неге сенің балаң болмаймын, өзің «балам, аман ба?» дедің ғой!»-- деппі Сырым сонда.


ОТЫН ОЛЖА, СУ НҰРЛЫҚ

Сырым 15 жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралу ханның аулының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:

Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетеді, Ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, есің неден кетіпеді?— дейді.

- Тақсыр, даланың оты олжа, суы нұрлық, елдін, малы мен акысын жеу ұрлық,—- деп, Сырым жөніне жүре береді.

БАЛА СЫРЫМ МЕН БИЛЕР

Шеркеш руының бір үйір жылқысын Есентемірдің жігіттері барымталап кетеді. Соньшен екі ру араздасып, шеркеш тұрған би мен Есентемір Бөкен би хан алдында айтысуға кетіп бара жатып, жолда мал суарып жатқан балаға кездеседі. Аттарын суарып тұрьш билердің бірі:


  • Қатты жерге қақ тұрады деген не, Қатты адамға мал тұрады деген не?— дейді.

Қарсы би оған жауап бере алмай ойланып қалады. Сонда қауға тартып тұрған бала:

  • Қатты жерге кақ тұрса,

Шөп шықпайіын тақырдағы.

Қатты адамға мал тұрса,

Ақыреттен бейхабар пақырдағы,—

дейді.

Билер бір-біріне қарап, жүрейін деп жатқанда бала:

  • Уай, ағалар, жолдарыңыз болсын! Үйімде қартым бар. Кешке барғанда, кім көрдің, қандай жұмыспен жүр екен?— деп сұрайды. Сонда сіздер туралы не деймін?— дейді. Жолаушылар жөнін айтып жүріп кетеді. Жолаушы-лар құдықтан жүз қадамдай шыға бергенде, арттарынан бала жүгіріп келіп:

  • Уай, ағалар, мен сіздерден ақыл сұрай келдім. Бір тоқтым өлді, соны қайтсем сасытпай қажетке жаратамын,— дейді.

  • Тұз сеуіп, қақтап ал!—дейді билердің бірі.

  • Ет сасыса тұз себейін, тұз сасыса не себейін?— дейді бала.

Билер баланың бетіне бажырая бір қарап, жауап бер-местен желе жөнеледі.

Құдықтан көз көрім жер ұзап шыққан соң, Бөкен би атын бөгеп:

  • Тұрлан, мен ауылға қайтамын. Ақымды бермесең, саған ас болсын, әлгі баланың сөзі өңменімнен өтіп кетті. 30 тай үшін екі ел айтысып ханға барғанымыз ұят-ты,— деп бұрылып кетіпті. Артынан сұрастырса, әлгі бала Сырым екен.

Арада бір жыл өткен соң Тұрлан Бөкенге сәлемдесіп:

Бөке, тәуірсің бе?— дейді.



  • Отыз байталдың еті сенде, дерті менде болғанмен шүкір, жаман емеспін,—депті Бөкен. Тұрлан үш күннен кейін жылқыларын айдатып әкеп беріпті.

СЫРЫМ МЕН ноқылық

Кешке таман ауылға айдауға түйесін жинай алмай әбігер болып жүрген Сырымға бір шал кездесіп:

Менің атым Қарабалық — ноқылық,



Әй, бала, мына атты ұстай тұршы,

Екінді намаз оқылық!—

дейді.

Менің түйе жинайтын кісім жоқ,



Сенің намаздан басқа ісің жоқ,---

деп бала түйесін айдап жүріп кетіпті.

МАЛАЙСАРЫ МЕН СЫРЫМ

Сырым он үш, он төрт жасвшда балалармен ойнап жүрсе, қасынан Қараман Тана Малайсары деген Нұралы ханның биі атпен өтіп бара жатыр екен.

Аға, қай русың?— дейді Сырым сәлем беріп.

  • Қай руды білетін едің сен? Танамын,— дейді Ма-лайсары баланың сұрауына таңданып.

  • Тана болсаң: жеті үй Жиембетпісің, бес үй Бессары-мысың, алты үй Асанбысың, қарғыс алған ҚараманбысыҢ, қаңғып өскен Қарақұнанбысың, алғыс алған Қалқаман-бысың, Тананың қайсысың?— дейді Сырым.

  • Қаршадайынан қақсап тұрған мынау қандай бала?!— деп Малайсары жүріп кетіпті.

* * *

«Қадір би кісі ғой, Қадір жақсы ғой» деп әркімдер мақтай берген соң Сырым' Қадірді іздербарыптьь Үй сыр-тында, төбенің басында бір жапырайған қарт отыр екен. Соған сәлем беріп, көрісіп болған соң, қарт:

  • Кім баласысың?— дейді.

  • Дат баласымын, - дейді Сырым.

  • «Бір арба отыннан бір мүсіндік ағаш» деген осы екен-ау,— депті қарт сонда.

  • Өзіңді қазыналы шал деп келсем, қазымыр шал екенсін ғой,— деп Сырым бұрылып жүре беріпті.

Сонда қарт:

Ей, бала, тұра тұр,— деп шақырып алып,— мені қазынасыз десең халқымнан сұра, қазымыр десең қатынымнан сұра,— деп, Сырымға батасын беріпті.

СЫРЫМНЫҢ СЫННАН ӨТУІ

Айшуақ, Есім хандардың тұсында Сырым жаңа атағы шығып келе жатқан жігіт екен. Хандар мен^ билер Сы-рымды сынамақ болып бір жиында Сырымды табақ тартып, ет жасау жұмысына қосады. Ол күнде өлген адамға бірнеше мал сойып байлар ас береді екен. Сырым еттіжасағанда хандар мен билерге, төрелер мен байларға, балалар мен әйелдерге ішек-қарыңды бірдей етіп табаққа салады. Хандар билер, байлар:

  • Бұл табаққа ішек-қарын салған кім?— деп Сырымды шақыртып алып,— табаққа ішек-қарын салып, бізді әйел дедің бе, немесе мазақ еткің келді ме? Бұл үшін сені айыпқа бұйырайыз,— дейді. Сонда Сырым:

  • Еркек әйелден шығады, ет ішек-қарыннан шығады. Егерде менің айтқаным дұрыс болса кімдер айыпты болар екен?—дейді.

Әкімдер сөзге еш нәрсе дей алмайды. Сырымды іштері нен жаратпай қалады.

ҚАЙҒЫСЫЗ ХАН СЕМІЗ

(І-нұсқа)

Сырым жаңа атқа міңген жастау кезінде Нұралы ханды көргелі ханның ордасына барады, «кімсің» деген ханға «Сырыммын» деп жауап береді. Сонда хан:

  • «Сырым — Сырым» деген атың жер жарады. Өзің кішкентай ғана арық бала екенсің ғой,— дейді.

Сонда Сырым:

  • Иә, мен арықпын. Себебі, патша мен сен сияқты хандар қазақты қонысынан айырып, құмға кірді, жақсы судың бойын орыстарға әперді. Қазақтың қонысын қалай қайтарып аламын деп бір түнде тоғыз оянып, тоқсан толғанып арып болдым. Бұрынғының айтқаны бар емес пе:

«Өлеңді жерде өгіз семіз,

Өлімді жерде молда семіз,

Қаралысында қатын семіз,

Қайғысызында хан семіз» деп.

Сен қайғысыз жансың,

Мен жаралы аңмын,

Мен арық болмай кім арық болады?—

депті Сырым батыр.

АТА ТҰРЫП ¥Л СӨЙЛЕСЕ ЕРЖЕТКЕН БОЛАР

Сырым 26 жасында бір жолдасымен Нұралы ханңың үйіне барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.

  • Балалар, аман ба,— депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап:

  • Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой,— дейді.

Сонда Малайсары жалт қарап:

  • Ата тұрып ұл сөйлегеннен без,

Ана тұрып қыз сөйлегеннен без.

Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді?— -

дейді.

  • Ата тұрып ұл сөйлесе ержеткені болар,

Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар.

Ата балаға кесір болса, кері кеткені болар,—

дейді Сырым.

  • Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,— деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.


ШАЛДЫҢ ҮШ ТҮРІ БАР

Сырым Бөкен биге сәлем бере барса, қарт:

  • Қай баласың? -депті.

  • Даттың баласымын,— депті Сырым.

  • Қой баға алмайтын жаманнан да қолақпандай ұл туады екен-ау!—дейді Бөкен.

  • Отындық ағаштан оқтық мүскін шығады деген қайда? Шалдың үш түрі болады деуші еді: қадірсіз шал, қазымыр шал, қыдырма шал. Өзің соның қайсысысың?— депті Сырым.

Сонда Бөкен қарт селк етіп:

Балам, қадірсіз десең халқымнан сұра, қазымыр десең, қатынымнан сұра, қыдырма десең көршімнен сұра?— депті.

БІР ЖІГІТ БАР ТЕК ЖАТАДЫ

Сырым екі жолдасымен Көсеу бидің үйіне қоныпты. Би үйінде екен. Сырым «суық тиіп жүр еді» деп үйге жатыпты да, жолдастары түнде ат-көлік көздейміз деп далаға жатыпты.

Әкесі шәугім алып тысқа шығып кеткенде, төрге Сырымға төсек салып жатқан бидің қызы:

Мырза, бір жігіт бар тек жатады,



Ондай жігіт жиі кеп жатады.

Бір жігіт бар бірдеме деп жатады,

Барлық сыйын бір-ақ рет жеп жатады,—

дейді. Сонда Сырым:

Бүгінгі қалауынды ал,



Келесіде сөзіңде қал?—

деп теріс қарап жатып,таң ата бір-ақ ояныпты.

СЫРЫМНЫҢ ЕКІ РЕТ СӨЗДЕН ЖЕҢІЛУІ

Сырым жолаушылап келе жатып бір үйге қонса, бір келіншек шай құйып отырады. Келіншектің өзі жас, күйеуі қарт адам екен. Сырым жолдасына қарап:

Япырай, аққудың қасында жапалақ жараспайды екен-ау!— дейді. Сонда келіншек сөзге түсіне қойып:

  • Батыр, сіз бір кезде тай жейтін Сырым едіңіз, енді қой жейтін Сырым болдыңыз, әр нәрсе өз уағында емес пе?— депті.


* * *

Сырым бір жақтан шөлдеп келе жатып, бір үйден сусын ішіпті.

  • Япырай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой!— депті Сырым маңдайының терін сүртіп.

Жоқ батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім,— депті үй иесі.

БӨКЕН ҚАРТТЫҢ СЫРЫМҒА БЕРГЕҢ БАТАСЫ

Сырым жас. кезінде Есентемір Бөкен биге батасын алайын және ақыл сұрайын деп ат, шапан алып барады. Барып қонақ болғаннан кейін Бөкен би Сырымнаң келген жұмысын сұрайды. Сонда Сырым:

  • Мен, біріншіден, сіздің батаңызды алайын деп келдім, екіншіден, әр түрлі ақыл сұрайын деп келдім,— дейді.

Сонда Бөкен «саған батамды берейін, сен жас болғанмен елге бас болғандай бала екенсің»—деп, бата береді:

Арқаң көп мінгеннен жауыр болсын,



Мінезің қара жерден ауыр болсын.

Өддең жоқ — бауыр болсын,

Құлағыңнан сьібыр кетпесін,

Жасың алпысқа жетпесін,—

дейді. Батасын бергеннен кейің: «Мен не десем бәрінің де мағынасы бар, қалай түсіндің, өзіме айырып бер»—дейді Бөкен қарт.

Сонда Сырым:

  • Арқаң көп мінгеннен жауыр болсын дегенің — халық үшін жұмыс жаса, хальіқты өзіңе тарта біл — деге-нің. Мінезің қара жерден ауыр болсын дегенің — беріден ойлама, әріден ойла, салмақты бол, жеңіл болма дегенің. Өкпең жоқ бауыр болсын дегенің — не болса соған өкпе-леп, инені жіпке тізіп өкпешіл болма — дегенің. Құла-ғыңнан сыбыр кетпесін дегенің — ел арасында дау-жанжал көп кездеседЬ сол мәселені өзің шешіп, ақ-қарасын айырып, дұрыс төресін бере біл — дегенің. Жасың алпысқа жетпесін деген батаңызға түсіне алмадым,— депті.

Сонда Бөкен қарт Сырымға:

  • Мен сенен құдайдың берген жасын-қызғанам ба, жүз алпысқа кел. Мен жасым сексен төртке келді. Жасым алпысқа қелгелі алты бәлеге тап болдым. Мен сені сол алты бәледен аулақ болсын деп едім. Олар мыналар: Үлкен үйге кіре алмадым, кіші үйге сыя алмадым. Қара сақалды әкем болды, қара шашты шешем болды. Ауру келді, кәрілік жеңді,— міне, алты бәле деген осы,— дейді.

Сонда Сырым батыр:

  • Үлкен үйге кіре алмадым дегеніңіз, адамның қатары кетеді, баратын үйі таусылады; кіші үйге сыя алмадым дегеніңіз өзінен жасы кіші адамдардьщ үйіне жасы үлкен адам шақырусыз бара алмайды. Қара сақалды әкем дегені-ңіз өзіңнен туған ақылсыз бала, есейген соң әкенің тілін алмайды, әкесін дұрыс баға білмейді. Бір сөз айтсаң бетіңді қайырып тастайды. Қара шашты шешем дегеніңіз сол ба-ланың әйелі, келініңіз, «осы шалға не кереіс екен, берген асты ішіп жата бермей» дейтін шығар. Ауру мен кәрілік түсінікті ғрй,— депті. «Бақытты бол, балам, дұрыс шеш-тің»— дейді сонда Бөкен қарт.

Сырым Бөкен биден «қатты жерге қақ тұрады, қатты адамға мал тұрады» дейді, осы не сөз?»—деп сұрапты. Сонда Бөкен: ;

Қатты адамға мал тұрар қайырымы жоқ кәпір болса. Қатты жерге қақ тұрар, шөп шықпайтын тақыр болса,—



деген екен. Сырым «жігіттің Дос пен қасын қалай айырады?»— деп сұрайды, Сонда Бөкен:

Досың алыста, қасың жақында, жаман туысқаннан жақсы жолдас артық,— дейді. Сырым: «Пайда мен зиянды қалай айыруға болады» деп сұрайды. Сонда Бөкен: «Пайда мен зиянды айыру қиын. Пайда дегенім зиян болды, зиян дегенім пайда болды. Ол айыптың ісі» дейді. Сырым Бөкен бидің батасын алып, ат-шапанын беріп, жүрейін деп тұрғанда Сырымға қарап Бөкен басын шерткен екен.



Сырым оған аузын ашып, тілін көрсетіпті. Сонымен Сырым Бөкенмен бақылдасып, ақылдасып аттанады. Сырымның қасындағы жолдастары Сырымға «Бөкең сізге неге басын шертті, оған сен аузынды ашып, тіліңді шығардың, оның не?»—дейді. Сонда Сырым: «Ол кісінің маған басын шерткені —«басқа бәле қайдан келеді» деген жұмбағы еді, мен оған тілімді шығарғаным «басқа бәле қызыл тілден келеді дегенім»—депті.

МӘНСТІҢ ДЕ МӘНІСІ БАР

Сырым бір жолдасымен жолаушлап келе жатып бір үйге түссе, үйде сүйегі сұлу, тусі сүйкімді жас келіншек отыр екен. Сырым ішінен: «Шіркін-ай, мына келіншектің күйеуі қандай екен»—деп ойлайды. Кешке таман көзге қораш шал келеді. Сұлу келіншектің күйеуі сол болып шығады.

Сонда Сырым шаңыраққа қарап отырып:

Мәністін де мәнісі бар.



Жаманның мэәніспенен не ісі бар?

Құладын құс акқу іледі,

Оның да не әдісі бар?—

дейді.

Кіріп-шыққанда жас жігітке көзінің қиығын салып жүрген келіншек түсіне қойып:

Мәністің де мәнісі бар,



Жаманның мәніспенен не ісі бар?

Құладын қу ілсе әдісі бар,

Тағы бір ақку кұстан дәмесі бар,—

ден, екі әйеддің бірі болғалы тұрған өзінің жайын сездіріпті.

ӘЙЕЛДІ ҚОРСЫНБАҢДАР.

Алыс жолдан үй ішін сағынып келе жатып, аулына жақындағанда Сырым жолдастарына:

  • Қаттырақ жүріңдер, бүгін ауылға жете қонайық,— дейді.

Сырымпың әйелі ажарсыздау адам екен. Жолдастары соны әзілдеп, Сырымға естіртпеген болып:

  • Басқа кісі асықса дұрыс, ал осы Сырым қай әдемі әйеліне асығып келеді екен!— депті.

Бұл сөзді құлағы шалып қалған Сырым:

Жігіттер, әйелді қорсынбаңдар,

Әйелсіз ерге күй бітпейді.

Қойды «қой» деп қомсынбаңдар,

Қойсыз елге үй бітпейді.

Астымдағы қара атым — тұлпарым,

Қасымдағы қара әйелім -- сұңқарым,--

деп желе жөнелген екен.

Каталог: sites
sites -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет