Кіріспе «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру»



бет1/5
Дата15.09.2017
өлшемі2,31 Mb.
#33014
  1   2   3   4   5
Кіріспе

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» әрбір ата-ананың тілегі, әрі парызы. Ата-анасының рұқсатын алған қызға жігіттің ата-анасы құда түсіп келіп, құда-құдағилар құйрық-бауыр жескеннен кейін, екі жақ та болатын тойға дайындалуға кіріседі.

Адам өміріндегі ең бір қызықты да, қуанышты да ұмытылмас белең – оның үйленіп, жеке отау тігуі. Ұрпақтарының үлгілі отау құруы – сол жастардың ата-аналары мен ауыл адамдарының ғана тілек-талабы емес, қоғамдық қажеттілік. Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай, мемлекеттің де мықты болуы мүмкін емес.


Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар.
Ежелгі қалыптасқан дәстүр бойынша, қазақ жұртында отау тігудің бірден-бір жолы – құда түсіп, қалың мал төлеп үйлену арқылы жүргізілді.
Қазақтар көбіне балаларды атастыру арқылы үйлендіретін. Атастыру – екі жан достың әйелдері бір мезгілде аяғы ауырласа, бөпелер тумай-ақ олардың өзара келісуі. Дегеніндей болса, уақыты келгенде екі жасты үйлендіретін. Егер екеуі де ұл, не қыз болса, онда олар өскен соң әкелеріндей дос болып өтуге тиісті болған.
Сондай-ақ екі жастың көңілдері жарасса, жігіт сүйгенін алып қашып үйленуі де ертеден келе жатқан үрдістің бірі. Мұндай жағдайда жігіт жағы айып төлеп, көп шығынға батады.
Сол сияқты жігіт өзіне ұнаған қыздың әкесіне сөз салу арқылы да үйленеді. Бұл рәсім – «қыз айттыру» деп аталады.
Жігіт үйленер алдында әуелі өзіне ұнайтын теңін іздестіреді. Бұл дәстүр – «қыз көру», «жар таңдау» деп аталады.
Сұлулыққа жаны үйір халқымыз ғасырлар бойы ерге адал жар, сенімді серік болар қыз баланың сымбаты мен келбеті, мінезі мен ақылы, тәрбиесі мен өнегесі қандай болу керектігі жөнінде дәстүрлі талғамы мен өлшемін қалыптастырған.

Негізгі бөлім

  1. Өткен заманамыздағы «Қыз ұзату» дәстүрі

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» әрбір ата-ананың тілегі, әрі парызы. Ата-анасының рұқсатын алған қызға жігіттің ата-анасы құда түсіп келіп, құда-құдағилар құйрық-бауыр жескеннен кейін, екі жақ та болатын тойға дауындалуға кіріседі.

Қыз әкесінің негізгі дайындығы - қызына беретін жасауы мен киім-кешегі, құдаларға беретін киіттердің айналасында болса, жігіт әкесі қалыңмалдың соңын беру, қыз алуға барардағы сыйлықтар, той шығыны, кәде беру және бұдан да басқа толып жатқан дайындықтар қамын жасауға кіріседі. Екі жақ бірлесе отырып той күнін белгілейді. Ал қыз ұзату тойы күнін қыздың әкесі белгілеп, тойдан кейін алақанында аялап өсіріп отырған қызын жеңгелеріне қолтықтатып, құтты ұясына шығарып салады. Енді осы тойдың жайын тарқатып айтар болсам.

Біз көріп жүрген қыз ұзату бұрынғыдан өзгерек... «Қазір оның сарқыншақтары ғана қалды», - дейді көпті көрген үлкен қариялар. Ендеше осы қыз ұзатудың бүгіні жайында сөз қозғамас бұрын, оның өткенінен бастасақ. Дәстүр бойынша қалыңдықты алып қайту үшін жеті не одан да көп адам қыздың ауылына келеді. Ауылға жарты шақырымдай жол қалғанда күйеу бір жолдасымен қалады да қалғандары ауылға барып күйеудің келгендігін хабарлайды. Сонда қыз-келіншектер оның алдынан шығып қарсы алады. Ауылға келген күйеу жолдастарымен оңаша отау тігеді. Отау тігуге ауыл адамдары тайлы-таяғымен түгел ат салысып, жеңгелері мен балдыздары «кереге керер» жолын алады. Ал шаңырақты сол ауылдың елге сыйлы кәрі күйеуіне көтерткізеді. Бұл жас күйеуге де соның жолын берсін деген ырым. Тігілген ақ отауға ең алдымен қалыңдықты, одан соң күйеуді кіргізеді. Қалыңдық отаудың ас-су тұратын сол жақ босағасына барып, оң аяғымен жерді бір теуіп сыртқа шығады. Бұл «отаудың иесі біз боламыз» дегенді білдіреді. Осы ғұрыпты күйеу де қайталайды. Отау тігілгенге арнайы сойылған малдың еті осы жаңа отауда желініп, ас үстінде қойдың омыртқасын әйел күйеуіне ұсынады. Ол оны жібек орамалға түйіп, отаудың шаңырағынан сыртқа лақтырады. Бұл ғұрып «жас отаудың шаңырағы биік, босағасы берік болып, түтіні түзу шықсын» деген ырымды сипаттайды. Бұрынғы заманда қызды алуға деген үлкен талаптар қойылған екен.

Қыз таңдау дәстүрі.



Қызға қойылатын талаптар

Талапқа сай ұлттық түсінік

1

Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы

Жеті атасын білмеген жетесіз.

Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық.

 


2

Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы

Отау тігер жас – жігеттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19. Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.

(Шал ақын)



3

Қыздың ақылдылығы

Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақың кісің.           (Шал ақын)

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата – ананың қызынан қапы қалма

(Абай)


4

Қыздың тектілігі

Тегіне қарап қызын ал

Соғуына қарап қау ас.

Көріп алған көріктіден,

Көрмей алған текті артық.

Аяғын көріп асын іш,

Шешесін көріп қызын ал.



5

Қыздың сымбаты мен көркі

Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,

Махаббаттың отына күйген сұлу.

Ақылына көркі сай



6

Қыздың іскерлігі

Өнерсіз қыздан без.

Өнегесіз ұлдан без



1.1 Зерттеушілердің зерттеуімен

Ы.Алтынсариннің айтуынша, «ақ отаудың босағасы берік болып, түтіні түзу шықсын» дегенді білдірсе, И.Ибрагимовтың пікірінше, шаңырақ көзінен тысқа мойын тастау әдеті – болашақ жаңа отаудың түтіні әрқашан сөнбесін деген тілек-арманға, магиялық сенімге байланысты қалыптасқан.

Сондай-ақ бұрынғы кезде ұзатылып бара жатқан қыздың киіміне де аса мән берген. Соның ішінде сәукелеге. Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі қазақтарда қыз ұзату тойы дайындығының келесі бір қажетті дәстүрі – қалыңдыққа арналып жасалынатын бас киім – сәукеле және оның той мерзіміне дейін жасалынып бітуі болған. Қыз ұзату тойына байланысты сәукелені ата-аналар өз мүмкіндігіне қарай әр түрлі уақытта тіктірген. Ауқаттылар сәукелені күні бұрын жасатып қойса, кейбіреулер сәукелені алдынала дайындай алмайды. Ал кейібір отбасылар күйеу келіп жатқанда тіккізген.

Сәукеле жұқа ақ киізден сырылып тігілетін, өте қымбат бас киім. И.Ибрагимовтың айтуына қарағанда , ХІХ ғасырдың екінші жартысында сәукеле жасату үшін 5–тен 25 –ке дейін жылқы құны аталған.



Той күні қызықты өту үшін той иесі төңірекке аты мәлім өнер адамдарын – ақындар мен әншілерді, сал-серілер, жыршыларды, билер мен шешендерді, батырлар мен балуандарды түгел шақыратын болған.

И.Изразцовтың айтуынша, Жетісу қазақтарының арасында  ұзату тойына маңайдағы ауылдарды тойдан бір күн бұрын барлық қымбат киімдерін сәндене киген қыз жеңгесі басына қалыңдықтың сәукелесін киіп, қоныраулы күміс ер-тоқымды жорға мініп шақыратын болған.

Шақырылған қонақтар жолына, жасына, дәрежесіне қарамай арнайы әзірленген қонақ үйлерге түсіріліп, қыз-жігіттер оларға қызмет көрсететін. Той малы сойылып, саба-саба қымыз ішіліп, сыбағалы табақтар тартылғаннан кейін, жаяу жарыс, қыз қуу, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу секілді өнер сайыстары өткізілетін.

Дәстүр бойынша тойдың екінші күні балуандар күресі басталады. Балуандар күресі әрі қарай көкпарға жалғасып, көкпар аяқталғаннан кейін кешке айтыс және ән салу, күй тарту, жұмбақ айту, «Балтам тап», «Хан», «Мыршым» секілді ойындар ойнатылатын.

Қыз ұзату тойының келесі бір белгісі - кешқұрым ақ отаудың алдында «Жар-жар» айтатын қыз-жігіттердің бас қосуы.

Өзбекәлі Жәнібеков өз еңбектерінде: «Жар-жарды», «Сыңсу», «Аужармен» қоса қалыңдықтың ұзатылатын сәтінде оның өз үйіндегі тойда, ата-анасымен, жора-жолдастарымен қоштасу ретінде өткізетін болған» - деп көрсеткен.

Жар-жар айтудың



тәртібі бойынша алдымен бір жігіт бастап, қажет жерінде жігіттер тобы қостайды. Ал жауап сөзді құрбылары қостаған қалыңдықтың өзі қатады. Жар-жар мазмұны жағынан алып қарағанда қалыңдық пен ауыл жігіттерінің айтысы тәрізді, сондай-ақ бір ауылда бірге өскен қыз-бозбалалардың бір-бірімен қоштасуы. Жігіттер жағы үлгілі, әдепті бол, қайын ата, қайын енеңді сыйла, туған ауылыңа сөз келтірме деп наздарын айтады. Егер қалыңдық баратын жеріне, болашақ күйеуіне көңілі толмаса, әкесіне, ел-жұртына жар-жар айту сылтауымен өзінің наразылығын да айтып салады. Бірақ, қазақтың қалыптасқан дәстүрі бойынша бұл есепке алынбайтын болған.

Кешке қарай қыз туыстары қыз бен жігіттің некесін қидырады. Неке қию мұсылман дінінің қағидаларына сай өткізіледі. Қыз анасы күміс жүзік, сақина және садақ жебесі салынған сырлы тостағанға су құйып, молданың алдына жайылған ақ шүберекке қояды. Неках дұғасын оқыған молда күйеуден, қалыңдықтан, куәлардан, қыз әкесі мен бас құдадан ризалық алып, су ұрттатады.

Неке қиылғаннан кейін ұзату тойы да аяқталады. Қыз үйінен күйеу еліне аттанарда қимас өз ауылын аралап жүріп, жақын туыстарымен қоштасады. Қоштасудың негізгі мәні – үйлердің адамдарымен ғана жүздесіп шығу емес, әр туыстың от орнымен, шаңырағымен қоштасып, сол шаңырақ иелерінен, дәстүр бойынша, ескерткіш есебінде ұсынған сыйлықтарын қабылдап, ықыластарына ризашылық білдіріп, олардың сыйлықтарын көзіндей көріп жүруі. Бұл салт ел ішінде «танысу» деп аталған. Соңынан ата-анасымен, жұртымен, құрбы-құрдастарымен қоштасып, «сыңсу» айтып, өзінің жаңа үйіне кете барады. Бұның барлығы өткен ғасырдың қыз ұзатуы.



  1. Каталог: uploads -> doc -> 0d9d
    doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
    doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
    doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
    doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
    doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
    0d9d -> Сабақ №38 Мерзімі 29. 01. 2016ж Сынып 6
    0d9d -> Африканың табиғат зоналары
    0d9d -> Диктанттар (І сынып)


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет