Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі Алматы облыстық И. Нүсіпбаев атындағы мектеп-интернаты



бет7/19
Дата06.05.2020
өлшемі51,47 Kb.
#66214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
жансая -креатив

Үшінші қара сөз

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады; әрбір қайратсыз қорқақ, мақтаншақ келеді; әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз надан, арсыз келеді; әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.Абай бұл қарасөзінде әрбір жалқау кісінің іске қайратсыз, тамаққа тойымсыз, ойға шорқақ болатынын алға тартады. Жалқаулық-адамазаттың қас жауы.Жалқау адамның ойға алған ойы ешқашан іске аспайды.Демек,тұлғаның бойына креативтілікті дамытпас бұрын, адамның бойындағы жалқаулығымен күресу керек. Себебі креативті ой келе тұра, жалқаулығы бірге келсе келген ой жұмысқа айнала алмасы анық. Ал істелмеген істен, шықпаған нәтижеден ешқандай қайыр жоқ. [11,419б]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет