Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі


Жұмыстарды бағалау критерийлері



бет2/9
Дата10.11.2022
өлшемі33,46 Kb.
#157646
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоба емтиханы Робототехника Есентаев (1) (1)
chem-president-region-tasks (2), Ибрагим Сымбат
Жұмыстарды бағалау критерийлері:

  • ғылыми жаңашылдығы;

  • қаралған мәселенің өзектілігі;

  • құрылымның негізділігі және мазмұнының қисындылығы;

  • стиль және мазмұнының мәдениеттілігі;

  • арнайы әдебиетті пайдалануы және ақпаратты қолданудың түрлілігі;

  • шеттілді әдебиеттерді түпнұсқа тілінде қолданылуы;

  • анализдың және ақпараттың өңдеуінің қазіргі әдісін игерушілігі ;

  • меншікті ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінің болуы;

  • білім алушының өзіндік жұмыс тәсілі;

  • шешімнің және практикалық ұсыныстың болуы;

  • жұмыстың безендірілуі.

Жалпы ережелер:

  • Жоба бойынша жұмыс 1500 таңбаға дейін, 5-6 беттен аспайтын түсіндірме жазба түрінде орындалуы керек (титулдық беттерді қоспағанда);

  • Жобалау жұмысы плагиатқа қарсы тексеруден өтіп, тексеру нәтижесінің анықтамасы болуы керек (плагиатқа қарсы тексеруді мысалы, https://text.ru/antiplagiat, https://www.antiplagiat.ru/ сайттарында жүргізуге болады; мәтіннің бірегейлігінің нәтижесі 80%-дан артық болуы керек);

  • Google дискте жұмыстың электрондық нұсқасы, программасы жинақталуы қажет;

  • Орындалған және рәсімделген тапсырманы студент емтиханға дейін алдын ала 2 сағат бұрын өзінің жеке кабинетінде тиісті пәнге тіркейді.

  • Жобаны қорғау кезінде студент 5-6 беттен аспайтын презентацияны қолданады және жұмыстың толық нұсқасын комиссия мүшелеріне ұсынады.

  • Жоба кафедраның 2-3 мүшесінен (осы пәннің мамандары) жұмысты тексеретін кафедра оқытушысының қатысуымен бірге құралған комиссиялардың алдында ашық түрде қорғалады.



Жоба тапсырмаларының шешуге арналған әдістемелік ұсыныстар:
1) Тапсырманың мәтінін оқығаннан кейін, теориялық және технологиялық негіздерді, істің тақырыбы бойынша соңғы мәліметтерді анықтау үшін анықтамалық кітаптарды, интернет-ресурстарды, кәсіпорын құжаттамаларын және басқа да ғылыми-техникалық ақпараттарды қолдана отырып, қысқаша әдеби шолу жасау қажет.
2) Алдымен іздеу реті туралы ойланып, тақырып бойынша әдебиет көздерінің тізімін құруға кірісу керек. Сонымен қатар, оқулықтарға, монографияларға, анықтамалықтарға, стандарттарға шолу жасап, содан кейін мерзімді басылымдарға (ғылыми журналдар, диссертация тезистері, патенттер және т.б.) шолу жасау ұсынылады.
3) Әдебиеттерге шолу қағаз беттерінде және интернет ресурстарында жүргізілуі керек.
4) Ақпараттың негізгі көзі электрондық библиографиядан және деректі мәліметтер базасы Web of Science (WoS), Web of Knowledge (WoK), Scopus, Springer, Google Scholar және т.б болуы керек.
5) Әдебиеттерге шолу жасалғаннан кейін аналитикалық жазбаны жазуға негіз болатын материалдарды анықтау керек.
6) Аналитикалық жазбаның мәтінін құрастыру кезінде мәтінді қысқа және нақты етіп құру қажет.
7) Аналитикалық жазбаның мәтіні келесі негізгі бөліктерді қамтуы керек: тудындаған мүмкін болатын факторларды көрсете отырып, мәселені талдау және әдебиетке сілтемелер жасау; әдебиетке сілтемелермен бірге мәселені шешудің нұсқалары; нақты өндірістік жағдайларға, мүмкін болатын техникалық-экономикалық көрсеткіштерге, пайдаланылатын дерек көздерінің тізбесіне неғұрлым сәйкес келетінін нұсқаларды таңдай отырып, талдау;
8) Пайдаланылған дереккөздердің тізімі көп болмауы керек, 3-5 сілтеме жеткілікті.
9) Аналитикалық жазба аяқталғаннан кейін презентация дайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет