Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті



бет1/12
Дата31.12.2019
өлшемі2.29 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУҒА

арналған оқу құралы
/ жалғастырушы ДЕҢГЕЙ /

Оқу құралы Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің орынбасары

генерал-майор А.Ж. Күреңбековтің

жалпы редакциясымен дайындалған

Астана – 2012



Сыдықова Г.І.

Қазақ тілі. Ішкі істер органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға арналған оқу құралы. /Жалғастырушы деңгей/. – Астана: 2012 - 187 бет.


Осы оқу құралы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқытуға арналады. Оқу құралында ішкі істер органдары саласындағы қызметтік міндеттер, қоғамдық және ресми қатынастар тілін үйрету мақсатындағы тақырыптар қамтылған.
Редакциялық топ:
Ораз Н.С. – полиция капитаны, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің бастығы;

Өмірсейітов Б.С.полиция полковнигі, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті бастығының орынбасары;

Қарпықова Ә.Х. – полиция майоры, ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті Тіл басқармасының бас маманы;

Мусина Н.М. – ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті Тіл басқармасының аға инспекторы маманы.
Пікір жазғандар:
Асанғазы О. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты
Құрманбайұлы Ш. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының докторы, профессор.


Пікір
Тіл – адам баласының рухани байлығы, кез келген халықтың асыл қазынасы. Ал, мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие болған тілдің қоғамдағы рөлі аса зор. Ол бар саланы қамтитын, жастарымызды отаншылдық рухта тәрбиелейтін басты құрал болып табылады.

Мемлекеттік тілді әр қазақстандықтың білуі шарт, бүгінгі күні арамызда мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін өзге ұлттар санының артып келе жатқаны да қазақ тілінің беделінің биікке асқақтағанын көрсетеді.



Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тілдің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Мемлекеттік тілді ішкі істер органдары саласында дамыту бағытында жаңа әдіс түрлері бастау алған. Осының дәлелі ретінде міне, бүгінгі күні полиция саласына арнап мемлекеттік тілді оқыту құралын жарыққа шығарып отыр. Бұл оқу құралында полицейлердің терминдері барынша қамтылған.

Полиция халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын мекеме болғандықтан, осы оқу құралы қызметкерлердің халықпен қазақ тілінде тілдесуіне зор септігін тигізетіні сөзсіз.



Алдағы уақытта да Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тілді дамыту жолында еліміздегі алдыңғы қатарлы мемлекеттік орган болады деген сенімдемін. Осы игі істеріңізге әрдайым сәттілік тілеймін!

О. Асанғазы

Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің депутаты
Пікір
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті алғаш рет «Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқыту» атты оқу құралын жарыққа шығарып отыр.

Бұл оқу құралының ерекшелігі – барлық мәтіндер мен сөздіктер тек ішкі істер органдары саласына қатысты, онда полиция қызметкерлерінің күнделікті қызмет бабында кездесетін терминдері толық қамтылған.

Оқу құралының мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізіп, азаматтармен қарым-қатынаста мемлекеттік тілді еркін қолдануларына әдістемелік көмек беру.

Оқу құралы ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тіл курстарының оқытушыларына және полиция қызметкерлеріне арналған.



Осы оқу құралы арқылы алдағы уақытта қазақстандық полицейлер қазақ тілін толық игеріп, мемлекеттік тілді дамытуға өз үлестерін қосады деген үміттеміз.

Ш. Құрманбайұлы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тіл комитеті төрағасының орынбасары,

филология ғылымдарының докторы, профессор.

Алғы сөз
Ұсынылып отырған оқу құралы ішкі істер органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тілді жалғастырушы деңгейде оқытуға арналған. Сондай-ақ, осы оқу құралы ішкі істер органдарында дәріс беретін қазақ тілі оқытушылары үшін де пайдалы еңбек болып табылады.

Оқу құралының алғашқы беттерінде қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктеріне назар аударылған. Оқу құралы ішкі істер органдары саласына қатысты 24 сабақтан тұрады. Әрбір сабақ жалпы тақырыптар мен мәтіндерден, оларға қатысты тапсырмалар мен сөздіктен тұрады. Тақырыптар ішкі істер органдары саласына қатысты реттеліп, жинақталып алынған. Тақырыптар мен ондағы ішкі істер органдары саласына қатысты терминдер тыңдаушылардың сөздік қорын молайтып, тақырыптық шығарма, эссе жазуға, өз бетінше аударуға машықтандырады. Берілген мәтіндер тіл үйренушілердің сөйлеу дағдысын қалыптастырып, одан әрі дамытып, өз мамандығына қатысты кәсіби сөздер мен терминдерді меңгеруіне септігін тигізеді.

Оқу құралы құрылымы ішкі істер органдарына қатысты жалпы тақырыптар, мемлекеттік тілде іс жүргізу құжаттарынан, мәтіндер мен тапсырмалар, сөздіктен тұрады. Бұл оқу құралы алғаш жазылған арнайы шығарылым болғандықтан, алда өңделіп, толықтырылады деген сенімдеміз.



Ішкі істер органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тілді салалық оқытуға арналған оқу құралдың негізгі мақсаты: тіл үйренушілерді мемлекеттік тілде дұрыс сөйлеуге, қызмет ететін салаға байланысты кәсіби терминдерді меңгерту, кәсіби салада кездесетін негізгі терминдермен жұмыс істеп, оларды қызметтерінде тиімді қолдана алуға үйрету.

Ішкі істер органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тілді салалық оқытуға арналған оқу құралдың негізгі міндеті: кәсіби салаға байланысты қызметке қажетті әртүрлі тақырыптарға сөйлесім үлгілерін құрастыру арқылы тіл үйренушінің белсенді сөз қорын қалыптастыру, әртүрлі тақырыптар төңірегінде мемлекеттік тілде сөйлеуге бағыттау, мамандығына қажетті терминдерді меңгерту, кәсіби білім деңгейлерін арттыру.


1 – С А Б А Қ
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Танысу
Сұхбаттасу
Сәлеметсіз бе!

Сіздің аты-жөніңіз кім?

Сіз қайда қызмет атқарасыз?

Сіздің лауазымыңыз, арнайы атағыңыз қандай?

Сіз қайда және қашан тудыңыз?

Сіздің ұлтыңыз кім?

Сіздің ана тіліңіз қай тіл?

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл қай тіл?

Қандай шет тілдерін білесіз? Оларды қандай дәрежеде меңгергенсіз?

Газет-журналдарды қай тілде оқисыз?

Қазақ тілінде бағдарламалар көресіз бе, радио тыңдайсыз ба?

Отбасыңызда, қызметте қай тілді қолданасыз?


Мына сөздерді есте сақтайық:


Сәлем!

Үй- іші тегіс аман ба?

Сәлеметсің бе!

Өз хал-жағдайыңыз қалай?

Сәлеметсіз бе!

Ептеп, ақырындап

Сәлеметсіздер ме!

Амандықпен кездесейік!

Қайырлы таң!

Сәлем айт(ыңыз)!

Қайырлы күн!

Таныс болайық!

Қайырлы кеш!

Жақынырақ танысайық!

Кеш жарық!

Кездескенше!

Қош келдіңіз(дер)!

Қош сау болыңыз!

Денсаулығыңыз жақсы ма?

Жолыңыз болсын!

Дыбыстар классификациясы. Дыбыстар жүйесі.

Классификация звуков. Система звуков.


Дауысты

Гласные


Жуан. Твердые

а, о, ұ, ы, э, и, у

Жіңішке. Мягкие

ә, ө, ү, і, е, и, у

Қосарлы. Парные

я (й+а), е (й+ о), е (й+ э), ю (й+ у)

Дауыссыз

Согласные



Үнді. Сонорные

м, н, ң, л, р, /й/, /у/

Ұяң. Звонкие

б, в, г, д, ж, з, ғ

Қатаң. Глухие

п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ ч, щ




  • Есте сақтаңыз:

а) Қазақ тілінде 42 әріп бар, оның ішіндегі төл дыбыстары 9 (ә, ө, ұ, ү, і, қ, ғ, ң, һ).


Мысалы:

әнұран, заң, құқық, бұйрық, қазақ, ішкі істер, халық, міндет, бөлім.
Қ, Ғ - А, О, Ұ, Ы – жуан сөздерде кездеседі

К, Г - Ә, Ө, Ү, І, Е – жіңішке сөздерде кездеседі


ә) Бір сөз бірнеше мағына беруі мүмкін.
Мысалы:

басқару жетекші

возглавление руководитель

pуководство куратор

командовать ведущий

управлять
б) Екпін көбіне соңғы буынға түседі.

Қызмет, қызметкер, қызметкерлер
в) қазақ тілінде «предлог» жоқ, ол жалғау арқылы жазылады.

Мысалы:

Мен Ішкі істер министрлігіне келдім. Я пришел в Министерство внутренних дел.

Әке-шешем полиция саласында жұмыс істейді. Мои родители работают в сфере полиции.

Мен Қазақстан Республикасында полиция қызметкері болып жұмыс істеймін. Я работаю сотрудником полиции в Республике Казахстан.

Болат Қайратов Ішкі істер министрлігінде басқарма бастығы болып қызмет атқарады. Болат Кайратов работает начальником управления в Министерстве внутренних дел.
г) Жіктік жалғау

Мысалы:

Жекеше Көпше

(ед. число) (мн. число)



I . Мен инспектор- мын І. Біз инспектор - мыз

(я – инспектор) (мы - инспектора)

ІІ. Сен инспектор- сың ІІ.Сендер инспектор- сыңдар

(ты - инспектор) (вы - инспектора )

ІІ. Сіз инспектор- сыз ІІ. Сіздер инспектор- сыздар

(вы - инспектор) (вы - инспектора)

ІІІ. Ол инспектор ІІІ. Олар инспекторлар

(он, она - инспектор) (они – инспектора)
І. Мен тергеуші- мін І. Біз тергеуші- міз

(я - следователь) (мы - следователи)

ІІ. Сен тергеуші- сің ІІ. Сендер тергеуші- сіңдер

(ты - следователь) (вы - следователи пр. форма)

ІІ. Сіз тергеуші- сіз ІІ. Сіздер тергеуші- сіздер

(вы - следователь) (вы - следователи веж.форма)

ІІІ. Ол тергеуші ІІІ. Олар тергеушілер

(он, она - следователь (они - следователи)
Мысалы: Мен учаскелік полиция инспекторымын. Мен жедел уәкілмін. Ол аға инспектор. Сіз есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасарысыз. Сіз осы бөлімнің бастығысыз. Мен әкімшілік полиция басқармасының бастығымын. Сіз басқарма бастығының орынбасарысыз. Сен криминалдық полиция комитетінің жедел уәкілісің.

1-тапсырма: Берілген сөздерді жіктеңіз.

Заңгер, анықтаушы, куәгер.
д) Тәуелдік жалғау
Жекеше
Менің (мой, моя, мое) баянат+ым, қызмет+ім, бөлімше+ м, баяндама+ м, құжат+ ым, арнаулы атағ+ ым

Сенің (твой, твоя, твое) баянат+ың, қызмет+ің, бөлімше+ ң, баяндама+ ң, құжат+ ың, арнаулы атағ+ ың

Сіздің (ваш, ваша) баянат +ыңыз, қызмет+іңіз, бөлімше+ңіз, баяндама+ ңыз, құжат+ ыңыз, арнаулы атағ+ыңыз

Оның(его, ее) баянат+ы, қызмет+і, бөлімше+сі, баяндама+ сы, құжат+ы, арнаулы атағ+ы
Көпше
Біздің(наш, наша) баянат+ ымыз, қызмет+іміз, бөлімше+міз, баяндама+ мыз, құжат+ымыз, арнаулы атағы+мыз

Сендердің(ваш, ваша) баянат+тар+ың, қызмет+тер+ің, бөлімше+лер+ің, баяндама+лар+ ың, құжат+тар+ ың, арнаулы атақ+тар+ ың

Сіздердің(ваш, ваша) ) баянат+тар +ыңыз, қызмет+тер+іңіз, бөлімше+лер+іңіз, баяндама+лар+ыңыз, құжат+тар+ ыңыз, арнаулы атақ+тар+ыңыз

Олардың (их) баянат+тар+ы, қызмет+тер+і, бөлімше+лер+і, баяндама+лар+ы, құжат+тар+ы, арнаулы атақ+тар+ы
2-тапсырма: Берілген сөздерді тәуелдеңіз.

Міндет, куәгер, өмірбаян.
3-тапсырма: Өзіңіз туралы әңгіме жазыңыз.


2 – С А Б А Қ
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Дүние жүзінде 6000-ға жуық тіл бар, сонымен қатар әр халықтың өз ана тілі болады. Ана тілі бұл ата-бабамыздың, ата-анамыздың тілі. Қазақ халқының ана тілі – қазақ тілі.

Қазақ тiлi түркі тiлдеc тілдер тобына жатады.

Шоқан Уәлиханов қазақ тiлiн түркi тілдес топтарының арасындағы «ең мөлдiр, таза тiл» деп сипаттайды.

Қазақ халқының тұңғыш ұстаз-тәлiмгерi Ыбырай Алтынсарин 1861 жылғы «Қазақ хрестоматиясында» қазақ тiлiнiң әлiпбиiн жасап, оқу-ағарту iсiнде тiл бiлiмiнiң оқытыла бастауына үлкен жол салды.

Қазіргі қазақ тiл бiлiмi ғылымында қолданыста жүрген терминдердiң басым бөлiгi Ахмет Байтұрсыновтың «Тiл – құралы» еңбегi негiзiнде танымал.

Қазақстанда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Тілді еркін және тегін меңгеруге қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасалған.


1- тапсырма: Мәтінді оқып, әңгімелеп беріңіз.
қолданыс – употpебление, пpименение

тәлімгер – наставник

парыз – долг

ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар – организационные, материально-технические условия
2-тапсырма: Сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңыз.
Родной язык, известный на весь мир, государственный язык, первый учитель, общаться, представители многих национальностей, стараться не забыть, в мире.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет