Ќазаќстан Республикасы жоѓарѓы оќу орындарныњ ќауымдастыѓы


Өмір философиясының өкілі ─ А.Шопенгауэр, «Үрей метафизикасын»



бет57/143
Дата10.11.2022
өлшемі450,91 Kb.
#157449
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143
Байланысты:
ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1)
С бағдарламалау, Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, Ана тілі кітабы, экология, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб
Өмір философиясының өкілі ─ А.Шопенгауэр, «Үрей метафизикасын» пайымдаушылардың бірі.
А. Шопенгауэр дәулетті саудагер семьясында дүниеге келді. Өзінің өмірінде коммерция, медицина, кейін философиямен шұғылданды. Ол Берлин университетінде приват-доцент болып орналасқан соң, әйгілі Гегельмен бақталастырды. Шопенгауэр Гегельдің сабақ кестесін қарай отырып, сол уақытқа өз сабағын қояды. Әрине, студенттер дәрісті Гегельден тыңдады. Осының салдарынан ол оқытушылықты тастап, философиямен өз бетінше шұғылданды. Тірі кезінде танылмай, атаусыз қалса да, өлген соң кенеттен аты әйгілі болды.
Ол өзінің «Дүние ерік пен елес ретінде» атты еңбегінде Канттың көзқарасын жалғастырды. Шопенгауэрдің пікірінше: «Дүниеде негіз де, ақыл–ой да жоқ, тек қана «ерік» бар. «Еріктің» мәні кең, оны адамның жаны емес, табиғаттағы, қоғамдағы «ұмытылыс» деп санайды. Мысалы, жануарлар дүниесіндегі «ұмтылыс» өмірін сақтап қалу талабы, физикалық дүниеде «өзіне тарту – тартылыс» бар, ал қоғамда мемлекеттің, нәсілдің, халықтың және адамдардың «еркі» бар, ол – өмір сүру. Бұл ерік көмескі болғандықтан, ақыл-ой да, мақсаты да жоқ, яғни иррационалды.
«Ерік» ─ дүниедегі барлық процестер мен құбылыстарды негізсіз және себепсіз тудырады. Адам деңгейінде «ерік» шектен тыс сезім күйі – ашу-ызадан уақытша естен тану, мансапқорлық, кекшілдік, жыныстық ұмтылыс, сүйіспеншілік, делебесінің қозуы, қобалжу түрінде болады. Егер дүниенің негізі «ерік» ақылсыз болса, онда дүниеде де ақыл жоқ. Ғылым – дүние құбылыстарын ақыл-ой заңдарымен негіздеуге ұмтылып, әрдайым тұйыққа тірелді. Техниканың дамуы, адамға жақсылық емес, зиян келтіреді.
Шопенгауэрдің адам тағдырына, бостандығына, қажеттілігіне, бақытына байланысты көзқарасы түңілушілік (пессимистік) сипатта болды. Өмірдің мәні – дүниенің қайғы екенін түсіну. Ол адамның қоғам заңын және дүниені танудағы әлсіздігі мен үмітсіздігін алға тартты. Моральдық прогресті, бақытты және ақылға сиятын мемлекет құру мүмкіндігін жоққа шығарды. Бұл идеялар ХІХ-ХХ ғасырларда экзистенциализм философиясының қалыптасуына алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   143




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет