Жоспар Кіріспе Бағдарламаның құрамы



Дата31.10.2022
өлшемі4,67 Mb.
#155773
түріҚұрамы
Байланысты:
С бағдарламалау
Лекция-3.-Производные-ароматических-кислот-и-их-солей, ФИЛОСОФИЯ студенттеріме (1), Ана тілі кітабы, экология, 2сынып Қазақ тілі 14-15 саб

Жоспар

Кіріспе

Бағдарламаның құрамы.

Тілдің алфавиті.

Мәліметтер типтері .

С++ тілінің ерекшеліктері.

С++ тілінің кемшіліктері.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер


C++ - бұл жинақталған, статикалық түрде терілген жалпы мақсаттағы бағдарламалау тілі. С++ бағдарламалау тілін 1983 жылы Белл Лабс зертханасында Бьёрн Страустрап дамытқан. 2019 жылға қарай әлемдегі таралуы бойынша үшінші бағдарламалау тілі болып келеді. С++ өзінің ұзақ тарихында көптеген өзгерістерден өтіп, бүгінгі күні өте жылдам, компиляцияланатын, көптеген кітапханаларға ие тілге айналды. С++ жоғарғы және төменгі деңгейдегі программалау тілдерінің қасиеттеріне ие.
С++ БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНЕ
ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
• С++ тіліндегі бағдарлама препроцессордың директивасынан, компиляторға нұсқаулардан, ауыспалы немесе константаларды бейнелеуден және функцияларды анықтаудан тұрады.
• Айнымалыны бейнелеу айнымалының атауы мен атрибуттарын береді. Айнымалының атрибуттары ретінде тип, элементтер саны (массивтер үшін), жады классының спецификациясы және инициализатор бола алады.
• Инициализатор - айнымалыға, оның құрылуы кезінде мәнді беретін сәйкес константа.
Бағдарламаның құрылымы
C/C++ тілдері алфавитіне мыналар кіреді:
- ағылшын алфавитінің бас жəне кіші əріптері мен астын сызу символы кіреді;
- 0-ден 9-ға дейінгі араб цифрлары;
- арнайы таңбалар: " { } , | [ ] ( ) + - / % * . \ ' : ? < = > ! & # ~ ; ^
- тіл элементтерін бір-бірінен бөліп тұратын көрінбейтін айыру символдары: бос орын, табуляция символы, жаңа жолға көшу символы.
- қазақ (орыс) алфавитінің бас жəне кіші əріптері сөз тіркестері мен түсініктеме мəтін жазуда ғана пайдаланылады.
Тілдің алфавиті
● CHAR - символдық;
● SHORT - қысқа бүтін сан;
● INT - бүтін сан типі;
● FLOAT - нақты сан типі;
● LONG - екі еселенген бүтін сан;
●UNSIGNED - таңбасыз бүтін сан;
● DOUBLE - екі еселенген нақты сан типі;
● LONG DOUBLE - ұзартылған, әрі екі еселенген нақты сан типі
МӘЛІМЕТТЕР ТИПТЕРІ:
    • Көлемінің шағындығы;
    • Тілдің командалар жиыны;
    • Жылдам істейтіндігі;
    • Модульдік программалауды сүйемелдеуі;
    • Екілік разрядтағы өңдеуі;
    • Құрылымы икемді тіл

С++ ТІЛІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
Көлемінің шағындығы:
С++ тілінің синтаксистік ережелері басқа тілдерге қарағанда аз, оның компиляторын 256 Кб көлем арқылы-ақ жазып шығуға болады. Мұндағы операциялық әрекеттер, олардың комбинациясы жетерлік, бірақ қордағы түйінді сөздер саны да көп емес, Дэннис Ритчи жасаған алғашқы С++ тілінде тек 27 түйінді сөз болды, кейіннен ANSI C стандартында тағы бірнеше сөз қосылды.
Тілдің командалар жиыны:
Microsoft C/C++ нұсқасында тағы 19 командалар мен түйінді сөздер қосылды, соның нәтижесінде олар 66 болды. Басқа программалау тілдердегі функциялар С++ тілінде жоқ, мысалы, енгізу-шығару операторлары да кездеспейді, оның есесіне кітапханалық әр түрлі функциялар саны жеткілікті.
Жылдам істейтіндігі:
С++ компиляторлары жасаған программа кодтары шағын, әрі жылдам істейді, оның үстіне тілдің аппараттық құралдарға жақындығы ассемблер тіліменен қатар жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді
Модульдік программалауды сүйемелдеуі:
С++ тілінде жеке компиляциялау мен біріктіруден құрылатын модульдік программалау концепциясы пайдаланылады. Мұнда тек программаның өзгертілген бөліктерін жеке компиляциялау мүмкіндігі бар.
Екілік разрядтағы өңдеуі:
Жүйелік программалауда екілік разрядтарды өңдеу ісі жиі кездеседі. Әрине, UNIX операциялық системасымен тығыз байланыста пайда болған С++ тілінің екілік сандармен жұмыс істеу мүмкіндіктері өте зор.
Құрылымы икемді тіл:
С++ тіліндегі барлық массивтер - бір өлшемді. Көп өлшемді массивтер осы бір өлшемді массивтерден құрылады. Массивтер мен құрылымдар (жазбалар) бір-бірімен керекті түрде байланысып, мәліметтер базасын құрайды.
С++ тілінің кемшіліктері
Онда мыналар жоқ:
• енгізу-шығару массивтеріне дәреже тұрғызу операциясы;
• параллельдік процесстер және олардың синхронизациясы;
• массивтердің мүмкін болатын көрсеткіштері мәндерін бақылау.

Қорытынды

Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында, колледждерде, лицейлерде бағдарламалау курсын өтуде C++ бағдарламалау тілі таңдалады. C++ бағдарламалау тілі — кез келген дербес компьютердің ең қолайлы (ең кең тараған) бағдарламалау құралы. Cи бағдарламалау тілі күрделі емес. Ол кең танымал, және барлық платформалар оған сәйкес келеді. «Builder C++ ортасында бағдарламалау» оқу құралында C++ тілінде бағдарламалау бойынша практикалық дағдыларды жақсартатын көптеген практикалық тапсырмалар жинақталған.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Архангельский, А. Я. C++Builder. Работа с документами Excel / А.Я. Архангельский. - М.: Бином-Пресс, 2016. - 480 c. 2.Макки, Алекс Введение в .NET 4.0 и Visual Studio 2010 для профессионалов / Алекс Макки. - М.: Вильямс, 2014. - 416 c. 3.Пахомов, Борис Interbase и С++Builder на примерах ( +CD-ROM ) / Борис Пахомов. - М.: БХВ-Петербург, 2016. - 288 c. 4.Пахомов, Борис Самоучитель C/С++ и С++ Builder 2007 (+ DVD-ROM) / Борис Пахомов. - М.: БХВ-Петербург, 2013. - 672 c. 5.Перри, Грег Программирование на C для начинающих / Грег Перри , Дин Миллер. - М.: Эксмо, 2015. - 368 c. 6.Прата, Стивен Язык программирования C++. Лекции и упражнения / Стивен Прата. - М.: Вильямс, 2015. - 445 c.


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет