Қазақстан республикасы жоғАРҒы білім және ғылым министрлігі


Сигналдардың берілу түрлері



бет3/5
Дата23.05.2023
өлшемі196,32 Kb.
#177540
1   2   3   4   5
Байланысты:
Серікова Балшырын Серікқызы, РЭТк-21-2, №1 ЕГЖ
Семинар тапсырмалары, 1-Дәріс (1), ькльлкьальа, тезис
2 .Сигналдардың берілу түрлері



1-сурет. Сигнал түрлері(аналогтық сигнал, дискретті, квантталған, дискретті-квантты, цифрлық сигнал).
3.Сигналдарды кванттау

Сигналдарды кванттау - сигналды импульс түрінде беру қолайлырақ болатындықтан, ақпараттық үздіксіз сигналдарды үздікті сигналдарға ауыстырады.
2-сурет. Гармоникалық сигналды кванттау процесі
3.1.Сигналды кванттау қадамы:
(1.1)
АЦП кірісіндегі аналогты сигналдың ең үлкен мәні. m – екілік сан разряды. Квантталған сигнал аналогты сигналды дәлме дәл емес, қандай да бір қателіктермен жазады. Кванттау қадамы аз болған сайын қателіктер де аз болады. Квантталған сигнал ақпаратты дәл алуға, флуктуацияны азайтуға мүмкіндік береді. Сигналды жазғанда бейне дәл шығуы үшін Найквист (Котельников) теориясы қолданылады. Ол бойынша дискреттеу жиілігі екі еселенген максимал жиілікке тең.
(1.2)

Найквист жиілігі болса, сигналды дәл шығарып алуғаболады.


(1.3)

а) б)
3-сурет.((а) суретте униполярлы сигналдардың бір қалыпты кванттау принципін түсіндіретін, уақыттық диаграмма келтірлген, ал (б) суретінде – кванттаушы құрылғының амплитудалық сипаттамасы көрсетілген.)
Егер санау амплитудаларының екі көрші рұқсат етілген деңгейлер шегінде кванттау қадамының жартысынан асса, санау амплитудасы көп жаққа қарай өзгереді, егер кванттау қадамының жартысынан кіші болса – аз жаққа қарай өзгереді.
4.Сигналдарды дискреттеу
Сигналдарды дискреттеу - қазіргі байланыс техникасының даму кезеңінде сигналды импульс түрінде беру қолайлырақ болатындықтан, ақпараттық үзіліссіз сигналдарды үзілісті сигналдарға ауыстырады. Үзіліссіз сигналды уақыт бойынша үзілісті сигналдар тізбегіне айналдыруды "дискреттеу" деп атайды.
Үздіксіз сигналды дискреттегенде оның әрбір мезгілдегі мәнін немесе сигнал деңгейінің әрбір сатылық деңгейлік мәнін алады. Соларға қарай оны уақыт бойынша үзілістеу (дискреттеу) немесе деңгейлік дәрежесіне карай үзілістеу дейді. Сигналдарды дискреттеудің бірқалыпты өзгеруіне байланысты оларды кванттау деп те атайды. Үздіксіз сигналды уақыт бойынша дискреттегенде үздіксіз сигналдың мәнін әрбір белгілі уақыт қадамында есептейді. Әрине ол уақыт қадамын белгілегенде қайтадан қалпына келтірілген сигнал дәлдігіне әсерін ескереді. Сигналды деңгейіне қарай дискреттегенде үздіксіз сигналдың мәндерін белгілі бір деңгейлік сатыға өскенде немесе кемігенде алады. Сигналды әрі уақыт бойынша, әрі деңгей бойынша дискреттегенде, алдымен уақыт бойынша бір-бірінен белгілі қадам арасында орналасқан нүктелерді белгілеп, одан кейін осы уақыттагы сигнал мәнінің белгіленген сигналдың сатылық қадамына жақын тұрған (жоғарғы немесе төменгі) деңгейін алады.
Егер ақпараттық параметр бірнеше бекітілген шамада болса, бұл сигналды дискреттелген не кванталған деп атайды. Квантталу Тр1 – түрлендіргіштің арқасында жасалады, сонда өлшейтін сигнал t уақыт аралығында әртүрлі деңгейде дискреттеледі. суретте көрсетілгендей аналогтық сигнал U(t) уақыт бойынша бірінен кейін бірі болатын дискреттелген шамалармен Ui (ti) ауыстырылады.
Цифрлық өлшеуіш аспап ақпаратты тек қана дискреттелген уақыт кезінде сезе алады. Бұл уақыттың кезі басқару құрылғысы арқылы белгіленеді. Енді алынған дискретті сигналды (тұрақты кернеу) аралық (промежуточный) параметрге түрлендіру керек. Бұл параметр ретінде Тжа уақыт аралығы алынған, мұны жүйелік, аралық деп атайды. Бұл аралыққа қоятын міндет, ол әр уақытта өлшейтін кернеуге пропорционал болу керек.

4-сурет.Уақытпен кванттау және деңгеймен дискреттеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет