Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Егер сөз тіркесінің түрлерін модельдейтін болсақ, онда біз конструктивті моделдерді қолданамыз



бет10/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
. Егер сөз тіркесінің түрлерін модельдейтін болсақ, онда біз конструктивті моделдерді қолданамыз.
. Ал егер сөз тіркесінің басқа тіркес түрлерінен өзіндік айырмашылықтарын таңбалайтын болсақ, онда біз эвристикалықмодельді қолдана аламыз.
Сөз тіркесінің модельдерін құру және талдау барысында сөз тіркесінің түрлі қасиеттері, атап айтқанда, морфологиялық құрамы,синтаксистік байланысу тәсілдері мен байланысу түрі, синтаксистік қатынас түрі, сөздердің мағыналық үйлесімділігі, сөз тіркесінің сөйлем құру жолы, сөйлем мүшесі болу қызметі танылады.Сөз тіркесі моделін құруда құрылымдықпен қатар мағыналық талдау да жүргізіледі.Осымен байланысты, сөздердің тіркесімдік қабілеті мен тіркесудегі талғамы айқындалады.Сөз тіркесінің мағыналық, мәндік ерекшеліктерін меңгертуде сөз тіркесінің моделін жасату мен талдату жолы аса тиімді болады.
Сөз тіркесін модельдеуге үйрету барысында оқушыларға м о д е л ь туралы түснік беріліп,жалпы ұғым қалыптастырып,одан ерекше ұғымға келе алатын болуға,ал одан жеке ұғымға жете алуына қажетті тәсілер логикасы қолданылады (34). Негізінде, сөз тіркесі туралы топтастырылған ұғым (обобщенное понятие) жасауға алып келу басты міндет болғандықтан, модельдің нақтылықтан абстрактылыққа, абстрактылықтан қайта нақтылыққа келу жолында оқушының теориялық ойлауын дамытуға беретін мол тиімділігін атап кету керек. Модель- ғылыми абстракцияның бір түрі.Сөз тіркесінің моделі, шын мәнінде, осы тіл бірлігінің мәнді-маңызды басты белгілері мен қасиеттерін жалпы және жеке тұрғылардан таныта алатындай болуы шарт.Д.Б.Эльконин грамматиканы оқыту барысында модельдеуді қолдану туралы айта келе,тілдегі ішкі қасиеттер мен қатынастарды тікелей бақылауға мүмкіндік болмаған жерде модельдеу арқылы көз алдымызға келтіруге мүмкіндіктер ашылатындығын атапөтеді (35).
Тілдің құрылымы бірнеше деңгейлерден тұратын аса күрделі де ерекше болмыс екені белгілі: 1) мәтін; 2)дербес сөйлем; 3) дербес сөйлемнің компонентіретіндегі сөйлем; 4) сөз тіркесі; 5) сөз; 6)морфема; 7) фонема; 8) интонация; 9) екпін; 10) ырғақ.Тілде осы деңгейлердің әрқайсысының өз модельдері болады.Ал сөйлеу барысында ол модельдер ұжымдасып барып қолданылады.Бірақ барлық дерлік модельдердің шынайы болмысы мен «өмірі» көрсеілген1-4деңгейлерде танылады.
Сөз тіркесінің тірек модельдерін үйретуде оқушы мынадай іс-әрекеттер орындап, көзделген машық дағдыларды игеруі керек болады:

  1. берілген модельдерді сөзбен толықтырады: S+S= ағаш сандық;

  2. берілген сөз түбірлеріне қажетті морфемалары жалғап, сөз тіркесін мағыналық жағынан толыққанды етіп құрады: бала+ойын;

  3. модельді матастыра,меңгерте, қабыстыра байланыстыру арқылы трансформациялық талдаулар жасайды:V(ee)+S^

  4. берілген модельдің мағыналық жағынандұрыс не дұрыс еместігінен түсініктеме береді:S+Pron



  1. сөз тіркесі модельдерінің мүшелерінің орнын ауыстыру арқылы нәтижесінде жаңа сөз тіркесі немесе сөйлем,не тіпті сөз жасалуын бақылайды, мүмкіндігінше түсініктеме жасайды. Мысалы: қалың орман- орман қалың; сағат қалта - қалта сағат т.б.;

  2. сөз тіркесі модельдерін құруда оқушының П.Я.Гальперин теориясына сәйкес, кезеңдік әрекеттер орындайды: ориентир, бақылау, әрекет, нәтиже(36);

  3. сөз тіркесі компоненттерінің арасындағы грамматикалық байланыстарды тануы автоматизмге айналатындай саналылық принципіне сәйкес операциялар жүргізу;

  4. сөз тіркесі модельдері мен құрмалас сөйлем модельдерін ішінара салыстырыпотыру арқылы жалпы синтаксис туралы жүйелі ойлау дағдыларынқалыптастыруға бағыт алу: білімнің пайдасы екі дербес мағыналы сөзден бір синтаксистік бір синтаксистік байланыс арқылы жасалып тұрған сөз тіркесі;Білім алып, елге пайдасын тигізуді ойлады екі жай сөйлемнің бір синтаксистік байланысқа негізделген күрделі ой құрауы.

Модельдеуді қолданудың тиімділігі оқушының санасында грамматикалық білімнің автоматтандырылып, меңгерілген модельдің түпнегіз қызметін атқара отырып, жаңа сөз тіркестерін жасай беруіне тірек болуын мүмкін етуінде . Н.И.Жинкиннің сөзіне сүйенсек: «Не только с точки зрения языковедческой, но и физиологической проблема замен представляет значительный интерес.Известно, что в любом стереотипе один элемент можетзамещать все остальные и весь стереотип в целом. Если в стереотипе сложился некоторый комплекс элементов, который в свою очередь, вошел в некоторую ассоциативную систему, раздражитель, вызывающий активность одного из элементов, является сигналом запуска для всей сложившейся системы» (37).
Егер сөз тіркесі моделінің оның дыбыстық алгоритмі мен нақты мағынасына тәуелді емес екендігіне сүйенетін болсақ, онда, модельдің оқушының жадында дербес сақталатындығын да мойындаймыз. Мысалы мына модельді алайық: Ad j + S(сын+зат). Бұл модель бойынша жүздеген сөз тіркесі жасалатын болғандықтан, олардың әрқайсысының жекелеген мағынасы мен айтылу ерекшеліктеріне осы модельдегі сөз тікесі үшін, барысында мағыналық жағына үйлесімділік тапқан сын есім мен зат есімнің тіркесі жасалады.
Қазақ тілі- оқушылардың ана тілі болғандықтан, сөз тіркесі модельдерінің ұлттық ойлау механизмдерімен байланысты болатындығы белгілі.Сөздердің мағыналық жағынан үйлесімділігі олардың тіркесу қабілеттері мен тіркесудегі таңдау мүмкіндіктерін жүзеге асырып отырады.Сонымен бірге, сөз тіркесі сөйлем құраушы элемент болғандықтан, қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі мен айтылу интонациясы да сөз тіркесі модельдеріне әсер етеді.Дұрыс меңгертілген ана тілі- оқушының басқа тілдерді сапалы да терең игеруінің негізі болмақ. Сондықтан, сөз тіркесі модельдерінің алынып отырған символдары –оқушылар үйреніп жатқан ағылшын, неміс не француз тілдеріне де тән екендігі оқушыларға ескерітіліп, ана тілінің теориясын оқытуда басқа шет тілдеріне сүйенуді нысана етіп отырмыз.Сөз тіркесінің модельдерін меңгерумен оқушылар сөйлем құралуының, синтаксистік байланыстар мен қатынастардың болмысын таниды.Модельдеуді үйренген оқушының теориялық ойлау дәрежесі өсіп,сөйлеу тілін байытуда,сапаландыруда жаңа көкжиектерді аша бастайды.
Оқушының санасында сөз тіркесінің теориялық бейнесін қалыптастыруда символдық модельдермен қатар, графикалық модеьдер де үлкен орын алады.Оқушының меңгерген білімін бақылау, тексеру барысында дәптер мен компьютердің мүмкіншіліктерін қатар қолданып,схемаларға өзіндік өзгерістер енгізу жұмыстары мен жаңа графикалық модельдер құрғызу тапсырмаларын орындату керек.Сөз тіркесінің мектеп бағдарламасы көлемінде біз ұсынып отырған белгілерін топтап бір графикалық модельдер түрінде бере аламыз. Мұнда В.Шаталовтың «тірек-сызбалары көмек етеді. Сөз тіркесінің вербалдық модельдері мен модельдері жүйесін жасау конструктивті модельдерен жұмыс жасауды үйретеді. Ал теориялық жаттығулар орындату барысында сөз тіркесіне байланысты ұғымдарды жүйелеуде, топтастыруда эвристикалық модельдер қолданылады. Әрине, сөз тіркесіне қатысты мұндай күрделі ойлау операцияларын орындату сабақ санының мол болуын ғана емес, оқушымен жеке жұмыс жасау мүмкіндіктерін де көптеп қарастыруды, табуды міндеттейді. Модельдеуді үйретудің тиімділігін эксперимент барысында оқушылардың зейіні мен конструктивті ойлау дәрежесінің көп өскендігімен анықтадық деп айта аламыз. Сондықтан да, оқушыларға тілден, оның ішінде ана тілінен терең білім беруде барлық сапалы әдістерді қолданудың жолын қарау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет