Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін теориялық деңгейде меңгерген оқушы моделі



бет8/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
Сөз тіркесін теориялық деңгейде меңгерген оқушы моделі

Тілді теориялық талдау әдістерін меңгерген






Ғылыми ізденімдік зе реттеу логикасын меңгерген




Логикалық ой операцияларын біледі және еркін қолданады




Теориялық білімін даму құралына айналдыралды, практикада саналы қолданады




Оқушылар ізденімдік зерттеу жұыстарын орындау барысында сөз тіркесінің эмпирикалық деңгейде танылған сыртқы « белгілермен» емес, обьективті қасиеттерімен байланысты операциялар орындайды. Теориялық ұғым жасау тек жүзеге асқан ізденім зерттеу жұмысының сөз тіркесінің бір қасиетін анықтаған нәтижесі болады. Сонда, ізденім зерттеу жұмысын орындап, белгілі бір ғылыми ұғым жасаған кезде, мұғалім ол ұғымның қазақ тіл білімінде, жалпы тіл білімінде анықталған ғылымиұғыммен сәйкестігін анықтап, оқушының зерттеу процесіне баға береді. Әрине, оқушы орындаған тапсырмалар мен ізденіс нәтижелері дәстүрлі оқытуда орындайтын жаттығулар мен одан күтілетін нәтижеден мүлде өзгеше болады.
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясының логикалық желісі:

  1. Оқушылардың сөз тіркесін тану қызығушылығын қалыптастырып, теориялық әдістерді қолдана отырып, сөз тіркесінің түрлі ішкі қасиеттерін өз бетімен тануға ұмтылдыратын танымдық мақсаттар мен міндеттер анықталады.

  2. Оқушылардың сөз тіркесі туралы осыған дейінгі білім тәжірибесіне сүйене отырып, сөз тіркесін басқа синтаксистік және тіл бірлігімен салыстыра отырып, осы кіші жүйені құраушы бірліктің ішкі құрылымдық заңдылықтарын анықтауға қажет жағдайларды мұғалім ұйымдастырып, басқарып отырады. Сөз тіркесінің сыртқы белгілері мен ішкі қасиеттерін байланыстар және саралай тани алатын логикалық операциялар мен оларды қолдану жолдары үйретіледі.

  3. Сөз тіркесінің сыртқы белгілері мен ішкі қасиеттерін байланыстар және саралай тани алатын логикалық операциялар мен оларды қолдану жолдары үйретіледі.

  4. Сөз тіркесін ізденім зерттеу әдісі мен талдау жолын оқушының өзі үшін «ғылыми жаңалық» ашатындай желімен ұйымдастыру мұғалімге міндеттеледі, яғни мұғалім оқушының алдына міндет қойғанда, оқушының өз бетімен зерттеу жүргізуінің мақсатын айқындап береді.

  5. Оқушы орындайтын жаттығулармен тапсырмалар өз деңгейінде ғылыми байламдар жасауға жетелейтін мазмұнда берілуі мұғалімге міндеттеледі.

  6. Сөз тіркесін теориялық деңгейде танытуға арналған жаттығулар жүйесінің ішкі деңгейлерін ескеріп, олардың бірізділікпен орындалуын мұғалім қадағалап отырады.

  7. Теориялық білім мазмұны мен орындалатын практикалық тапсырмалардың сәйкестігін оқушы өз бетімен қадағалай білуі дағдыландырылады.

  8. Оқушының шығармашылық қабілетін әрдайым ұштап отыру тек мұғалімге жүктелмей, оқушының өзіне де міндеттеліп, рефлексиялық қабілетін дамыту жұмыстары орындатылуы жүйеге түсіріледі.

  9. Оқушылардың ізденімдік зерттеу жұмыстарын орындау арқылы қол жеткізген теориялық білімін тексеру мен бағалаудың дәтүрлі түрір ғана қолданбай, компьютер арқылы жаңа формаларын қолдану міндеттеледі.

Сөз тіркесін дамыта оқытуға кірісерде мұғалім оқушының сөз тіркесін танып білудегі оқу қызметінің көп бөлігі оның ізденімдік зеттеу жұмыстарын орындауға берілетінін жақсы түсінуі керек. Мұндай ұйымдастыру түрі оқушының дәстүрлі оқыту жүйесіндегідей, жаттығулар мен тапсырмаларды сабақта көп орындай алмайтынын анықтайды.Сондықтан, оқушылардың геориялықізденіс барысында практикалық машық дағдыларын қалыптастыру міндетін орындаудың жаңа түрін қолдану керек. Ең алдымен, бұл мәселе оқушының орфографиялық және пунктуациялық дағдыларын қалыптастыруға байланысты болады.Қазіргі заман әдістемесі орфографиялық және пунктуациялық дағдылар қажетті машықтардың автоматтандырылуының нәтижесі екенін негізге алады.Сондықтан да оқушылардың орфографиялық және пунктуациялық сауаттылығын қалыптастырудың бағыты тек орындалатын жаттығулар санымен емес, сапасымен өлшеу дегенді ұстанады. Сөз тіркесіне байланысты мол жаттығулар жүйесін жасағанмен, олардың барлығын сабақта орындау мүмкін және қажет емес. Оқушының өз бетімен ізденуі үшін жасалып отырған жаттығулар жүйесінің өз бетімен орындауын оқушыдан мұғалім талап етіп және қадағалап отырады. Солардың қатарында орфографиялық және пунктуациялық ережелерге байланысты жпаттығулар да енеді. Сөз тіркесін теориялық деңгейде оқыту барысында оқушының ойлауы дамуы өз өзінен болып жататын процесс емес, сөз тіркесінің табиғатын неғұрлым терң танытатын теориялық әдістерді қолдану барысында ғана оқушының ойлау дағдылары жетіле береді. Осы төмендегі модель арқылы көрсетуге болады.
Оқушылардың теориялық ойлауы дамуы
№2 сурет






В.В.Давыдовтың айтуынша теориялық ойлау екі негізгі формада жүзеге асырылады: 1) нақты фактілік материалдар және оларды топтастыру негізінде танылып отырған нәрсенің түпкі мәнін және оның «клеткасы» туралы ұғым түрінде белгілейтін мазмұндық, реалды абстракция жасалып шығады; 2) одан кейін сол «клеткадағы» қарама- қайшылықты ашу арқылы және оның практикалық шешімін анықтау тәсілін табу арқылы абстрактылық түпкі мән мен дамушы тұтастықтың түрлі қырларының бірлігіне деген жарылмаған бүтін, жалпы қатынастан енді нақтылыққа қарай ө т у жолы басталады (32).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет