Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі тіл комитеті мемлекеттік тілді жеделдете оқыту республикалық орталығЫ


Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы мұғалімдерге арналған құралдар жүйесі



бет65/71
Дата30.11.2022
өлшемі1,02 Mb.
#160620
түріМонография
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71
Байланысты:
Құрманова Н.Ж. ҚАЗАҚ ТІЛІН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
«Биология» 8-сынып , 3 3, Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр, Положение о конкурсе лучший сотрудник месяца, Short Stories for Children for Spoken English Program ( PDFDrive ) (1), Қарлы боран, Жаһандық экономика және еңбек мәселесі, Назарларыңызға рахмет ! (3)
Сөз тіркесін дамыта оқыту технологиясындағы мұғалімдерге арналған құралдар жүйесі
«Мұғаліммен жүргізілетің әдістемелік жұмыс дегеніміз – оларға көмек көрсету, олардың біліктілігін жоғарылату, яғни мұғалімдер үшін бірлестіктер, секциялар, семинарлар ұйымдастырып, озық тәжірибені тарату, курстық шаралар ұйымдастыру, кеңес беру, әдістемелік материалдарды басып шығару», - деп түсіндіріледі әдістемелік еңбектерде (136). Сөз тіркесін дамыта оқытуда мұғалімдердің біліктілігі мен білімі, шеберлігі мен әдіскерлігі – барлығы маңызды орынға ие болады. Өйткені, оқу процесінде қаншама жаңалықтар енгізілгенімен, мұғалімдер даярланбаса, оларға арналып әдістемелік құралдар әзірленбесе, енгізген жаңалықтардың оқушының білімін жетілдіруге күші жетпеуі де мүмкін. Мұғалімдермен жүргізілетің әдістемелік жұмысты студенттерден бастадық. Ең алдымен, Қазіргі қазақ тілінің синтаксистік жүйесі, сөз тіркесін модельдеу туралы оқу құралы жазылып, Абай атындағы АлМУ-де студенттерге оқылды. Одан кейін, сонда «Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамыту әдістемесі» арнаулы курсы оқылды, одан соң, «Қазақ тілі синтакисисін дамыта оқыту технологиясы» арнаулы курсы С.Бәйішев атындағы АУ гуманитарлық бөлім студенттеріне оқылды. Мұғалімдер мен студенттерге арналып, cөз тіркесін теориялық талдау әдістері, текспен жұмыс, шешендік өнерге баулу, сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту, дидактикалық карточкалар, тест жинағы, сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамыту әдістемесінің ғылыми негіздері, студенттермен лингвистикадан және лингводидактикадан ҒЗЖ ұйымдастыру т.б. оқу және әдістемелік құралдар жасалып, ұсынылды. Осындай әдістемелік материалдармен қатар, барлық уақытта тәжірибе жүргізуші мұғалімдерге кеңес берілді, Алматы, Ақтөбе облыстарында мұғалімдер білімін жетілдіру институттарында дамыта оқыту, қазақ тілінің сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту бағытында курстар ұйымдастырылды.
Авторлық «Дамыта оқыту және оның қазақ тілін оқытудағы ерекшеліктері» атты ғылыми-әдістемелік семинар мектеп мұғалімдеріне және курсқа қатысушыларға арналған, жүйелі түрде оқылып тұрды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   71




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет