Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм исламдағЫ Әйелдің жағдайы және қҰҚЫҚтары



бет12/16
Дата24.09.2023
өлшемі262,96 Kb.
#182221
түріАнықтамалық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істер-emirsaba.org
ат1физ
Гендерлік теңдік – әлеуметтік функцияларды орындау барысында
жынысына тиесілі тәуелсіз ресурстар мен игіліктерге ерлер мен әйелдер үшін
тең қолжетімділік.
Гендерлік статистика ерлер мен әйелдердің жағдайы туралы деректер
жиынтығын келесі салаларда көрсетеді: халық, отбасы, денсаулық сақтау,
білім және коммуникациялар, жұмыспен қамту, адам құқығы және саясат. Ол



36
ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктері принциптерін


жүзеге асыру, әлеуметтік-демографиялық саясатты тиімді әзірлеу барысында
ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде ерлер мен әйелдердің
ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік берудің маңызды құралдарының бірі
болып табылады.
Қазақстанда гендерлік статистика мәселесіне жоғары көңіл бөлінеді.
2006-2016 жылдарға гендерлік теңдіктің Ұлттық стратегиясында әр
мәлімделген бөлімі бойынша толық гендерлік статистика және гендерлік
индикаторларды толық жетілдіру мәселесіне жеткілікті назар аударылған
стратегиялық міндеттер мен іс-әрекеттер қаралады.
Қазақстан Республикасы да көштен қалмай Үкімет қаулысымен 2003
жылдың 27 қарашасында гендерлік саясат концепциясын қабылдады.
Қазақстанда гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге
асыру мақсатында ҚР Президентінің нұсқаулығымен құрылған Әйелдер
істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы
қызмет атқаруда.
Аталмыш комиссияның міндеттеріне Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
Даму стратегиясын іске асыру тұрғысында аймақтық ерекшеліктерді ескері
отырып, отбасыға, әйелдер мен балаларға қатысты кешенді мемлекеттік
саясатты қалыптастыру үшін басымдықтарды айқындау; отбасын, әйелдер
мен балаларды әлеуметтік, экономикалық, заңдық және психологиялық
тұрғыда қолдаудың кешенді жүйесін әзірлеуге жәрдемдесу; қоғамның
экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өміріндегі отбасының, әйелдер
мен балалардың ақиқат жағдайын анықтау мақсатында ғылыми зерттеулер
жүргізуге, ақпараттық базаны түзуге жәрдемдесу; халықаралық ұйымдармен
ықпалдастық, халықаралық деңгейде өткізілетін отбасы, әйелдер мен балалар
жағдайының мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестер мен
семинарларға қатысу және т.б. кіреді.



37
Комиссия жұмыстарының негізгі бағыттары мемлекеттің саяси және


экономикалық
дамуына
әйелдердің
қатысуын
қамтамасыз
етуге,
демографиялық саясат пен рухани-адамгершілік тәрбиеге, сонымен қатар
халықаралық ынтымақтастықты арттыруға бағытталған. Аталмыш бағыттар
өз ішінде отбасына, ана мен балаға, әйел адамдардың қоғамдық рөліне
қатысты бірқатар жоспарларды қамтиды.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссиясының жұмыс есебі бойынша бүгінгі таңда әйелдер қауымының
еліміздің
қоғамдық-саяси
өміріне
қатысуда
белсенділік
танытып
отырғандығы белгілі болды. Жұмыс істейтін адамдардың қатарында
әйелдердің үлесі 50% - дан асса, шағын және орта бизнес субъектілері
басшыларының 40%-дан астамы кәсіпкер әйелдер екендігі анықталды.
Ұлт Көшбасшысы «Қазақстан – 2050 стратегиясы: қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында жаңа кезеңдегі әлеуметтік
саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ана мен баланы қорғауды бірінші
орынға қойды. Осы мәселенің негізінде «Саламатты Қазақстан» Қазақстан
Республикасы
денсаулық
сақтауды
дамытудың
мемлекеттік
бағдарламасының
іс-шаралары
жүзеге
асырылуда.
Статистикалық
мәліметтерге жүгінсек, соңғы 5 жыл ішінде қазақстандықтардың өмір сүру
ұзақтығы 70,4 жасқа дейін ұзарса, аналар арасындағы өлім-жітім деңгейі 2
есеге, ал нәрестелер арасында 1,7 есеге азайған. Бұл көрсеткіштер әйелдер
мен балаларға бағытталған жұмыс нәтижесін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының 2012 жылы 14 ақпанда Ананы қорғау
туралы конвенция ратификацияланып еңбек саласында барлық әйелдердің
теңдігіне, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне одан әрі
жәрдемдесу үшін ананы қорғау, оның ішінде жүктілігі мен бала тууы



38
бойынша демалыстың ұзақтығы және сақтандырылған табыс мөлшеріне


байланысты анаға ақшалай төлемақы мөлшері белгіленген.
«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында отбасын жоспарлау
мәселесі енгізіліп, туу мен көп балалы болуды ынталандыру бағытында 2010
жылдан бастап көпбалалы аналардың туған және тәрбиелеген балаларының
саны азайтылды, яғни «Алтын алқа» белгісімен марапаттау үшін 10-нан 7
балаға дейін, «Күміс алқа» үшін 8-ден 6 балаға дейін төмендеді.
Отбасы маңызды әлеуметтік бірлік ретінде заңның қорғауында болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы,
ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп атап көрсетілген.
Мемлекет отбасын нығайтумен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға және
қалыптастыруға ерекше назар аударуда.
Осыған дәлел ретінде Елбасымыз Жолдауының «Мәдениет, дәстүр және
даралық» атты тарауында: «Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады» деп
ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрімізді қорғауға, бірлікке шақырып, «үйдің
берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы
сыйластықпен, татулықпен кіреді» дейді.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық
комиссия тарапынан бүгінгі таңда бірқатар шаралар атқарылып, қызметтер
жүзеге асырылуда.
2015 жылдың 20 наурызында өткен ҚР Мемлекеттік хатшысы
Г.Әбдіқалықованың төрағалық етуімен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер
істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның
кезекті
отырысында
индустрияландыру
бағдарламасының
бірінші
бесжылдығында 770 жоба іске қосылғанын атап өтілді. Бұл жобаларға
63 мың адам тартылса, оның 18 мыңын (29%) – әйелдер қауымы құраған.
Отырыста
сондай-ақ
мемлекеттік
органдардың
стратегиялық
жоспарларының гендерлік аспектілері, Астана, Алматы қалалары мен
облыстар аумақтарын дамыту бағдарламалары, Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің өңір халқының репродуктивті денсаулығын сақтау бағытында
қолданылып жатқан шаралары қаралды. Г.Әбдіқалықова халықтың қалыпты
өсуін және жалпы өмір сапасын арттыру үшін репродуктивті денсаулықты
сақтау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
2015 жылдың 12 маусымында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай
өткізілген ғылыми конференция негізінде «Қазақ хандығы тұсындағы
ханымдар мен арулар» атты жинақ жарық көрді. Еңбек даналық пен парасат-
пайымы арқылы көзге түсіп, тарихта аты қалған қазақ әйелдеріне арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет