Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық


– Мен 1-2 заң ғана білемін. Айтып берейін... –



Pdf көрінісі
бет261/269
Дата15.07.2023
өлшемі10,84 Mb.
#179460
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   269
Байланысты:
Қазақ тілі. Оқулық В1
11 билет стилистика, Gulsina my life without money, Әріп Тест Технология қыз балалар, СҮРЕ

Мен 1-2 заң ғана білемін. Айтып берейін...

Ал айта ғой, егер менікінен өзгеше болса, саған өзімнің білетінімді қосамын.

Егер біздің елде әйелдердің көлік айдауы қалыпты болса, Сауд Арабиясы нәзік жандыларға көлік 
айдауға тыйым салады екен. Сондай-ақ, Сауд Арабиясында тұратын әйел азаматы дәрігер мамандығын 
иемдене алмайды. Бұған заң үзілді-кесілді қарсы. 

Сауд Арабияның біздің заңнан ерекшеленетін жақтары көп деп ойлаймын. Ал сен мына заңдарды 
естіп пе едің? Канадада радиотолқын арқылы шырқалатын әр бесінші әннің орындаушысы міндетті түрде 
канадалық азамат болуы керек. Сондықтан Селин Дион мен Брайн Адамның әні эфирден жиі беріледі екен. 
Ал француздар торайларды Наполеон деп атай алмайды екен. Бұл Наполеон Бонаппартқа деген құрметтің 
бір белгісі болса керек.

Ойпырым-ай, не деген отансүйгіш заңдар десеңші! Ал сен Сингапурда болып па едің? Егер онда 
болсаң, менің айтқаныма таң қалмассың. Сингапурлықтар тазалық жанашырлары екен. Ол елге сағыз 
апаруға да, ол елде жүргенде сағыз шайнауға да тыйым салыныпты. Сонымен бірге көшеде кішкентай 
қоқыс тастайтын болсаң, 500 АҚШ долларын айыппұл ретінде төлейсің.

Иә, таза болған жақсы ғой. Мен оларды құптаймын. Егер бізде де сондай заңдар қабылданса, жақсы 
болар еді деймін. Ал бірақ қытайлықтардың мына заңымен мүлдем келіспеймін. Қытайда суға батып бара 
жатқан адамды құтқару заңға қайшы әрекет болып саналады. Өйткені бұл әрекет адамның жеке өміріне 
қол сұғумен пара-пар.

Шын айтасың ба? Сұмдық екен! Адамды құтқару – әр адамның азаматтық борышы емес пе? Иә, әр 
елдің салты басқа деген осы екен ғой.
№21 Аудиофайл
Мәтінді тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Әлемдегі ең ауыр мысық 15 келі тартады.
Америкалық Animal Haven деген зообаққа салмағы 15 келі тартатын “Спанч Боб” атты сары түсті 
мысық түскен. Хайуанаттарды паналататын Animal Haven қызметкерлері бұл мысықтың салмағы төрт 
жасар баланың салмағымен бірдей екеніне таңғалып отыр.
Болливудтық актриса Джиоти Амджи әлемнің «ең кішкентай әйелі» атанды.
18 жастағы үнді қызы Джиоти Амджи өзінің қысқа бойының арқасында Гиннестің рекордтар кітабына 
енді. Ол отбасымен бірге Үндістанның өзі туған Нагпур қаласында тұрады. Джиоти Амджи әлемдегі «ең 
кішкентай әйел» атанғанына, сонымен қатар осы жасында атақты болғаны үшін өзін бақытты сезінеді. 
Оның бойы небәрі 62,8 сантиметр, салмағы 5,4 келі екен.
Өлшеу нәтижесінде Джиоти Амджидің бойы Гиннестің рекордтар кітабына бұрын енген 22 жасар 
американдық Бриджит Джорданнан 7 сантиметрге кіші екені анықталған. Сол себепті де «ең кішкентай 
әйел» атағы осы уақытқа дейін екі фильмге түсіп үлгерген актриса Джиоти Амджиге берілді.
Джиоти Амджидің әке-шешесі қыздарының өзін жақсы сезінуі үшін керекті заттары мен бөлмесіндегі 
жиһаздарын ыңғайлы етіп жасап берген. Ол оқушы кезінде мектепке құрдастарымен бірге барғанымен, 
өзіне арналып жасалған партада бөлек отырады екен. Сондықтан ол мектепте өзін бөтен сезінбеген
барлық балалармен тең дәрежеде болыпты.
“Манчестер Юнайтед” – әлемнің ең қымбат тобы. Forbes (форбс) журналы жылдың ең қымбат 
топтарының рейтингісін шығарды. Бұл жолы тағы да “Манчестер Юнайтед” тобы әлемнің ең қымбат 
топтарының көшбасында қала берді. Нарықтағы “Манчестер Юнайтедтің» бағасы бүгінгі таңда 2,23 млрд 
доллар деп бағалануда. 
Рейтингтің екінші сатысында 1,88 млрд доллармен мадридтік “Реал” тобы тұрақтапты. 
Ал үздік үштікті америкалық “Нью-йорк Янкиз” және “Даллас Ковбойз” иеленген. Олардың нарықтағы 
бағасы 1,85 милрд доллар шамасында бағалануда. 
Әлемдегі ең қымбат жеке меншік үй Үндістанның ең бай адамы, 53 жастағы миллиардер Мукеш 
Амбанидікі. Ол 1 млрд қаражатын шығындай отырып, әлемдегі ең қымбат үйді салғызды. Бүгінгі таңда 
тарихта бұрын-соңды болып көрмеген ең қымбат үйде алты отбасы тұрып жатыр. 27 қабаттық үйді 
салғызу үшін жеті жылға жуық уақыт кеткен.


333


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   269




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет