Қазақстан республикасы қоршаған ортаны қОРҒау министрлігі «АҚпараттық-талдау орталығЫ» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны»



бет13/17
Дата17.06.2018
өлшемі0,83 Mb.
#42592
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

3 ТАРАУ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ




3.1 Халықаралық келісімдер

Қазақстан 1998 жылы озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасы мен озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясына қосылды. 2002 жылы мамырда Лондон түзетуі бекітілді /А қосымшасы/.

Қазақстан Вена конвенциясы және Монреаль хаттамасына қосыла отырып озон қабатын бұзушы шығарынды заттарды реттеу бойынша тиісті шараларды қолдануда міндеттерді өз қолына алды.

2001 жылы қарашада Тараптардың жиналысында Монреаль хаттамасымен Қазақстанға қатысты келесі шешімдер қабылданды:

2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 162 тоннаға дейін ХФК тұтынуды және 2003 жылы ОБЖ 54 тоннаға дейін қысқарту; және 2004 жылдың 1 қаңтарына ХФК тұтынуды тоқтату (Тараптармен рұқсат етілген негізгі түрлерді қолдануды қоспағанда);

2003 жылдың 1 қаңтарына ОБЗ импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін құру;

2003 жылдың 1 қаңтарына ОБЗ қолданылатын импорт жабдықтарына тыйым салуды жүргізу;

2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 5,08 тоннаға дейін галондарды тұтынуды қысқарту және 2003 жылдың 1 қаңтарына галондарды тұтынуды тоқтату;

2002 жылдың 1 қаңтарына тетрахлорметан және метилхлороформаны тұтынуды тоқтату (Тараптармен рұқсат етілген негізгі түрлерді қолдануды қоспағанда);

2002 күнтізбелік жылда ОБЖ 2,7 тоннаға дейін бромды метилді тұтынуды және 2003 күнтізбелік жылда ОБЖ 0,44 тоннаға дейін тұтынуды қысқарту және 2004 жылдың 1 қаңтарына бромды метилді тұтынуды тоқтату;

Жоғарыда 2 тармақта көрсетілген А, В және Е қосымшаларына енгізілген барлық реттеуші заттардан 2004 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанға толықтай бас тартуға мүмкіндік беретін шараларды көрсету. Осыған байланысты Тараптар Қазақстанға озон қабатын бұзбайтын альтернативке қолдануға көшуде сәйкестендірілген мекеме-орындаушылармен бірлесіп табанды қол жеткізуге шақырады.

ГХФК қатысты (көшу заттары) Қазақстан келесі сызбаны ұстануы қажет:


ХІХ/6 шешімі: І топтың С қосымшасына енгізілген Монреаль хаттамасындағы заттарға қатысты түзетулер (гидрохлорфторкөміртектер)
Тараптар өндірісті және гидрохлорфторкөміртектерді (ГХФК) тұтынуды кезең-кезеңмен тоқтату процесін жылдамдатуда Монреаль хаттамасының келесі қосымшасы негізінде 2 бабы 9 тармағына сәйкес Тараптардың он екінші жиналысы баяндамасының ІІІ қосымшасына келтірілген өзгерістер енгізу жолымен қаулы етеді:
1. Тараптар үшін қолданыстағы Хаттаманың 5 бабы 1 тармағы шеңберінде (Тараптар қолданыстағы 5 бап шеңберінде) 2009 және 2010 жылдарға арналған тұтыну және өндірістің орташа деңгейінде белгіленген базалық деңгей ретінде таңдау; және

2. базалық деңгейде 2013 жылдың тұтыну және өндірісті тоқтату;

3. Тараптар үшін қолданыстағы Хаттаманың 2 бабы шеңберінде (Тараптар қолданыстағы 2 бап шеңберінде) келесі қысқарту кезеңдеріне сүйене отырып 2020 жылға арналған тұтыну және өндірісті кезең-кезеңмен тоқтатудың жылдамдатылған процесін аяқтау:

а) 2010 жылға – 75 %;

b) 2015 жылға – 90 %;

с) бұл ретте 2020-2030 жылдардың жабдықтарға қызмет көрсету үшін 0,5% ескеру.

Қазіргі таңда озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасына, Копенгаген және Монреаль Түзетулеріне қосылу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Монреаль түзетулері ОБЗ импорты мен экспортын лицензиялау жүйесін айқындауда талаптар қояды. Жүйелерді құру мақсаты - Хаттама шеңберінде міндеттерді орындауға арналған ОБЗ импортын шектеу.

Копенгаген түзетуі гидрохлорфторкөміртектер (ГХФК) мен гидробромфторкөміртектердің сонымен қатар бромды метилді қосымша тізіммен реттеу шараларын енгізеді.




3.2 Озон қабатын қорғауға қатысты ұлттық заңнамалар, әкімдік және құқықтық шаралар;

Қазақстан ОБЗ тұтынуды біртіндеп қысқарту үшін елде және Хаттама және Конвенция бойынша міндеттерді орындаудың қадамдарын жасауда. 1999 жылдың қарашасында Қазақстан Үкіметімен құрамды бөлігі мемлекеттік реттеуге жататын құрамында ОБЗ бар өнімдер және ОБЗ тізбе қосымшасымен құрамында ОБЗ өнімдер мен озон бұзушы заттарды әкелу/әкету туралы Ереже болып табылатын №1716 қаулы шығарылды.

Қазақстан Вена конвенциясының 2 бабы b тармағына сәйкес қызметтер озон қабатының жағдайына өзгерістер немесе қолайсыз ықпалдар немесе жағымсыз өзгерістер жасайтын мүмкіндіктер туғызатын болса адамның қызметін алдын алулар немесе қысқартулар, шектеулер, бақылау бойынша әкімдік немесе заңнамалық шаралар қолданады.
ОБЗ импорт/экспортқа рұқсаттар жүйесін енгізу озон бойынша Секретариатқа есептер ұсыну және мәліметтерді жинақтауға көмек көрсету және ОБЗ заңсыз сауда жасауды алдын алу үшін және Хаттамадан шығатын ел міндеттемелеріне сәйкес ОБЗ импортын реттеуге мүмкіндіктер жасайды.

Осыған байланысты ОБЗ пайдаланушы жабдфықтарды жөндеу және монтаждауға, өндіріске байланысты деталділікке және ОБЗ экспорты мен импортына лицензиялау жүйесін енгізу туралы 2004 жылғы 8 қаңтарда ҚР Үкіметінің №19 қаулысы қабылданып, Үкіметтің 2007 жылғы 18 маусымдағы №508 жаңа Қаулысымен жаңартылып, қайта қарастырылды.

Лицензиялауға мыналар жатады:


  • олардың өнімдерінің құрамында бар озон бұзушы заттардың импорты мен экспорты

  • озонбұзушы заттарға жұмыс жасайтын жабдықтарға қызмет жасау, жөндеу, монтаждау сонымен қатар олардың өнімдерінің құрамында бар озон бұзушы заттарды пайдалану арқылы жұмыстарды өндіру.

2005 жылғы 13 желтоқсандағы №93 міндетті экологиялық сақтандыру туралы заңда ОБЗ тұтынуды төмендетуге жағдай жасайтын ставкалар енгізілген.

«Технологиялық құнсыз демпинг» проблемасы заңсыз қызмет түріне жатпайтындығына қарамастан бұл проблема бір уақытта пайда болады. Бірнеше дамыған елдер қазіргі таңда саудамен немесе ескірген немесе дамыған елдерде бұрын қолданыста болған құрамында ОБЗ бар жабдықтарды қолдануда. ОБЗ қолдануда бұдан әрі кеңейтілген түрде бақылау жасалатын болса бұл процестер үдей түседі. Қазақстанда «Технологиялық құнсыз демпинг» проблемасын болдырмау үшін құрамында ОБЗ бар жабдықтар импортына шектеулер енгізу 2005 жылғы 22 маусымда №617 Қаулыны қабылдау жолымен жүзеге асырылды. Аталған қаулымен ОБЗ импортының А және В тізімдері мен құрамында аталған заттар бар жабдықтарына тыйым жасалды.

ҚР 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 қаулысымен «Экологиялық кодекс» ОБЗ тұтынуға бақылау және есеп енгізілді сонымен қатар, тұтынуға квота берілді. Экокодекстің 143 бабы озон бұзушы заттарды тұтыну мониторингін қарастырады.

Оқыту орталықтары құрылды. Оңтүстік аймақта (Алматы қаласы) Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институтының жанынан озон бұзушы заттармен жұмыс жасау бойынша қауіпсіздік ережелері мен техникалық пайдаланымдарды қолдану ережелерін оқыту бойынша курстар жүргізілетін озон қабатын қорғау және климатты өзгерту (Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Алматы облыстары) Орталығы құрылды.

Елдің Солтүстік Оңтүстік аймағында (Астана қаласы) озон бұзушы заттармен жұмыс жасау бойынша қауіпсіздік ережелері мен техникалық пайдаланымдарды қолдану ережелерін оқыту бойынша «Озон-климаты» Оқу-өндірістік (Павлодар, Көкшетау, Қарағанды, Ақтебе, Петропавл, Ақмола облыстары) Орталығы құрылды.

Тоңазытқыш мамандарына арналған «Суыту секторындағы жұмыстарды жүргізудің қазіргі таңдағы әдістемелері» әдістемелік құралдары мен «Қазақстандағы ОБЗ импортын/экспортын реттеу» атты кеден офицерлеріне басшылықтар басылып шықты.



    1. Озон бойынша Секретариатқа ұсынылатын мәліметтер

Озон бойынша Секретариатқа мәліметтер ұсыну Тараптардың міндеттерін орындауға бақылауды қамтамасыз етуде маңызды мәні болады. Монреаль хаттамасы шеңберінде мәліметтерді ұсыну әрбір Монреаль хаттамасы Тараптары үшін заңды міндеттеме болып табылады (7 бап).

ОБЗ кезеңмен қысқарту стратегиясын жүзеге асыруда бақылауды іске асыруға мүмкіндік беретін ұлттық деңгейде сонымен қатар Тараптармен қабылданатын міндеттерді орындау жоспарында маңызды шешуші мәліметтері болады. Ұлттық деңгейде шешім қабылдайтын жауапты тұлғалар бұл заттарды реттеу бойынша тиісті шаралардың сенімді мәліметтерінсіз сипаттауға, қолданудың кезеңін қысқартудың реалистік стратегиялары жасауға және қажетті қаржы және техникалық көмекпен қамтамасыз ете алмайды. Мәліметтерді талдау және түгендеу талап ретінде ған емес сонымен қатар, бұл маңызды істе пайдалы жабдық ретінде қарастырылады.

Әрбір Тарап жыл сайын ОБЗ өндіру, әкелу, әкету секторлары бойынша тұтыну жөніндегі мәліметтерді қоса алғанда барлық реттеуші заттар бойынша мәліметтерді ұсынып отырады.

Реттеуші заттар бойынша мәліметтер туралы жылдық баяндамалармен қатар секретариат қорына Монреаль хаттамасы бойынша әкімдік және ұйымдастырылған қолдауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар туралы ақпараттар ұсынылады.

Мәліметтерді жинау, әзірлеу және талдау озон бойынша Секретариатпен, Көпқырлы қорлар және басқа халықаралық ұйымдармен әзірленіп Монреаль хаттамасы Конвенция Тараптарымен бекітіліп халықаралық Басшылыққа сәйкес орындалады.



АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
1. Өзгерген озон қабаты / Румен Божков – БМҰ және ЮНЕП, 1995. – 32 бет.

2. Ю.А.Израэль Экология және табиғи орта жағдайын тексеру. - М.: Гидрометеобаспа, 1984. - 560 беттер.

3. У.Кокрен  Зерттеудің іріктеу әдістері, Мәскеу/Ағылшын тілінен аударма-«Статистика», 1976.
4. В.П.Крюкова Озон қабаты және Монреаль хаттамасы.//Гидрометеорология. - 2003. – №7 жинақ.

5. Озон қабатын қорғау шаралары – озон бойынша Секретариат, ЮНЕП, 1996. – 19 бет.

6. Озон қабатын бұзушы заттар бойынша Монреаль хаттамасы - ЮНЕП, озон бойынша Секретариат, 2000.-55 бет.

7 Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамудың ортамерзімді жоспары туралы: ҚР 31.08.2004. №917 қаулысы.

8 Қоршаған ортаны қорғау туралы: ҚР 15.06.1997 №160 Заңы.

9 Шаруашылық қызметтердің экологиялық қауіпті түрлері тізбесі және оларды міндетті мелекеттік лицензиялау Ережелерін бекіту туралы: ҚР 08.01.2004. №19 Қаулысы // 11.02.2004. №28 Казахстанская правда.Қазақстан Республикасының ҮҚАЖ, 2004 ж. № 1. 10 б.

10 Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік Ережелелерін ұйымдастыру және жүргізуді бекіту туралы: ҚР 27.06.2001. №885 Қаулысы.

11 Ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есеп. - ҚОКМҚазҒЗИ, 1997. – 155 б.

12 П. Ревелль, Ч. Ревелль Біздің өмір сүру ортамыз. 2 кітап. Су және ауаның ластануы. - М.: Әлем, 1995.

13 Озон қабатын қорғау саласындағы халықарлық келісімдер бойынша басшылық – Озон бойынш секретариат, ЮНЕП, 2000. – 432 б.

14 Монреаль хаттамасы шеңберіндегі мәліметтерді ұсыну бойынша басшылық - Монреаль хаттамасын жүзеге асыруға арналған Көпқырлы қор, ЮНЕП, 1999. – 114 б.


1 қосымшасы

В5 кестесі - 2007 жылдың құрамында ОБЗ бар өнімдер импорты



ОБЗ/өнімнің атауы

саны, дана

Жеке/заңды тұлғаның атауы

Экспортер ел

Ауа тазартқыштар

Ауа тазартқыштар

420

Алматы қаласы, Манас көшесі 7 үй, 45 пәтер «Оазис» НИК ЛЭНД салоны ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

25460

Астана қаласы, Луганский көшесі 54/1 «Startex» ЖШС

Корея

Ауа тазартқыштар

1543

Астана қаласы, Луганский көшесі 54/1 «Startex» ЖШС

Израиль

Ауа тазартқыштар

1530

Алматы қаласы, Достық даңғылы 91/1 «Алси» ЖШС

Қытай GPEE lectricAPPLIANCES INC

Ауа тазартқыштар

48000

Алматы қаласы Казахфильм шағын ауданы 80/64 «Кокси-Алиет Групп» ЖШС

 

Ауа тазартқыштар

72000

Алматы қаласы 2,50/45 шағын ауданы «Астам – KZ» ЖШС

Қытай

Конднес. Блоктар

4

Алматы қаласы 8 шағын ауданы, Абай даңғылы 4А 509 кеңсе «ТВК» ЖШС

Финляндия

Ауа тазартқыштар

2339

«Алси» ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

3064

«Startex» ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

50

Алматы қаласы, Орбита 3 шағын ауданы 16-120 «КазВентСервис» ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

30

Алматы қаласы, Фурманов көшесі 103 үй, 309 кеңсе «SANADA Промхолодмонтаж» ЖШС

Израиль

Ауа тазартқыштар

8670

Шымкент қаласы, Нефтебаза тас жолы 32, «Фирма Иннас» ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

5565

Алматы қаласы, Молодежная көшесі 2А, «ЭлДжи Электроникс Алматы» АҚ

Корея

Ауа тазартқыштар

47080

Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, Арқатас көшесі 2/3 «Эльда» ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

40000

Шымкент қаласы, Тәуке хан көшесі 63 «AVACOM» ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

31

Қарағанды қаласы, Мұстафин көшесі, 7/19 «Колизей СҮ» ЖШС

Ресей

Ауа тазартқыштар

7

Атырау қаласы, Абай көшесі 3 «CTR Prosecis» ЖШС

Польша

Конденс.блоктар

21

«ТВК» ЖШС

Финляндия

Ауа тазартқыштар

76

«ЭлДжи Электроник Алматы» ЖШС

Корея

Ауа тазартқыштар

7

«Startex» ЖШС

Қытай

Ауа тазартқыштар

2

Курчатов көшесі, Красноармейская көшесі 10, «Атом энергетикасы Институты» ЖТО

Ресей

Ауа тазартқыштар

1

Өскемен қаласы, Промышленная көшесі 1, «Казцинк» АҚ

Ресей

Тоңазытқыштар мен тоңазыту жабдықтары

Тоңазытқыш камерасы

1

Астана қаласы, Сарыарқа көшесі 95, «Millenium-West» ЖШС

Ресей

Тоңазытқыштар

100000

Орал қаласы, Гагарин көшесі 2/3 «Квант» ЖШС

Ресей

Сүт жабдықтары

1

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы Төлебаев көшесі 10, «Барыс» кооперативі

Қытай

Тоңазытқыш жабдықтары

200

Қостанай қаласы, Чкалов көшесі 5-19, Әлмағамбетов ЖК

Ресей

Тоңазытқыш жабдықтары




Ақтөбе қаласы, Әбілхайырхан даңғылы 17/23 «Актөбе-Экорт» ЖШС

Ресей

Тоңазытқыштар

9

Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі 28/7, «Industrial Services Solutions Ltd» ЖШС

Әзірбайжан

Полуретан жиһазының А компоненті

157,5

Астана қаласы, Өндіріс аймағы 21, ТОО «Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС

 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет