Қазақстан Республикасы оқу – ағарту министрлігі 2022 жылғы «16» қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы



бет1/3
Дата13.10.2023
өлшемі40,98 Kb.
#185202
  1   2   3
Байланысты:
68 сағ 9сын КТЖ Гео 23-24[1]
шпора по методичке том 1 и некоторые антибиотики, КТП География 10 кл на 2 ч. ЕМН, 9 класс[1]


ТҮСІНІК ХАТ
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім беру деңгейінің 7 – 9 - сыныптарында «География» пәніне арналған тақырыптық – күнтізбелік жоспар «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен енгізілді), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 412 бұйрығымен енгізілді), Қазақстан Республикасы оқу – ағарту министрлігі 2022 жылғы «16» қыркүйектегі № 399 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 09 қарашада енгізілді), «2023 – 2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатына сай құрылған.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «География» міндетті пән болып табылады. (өзгерістерімен және толықтырулар ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілді, 6, 87, 88-қосымшалар).
Оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі:
9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
Білім алушыларды әртүрлі географиялық ақпарат көздерімен, олардың ішінен қажетті материалдарды табу, талдау, түсіндіру, бағалау және қойылған мақсатқа жету үшін қолдану. Ақпарат көздеріне байланысты жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды болып табылады. Оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында танымдық белсенділікті жандандыру, оқу материалдарына танымдық қызығушылықты қалыптастыруға және дамытуға баса назар аудару қажет.Ақпараттық-коммуникативтік технологияны (АКТ) сабақта қолдану ұсынылады, бұл оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы оқу сапасына ықпал етеді. АКТ ақпаратты әр түрлі формада беруге мүмкіндік береді: тест,графика, аудио, видео, анимация және т.б.; ауқымдық ақпаратты бөліктерге бөлу, нәтижесінде оқу материалы оқулық мәтініне қарағанда оңай меңгеріледі. Танымдық белсенділікті ынталандыратын, пәнге деген қызығушылықты дамытатын, білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқытудың әртүрлі әдістеріне, құралдары мен формаларына ерекше назар аудару керек. Осындай оқыту әдістері мен формаларының қатарына картамен жұмыс, шығармашылық жұмыс, тірек конспектілерді қолдану, нақты тақырыптар мен практикалық жұмыстардан тұратын Өлкетану материалдары негізінде оқу материалын саралау, оқулықтардың (оқулық басылымдарының) электрондық нысандарын, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) құралдарын, жеке бөлімдерді терең зерттеу мақсатында бейнематериалдарды пайдалану ұсынылады. «География» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру пәннің ерекшеліктеріне байланысты.

«География» – табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән. Оқу пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат – Қоғам – Мәдениет» жүйесіндегі жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге, табиғи байлықтарды, туған өлкені тануға, Жер, қоршаған орта, табиғат, оның алуан түрлілігінің себептері, халқы және шаруашылық қызметі туралы білімді меңгеруге бағытталған. Оқу пәнінің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш негізгі бағытын атап өтетін болсақ: олар - оқу материалының мазмұнын таңдау; сабақтың құрылымын жетілдіру; қарым-қатынасты ұйымдастыру. «География» оқу пәні білім алушыларға әлеуметтік рөл мен болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі, оқушы тұлғасының жалпы мәдениетін, оның сауаттылығын қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Пәнді оқу нәтижесінде оқушылардың бойында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстанның флорасы мен фаунасын, табиғатын сақтау бойынша практикалық міндеттерді өмірде табысты шешуге мүмкіндік беретін іскерліктер мен дағдылар, құзыреттер қалыптастырылатын болады.




Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 1-кестеде, 2-кестеде «География» пәні бойынша Тоқсандық жиынтық бағалау саны берілген.

1-кесте. «География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны




Сынып



Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

3

2

3

3

2-кесте. «География» пәні бойынша Тоқсандық жиынтық бағалау саны




Сынып



Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

9-сынып

1

1

1

1





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет