Қазақстан Республикасы Президентінің


Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі



бет11/35
Дата14.08.2023
өлшемі1,65 Mb.
#179830
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
& & 07(1) (1)

4.1.2. Қолжетімді және тиімді денсаулық сақтау жүйесі


2025 жылға қарай Қазақстан үшін қағидатты өзгерістер:
медициналық қызмет көрсету сапасындағы теңсіздіктен цифрландыру мүмкіндіктері есебінен барлық жерде сапалы медициналық қызмет көрсетуге дейін.


Міндет. Денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру.

Бүгінгі күні жаһандық трендтердің бірі дербес медицина болып табылады. Адамның медициналық тарихын туылған сәттен бастап жүргізуге болады – «онлайн денсаулық паспорты».


Азаматтың бірегей медициналық деректерін жинау және ЖИ жүйелерін пайдалану дербес алдын алу шараларын әзірлеуге және оңтайлы, алдын ала емдеу әдісін таңдауға көмектеседі. ЖИ жүйелері дамып, жетілдірілгендіктен, денсаулықтағы жоғалған ауытқуларды кейінірек компьютерлік антивирустық бағдарламалар сияқты автоматты «фондық» режимде анықтауға болады. Бірақ мұндай болашақты жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау және медицина саласындағы цифрлық шешімдер бір-бірімен байланыс орнатуға мүмкіндік беруі керек. Сондықтан азаматтардың денсаулығы туралы деректерді жинауды, өңдеуді және алмасуды қамтамасыз ететін тұтас цифрлық платформа қалыптастырылуы тиіс. Мұның өзі денсаулық сақтау жүйесінің превентивті режимде жұмыс істеуіне көмектеседі, аурулардың қымбат тұратын кеш сатыларын емдеу шығындарын азайтады, өлімге әкелетін ауруларда өмір сүру деңгейін күрт арттырады. Мемлекет үшін бұл денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені азайтуды, халықтың денсаулығына зиян келтірместен бюджет қаражатын үнемдеуді білдіреді.
Ауруларды диагностикалауда ЖИ қолдану пациенттердің медициналық мәліметтерін (рентген, МРТ сияқты) оқытылған алгоритмдермен өңдеу негізінде олардың жағдайын дәл анықтауға байланысты үлкен және кіші медициналық мекемелердің мүмкіндіктері арасындағы шекараны жояды. Осылайша, аймақтық ауруханада МРТ суретін түсіріп, адам жоғары сапалы әлемдік деңгейдегі қашықтан онлайн диагностикаға сене алады.
Қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз ете отырып, медициналық көмек көрсетудің дағдылы процестеріне интеграцияланатын болады. Бұл онлайн телемедицина, робот-хирургтарды қолдану арқылы хирургиялық операциялар жүргізу арқылы шешілуі мүмкін.
Әкімшілік тұрғыдан алғанда, цифрлық медициналық деректер басқарушылық шешімдер, денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен тиімділігін бағалау; ғылыми зерттеулер; қаржыландыру мәселелері үшін маңызды дереккөзге айналады. Ал халық үшін бұл денсаулық сақтау саласының сапасын арттырудан басқа, денсаулық туралы деректердің қосымшалар арқылы және қауіпсіз режимде қағазсыз түрде онлайн қолжетімділігін білдіреді.
Азаматтарға қолжетімді және алынған дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтер туралы барлық ақпарат, ТМККК шеңберіндегі сома лимиттері мен нақты шығындар қолжетімді болуы тиіс. Бұл есепке сәйкес келетін интеграцияланған платформаны құруды талап етеді.
Цифрландырумен сондай-ақ рецептураларды беру процесін қамтуға және сәйкестендіру жүйелерімен нығайтылған пациенттердің медициналық препараттарды дозалау мен қабылдауды сақтауын мониторингтеуді қамтамасыз етуге болады. Бұл дәрі-дәрмектер мен емдеу құралдарының мәліметтер базасын құруды және жүргізуді білдіреді.
Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау үшін АЖ енгізу және кәсіпорындардың электрондық санитариялық паспортын енгізу тиісті қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға, шығындарды қысқартуға, ашықтықты арттыруға көмектеседі.
Барлық аталған процестер ақпараттық және кибер қауіпсіздік шараларын ескере отырып қатар жүруі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет