Ќазаќстан республикасы



бет58/154
Дата06.02.2022
өлшемі1,31 Mb.
#60409
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   154
Байланысты:
есеп для экон.

Дебет

Кредит


1.Кассадан ақшалардың ағымдағы банк шотына түсуі

1030

1010

2.Сатып алушылардың дебиторлық қарыздарын жою есебінен түсуі: - қысқа мерзімді
- ұзақ мерзімді

1030
1030



1210
2010



3. Қысқа мерзімді несиелер алынды

1030

3010, 3020

4.Жолдағы ақшалар ұйымның есеп айырысу шотына алынды

1030

1020

5.Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шотынан келіп түсті

1030

1060

6.Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан келіп түскен ақшалар есеп айырысу шотына кіріске алынды

1030

5110

7.Алынған банк несиесі есеп айырысу шотына кірістелді

1030

3010,4010

8.Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қарызы қайтарылды

3310, 4110

1030

9.Бюджетке ҚҚС аударылды

3130

1030

10.Бюджетке корпоративтік табыс салығы аударылды

3110

1030

11.Басқа да кредиторлық қарыздар жойылды

3390, 4170

1030

Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» Заңы және «Қазақстан Республикасындағы валюта операцияларын жүргізудің Ережелері» валюта операцияларын жүргізу үшін негіз болып табылады.


Шетелдік валюта дегеніміз кәсіпорындар мен ұйымдардағы тауарларды, дайын өнімдерді сату (сатып алу), қызмет көрсету (пайдалану), жұмыстарды орындау барысында қолданылатын Қазақстан Республикасының ұлттық валютасынан басқа ақша бірліктері болып табылады.
Ұйымдардың шетелдік валюта түрінде алынатын табысы сол операция жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі белгілеген ақша айырбастау бағамы бойынша есептеліп, Қазақстан Республикасының ұлттық валюасы түрінде көрсетілуі тиіс. Бағам (курс) дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің өзара қатынасы.
Бағамдық айырма дегеніміз екі елдің ақша бірліктерінің арасындағы бағамның өзгеруі салдарынан болатын айырма сомасы. Бұл бағамдық айырма қай уақытта пайда болса ұйымдардың сол кезеңдегі бухгалтерлік есебінде және қаржылық есеп беруінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасындағы резидентгер мен резидент еместер жүргізген барлық валюта операциялары тек өкілетті банктер мен айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асырылады. Өкілетті банктер мен айырбастау пункттеріне соқпай жүргізген кез келген операцияларға тыйым салынады. Айырбастау операцияларынан басқа валюта операцияларын жүргізу үшін, өкілетті банктердің бірінен, яғни есеп айырысу шоттары орналасқан жерде валюта шоттарын ашады. Соңғылары өздерінің қызметтерінен валюта операцияларын жүргізген кезде өткізілетін операцияларға қатысты кез кел-ген хабарлама мен құжаттарды талап етуге құқылы.
Валюта операцияларын жүргізген кезде клиентгер банктерге валюта операциялары туралы хабарлама мазмұндалатын тиісінше рәсімделген құжаттарды береді. Рұқсат немесе ұлттық банктің лицензиясы талап етілетін валюта операцияларын өткізген жағдайда клиенттер оған құжаттардың көшірмесін тапсырады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез-келген валюталық операцияны өкілетті банкісіз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілеттік банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Валюта шоты бойынша жасалатын операциялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді. Банк мөрімен кассир мен бақылаушылардың қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс және валюталық шығыс ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Қолма-қол валютаны беру тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады. Шетелдердегі бенефициярға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару «Аударуға берілетін өтінішті» жазу арқылы рәсімделеді. Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жібереді. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың номері өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжаты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.


4. Жолдағы және арнаулы шоттардағы ақшалардың есебі
Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бөлімшелеріне енгізілген, почта бөліміне енгізілген, ұйымның ағымдағы банктік шотына енгізу үшін инкассаторға өткізілген табыс жатады.
Жолдағы ақшалардың қозғалысы жөніндегі ақпараттарды жалпылау және есептеу үшін 1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты арналған.
1020 «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шоты бойынша сомаларды есепке алу үшін банк мекемелерінің, почта бөлімдерінің квитанциялары; банк инкассаторы түсімдерді өткізгеніне жолсерік тізімдемелерінің көшірмелері негіз болып табылады.


Жолдағы ақшалай қаражаттар шоты бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар мазмұны





Шоттар корреспонденциясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   154




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет