Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі



бет6/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
ТЕСТЫ для ГЕК 2019, Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
1.ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Топырақ құнарлығын әрдайым көтеріп отыру процесі өте қиын, сол себепті де жыл сайын топырақтың агрохимиялық, агрофизикалық қасиеттерін зерттеуді, егіс түрлеріне, өңдеу, суғару, тыңайту, қарашіріктің, макро-микро элементтердің болуы және де басқа да көрсеткіштердің сапалық, сандық құрамы бойынша топыраққа талдау жүргізуді талап етеді. Сол себепті де, топырақ құнарлығын әрдайым жоғарлату бойынша зерттеу жұмыстарын тоқтатпай, дамыту қажет. Топырақтың құнарлығына байланысты жүргізілген тәжірбиелердің нәтижелері ғылыми жағынан да, өндірісте де өте маңызды рөл ойнайды.

Боз топырақ жамылғысы еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік шығыс бөлігінде, шөлді - дала аймағында кең тараған. Бұл өңірдің жалпы ауданы 15 млн. гектар, соның ішінде ашық боз топырақ жамылғысының көлемі 630,4 мың га Оңтүстік Қазақстанға тиесілі. Боз топырақ жалпы еліміздің жер жамылғысының 5,5% құрайды. Анырақ айтқанда боз топырақтар Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында көптеп кездеседі [1].

Боз топырақтар қарашірік пен азот қорының мөлшері бойынша соңғы орында [2].

Көптеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша боз топырақтар өте аз қарашіріндісімен, әлсіз құрылымымен, әртүрлі ерімейтін минералдардың болуымен және қуыстылығымен ерекшеленетінін көрсеткен болатын [3,4].

Атақты ғалым Елешов Р.Е және Сапаров А.С өздерінің біршама ғылыми еңбектерінде еліміздегі топырақ жамылғысының тағдырына алаудаушылық көзқараспен қарайтынын айтқан болатын. Оған басты себеп, топырақтың мелиоративтік жәй-күйі мен экологиялық жағдайы жыл санап нашарлап, топырақ құнарлылығы төмендеуде. Сол себепті де, топырақтың мелироативтік жәй-күйі мен экологиялық жағдайын, құнарлығын сақтап қана қоймай оны арттыру мақсатында арнайы шаралар мен жұмыстар жүргізуді ұсынған болатын. Сондай - ақ ел басшысы аграрлық аудандардың дамуын қамтамасыз етумен қатар, тиімді және дұрыс пайдалануға аса қатты көңіл бөлуде [5,6].

Табиғатты қарқынды түрде пайдалану, топырақтың құнарсыздануына әкеліп соғатыны сөзсіз. Топырақ құнарлылығы мен дақылдардың түсімін, органикалық және минералдың тыңайтқыштардың әсерін арттыру, еліміздің және шет елдің зерртеулерінде айқын көрсетілген.

Ауылшаруашылығы саласында дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекеттер тыңайтқыштарды өте жоғары деңгейде пайдалатыны белгілі. Оған бірден-бір дәлел ретінде ФАО статсистикалық веб сайтынан көруге болады (кесте 1).

Кесте 1 - Әлем бойынша жылына пайдаланатын тыңайтқыштарың мөлшері 2002-2013 жж (ФАО 2013ж)



Мемлекет-

тер


Жылына пайдалынатын тыңайтқыштар-дың орташа мөлшері, тонна

Егістік алқабының көлемі,млн.

Га


Жекелеген тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері,

жалпы мөлшері,т.

кг/га


N



O

Қытай

36090750

51,45


22800073

7892531

5397788

435

160

100

Индия

22796345

18,1


14345654

5897865

2564578

800

320

145

АҚШ

19765011

42,02


11478565

3756573

4236302

270

90

110

Бразилия

10207234

26,32


29873874

3653436

3788987

120

110

140

Индонезия


3848956

5,12


2673339

457985,3

842715

480

90

160

Қазақстан



57474

21,2


35612,3


17898,6

1964,8

1,8

0,8

0,2

Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге қарасақ, ауылшаруашылығында тыңайтылған алқаптардың едәуір қысқаруы органикалық және минералдық тыңайтқыштарды өте төмен мөлшерде қолдану мен елімізде тыңайтқыштарды өндіру мен сыртқа экспорттаудың аз болуына байланысты, соның ішінде суармалы алқатарда топырақтың құнарлығы мен кез - келген дақылдың өнімділігінің төмен болуына әкеп соғуда. Ауыл шаруашылығы ғылымының докторы Рахымжан Елешевтің көзқарасы бойынша соңғы уақытта минералы тыңайтқыштарды пайдалану мөлшері жыл санап кеміп келеді [7].

Мақта немесе ел ішінде "ақ алтын" деп те атап кеткен дақыл, қазіргі таңдағы басты ерекшелігі бәсекелестік, экспорттық мүмкіндіктердің жоғары болуымен ерекшеленеді. Қазақстанда экспортқа шығатын тауарлар қатарында мақта жетекші орында тұр, ал біздің елбасымыздың көрсеткен мақта кластерін өркендету жобасы, жаңа заманға сай технологияларды қолдана отырып жоғары сапалы мақта өнімін алуға оң әсерін тигізеді [8].

Бұл жоғарыда атап көрсетілген жобаны жүзеге асыру еліміздің қазіргі таңда бәсекелеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне бірден-бір себепкер болары сөзсіз. Сондықтан, Түркістан облысында мақта егілетін барлық танаптарды, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің жаңа технологиясын, яғни қарашіріндісі төмен топырақтардың құнарлығын жоғарлату мен мақтаның түсімін көтеруді қамтамасыз ететін жаңа технологияларды қолданудың әсері көп.

Мақта егілетін танаптарда ауыспалы егісті қолдану егіншіліктің басты міндеті болып табылады. Ауыспалы егіс агротехникалық және мелиоративтик жұмыстардың пайдасын арттыратын басты құрал және суғармалы танаптардағы мақта, басқа да дақылдарды өсіру жұмыстарын тиімді орындауға мүмкіндік береді. Ауыспалы егіс - топырақта әрдайым пайдалы органикалық заттардың болуын қамтамасыз етеді және де топырақтағы қарашіріктің мөлшерін көбейтіп, суғармалы жердегі өнгіштік қасиетін арттырады. Ауыспалы егісте көпжылдық шөптерді еккенде, топырақтың беткі қабатында 10-13т/га ақуыз(белок), көміртек және басқа да қажетті органикалық заттар түседі.

Ғылымға негізделіп жасалған ауыспалы егіс пен тыңайтқыштар жүйесін дұрыс қолдана білу, мақта дақылынан мол өнім мен сұр, боз топырақтың құнарлығын арттыратын негізгі фактор болып саналады.

Түркістан облысында мақта шаруашылығының негізгі алқабы (70% көп) Мақтарал елді мекенінде орналасқан.Осы ауданның топырағының өзіндік қасиеттері бар: анық бозғылт топырағының құрылымы нашар, қарашірік пен азоттың мөлшері аз, капиллярлық су көтере алатын қасиеті басым, сол үшін де екінші рет тұзданып кетуге басым болып келеді.Сондықтан да, осы топырақ жамалғысында алғы дақыл ретінде жоңышқаның атқаратын рөлі зор және де жоңышқа дақылымен бірге азот тыңайтқышы мен көңді пайдаланғанда, топырақтағы қажетті микроорганизмдер қызметі едәуір жақсарып, топырақта жүретін нитрификациялық процес жұмысы артады.

Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының ғалымдарының зерттеуі бойынша мақта дақылына тыңайтқыш жүйесін қолданбай, тек моно(дара) дақыл есебінде өсіргенде өнімділік бар болғаны 14,1ц/га, ал ауыспалы егісте 39,3ц/га көлемінде болатынын атап көрсеткен [9].

Ашық - сұр топырақтарда жүргізілген бұрынғы зерттеу нәтижелеріне қарасақ тыңайтылған аудандардағы қарашірік (гумус) мөлшері 0-10 см -де 2,65%, 10-20см - 0,93%, 20-30см - 0,65% құрайды, ал 30-40см тереңдікте 0,61% дейін төмендеген. Қазіргі таңда сұр топырақтарды ауыл шаруашылығында көптеген жылдар бойы игеріп, жыл сайын мақта дақылын егуде, сол себепті де топырақ құрамында жалпы қарашірік мөлшері 40-50% кеміген. Сонымен қатар топырақ құрамындағы минералдық қоректік заттардың мөлшері төмендеуде.

Оңтүстік өңірдегі боз топырақтың 26,2% - на мақта дақылы егіледі. Ал Республика бойынша 65% Мақтаарал елді мекенінде өсірілуде.

Мақта - Еліміздің оңтүстік бөлігінде өсірілетін ең басты ауылшаруашылық дақылдардың бірі болып саналады.

Мақтаны моно дақыл есебінде үздіксіз 30 жыл аралығында ешқандай тыңайтқыштар түрін қолданбай және оларды басқа бір бөлек жерде өсіргенде, ең алғашқы көрсеткен мөлшермен салыстырып қарағанда 40 және 22% көлемінде кеміген [10].

Мақта шаруашылығымен айналысатын көптеген мекемелердің зерттеулері бойынша, ауыспалы егісті қолдану мақта дақылының өнімділігін көтеретіндігін дәлелдеген болатын. Мақта институты ғылыми мекемесінің тәжірбиелеріне сүйенсек, ауыспалы егісте мақта дақылын тыңайтқышсыз 25 жыл бойы өсіргенде, мақта түсімі 31,3ц/га болған, ал ескі танаптарда өсіргенде 20,2 ц/га өнім болса, ауыспалы егісте тыңайтқыштар жүйесімен бірге өсіргенде мақта түсімі 47ц/га, ал ескі танапта 39,3ц/га дейін көтерілген болатын [11].

Еліміздегі мақталы аудандардың бірі болып саналатын Мақтаарале елді мекенінде мақтаның өнімділігі 1990-1991 жылдары 29-30ц/га, 1995-1996 - 24-25ц/га дейін, 1998-1999 - 15-20ц/га, 2010 жылы мүлдем төмен деңгейді көрсеткен болатын (18,0ц/га). 2005-2015 жылдар аралығында мақта егістік аудандары 225,0 - нан 98,5 мың га дейін (56,2%) азайған болатын.

Осындай жағдайға түрткі болған негізгі бастып себеп - ғылымға негізделген мақта - жоңышқа ауыспалы егісі мен агротехникалық шараларды сақтамау, сонымен қатар топырақ құнарлығымен бірге, ондағы дақылдардың өнімділігінің төмен болуына әкеп соққан, тыңайтқыштарды жеткіліксіз түрде пайдаланумен тығыз байланысты

Мақта дақылына жаңа арыққа егу технологиясын қолдану, тыңайтқыштардың пайдасын арттырады. Осы уақытта тыңайтқыштар жергілікті таспа әдісі (метод) қолданады және сол кезде фосфордың пайдасы көбейеді. Жергілікті (локальды) әдісті қолданғанда қоректік заттар көп мөлшерде пайдаланылады, өйткені арнайы өсімдіктің тамыр бойына және белгіленген тереңдікке қояды, соның арқасында мақтаның өсіп-дамуы біршама артып, сонымен бірге өнімділік 56ц/га жоғарлайды [12].

Қазіргі таңда, мақтаның өнімділігі мен топырақтағы қарашірік қорының көп мөлшерде сақталуы органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолданумен тікелей байланысты.



Сурет 1 - Республика бойынша мақтаның егістік ауданы, өнімділігі және жалпы өнім мөлшері:

Жалпы алғанда мақта дақылы - Еліміздің халық шаруашылығында алатын орны айрықша. Сол себепті де мақта шаруашылығының маңызы зор.

Мақта дақылын жыл сайын бір егістікке егі топырақ құрамындағы азоттың, органикалық заттың сонымен қатар клетчатка, полисахаридтің төмендеуіне себепкер болады. Ауыспалы егіс жүйесі арқылы 2 жылдық жоңышқа дақылынан соң топпырақ құрамындағы гумус пен азоттың мөлшері тың жерлердің топырағына ұқсас болады. Сонымен - қатар топырақтың зат алмасу, борпылдақ, сыйымдылығы сияқты топырақ қасиеттері де жақсарады. Сондықтан жоңышқа мен мақта ауыспалы егісін құрудың маңыздылығы мен тиімділігі жоғары.

Елімізде соңғы жылдары ауыспалы егіс жүйесі елеусіз қалып қойып жатыр. Бұған себеп Кеңес үкіметі ыдыраған соң жер телімдері жеке меншікке өткен болатын. Жеке меншігіне алған шаруалар не істесе өзінің қалауы. Оңтүстік елді мекенде негізгі дақыл мақта араға жыл тастамай жылда егіледі және де ауыспалы егіс жүйесін енгізуге шаруа қожалықтарының жер көлемі жеткіліксіз.

Сол себепті, мақта дақылын бір егістікке қайталап еге беру топырақтың екінші реттік тұздануына әкеліп соғады.

Агрохимия саласында еңбек сіңірген ғалымдар тыңайтқыш жүйесін қолдану кезінде барлық жағдайды есепке алған жөн деп айтқан. Өсімдік құрамында болатын әрбір элементтің өзіне тән қызметі бар. Кез келген элементтің жеткілікті мөлшерде болмауы өсімдіктің өмір сүру циклі мен өнімділік мөлшерін төмендетеді, сол үшін де өсімдіктің тіршілігіне қажетті макро және микроэлементпен қамтамасыз ету - дақылдың өнімділігінің көтерілуіне бірден бер кепіл [13].

Мақта - қоректену режиміне ерекше талап қоятын дақыл, 1 тонна таза мақта өнімін алу үшін 35-75 кг азот, 15-25 кг фосфор және 35-65 кг калийді қажетсінеді. Қоректік элементтің пайдалану мөлшері көп жағдайда сорттың ерекшелігіне байланысты [14].

Мақта талшығының 20% астамы минералдық тыңайтқыштар қорынан алады. Мақтаның қоректік элементтерді қажетсіну мөлшері әртүрлі вегетациялық кезеңде өзгеріп отырады.

Мақта дақылы алғашқы өсу кезеңінде, соңғы мерзімдеріне қарағанда коректік заттарды аз мөлшерде қажетсінеді. Сонымен қатар, мақта дақылының қоректік элементтерді қажет етуі: алғы дақылға, топырақтың өнгіштік қасиетіне, гранулометрия құрамына, тұздану мөлшеріне, құрамындағы қажетті қоректік заттардың болуына, өсімдіктің тыңайтқышты пайдалану мөлшері мен қажетті қоректік заттар мөлшерінің шығынына байланысты [14].

Өсімдіктің әртүрлі вегетация кезінде қоректену режимінің ауытқуы, өнім мөлшері мен сапасына тікелей әсер етпей қоймайды. Айрықша басты кезеңі, ол өсімдіктің азотты көп мөлшерде қажет етуі, яғни жапырақтың бетке қабатында ассимиляциялық массасының қалыптасуы.Бұ л кезең бутон түзу мен гүлдену уақытына тура келеді. Алайда осы кезеңде азоттың тапшылығы білінсе, онда аз мөлшерде жапырақ түзіледі. Соның салдарынан жапырақтағы фотосинтез процесі баяулап, органикалық заттар төмен мөлшерде синтезделеді.

Өнім түзілу мен бутон байлау уақытына дейін мақта дақылы қоректік заттардың соның ішінде азот пен фосфордың 4-6% жәнекалийдің 3-4%, ал бутон байлау мен жаппай гүлдене бастағанда азоттың 30-35% және фосфор мен калийдің 20-25%, ал жаппай гүлдену мен қауашақтардың пісу уақытында азотты 70-75%, фосфор мен калийдің 80-85% пайдаланады.

Мақта дақылын тамыр жүйесі арқылы қоректенуін реттеу кезеңінде тыңайтқыштарды өз уақытында қолдану керек, яғни азот, фосфор, калий элементтерінің көп мөлшерде пайдалануға дейін тамыр жүйесінің негізгі массасының жанында болуы қажет [15,16].

Мақта дақылы өне бастаудан толық пісіп жетілгенше қоршаған ортаның түрлі факторларын қажетсінеді. Әртүрлі пісіп жетілу кезеңдерінде қоршаған ортадағы температураға, қоректік заттарға, ылғал мен жарыққа қоятын талаптары түрліше. Мақта дақылының пісіп жетілу кезеңдерінде қоректену режимін реттеу, сол дақылдан сапалы мол өнім алуға әсер ететін бірден бір фактор. Өсімдік өзінің белгілі бір кезеңінде қоректік заттарды көп мөлшерде қажетсінеді, сол уақытта қоректену үдерісін көтеру, сапалы және мол өнім алу үшін қоректік заттарды пайдаланудың маңызы зор [17].

Фосфор әйгілі агрохимиялық элементтер үштігіне кіреде: азот, фосфор, калий, сондай-ақ бұл үштік "NPK" тыңайтқышы үйлесімде түрде болса оны "толық тыңайтқыш" деп айтуға мүмкіндік береді.

Фосфор элементі жалпы алғанда "тапшы". Бұған себеп фосфорлық тыңайтқышты алатын фосфат шикізаті әлемде айтарлықтай көп емес. Сонымен қоса, топырақ құрамында болатын жалпы фосфор мөлшері өте аз - 0,05-0,25%. Ал фосфор элементінің өсімдікке қажетті мөлшері тым аз, ал фосфор азот пен калиигие қарағанда күшті тыңайтқыш болып есептеледі.

Фосфор элементі минералдар құрамында әртүрлі мөлшерде кездеседі. Ең көп мөлшері апатит пен фосфарит минералдарында 95%.

Топырақта құрамында болатын фосфор элементінің жеткіліксіздігін жоюдың бірден бір жолы тыңайтқыштарды енгізу. Көптеген ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек кез келген өсімдіктің қоректенуін анықтау және олардың тиімділігін арттыру мақсатында суармалы сұр топырақтадф ең бірінші азот-фосфорлы қоректену жайттарын реттеу керектігін айқындайды.

Өсімдік өмірінде азот, фосфор, калий, магний, темір сияқты элементтер айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Соның ішінде азоттың алатын орны ерекше, академик Д.Н.Прянишниковтың айтуы бойынша азот элементі бір жағынан алып қарасаң өміршеңсіз жәй ғана газ, ал екінші жағынан азотсыз өмір жоқ, я болмаса белоктың басты бөлігі болып саналады.

Фосфор тыңайтқышын мақта дақылы ерте кезеңнен, тұқымның өне бастағанынан бастап қажетсінеді. Сол кездегі фосфордың өсімдікке қажетті мөлшерде жетіспеушілігі оны кейіннен берген мөлшерінің орнын толтыра алмайды.

Соңғы 15-20 жылдар аралығында Ресей мемлекетінде қалыптасқан егіншілік жүйесінде фосфорлы тыңайтқыштарды шекті мөлшерде қолданғандықтан, өсімдік үшін фосфордың көзі топырақ жамылғысы. Сол себепті де фосфор элементінің топырақ құрамында болуы, топырақ құнарлығының басты көрсеткіші болып табылады.

Аталмыш фосфор тыңайтқышын жүйелі түрде жыл сайын енгізетін болсақ, фосфордың барлық түрлері артатыны сөзсіз, алайда өсімдікке сіңімді түрлерімен қоса, минералды қосылыстар тобында да өзгерістер болатыны ғылыми дәлелденген.

Қазақстанның топырағына фосфорлы тыңайтқыштарды дұрыс қолдану - егіншілік жүйесінің басты міндеттерінің бірі. Бұның басты себебі, жыртылатын топырақ жамылғысында фосфор элементінің өте аз мөлшерде болуы. Фосфор тыңайтқышының тиімділігін айқара көтеретін тәсіл, ол қолдану мерзімін дұрыс таба білу. Мысалы азот фонында фосфор тыңайтқышының жылдық мөлшерінің барлығын жерді қопсытар алдында берсе 1,6ц/га, ал 70% жерді қопсытар алдында қалған 30% себер алдында берсе - 2,2ц/га, 70% жерді қопсытар алдында ал 30% гүлдеу кезеңінде 1,2ц/га, 30% себу алдында және қалған 70% үстеме қоректендіру берген кезде бар болғаны 1ц/га қосымша өнім берген.*16. Бұл жоғарыда көрсетілген тәжірбие мен соның нәтижесі Ордабасы даласының боз топырағына жүргізілген болатын [18].

Мақта дақылының өнімділігіне тек қана тыңайтқыш емес жоңышқа егістігін де қолдану тиімді екенін дәлелдейтін көптеген зерттеулер бар. Егер де жоңышқа егісіндегі өнімді 100%(47,0ц/га) деп алсақ, жоңышқа егістігінің екінші аудармасын кейін 84,0, ал үшінші жылы 58,3%, төртінші жылы 44,5% көрсеткен. Тыңайтқыштарды қолдану кезінде де жоңышқа егістігінен алыстаған сайын мақтаның түсімі де төмендей берген [19].

Түркістан облысының суармалы боз топырақтарында азот тыңайтқыштарын да қолдану дұрыс шешім. Мақтадан қосымша жоғары өнімділік (250-300кг/га) осы азот тыңайтқышының еншісінде. Фосфор мен калийдің осы уақытта қолдану нормасы 200 бен 170 кг/га көлемінде болмақ.

Ашық боз топырақтың басты ерекшелігі органикалық заттар жылдам ыдырайтын болғансоң, ондағы микробиологиялық процесттердің жүруі де айтарлықтай ақырындайды, сол себепті де ауыспалы егіс жүйесінде жоңышқа дақылын өсіру мен көң қолдану ең негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Көң негізінде азот тыңайтқышының түрлі нормаларын қолдану топырақ құрамындағы азот пен фосфордың мөлшеріне көбейтетіні сөзсіз [20].

Фосфор тыңайтқышының сауатты түрде жыл сайын қолданған кезде, топырақ құрамындағы барлық фосфор мөлшері жоғарылайды , және де өсімдікке қажетті түрлері де өзгереді [21].

Мақта дақылына минералды тыңайтқыштарды сауатты түрде қолдану (350-360кг/га) жоғары, сапалы өнім алуға септігін тигізеді. Мақта дақылының өнімін көтеруде азот пен фосфордың атқаратын рөлі зор, десе де калий тыңайтқышын боз топырақта қолданудың қажеті шамалы. Калий тыңайтқышының пайдасы артады егер де біз азот пен фосфор тыңайтқыштары негізінде қолданғанда немесе ауыспалы егісте жоңышқа дақылын өсіргенде. Ашық боз топырақ жағдайында мақтадан 45-50ц/га өнім алғымыз келсе 170-195кг азот, 120-130 кг фосфор, 50-55кг/калий қолдану ұсынады. Суармалы егіншілік жүйесінде азоттың төменгі қабаттарға қарай жылжуы байқалған [22].

Осы азоттың азайуы мен пайдасын арттыру мақсатында біз кез келген тыңайтқыштың беру уақыты мен тәсілін дұрыс таба білу және суару режимін сақтай білуіміз қажет. Негізі мақта дақылын еккенге дейін азоттың жалпы 1/3 ғана бөлігін қолданады, ал қалған бөлігін қатар аралықтарын өңдеу кезеңіне үстеме қоректендіру тәсілімен беріледі.

Фосфор тыңайтқышының ең негізгі бөлігін 3/4 топырақты күзде сүдіге жырту алдында қолданады.Боз және шалғын топырақ жамылғысында фосфор өте жылдам түрде химиялық сіңіріліп, соның салдарынан қиын,баяу еритін кальций фосфаты пайда болады.

Алғашқы екі аптаның көлемінде мақта дақылының тамыр жүйесі 45-50см тереңдікке бойлайды, фосфор элементін өте жоғары көлемде қажет ететін гүлдеу мен жеміс байлау кезеңдерінде, үстіңгі кеуіп кететін 15см қабатында негізгі тамырдан шыққан жанама тамырлар өліп, тамырдың негізі массасы топырақтың терең қабатына бойлай бастайды. Жалпы фосфор тыңайтқышын жергілікті тәсілмен таспа әдісімен бергенде тыңайтқыштың тиімділігі артады. Фосфор тыңайтқышын (15-25кг/га) мөлшерінде азот тыңайтқышымен (10-15кг/азот) бірге тұқым себер алдында қолданса өнімділік 3-4ц/га жоғарылайды. Ал калий тыңайтқышын жарты бөлігін негізгі тыңайту жұмысы кезінде, ал қалған бөлігін азот пен фосфор тыңайтқышымен бірге 5-6 жапырақ пайда болғанда, бутондау мен гүлдеу басында үстеме қоректендіру кезінде беріледі. Үстеме қоректендіруде тыңайтқышты қатар аралығын өңдеу арқылы тереңге сіңдіру қажет.

Органикалық тыңайтқышты жиі қолдану - топырақтың құнарлығын жақсартып, тыңайтқыштың өсімдікке деген пайдасын арттырып, ауылшаруашылық дақылдардың түсімі мен сапасын көтеретін бірден бір жағдай. Органикалық тыңайтқыштың құрамы өсімдікке қажетті макро және микроэлементтерге өте бай.

Құрамында тұзы басым топырақтарда оргнаикалық тыңайтқышты, соның ішінде көңді көп мөлшерде қолдану керектігі айтылады. Көңді қолданған кезде топырақтың физикалық, химиялық құрамы жақсарып, қоректік заттарға қанығып, су өткізгіштігі жоғарылайды [23].

Органикалық және минералдық тыңайтқыштарды бірге қолданған кезде топырақта қарашірік мөлшері жоғарылайды [24].

Орта Азиядағы суармалы танаптарда топырақтың құнарлығын көтеретін бірден бір дақыл ол жоңышқа болып саналады. Ауыспалы егісте жоңышқа дақылын өсіргенде суармалы танапта қарашірінді мөлшері артады, ал тыңайтқыштар жүйесін ұзақ уақыт бойы қолданғанда гуматты фульфолы күйге ауысса, тыңайтқыш қолданбаған кезде фульфатты күйге өзгереді [25-26].

Егіншілік жүйесінің ең басты негізі - топырақ пен климат ерекшелегіне сәйкес ауыспалы егісті дұрыс енгізу болып саналады. Сондықтан да осы уақытқа дейін қолданып келген мақта-жоңышқа ауыспалы егісі қазіргі таңдағы егіншілік жүйесініе сәйкес келмейді.

Сонымен біздің тақырып бойынша барлық шет елдердің, сондай-ақ өзіміздің елімізде жүргізілген зерттеу нәтижелерінен алынған мәліметтерді талдау мен қорытындылау, топырақ құнарлығын әрдайым көтеру мен тұрақтандыру, мақта дақылының өнімін арттыру, олардың шешімін табудың қажеттелігін көрсетіп тұр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет