Қазақстан Республикасыың білім және ғылым министрлігі



бет14/21
Дата02.05.2020
өлшемі179,68 Kb.
#65515
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
ТЕСТЫ для ГЕК 2019, Түркістан облысы Ордабасы ауданының жағдайында ауыспалы егісте мақтаның өнімділігіне тыңайтқыштар қолдану жүйесінің әсері.
4.2.2 Топырақтың фосфор режимі.

Фосфор - азот элементі сияқты мақта дақылына ең қажетті қоректік заттардың бірі болып саналады. Фосфор элементінің жылжымалы түрі минералдық заттарға, фосфорлы тыңайтқыштың санына тікелей тәуелді

Топырақтаң құрамында болатын фосфоттардың дақылға деген пайдасын зерттеуде көптеген ғылыми тәжірбиелер жасалған болатын. 20 ғасырдың 80-90 жылдары еліміздің көптеген ғалымдары ауыл шаруашылық дақылдарға фосфор тыңайтқыштарын тигізер әсері бойынша күрделі және сан-алуан зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Сол кездердегі зерттеу нәтижелерінен қазіргі таңда ауыл шаруашылығында қолданылып жүрген теориялық негіздер алынған болатын.

Егер бір килограмм азот пен фосфор енгізілген топырақта, әдетте, орта есеппен 13-14 кг шитті мақта артық өсетін болса, ал тыңайтқыш үнемі енгізіліп, агротехникалық шаралар ұдайы тыңғылықты жасалған егістен оның мөлшері 18-20 кг жетеді.

Тыңайтқыштар, оның ішінде фосфор тыңайтқышын енгізілген жылдың өзінде мақта егістігінің өнімін арттырып қана қоймай, сондай ақ оны бір жыл ішінде мақта дақылы толық пайдаланып үлгермегендіктен, алдағы жылы да әсері едәуір күшті болады. Кейбір кездері фосфор тыңайтқышының келесі жылғы әсері тіпті оның енгізілген жылғы әсерінен асып түспесе кем түспейді.

Кесте 7 - Фосфор тыңайтқышын топырақтағы фосфордың мөлшеріне қарай енгізудің тиімділігі:



1 кг топырақтағы фосфордың мөлшері,мг

Тыңайтқыш енгізген кезде 1 га егістіктен алынған мақта өнімі, ц

Фосфор енгізген кезде 1 га жерден алынған қосымша өнім

азот тыңайтқышы

азот,фосфор тыңайтқышы

30 мг азырақ

38,9

41,9

3

30-дан 60 мг дейін

42,9

44,3

1,4

60 мг жоғары

40,1

41,7

1,6

Топырақ жамылғысының үстіңгі қабаттарында фосфор көптеп кездеседі. Алайда, топырақ құрамындағы фосфордың жалпы қорының кішкене ғана мөлшері өсімдікке сіңімді күйде болады.

Кез-келген фосфорлы тыңайтқышты топырақ топырақтың жамылғысының терең бөлігіне енгізген дұрыс, сол кезде дақыл тамыры кеңінен, көп мөлшерде бойына сіңіре алады. Осы негіз фосфор тыңайтқышын беру әдісі мен мерзіміне айрықша көз қараспен қарай білу керектігін көрсетеді.

Кез-келген тыңайтқыштың топыраққа енгізу мерзімін білген дұрыс. Фосфорлы тыңайтқыш жағдайында тұқыммен бірге егістік алқапқа енгізу дұрыс шешім болып табылады. Дәлірек айтсақ, тыңайтқыш дақыл тұқымына жақын болатындықтан, енді көктей бастаған тамырдың қолайлы жағдайда өсуіне себеп болады. Сондай-ақ дұрыс жетілген тамыр жүйесі топырақтың терең қабатына бойлай алып, дақылға қажетті ылғал мен қоректік затпен сапалы түрде қамтамасыз ете алады.

Мақта дақылы вегетациялық кезеңінде түрлі қоректік заттарды қажетсінеді. (6 кесте) Мақта дақылы алғашқы өсу кезеңінен шанақтана бастағанға дейін фосфорлы тыңайтқышты көп мөлшерде қажетсінеді. Шанақтану кезеңінен гүлдей бастау уақытына дейін мақта дақылының сабағы мен жапырақтары жылдам жайылып өсе бастайды. Осы уақытта азот элементін көптеп қажетсінеді.Жаппай гүлдене бастау мен өнім байлау кезеңінде азотты да, фосфорды да көп қажет етеді.

Кесте 8 - Мақта өсімдігінің өсіп-жетілу кезеңінде топырақтан азот пен фосфор тыңайтқышын өзіне сіңіруі, процент есебімен:



Вегетациялық кезең


Пайдалану мөлшері,%

Азот

фосфор

1

Көктеп шығудан шанақтануға дейін

8

6

2

Шанақтағаннан гүл байлағанға дейін

47

36

3

Гүл байлағаннан пісе бастағанға дейін

43

48

4

Пісе бастағаннан вегетациялық кезеңнің соңына дейін

2

9

Топырақ құрамындағы жылжымалы фосфордың мөлшері алғы дақылдарға тікелей байланысты. Қысқаша 6-шы суретте түсіндірілген.

Төмендегі суретте көрсетілгендей, мақта дақылының тыңайтқышсыз жалғыз дақыл егістігінде, топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мөлшері небәрі 10,3-11,8мг/кг шамасында болған сондай- ақ азаю қауіпі де жоғары болған. Сонымен қатар мақта дақылы танабына тыңайтқыш қолданған кезде () алғашқы жылдың өзінде ақ топырақ құрамындағы жылжымалы фосфор мөлшері 18,1мг/кг жоғарласа, келесі жылы фосфор мөлшері 18,6-19,8мг/кг жеткен. Бұл мәліметтер тыңайтқыштың оң әсерін тигізгенге дәлел.



Үш танапты мақта - жоңышқа ауыспалы егіс (2:1) тәжірбие танабында алғашқы жылдың соңында -ақ мақта танабында жылжымалы фосфордың орташа мөлшері 21,2мг/кг көрсетсе, екінші кезеңнің 2-ші жылында жоңышқа танабында фосфор мөлшері 27,6мг/кг жоғарылап, мақта егістігі кезінде фосфор мөлшері 26,1мг/кг дейін азайған болатын.

Сурет 6 - Мақта танабындағы жылжымалы фосфор мөлшері,мк/кг

Ауыспалы егіс жүйесінің алғашқы айналымында көктем мезгілі кезіндегі топырақтағы фосфаттардың ең көп 30м/кг мөлшері екінші жылдық тыңнан кейін өсірілетін мақта танабының жыртылатын қабатында анықталған болатын, сондай-ақ топырақтың 20-40см қабаттағы мөлшері 26,2мг/кг көрсетті.

Топырақ құрамындағы фосфор элементінің ең аз мөлшері дақылдың вегетациялық кезеңінің соңғы кезінде байқалған болатын, бұл жағдайды дақылдың фосфор элементін бойына сіңіруі я болмаса топыраққа химиялық сіңіп кетуі деп қабылдаған дұрыс.Мақта дақылына ауысалы егіс жүйесін дұрыс қолдана білу сонымен қатар минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету азот пен фосформен қоректену дағдысын жақсартады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет