Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет7/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

4. Жүкті әйелдерді босанғанға дейін бақылау
Әйелдің тәни және психикалық жай-күйінің сақталуы, жүктіліктің қалыпты ағымы мен оң нәтижесі, дені сау баланың тууы және босанғаннан кейінгі асқынулардың болмауы босанғанға дейін бақылау сапасының негізгі индикаторлары болып табылады.
Министрлік амбулаторлық деңгейде жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсетудің нормативтік-құқықтық базасы мен әдістемелік тәсілдерді жетілдіруде. Емханаларда бірінші күні емханаға жүгінген және ерте есепке тұрған (10-аптаға дейін) әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ететін «жүкті әйелдерге арналған жасыл дәліз» қағидаты енгізілген.
Әйелдердің «осы жерде және қазір» қағидаты бойынша ақпарат алу және проблемалық мәселелерді шешу мүмкіндіктерін жақсарту үшін жеке тіркеу орындары ұйымдастырылған. Жүкті әйелдерді жоспарлы қарап-тексеру дәрігердің тағайындауы бойынша жүргізіліп, шұғыл жағдай туындаған кезде кезек күттірмейтін медициналық көмек жедел түрде көрсетіледі.
Әйелдердің әртүрлі бейіндегі пациенттермен кедергілерді және жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында зертханалық қан талдауын алу үшін жеке емшара кабинеттері ұйымдастырылды.
«12 аптаға дейінгі жүкті әйелдерді ерте қамту» көрсеткішінің 5 %-ға (89 %) өсуі байқалды, алайда 12 аптаға дейінгі жалпы практика дәрігерінің қарап-тексеруімен қамту 85 %-дан төмен болып қалып отыр, бұл одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Босанғанға дейінгі бақылаумен қамту айтарлықтай жоғары 99,2 %, жыл сайын орта есеппен 600 мың жүкті әйел медицина қызметкерлерінің бақылауында болады, олардың 40 % -ында жоғары тәуекел факторлары бар.
Бүгінгі күні емхана мамандары аумақтық учаскеге бекітілген жүкті әйелдер мен балалар санының және жұмыс көлемінің жоғары болуына байланысты функционалының жүктемесі шамадан тыс болып қалуда.
5. Ұрықты антенаталды сақтау
Елде туа біткен және тұқым қуалайтын аурулар нәресте өлімінің негізгі себептерінің құрылымында орнықты түрде екінші орынды алады, ал тірі қалған балалар көп жағдайда мүгедек болып қалады және ұзақ және құны қымбат тұратын емді, ерекше күтімді және тұрақты әлеуметтік қорғанысты талап етеді.
2007 жылдан бастап «ҚР-дағы балалардың тұқым қуалайтын және туа біткен ауруларының пренаталды диагностикасы және профилактикасы бағдарламасы» жұмыс істейді, онда ұрықтың эхографиясы және биохимиялық зерттеулер босанғанға дейінгі скринингтің міндетті компоненті ретінде айқындалған.
Жүкті әйелдерді пренаталдық скринингпен қамту 80 %-дан төмен деңгейде қалып отыр, ТБА бар балалардың туу жиілігінің төмендеуі байқалмайды. Ұрықтың ТБА құрылымында жүректің, орталық нерв жүйесінің ақаулары және көптеген даму аномалиялары басым.
МАЖ деректері бойынша 5 жылда ТБА бар 27 598 бала дүниеге келген: (2016 ж. – 5602; 2017 ж.-5 514; 2018 ж. – 5 112; 2019 ж. – 6 700; 2020 ж. – 4 670, 2021 ж. – 4 516); Даун синдромы бар жаңа туған нәрестелер саны да төмендемеген.
2007-2010 жылдары жүкті әйелдердің хромосомалық тұқым қуалайтын ауруларының бар-жоғына қан зерттеулерін жүргізу үшін республикадағы барлық перинаталдық орталықтар иммундық-химиялық талдауыштармен жарақтандырылған, олар бүгінгі күні тозуына байланысты қазіргі заманғы талаптарға сай келмейді. Сонымен бірге пренаталды скрининг жүргізу үшін сараптамалық кластың УДЗ аппараттарының тозуы және жеткіліксіздігі байқалады.
Министрлік пренаталдық медицина қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында бірқатар стратегиялық шешімдер қабылдады:
- ҚР-дағы пренаталдық скрининг жүргізу бойынша нормативті-құқықтық актілерді (бұдан әрі- НҚА) жаңартқан еліміздің жетекші мамандарынан (УДЗ мамандары және генетиктер) сараптама тобы құрылды;
-алғаш рет пренаталды УДЗ диагностикасын ұйымдастыру стандарты және ҚР пренаталды УДЗ диагностикасын одан әрі жетілдіру жөніндегі Жол картасы әзірленді;
-«UMC» КҚ базасында «Ұрықты қорғау республикалық орталығы» ұйымдастырылды, 20 өңірде «Ұрықты қорғау орталықтары» ашылды,
-200-ден астам ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері халықаралық стандарттар бойынша (Феталды медицина қоры – FMF) сертификатталған.
Алайда, ҚР пренаталдық диагностика қызметінде соңғы әлемдік трендтерге сәйкес елеулі жаңғырту мен реформа жүргізу және ТБА ерте диагностикалаудың жаңа заманауи әдістемесіне көшу талап етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет