Қазақстан республикасында ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту жөніндегі 2023-2030 жылдарға арналған тұжырымдама



бет8/34
Дата25.12.2023
өлшемі174,92 Kb.
#199055
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Байланысты:
27.04 =F5 F8O

6.Босану, ұрықты интранаталды сақтау
Босану ана мен баланың денсаулығының ерекше жағдайы болып табылады, өйткені патологияның дамуы немесе өлім тәуекелі асқынулар туындаған кезде артуы мүмкін.
Физиологиялық босану қауіпсіз ортада дені сау баланың дүниеге келуі дегенді, сондай-ақ босану кезінде серіктестердің және медицина қызметкерлерінің анаға деген мейірімді қарым-қатынасын, физикалық және эмоционалдық қолдауын білдіреді.
Ел бойынша соңғы 5 жылда туу санының 15 %-ға өсуі байқалады, оның ішінде физиологиялық туу 60 % құрайды. Мерзімінен бұрын босанудың үлесі соңғы жылдары 6,2 % - 6,5 % шегінде ауытқиды, ал өлі туу коэффициентінің серпіні (8,6 % - 9,0 ‰) өзгерген жоқ.
Оперативті босанулар (кесар тілігі) өсу үрдісіне ие (2018 жылы 18,5 %-дан 2022 жылы 21 %-ға дейін).
Соңғы 20 жылда ана мен бала үшін нәтижелерді жақсарту мақсатында жүргізіліп жатқан босанудың физиологиялық процесін жеделдетуге, жылдам аяқтауға, және реттеуге бағытталған емшаралар санының айтарлықтай өскені байқалады.
Тікелей көрсетілімдер болмаса да босандыру кезеңіне медициналық араласуды белсенді түрде қолдану жиілігінің ұлғаюы ресурстармен қамтамасыз етілуіне қарамастан туу нәтижелерін нашарлатады.
Босанудың екінші кезеңінде ұрықтың тұрақсыз жай-күйі кезінде босандыру үшін қынаптық операцияларды (вакуум экстракция) жүргізу төмен деңгейде қалып отыр. Вакуум экстракцияны сирек қолданудың негізгі себептері - жабдықтың болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі, дәрігерлердің тәжірибесі мен дағдысының жеткіліксіздігі.
Босану кезінде және ерте босанғаннан кейінгі кезеңде туындаған акушерлік қан кетуді басу өте күрделі міндет және қиындықтар қан кету көлемі есепке алынған сәттен басталады.
Шұғыл жағдай туындаған кезде хабарлау схемасы, медицина қызметкерлерін уақтылы жұмылдыру, қан кету көлемін дұрыс бағалау жүйесі пысықталмаған. Жалпы қан кетуді дұрыс бағаламау немесе кешіктіріп бағалау, оның орнын дұрыс толтырмау көп жағдайда қолайсыз нәтижеге әкеледі. Медицина қызметкерлері бірыңғай менеджмент хаттамаларын ұстанбайды, акушерлік қан кетуді қадағалап қараудағы тактикалық қателер қайталанып отыр.
Босанғаннан кейінгі ерте асқынулардың, ағзаларға жасалатын операциялардың және іріңді-септикалық асқынулардың үлес салмағының өсуі байқалады. Ем тиімсіз болған жағдайда антибиотиктерге төзімділік ықтималдығы ескерілмейді, антибиотикалық терапияны оңтайлы емес таңдау жасалатыны байқалады. Барлық орын алған жағдайларда жатыр-сепсистің жалғыз көзі ретінде, ал шұғыл гистерэктомия сепсис үрдісін емдеудің жалғыз әдісі ретінде қарастырылады.
Акушерлік сепсистің үлес салмағының төмендеу үрдісі байқалмайды, бұл эпидемиологиялық бақылаудың жеткіліксіз ұйымдастырылуын, заманауи бактериологиялық зертхананың болмағандығын, медициналық өнімдер (бұдан әрі-МӨ) және дезинфекциялайтын құралдармен жеткілікті қамтамасыз етілмеуін көрсетеді.
ҚР-да преэклампсия терапиясы ретінде қолданылатын алдыңғы қатарлы дәрілік заттар (Лабетолол және т.б.). жоқ. Магний сульфатын енгізу гипертензияға қарсы терапия ретінде қарастырылуда, халықаралық стандарттарда ұсынылған көктамырішілік гипертензияға қарсы препараттар табыла бермейді.
Босану кезінде әйелдерге сапалы және үздіксіз медициналық көмек беру үшін 1 акушер - 1 жүкті әйел (әлемдік тәжірибе) қатынасын ұстанған жөн. Біздің елде босану кезінде 1 акушерге 5 және одан көп босанушы әйел келеді. Соның нәтижесінде ана мен ұрық жағдайын эффективті бақылау жүргізілмей, босанудың қолайсыз нәтижелеріне алып келуін туғызады.
Қазақстанда босанулардың 40%-ы ғана серіктестің қатысуымен жүргізіледі. Әйелдердің құпиялылық пен жеке өмірге қол сұғылмаушылық құқықтарын сақтау мақсатында жеке босану бөлмелерінің саны серіктеспен босануды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Жылына туу санын ескере отырып, жеке босану бөлімшелерінің саны жеткіліксіз екендігі анықталған (мысалы, 6 000 босануға 5 немесе 13 000 босануға 8).
Операциядан кейінгі кезеңде әйелдердің денсаулық жағдайына мониторинг сапасыз жүргізіледі, ояту палаталары жоқ, жатырдың тонусын, қынаптан қан кету дәрежесін бақылайтын акушер персоналының тұрақты қарауынсыз әйелдер қарқынды терапия бөлімшелеріне орналастырылады.
Акушерияда реанимациялық және анестетикалық көмектің рөлі өте маңызды. Кейбір акушерлік шұғыл жағдайлардың қолайсыз нәтижелері реанимация және анестезия кемшіліктерімен бірге жүреді. Анестезиолог-реаниматологтардың біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты трахея интубациясының сәтсіз әрекеттері, тамырлардың зақымдануы, массивті гемоторакс, пневмоторакс, осы асқынулардың диагностикасының кешігуі, және де оларды анықтауға жеткіліксіз көмектің көрсетілуі: өкпені жасанды желдетудің (бұдан әрі-ӨЖЖ) кешіктірілуі, анальгетикалық, наркотикалық дәрілік заттардың шамадан тыс енгізілуі есептеледі. Сондай-ақ операциялық босанулардың көбі анестезиямен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет