Қазақстан Республикасында клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты



бет1/2
Дата20.04.2024
өлшемі32,54 Kb.
#201083
түріКодекс
  1   2
Байланысты:
?@8;>65=85. kz
Ftiziatria testy dlya IGA, фтизиатрия сириус, Детские инфекции тест экз, 6588765ec2197, 661e1feada535, 661e1ea0744ff, Эталоны ответовКлфарм экз, FOS farma, пособие мед 2, Algoritmy vypolnenia prakticheskikh navykov dlya okazania pervoy, Коникотомия, РУП ВП, СХЕМА АНАЛИЗА ЭКГ, Оксикбаева Газиза.docx klin.farma


Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасында клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1 тарау. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасында клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың осы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 138-бабына сәйкес әзірленді және клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.


2. Осы Стандартта қолданылатын терминдер мен анықтамалар:
1) АВС (эй би си) талдау (activity-based costing) (активити бейзд костинг) (бұдан әрі – АВС) – дәрілік заттарды белгілі бір кезең ішінде тұтыну көлеміне қарай үш класс бойынша бөлу арқылы дәрілік заттарға қаржылық шығындарды пайдаланудың ұтымдылығын талдау;
2) Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық ұйымдардың дәрілік формулярларын әзірлеу және дәрілік заттарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру үшін міндетті негіз болып табылатын клиникалық қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық (сирек) дәрілік препараттардың тізбесі;
3) медициналық көмектің сапасы-көрсетілетін медициналық көмектің медициналық көмек көрсету стандарттарына сәйкестігі деңгейі;
4) клиникалық зерттеу-аурудың алдын алу, диагностикалау және емдеу құралдарының, әдістері мен технологияларының қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау немесе растау үшін жүргізілетін адам субъект ретінде қатысатын зерттеу;
5) клиникалық хаттама (бұдан әрі – КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жағдайы кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек бойынша ғылыми дәлелденген ұсынымдар;
6) клиникалық фармаколог – «емдеу ісі», «педиатрия», «жалпы медицина» бейіндері бойынша жоғары медициналық білімі бар, клиникалық фармакология бойынша резидентура немесе қайта даярлау бағдарламасын меңгерген және денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар маман;
7) дәрілік зат – адам ағзасымен байланысқа түсетін, адам ауруларын емдеуге, алдын алуға немесе фармакологиялық, иммунологиялық не метаболикалық әсер ету арқылы оның физиологиялық функцияларын қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйін диагностикалауға арналған зат не заттардың қосындысы болып табылатын немесе құрамында болатын құрал;
8) тәуекелі жоғары дәрілік заттар – жұмыс істеу кезінде пациентке және медицина қызметкерлеріне залал келтіру қаупі жоғары, емдеу кезінде сақтықты және ұқыптылықты талап ететін дәрілік заттар;
9) дәрілік препарат – дәрілік нысандағы дәрілік зат;
10) денсаулық сақтау ұйымының дәрілік формуляры – қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр негізінде қалыптастырылған және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен денсаулық сақтау ұйымының басшысы бекіткен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге арналған дәрілік заттардың тізбесі;
11) медициналық көмек – дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық қызметтер кешені;
12) жағымсыз реакция – дәрілік (зерттелетін) препаратты қолданумен байланысты және осы дәрілік (зерттелетін) препаратты қолданумен ықтимал өзара байланыстың болуын болжайтын организмнің байқаусызда, қолайсыз реакциясы;
13) дәрілік заттарды ұтымды пайдалану (бұдан әрі – ДЗҰП) – пациенттің жеке қажеттіліктеріне жауап беретін дозаларда, жеткілікті уақыт кезеңі ішінде және ең аз шығындармен клиникалық көрсетілімдерге сәйкес келетін дәрі-дәрмекпен емдеу;
14) фармакологиялық қадағалау – дәрілік препараттарды қолданудың жағымсыз салдарын анықтауға, талдауға, бағалауға және алдын алуға бағытталған қызмет түрі;
15) формулярлық комиссия –консультативтік-кеңесші орган, оның негізгі мақсаты уәкілетті орган қабылдаған нормалар мен стандарттар негізінде медициналық ұйымда (өңірде) формулярлық жүйе мен ДЗОП енгізу және қолдау болып табылады;
16) формулярлық жүйе – дәрілік формулярларға арналған дәрілік заттарды мерзімді бағалау және іріктеу, дәрілік формулярларды қолдау және дәрілік заттарды ұтымды пайдалануға бағытталған тиісті басшылық және тізбе түрінде ақпарат беру жүйесі;
17) дәрілік препараттың тиімділігі – профилактикалық, диагностикалық немесе емдік әсерге қол жеткізуді не физиологиялық функцияны қалпына келтіруді, түзетуді немесе модификациялауды қамтамасыз ететін дәрілік препарат сипаттамаларының жиынтығы;
18) VEN (вен) талдау – дәрілік заттарды пайдалану тиімділігін бағалау: өмірлік-маңызды (Vital) (витал) – өмірін құтқаруға және қолдауға қажетті (маңызды) дәрілік заттар; қажетті (Essential) (эссеншиал) – қауіптілігі төмен, бірақ елеулі ауруларды емдеу кезінде тиімді дәрілік заттар; екінші дәрежелі (болмашы) (Non-essential) (эссеншиал) – тиімділігі күмәнді дәрілік заттар, симптоматикалық көрсетілімдер бойынша пайдаланылатын қымбат тұратын дәрі;
19) екінші деңгей – амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың, оның ішінде бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
20) үшінші деңгей – амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың медициналық көмек көрсету деңгейі;
21) бастапқы деңгей – амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде алғашқы медициналық-санитариялық көмек мамандарының медициналық көмек көрсету деңгейі.
3. Клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек меншік нысанына, ведомстволық тиесілілігіне қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызметке мемлекеттік лицензия негізінде жүзеге асырылады.
4. Клиникалық фармакология бойынша медициналық көмекті «Клиникалық фармакология» мамандығы бойынша маман сертификаты бар дәрігерлер көрсетеді.
5. Клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек КХ-ға сәйкес, ал олар болмаған жағдайда дәлелді медицина негізінде халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға және дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
6. Клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсетіледі:
1) бастапқы деңгейде
2) екінші деңгей
3) үшінші деңгей
7. Клиникалық фармакология бойынша қашықтықтан медициналық көмек «Қашықтықтан медициналық қызметтерді ұйымдастыру, ұсыну және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № ҚР ДСМ-12 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22151 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.
8. Клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» № ҚР ДСМ-175/2020 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша Медициналық есепке алу құжаттамасын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес № ҚР ДСМ-313/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21879 болып тіркелген).
9. Клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсететін алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында клиникалық фармаколог дәрігерінің кабинеті амбулаториялық қабылдаудың 30 дәрігеріне клиникалық фармаколог дәрігерінің 1 лауазымы, клиникалық фармаколог дәрігерінің 1 лауазымына 1 орта медициналық немесе фармацевтикалық қызметкер есебінен ұйымдастырылады.
10. Стационарлық деңгейде клиникалық фармакология бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдарда клиникалық фармаколог дәрігерінің кабинеті және/немесе клиникалық фармакология бөлімшесі 150 төсекке клиникалық фармаколог дәрігерінің 1 лауазымы, клиникалық фармаколог дәрігерінің 1 лауазымына 1 орта медициналық немесе фармацевтикалық қызметкер есебінен ұйымдастырылады.
11. Клиникалық фармаколог кабинеті және / немесе клиникалық фармакология бөлімшесі қатты және жұмсақ мүкәммалмен, кушеткамен, компьютерлік техникамен, телефон және интернет байланысымен (дәлелді медицинаның халықаралық электрондық деректер базасына және денсаулық сақтау ұйымының медициналық ақпараттық жүйесіне қол жеткізе отырып), медициналық бұйымдармен (тонометр, фонендоскоп) жарақтандырылады.
Жеке фармакотерапия жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының зертханалары медициналық жабдықтармен (қандағы дәрілік заттардың деңгейін анықтау, фармакогенетикалық зерттеулер) жарақтандырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет