Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi



бет17/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
21-бап. Облыстық мәслихаттардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi

      Облыстық мәслихаттардың тиiстi аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретiне:

      1) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын мақұлдау;

      2) облыс әкiмдiгi ұсынатын ведомстволық бағыныстағы әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер аумағының қала құрылысын жоспарлаудың (аудандық жоспарлау жобаларының) кешендi схемаларын бекiту;

      3) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын, облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының (негізгі ережелерді қоса алғанда) жобасын бекіту;

      4) аумақтарды абаттандыру және инженерлiк жағынан қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй қорын, өзге де тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, инженерлiк коммуникацияларды сақтаудың және күтiп-ұстаудың қағидаларын бекiту;

      4-1) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егудің, күтіп-ұстаудың және қорғаудың облыс әкімдігі ұсынатын қағидаларын бекіту кіреді.

      5) алып тасталды – ҚР 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      6) алып тасталды

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10. N 180-IV; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 289-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


     



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет