Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы


-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық



бет13/80
Дата24.08.2020
өлшемі215,97 Kb.
#76751
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы (1)
Оқу бағдарламасы ата-ана үшін
15-бап. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық

      1. Сәулет және қала құрылысы туындысына авторлық құқық пен соған байланысты туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және осы Заңмен реттеледi.

      2. Шығармашылық еңбегiнiң нәтижесiнде сәулет және (немесе) қала құрылысы туындысын жасаған азаматтар оның авторлары деп танылады және оларға тиiсiнше авторлық құқық беріледi.

      3. Сәулет немесе қала құрылысы туындысы авторларының мүлiктiк құқықтары (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) оның:

      1) жобаны пайдалану немесе іске асыру үшін пайдалануға рұқсат етуге;

      2) сәулет немесе қала құрылысы жобасын жаңадан жасауды, таратуды және қайта өңдеудi жүзеге асыруға немесе оған рұқсат етуге;

      3) аталған ерекше құқықтарын заңдарда көзделген тәртiппен басқа тұлғаларға беруге ерекше құқығы болып табылады.

      4. Қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысының авторларына, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiктiк құқықтар берiлмейдi.

      Жобаның тапсырысшысы (жұмыс берушi) мен авторлар (тапсырысты орындаушылар) арасындағы шартта қызметтiк мiндеттердi немесе қызметтiк тапсырманы орындау ретiмен жасалған сәулет немесе қала құрылысы туындысын пайдалану жөнiндегi мүлiктiк құқықтарды реттеу туралы ереже болуға тиiс.

      5. Сәулет немесе қала құрылысы туындыларының авторы:

      1) егер құрылыс жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, авторлық жобаны iске асыру жөніндегi құрылыс құжаттамасын әзiрлеуге авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;

      2) егер сәулет (қала құрылысы) жобасын әзiрлеуге берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, объектiлер құрылысының (реконструкциялаудың, қалпына келтiрудiң, жаңғыртудың) барысына белгiлеген тәртiппен авторлық қадағалауды жүзеге асыруға;

      3) егер жобаны әзiрлеуге арналған шартта немесе жобалауға берiлген тапсырмада өзгеше көзделмесе, сондай-ақ объектiде мемлекеттiк құпияларға жатқызылған ақпарат болмаса, суретке түсiрудi (кино-, бейне түсiрiлiм) жүргiзуге құқылы.

      6. Автордың (авторлардың) сәулет және қала құрылысы туындыларына жеке мүлiктiк емес құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

16-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi субъектiлерiнiң негiзгi мiндеттерi

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiнiң субъектiлерi:

      1) қызметiн заңдарға және мемлекеттiк нормативтерге (мемлекеттiк нормативтiк құжаттарға) сәйкес жүзеге асыруға;

      2) өздерiнiң меншiгiндегi (иелiгiндегi, қолдануындағы) пайдаланылушы объектiлердi олардың азаматтар үшiн қауiпсiздiгiн, эстетикалық талаптарды қоса алғанда, нормативтiк және басқа да мiндеттi талаптарға сәйкес тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн лайықты жағдайда ұстауға мiндеттi.

17-бап. Субъектiлердiң сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiгi

      1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы заңдарда белгіленген нормалар мен талаптарды (шарттарды, ережелерді, шектеулердi) бұзуға жол берген оның субъектiлерiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Аталған бұзушылықтарға мыналар жатады:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензияланатын қызмет түрлерiн лицензиясыз жүзеге асыру;

      2) аумақтардың, қала құрылысы регламенттерiнiң бекiтiлген жұмыс iстеу мақсатынан, қала құрылысын ерекше реттеу аймақтарында белгiленген режимнен ауытқу;

      3) қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерiн таңдау мен берудiң (пайдалануға рұқсат етудiң), сондай-ақ мемлекет мұқтажын қамтамасыз етуге байланысты алып қоюдың заңдарда белгiленген тәртiбiнен ауытқу;

      4) қала құрылысы құжаттамасын әзiрлеудiң, келісудің, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;

      4-1) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзiрлеудiң, сараптамадан өткізудің және бекiтудiң белгiленген тәртiбiнен ауытқу, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттамадан ауытқу не бекiткен инстанцияның рұқсатынсыз оған өзгерiстер енгiзу;

      5) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етпей құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргiзу;

      6) осы заңда мiндеттiлiгi көзделген жағдайда, құрылысты сәулет-құрылыс бақылауын мен қадағалауын, техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргiзбей жүзеге асыру;

      7) өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) үй бөліктерiнiң сәулеттiк келбетiн өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу);

      8) елдi мекендердi жоспарлау мен салу кезiнде сейсмикалық қауiптiлiгi жоғары аймақтарда белгiленген сызықтар мен құрылыс салу сызықтарынан, сондай-ақ сары сызықтардан ауытқу;

      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы, сондай-ақ объектiнi жобалау, салу және кейiннен пайдалану процесiнде еңбек қорғау, өрт және жарылыс қауiпсiздiгi, санитариялық және экологиялық қауiпсiздiк, мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшiн әлеуметтiк, көлiктiк және рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк нормативтердi сақтамау;

      10) құрылысы аяқталған объектiлердi қабылдау мен пайдалануға берудiң, сондай-ақ пайдалану процесiнде оларды күтiп-ұстаудың заңдарда белгiленген тәртiбiн бұзу;

      11) лауазымды адамдардың елдi мекендердi (елдi мекеннiң бөлiктерiн) жоспарлауға және салуға (реконструкциялауға) байланысты шешiмдердiң әзiрленуi мен қабылдануы, жобаланып отырған объектiлер туралы, сондай-ақ мекендейтiн және тiршiлiк ететiн ортаның жай-күйi мен оған қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, көзделiп отырған өзгерiстер туралы ақпарат беруден негiзсiз бас тартуы не жалған ақпарат беруi;

      12) мекендеу және тiршiлiк ету ортасының жай-күйiнiң нашарлауына, азаматтар, соның iшiнде мүгедектер мен тұтас алғанда қоғамның құқықтарына және заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа әкеп соғатын мемлекеттік мүдделерге зиян келтiруге себеп болатын өзге де әрекеттер.

      2. Жiберiлген жолсыздықты және оның зардаптарын жою, сондай-ақ келтiрiлген залалдың (зиянның) орнын толтыру жөніндегi мiндеттер аталған жолсыздыққа жол берген субъектiге жүктеледi.

      3. Сәулет, қала құрылысы және (немесе) құрылыс қызметi субъектiлерiнiң жол берген бұзушылықтары салдарынан салынған объектiнi пайдаланудың кепiлдi мерзiмiн сақтамау фактiлерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң нормаларына, сондай-ақ осы Заңның 69-бабына сәйкес белгiленедi.

      4. Сараптама жүргізу процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған және сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерінде анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Сараптаманың теріс қорытындысы (сарапшылардың айғақтары) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу кезінде анықталған бұзушылықтарды растау болып табылады.

      Құрылыс процесінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында салынып жатқан объектінің беріктігіне, орнықтылығына және сенімділігіне тікелей әсер ететін бұзушылықтар анықталған кезде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген ұйым, сондай-ақ жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша оң қорытынды берген сарапшы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      Сарапшылар анықтаған бұзушылықтар және олардың ескертулері уәжді болуға және Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы тиісті нормативтік құқықтық актілерге, қала құрылысы және техникалық регламенттердің, мемлекеттік және мемлекетаралық нормативтік құжаттар нормалары мен ережелерінің талаптарына сілтемелермен негізделуге тиіс. Ұсынымдық сипаттағы ескертулерді беруге жол берілмейді.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2005.04.13 N 40 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.10 N 180-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 366-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет